Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Жоғары білікті мамандарды даярлау сапасына қоятын қоғам талаптары-ның
өзгеруі
2. Жоғары білікті мамандарды даярлау үдерісін басқаруға қойылатын
талаптардың өзгеруі
3. Психологиялық қызмет
4. Практикалық психологияның мақсаты
5. Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі

Корытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси
өзгерістер адам өмірінің барлық саласына, оның ішінде жоғары кәсіптік білім
беруге айтарлықтай ықпалын тигізді. Дәстүрлі білім беру парадигмасының
ізгілікті, тұлғалық-бағдарланған білім беруге көшуі, сонымен қатар
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі білім беру мақсаты мен
оның тиімділігінің қалыптасқан критерийлерін қайта қарауды талап етіп отыр.
Жоғары білім берудің мақсаты білім мен біліктерді меңгеру көлемі емес, өз
бетінше жұмыс жасай алатын, бастамашыл, бәсекеге қабілетті, нарықтық ортада
тиімді іс-әрекет жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Бұлай дегеніміз, қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім беру өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік тұрақты және сонымен
бірге ұтқыр, кәсіби салада болып жақтан өзгерістерге жылдам бейімделе
алатын тұлғаның дамуына ықпалын тигізетін психологиялық-педагогикалық
жағдайларды қамтамасыз етуге бағыттылған деген сөз. Осы жағдайда жоғары оқу
орнындағы білім беру үдерісін психологиялық сүйемелдеудің рөлі айтарлықтай
артып отыр. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметтің қажеттілігі жайлы әр
түрлі деңгейдегі басылымдарда және конференцияларда ғалымдар, практиктер
белсенді талқылауда. Олардың барлығы жоғары кәсіптік білім беру алдындағы
міндеттерді білікті психологиялық қамтамасыз етусіз мүмкін еместігін
мойындап отыр.
Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі көпдеңгейлі, бірнеше жүйені
біріктіретін динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйенің түпкі
мақсаты - мамандарды жалпы және кәсіби тұрғыдан даярлаудың жоғары сапасына
қол жеткізу. Мамандарды даярлауда психологиялық сүйемелдеудің өзектілігін
тәжірибе көрсетіп отыр. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және тәрбиемен
қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, жоғары оқу орындарында психоло-гиялық
қызметтің болуы елдегі жоғары білім берудің дамуының жоғары көрсеткіші
екендігін куәсі болып табылады. К.А.Абульханова-Славская психологиялық
қызметтің ұйымдастырылуы мамандарды даярлау сапасын арттыру міндеттерімен
ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнында тұлғаның дамуына, өзін-өзі
дамытуына, өз әлеуетін жүзеге асыруға толық жағдай жасау міндеттерімен де
байланысты екендігін атап өтті.
Кәсіптік білім беруді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу
орындарына психологиялық қызметтің қажеттілігі туралы кеңес психолог-тары
бірнеше көп жыл бұрын айтып өткен болатын.

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қазіргі кездегі қарқынды жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Сондықтан жастарды оқытуға, оларға кәсіби
білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі
таңда барынша назар аударып отыр.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметі – бұл салыстырмалы түрде жаңа
құбылыс болып табылады. Мектептің психологиялық қызметі сияқты үйреншікті
құбылысқа айналмағанымен, жоғары кәсіби білім беруде оның рөлі артып отыр.
Жоғары кәсіби білімді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу орны
психологиялық қызметіне деген қажеттілікті ғалымдар, практиктер, басқару
аппаратының өкілдері де мойындап отыр. Дегенмен бүгінде жоғары оқу орны
психологиялық қызметінің ұйымдастырылмауы көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің қалыптасу тарихы кеңестік
уақытта басталды. Осындай қызмет алғаш рет 1977 жылы Қазан мемлекеттік
университетінде (ҚМУ) Н.М.Пейсаховтың жетекшілігімен педагогика және
психология кафедрасының базасында ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты мен
міндеттері оқу іс-әрекетінің барлық психоло-гиялық деңгейлеріндегі өзін-өзі
басқару мен өзін-өзі бақылауға қажеттілік пен дағдыларды қалыптастыру мен
дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, 1) оқытушы мен студенттер және
студенттердің тұлғааралық өзара қарым-қатынасы; 2) мінез-құлық (оқу
үдерісінің барлық қатысушыларының дербес және ұжымдық мінез-құлқы); іс-
әрекет (оқу іс-әрекеті және оның психологиялық мәселелері; 4) психикалық
қалыптар (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының әрбірінің). Осы деңгейлер
Қазан мемлекеттік универ-ситетіндегі психологиялық қызметтің нақты мазмұны
мен формаларын анықтайды. Бұл Кеңес Одағында психологиялық қызметтердің
қалып-тасуының ұзақ үрдісінің алғашқы қадамы болатын. Өткен ғасырдың 70-ші-
80-ші жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы
психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім берудегі практи-
калық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдас-тырушылық
аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз
жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Жоғары оқу орындарының психологиялық қызметін ұйымдастыру мен дамытуға
ықпал жасаған факторларға білім берудегі психологиялық қызметті
ұйымдастырудың тәжірибесін жинақтау, оның практикалық ұйымдастыры-луын
ғылыми негіздеу (К.А.Абульханова-Славская, М.Р.Битянова, Л.Ф. Бурлачук,
Ю.З.Гильбух, К.М.Гуревич, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, Е.А.Климова,
К.К.Обозов, Р.В.Овчарова, В.Г.Панок, А.М.Прихожан және т.б.) жатады.
Біртіндеп білім беру қызметінің мазмұнында жаңа компоненттер пайда
бола бастады: Атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
(М.Р.Битянова, Н.Г.Обухова, Ю.В.Слюсарев және т.б.), психологиялық қолдау
(А.Г.Асмолов, Е.В.Бондаревская, И.А.Волошина, И.В.Дубровина, А.Г.Лидерс,
А.С.Ткаченко және т.б.), К.А.Абульханова-Славская, М.Д. Дворяшин,
Б.Б.Коссовтың, тұлғаға көмек, қорғау, тұлғалық дамуына, өз әлеуметін жүзеге
асыруға ықпал жасау мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар болды.
Кәсіби білім беруді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу
орындарына психологиялық қызметтің қажеттілігі туралы кеңес психолог-тары
бірнеше көп жыл бұрын айтып өткен болатын. Аталған мәселенің теориялық
негіздерін жасау мен тәжірибеде жүзеге асыруға талпы-ныс өткен ғасырдың 70-
ші-80-ші жылдары байқалады (Б.Г.Ананьев, Н.М. Пейсахов және т.б.). Осы
жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы
психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бұл кезеңде психологиялық
қызметтің пайда болуы қоғамдық тәжірибенің қажеттілігімен қатар әлеуметтік,
медициналық, педагогикалық психология-ның, еңбек психологиясы салаларында
фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің дамуымен шартталды. Осылайша,
психологиялық қызмет теория мен практиканы біріктірудің, фундаментальды
білімдерді адам тағдырының практикалық мәселелеріне пайдаланудың тиімді
құралы болып табылады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының
теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі
және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен
дамуын тежеді.
Мысалы, кеңес ғалымы Н.М.Пейсаховтың еңбектерінде жоғары оқу
орнындағы психологиялық қызметті жүзеге асырудың психологиялық зерттеулер,
қолданбалы функциясы және психологиялық білімдерді насихат-тау сияқты үш
аспектісі қарастырылады. Психологиялық қызмет зерттеуле-рінде жоғары
білікті мамандар даярлауда қоғамның жаңа талаптары мен оқу-тәрбие процесін
басқарудың қажеттілігін ескеру қажет. Мұнда студенттердің оқу-танымдық іс-
әрекеті, студентердың кәсіби ынтасы мен қызығушылығын туғызу, білім беру
процесінің субъектілері арасындағы қарым-қатынас және оқу-тәрбие процесіне
байланысты басқа да зерттеулер жүргізіледі. Ал психологиялық қызметтің
қолданбалы функциясы психологиялық зерттеу-лермен тығыз байланысты. Аталған
бөлімде шетел жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы
және дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Әдебиеттер және өзге де
дереккөздер (интернет ресурстар) негізінде Ұлыбритания, Канада, Ресей және
т.б. елдердің жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің мақсаты,
құрылымы, мазмұнына талдау жүргізіледі. Көптеген елдерде психологиялық
қолдау қызметінің болуы жоғары оқу орнының құрылымы болып табылады. Кейбір
елдерде (Ұлыбритания, Канада) мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп,
кәсіби және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген.
Шетелдегі және Ресейдегі психологиялық қызметтердің түрлі нұсқалары бар.
Психологиялық қызметтің құрылымы мен штаттық бірлігі де алуан түрлі және
көптеген факторларға байланысты болады. Бірақ шетел және Ресей
психологиялық қызметінің негізгі бағыттары, формалары мен әдістері ұқсас
болып келеді. Психологиялық қызметтер негізгі бағыт ретінде психологиялық
ағарту, психологиялық сауықтыру, психологиялық түзету, психологиялық кеңес
беру сияқты дәстүрлі бағыттарды қолданады.
Ресейде жоғары кәсіптік білім беруді психологиялық қамтамасыз етудің
мойындалғаны мен ғалымдар, практиктер, мемлекеттік шенеуіктер арасында
өзара келісімге қол жеткізілгеніне қарамастан жоғары оқу орындарында
психологиялық қызмет баяу құрылуда. Жоғары орнының ресми статусының болмауы
оның әр түрлі атауларының болуына әкелді. Мысалы, Психоло-гиялық көмек
орталығы, Практикалық психология орталығы, Әлеумет-тік-психологиялық
қызмет, Практикалық психология қызметі және т.с.с. Психологиялық
қызметтің ұйымдастырылу формалары да әр түрлі болып отыр.
Ресейде жоғары оқу орны психологиялық қызметінің дамуын тежеп отырған
факторлардың ішінде концептуалды (жоғары оқу орнында психологиялық
қызметттің принциптері, мазмұны және әдістері жайлы теориялық түсініктердің
болмауы); құқықтық (жоғары оқу орны психоло-гиялық қызметін реттейтін
нормативтік-құқықтық базаның болмауы); экономикалық (қаржы көздерінің
жеткіліксіздігі, қаржыландырылмауы, материалдық-техникалық базаның
әлсіздігі); психологиялық (қазіргі жоғары білім беру міндеттерін шешуде
психологиялық қызмет рөлінің дұрыс бағаланбауы).
Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі
бір мезетте, кездейсоқ туындаған жоқ. Жоғары оқу орнының басқару жүйесін
жетілдіруге психологтарды жұмылдырудың аса қажеттілігін анықтаған
объективтң шарттар болды. Олардың негізгілерін қарастырып өтейік.
1. Жоғары білікті мамандарды даярлау сапасына қоятын қоғам талаптарының
өзгеруі. Қоғам, оның өндірісі, мәдениеті мен ғылымының және жоғары
мектептің дамуы арасында белгілі бір сәйкестік бар. Қоғамның дамуы
жоғары мектептің алдына шешуі тиіс жаңа міндеттерді қоюда, ал жоғары
мектеп қоғамның одан әрі дамуына қажетті мамандарды даярлайды. Осы
қатынастарда шешущі фактор қоғамның, бір бөлігі жоғары білікті
мамандарды даярлауды басқару үрдісі болып табылатын әлеуметтік
басқару жүйесінің дамуы болып табылады. Адамзат қоғамының жоғары
мектеп жіктеуге болатын жеткілікті білімнің жинақталған уақытында
пайда болды. Бұл кезеңде ғылым мен жоғары мектептің дамуы бірдей
жүргенімен, жоғары мектептің біршама кідіруі қоғамда аса маңызды рөл
ойнамады. Ал ғылыми-техникалық революция кезеңінде басқаша жағдай
қалыптасты. Өндіріс, ғылым мен мәдениет дамуының қарқындылығы жоғары
білім беру жүйесін өзгерту мүмкіндіктерін айтарлықтай басып озып
отырды. Жоғары мектеп қоғам мен оның жүйелерінің дамуының екпініне
ілесе алмады. Нәтижесінде қоғам, ғылым, техника, өндіріс, мәдениеттің
және жоғары мектептің даму қарқыны арасында қарама-қайшылық пайда
болды. Қазіргі кезеңде жоғары мектеп түлектері бүгінгі күнгі
міндеттерді ғана шешіп қоймай болашаққа бағдалануы тиіс. Ғылым мен
техниканың қазіргі даму жағдайында мамандар даярлаудың сапасына
ерекше назар аударылуда. Жоғары оқу орнының түлектеріне қойылатын
талаптың күшеюуі ең алдымен олардың тез өзгермелі жағдайда жұмыс
жасауымен түсіндіріледі. Сондықтан да жоғары мектептің негізгі
міндеттерінің бірі — өзгермелі жағдайға тез бейімделе алатын,
бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған,
шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа типті мамандарды қалыптастыру
болып табылады. Сонымен жоғары білім беру жүйесі қоғамның жаңа
әлеуметтік тапсырыс алып отыр. Ол жәй ойлау емес, шығармашылық ойлау
мектебі болуы тиіс. Ол шығармашылық ойлау үнемі болашаққа
бағдарланған болады. Осы позициядан жоғары оқу орны оқытушыларының
өте маңызды міндеттері шығармашыл ұжым мен тұлғаны тәрбиелеу,
ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайын көрсететін білім негіздерін беру;
ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қабылдап, пайда болған болған
жаңа мәселелер мен тенден-цияларды байқай алатын ойлау стилін
қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыдан оқу үдерісі мен
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестірудің, шығармашыл, ғылым
мен техниканың дамуының алдын алатын ойлайтын, өзгермелі жағдайға
жеңіл бейімделе алатын мамандарды даярлау-дың рөлі арта түседі.
Осы міндеттерді шешуге "оқыту мен тәрбиелеу технологияларын"
жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, студенттердің
танымдық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру, студенттердің оқу іс-әрекетін
белсендіруге бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен
құралдарын пайдалану, олардың шығармашылық ойлауын дамыту, өзін-өзі
тәрбиелеу және өз іс-әрекетін өз бетінше басқара білу қабілеттерін
тәрбиелеу; оқу топтарының шығармашылық ұжымдарын тәрбиелеу және олардың
өзін-өзі басқару ұйымдарында рөлін көтеру болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын жасау мен тәрбиелеуде
психологиялық қызмет маңызды рөл ойнайды. Себебі оқу іс-әрекетінің
субъектісі мен орталық фигурасы студент, ал оқыту үдерісінің өзі – қарым-
қатынас, тұлғаны, ақыл-ой әрекеттерін және операцияларын қалыптастыру болып
табылады.
2. Жоғары білікті мамандарды даярлау үдерісін басқаруға қойылатын
талаптардың өзгеруі. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерсін басқару ол
"Бір оқытушы – бір студент" принципі бойынша құрылған кезде қолайлы
болды. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орны бірнеше ғылыми-зерттеу
институт-тары, факультеттері, институттары, ондаған кафедра, жүздеген
оқытушы, мыңдаған білім алушылар бар өте күрделі жүе болып табылады.
"Бірде бір" принципі бойынша басқару мүмкін болмай қалды: басқару
құралының өзгермегеніне қарамастан әрбір оқытушы ондаған, жүздеген
студенттермен жұмыс істейді.
Қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орнының құрамы мен құрылымының күрделі
екендігі сонша кез-келген уақытта басқару қиындықтарына кездесуі
мүмкіндігінің туындауы болып табылады. Сондықтан да басқарудың тиімділігін
көтеру жоғары мектептің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Әрине бұл
мәселелерді үлкен жүйелерге тән заңдылықтар мен "адам факторының" рөлін
ескере отырып шешу қажет. Аталған заңдылықтарды және оларды оқу-тәрбие
үдерісін жетілдіру мақсатында пайдалану мүмкіндіктері кең. Егер қазіргі
кезеңдегі жоғары оқу орындарын басқару жүйесі ретінде қарастырсақ, онда үш
өзара бағынышты блокты ерекшелер көрсетуге болады: әкімшілік,
ұйымдастырушылық және оқу. Бұл блоктардың әрқайсысы басқарудың көпдеңгейлі
жүйесі болып табылады. Әкімшілік қызметтерді ректор, проректорлар, оларға
бағынышты бөлімдер – оқу, ғылыми, шаруашылық, кадр және т.с.с. атқарады. Ал
ұйымдастырушылық блоктың элементтері – институт директораттары, факультет
деканаттары, кафедралар, оқытушылар болып табылады.
Енді "психологиялық қызмет" ұғымына сипаттама беріп өтсек.
Психологиялық қызметтің бір мағыналы түсінігі жоқ. Жантану атауларының
түсіндірме сөздігінде "Психологиялық қызмет - адамдарға маманданды-рылған
деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйым-дарда құрылған
арнайы қызмет жүйесі" делінген. Дегенмен, психологиялық қызметтің алдына
қойған міндеттері мен оларды шешу жолдарын көрсететін екі неғұрлым ортақ
анықтамаларды ерекшелеп көрсетуге болады.
Біріншіден, психологиялық қызмет білім беру, денсаулық сақтау,
өндіріс және т.с.с. психологиялық қамтамасыз ете отырып психологиялық
қызмет көрсетудің ерекше аясын жасайды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау,
өндіріс, құқық қорғау, көлік және т.б. салалардағы психологиялық сараптама,
диагностика, кеңес берудің кешенді міндеттерін шешу үшін психологиялық
білімдерді практикалық қолдану болып табылады. Басқаша айтқанда,
"психологиялық қызмет" деп бүкіл практикалық психологияның саласын
көрсетеді.
Екіншіден, психологиялық қызмет деп түрлі әлеуметтік институттар мен
ұйымдарда білікті психологиялық көмек қажет ететін адамдарға арналған
арнайы мекемелер жүйесін де атайды.
Жоғары оқу орнының психологиялық қызметі психологиялық диагностика
(жеке және топтық), кеңес беру, психологиялық сауықтыру, психологиялық
білімдерді насихаттау, студенттерді әлеуметтік-психоло-гиялық бейімдеу,
психологиялық мәдениет деңгейін көтеру, тренингтік сабақтар сияқты негізгі
құрылымдық бірліктерді біріктіретін қызмет болып табылады. Егер онда
"дөңгелек" үстелдерді ұйымдастыру, өзге жоғары оқу орындарының
психологиялық қызметтерімен тәжірибе алмасу, түрлі әлеуметтік жобаларды
жүзеге асыру, оқытушыларға қатысты студенттермен, өзара тиімді қарым-
қатынас жасауды машықтандыруға бағытталған коммуникативті тренингтер
ұйымдастырылса, тақырыптық сұхбаттар жүргі-зілсе, ата-аналармен де тиісті
жұмыстар ұйымдастырылса қызметтің тиімділігі арта түскен болар еді.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің негізгі міндеттері студент-
тердің кәсіби дамуы мен қалыптасуын психологиялық қолдау мен сүйемелдеу
болып табылады. ЖОО-ның психологиялық қызметі білім беру жүйесінің дербес
элементтеріне қызмет етуге емес, басты жағдайда аталған жүйе мен оның
барлық субъектілерін тұтас психологиялық қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс.
Білім беру практикалық психологиясында психологиялық сүйемелдеу идеологиясы
кеңінен таралып, нақты бекітілді. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және
тәрбиемен қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады.
Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін психологиялық сүйемелдеу білім алушыға
оқу жылының түрлі кезеңдерінде білікті көмек беру мен қолдаудың жүйелі
технологиясы болып табылады. "Психологиялық сүйемелдеу" ұғымы ресей
ғалымдары Ю.В.Слюсарев, Ю.М.Забродин, Э.Ф.Зеер, М.Р.Битянова және т.б.,
қазақстандық ғалымдар И.А.Абеуова, Ж.И.Намазбаева, Г.А.Дусманбетов,
М.Н.Махаманова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Көптеген зерттеушілер психологиялық сүйемелдеу деп нәтижесі өз бетінше
таңдау мен шешім қабылдау арқылы тұлғалық және кәсіби дамуы болып табылатын
білім алушылардың өзекті қажеттіліктерін (білім беру, жас ерекшелік, дербес-
тұлғалық) шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағыттал-ған психологтың
ұйымдастырылған іс-әрекеті болып табылады. Бұл жағдайда білім алушы ықпал
етудің объектісі емес, субъектісі ретінде болады. Жоғары оқу орнының білім
алу үдерісінде студенттің тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық сүймелдеудің
мәнін анықтағанда бізге ресейлік ғалым Э.Ф.Зеердің тәсілі неғұрлым жақын.
Ғалым психологиялық сүйемелдеу деп тұлғаның кәсіби қаслыптасуын зерттеудің,
қалыптастыру-дың, дамыту мен түзетудің тұтас үрдісі деп түсінеді .
Практикалық психологияның мақсаты – ғылыми зерттеулер емес, тікелей
психологиялық көмек.
Бұл жерде ғылыми және практикалық психологияны қарама – қарсы қоюға да
болмайды. Бұлар психологиялық жұмыстың тығыс байланысты салалары. Және
маманның кәсіби дайындығына деген әр түрлі талаптар қойылатын психолог іс-
әрекетінің екі түрлі типі.
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің үш түрін ерекше көрсетуге болады:
1) Жаңа психологиялық білімдерді (түсіндірмелер, психологиялық
құбылыстардың дәлелі мен болжамдар, психологиялық заңдылықтарды оқыту)
ашу жолына бағытталған ғылыми зерттеулер;
2) Практикалық мәселелерді шешуге керекті психологиялық білімдерді
қолданумен байланысты психологиялық жұмыс (психологиялық диагностика
және кеңес беру, коррекционды және дамушы жұмыс, психологиялық
профилактика);
Кейбір мағынада ғылыми және практикалық психологияның ара қатынасы
адам физиологясы мен медицина арасындағы қарым-қатынасқа ұқсас болып
келеді. Физиологияның негізгі мақсаты – адам ағзасын зерттеу. Медицинаның
басты мақсаты – адамға көмек жасау. Бірақ бұл ерекшеліктер қатынасты. Адам
физиологиясындағы білімдер қолданбалы мағынаға ие бола алады. Сонымен бірге
өзінің білімдерін біріктіре келе медицина медици-налық ғылымды жетілдіре
түспек. Олардың өзара қарым – қатынасы: физиологияда медицина материалдары
оқытылады, медицинада – физиоло-гиялық зерттеу нәтижелері қолданылады.
Психологтардың практикалық іс-әрекеті жиырмасыншы жүзжылдық бойы
адамдардың әртүрлі өмір сфераларына көп әсер ете бастады. Бірақ бұл процесс
әртүрлі елдерде бірдей жүрген жоқ. АҚШ-та пратикалық психологияның тарауына
Америка Психологилық Ассоциациясының белсен-ділігі маңызды дәрежеде болды
және де жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Англия, Франция, Швейцария
және т.б. Европалық елдерде психолог практиктердің саны көбейді.
Медициналық психологиялық, мектептік психолгия және ұйымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдарындағы психолог жұмысының ерекшеліктері
Күрделі дамуында ауытқуы бар балалар
Бастауыш мектептегі математика курсында геометриялық материалды оқыту
ЖОО білім беру сапасын басқаруда психологиялық аспектілер
Қиын балалармен Әлеуметтік педагогикалық - психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері
Кеңес берудің психологиялық мәні
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
Машиналық оқыту әдісімен әлеуметтік желілердің деректер анализаторын әзірлеу
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Пәндер