Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
 
Мүгедектер

 Тағдырдың жазуымен мүгедек атанған жанның қай-қайсысы болсын
мүсіркегенді қаламайтыны анық. Алайда өздерінің әлеуметтік жағынан
қорғалмай отырғандықтарына наразы. Жарлылығын жасырған жарымас демекші,
олары орынды. Шынымен де, бар-жоғын түгендей қалсаң, министрлік тарапынан
мүгедектерге лайықты көңіл бөлінбейді дегенге лажсыз сенесің.
Әңгімені керегін бүтіндеуге қолбайлау болып отырған қаржы-қаражаттан
бастасақ, мүгедек жандарға тиесілі жәрдемақының мөлшері мынадай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ҚР Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңымен реттелсе, арнаулы көмек ҚР Арнаулы
мемлекеттік жәрдемақы туралы  заңының негізінде
тағайындалады.Мүгедектердің құқығын қорғау қоғамының
- жәрдемақы тым төмен;
- инфрақұрылымдар мүгедектер жайын мүлде ескермейді;
- мүгедек жандарды ешкімнің жұмысқа алғысы келмейді;
- мүгедектерді психологиялық тұрғыда бейімдеу жағы қарастырылмайды;
- медициналық көмек әрі сапасыз, әрі өз деңгейінде емес;
- дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының (ВТЭК) жұмысында
кертартпалық көп;
Статистикалық мәліметке жүгінсек, бүгінде республика бойынша 470 мыңға жуық
мүгедек бар екен. Бұл жалпы халықтың үш пайызын құрайды. Әрбір үшінші
мүгедек еңбекке жарамды бола тұра, оларды жұмыспен қамту мүмкін емес
көрінеді. Деректерді алға тартсақ, ІІ топтағы мүгедектердің 2,5 пайызы, ІІІ
топтағылардың 15 пайызы ғана жұмыс істейді. Еліміздің заң шығару
органдарында мүгедек ұйымдарының бірде-бір өкілі жоқ. Демек, ғаріп
жандардың мұң-мұқтажы түгел дерлік ескеріле бермейді. Мәселен, осыдан біраз
уақыт бұрын Қазақстан мүгедектер конфедерациясы қоғамдық бірлестігі Нұр
Отан партиясына хат жолдап, жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында
көліктердің әйнектерін көмескілеуге тыйым салынғанда, мүгедектер
мүдделерінің ұмыт қалғандығын айтып, хат жазған болатын. Нақтырақ айтсақ,
қала көшелерінде пандусы бар дәретханалар жоқ. Сол себепті мүгедек жандар
памперс ауыстыруды болмаса басқа да қажеттіліктерін көлік ішінде отырып
жасауға мәжбүр болады. Ал мұндай жағдайда көмескіленбеген көліктің қандай
қолайсыздық туғызатыны айтпаса да түсінікті. Алайда Қазақстан мүгедектер
конфедерациясы қоғамдық бірлестігінің бұл өтініштері аяқсыз қалды.

Алатау мүгедектер қоғамының төрайымы Сағымхан Смағұлова:
Үкімет мүлде түк жасамай отыр деп айтуға болмас. Азды-көпті оң өзгерістер
бар. Десек те бұған тоқмейілсуге болмайды. Себебі шешілмей жатқан
проблемалар әбден қордаланып қалған.
Айрықша айтпағым, атқарушы болмаса өкілетті органдарда жұмыс істеп жатқан
бірде-бір мүгедек жан жоқ. Барлығы кішігірім цехтарда отыр. Заңға сәйкес,
әрбір мекемедегі жұмыс орындарының үш пайызы мүгедектерге тиесілі. Қазір
барлық жұмыс орындарын аралап көріңіздерші, мүгедек жанды таба алар ма
екенсіз. Сондықтан ғаріп жандардың жоғары білім алуларына, қызметке
араласуына Үкімет тарапынан жағдай жасалуы керек. Олардың барлығын бірдей
тегін оқытуға тиіспіз.
Мүгедектердің құқықтары өз дәрежесінде қорғалып отырған жоқ десем, артық
айтқандық емес. Тіпті мүгедектердің өздері де өз құқықтарынан бейхабар. Сол
себепті де еліміздегі  мүгедектердің қоғамдық ұйымдары  жарымжан жандардың
мүдделерін қорғауға тырысып жатады. Десек те ауыз толтырып айтарлықтай
көмек көріп отырғанымыз жоқ. Бұл – елдігімізге сын дер едім.

Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу сияқты қызметтің осындай
басымдығымен жұмыстың маңызды бағыттары мүгедектер құқықтарын қорғаудың
халықаралық стандарттары туралы, олардың орындалуын бақылау және оны
әзірлеуге қатысу туралы ақпараттарды тарату болып табылады.
2004 жылы әзірленген Қазақстан Республикасындағы мүгедектер құқықтары мен
мүмкіндіктері арнаулы баяндамасында Уәкіл мүгедектерге қатысты мемлекеттің
саясатын реттейтін халықаралық құралды құру қажеттігін атап өтті. БҰҰ
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен ар-намыстары туралы
Конвенциясын әзірлеу ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. 2005 жыл бойы осы
жұмысқа Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де
қосылды. Уәкіл өз ұсыныстарын 2005 жылғы 16 сәуірде Ирландияның Дублин
қаласында өткізілген Конвенцияның тетігін әзірлеу бойынша Адам құқықтары
жөніндегі Еуропа ұлттық мекемесінің мәжілісіне жолдап, 2001 жылғы 19
қаңтарда № 56168 БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген Мүгедектер
туралы конвенцияның жобасын әзірлеу бойынша БҰҰ Қосымша Комитетінің
қызметін қолдады.
Мүгедектік проблемасын зерттеу және мүгедектерді қорғау бойынша практикалық
қызметі олардың құқықтарын қорғау үшін халықаралық жеке жүйені құру
қажеттігін айқындады. Осыған байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға
қатысты мемлекеттің саясатын анықтайтын халықаралық құжатты қабылдау –
бұрыннан қажетті шара. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен ар-
намысы туралы Конвенция мүгедектер құқықтары бойынша халықаралық
стандарттар кешенін және оларды қамтамасыз етуді бақылау жүйесі
болатындығын ескере отырып, адамның дене және психикалық ерекшеліктеріне
бойынша кемсітушілікті жоюға мүмкіндік беретін тиімді механизм болып
табылады деп күтілуде. Қазақстанның осы халықаралық құжатты әзірлеу
процесіне қатысуы, алдағы уақытта шартқа да бірігуі демократиялық қоғам
және адам құқықтары идеяларын ұстанатынын білдіреді.
Басымдық бойынша жұмысты жүзеге асыра отырып, Уәкіл халықаралық деңгейде
мүгедектер құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен және көтермелеумен
айналысатын ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта болады. Сонымен, Уәкіл
Халықаралық оңалту орталығымен (АҚШ, Вашингтон) ынтымақтастықта болуға және
Мүгедектердің құқықтарының халықаралық мониторингі жобасы шеңберінде
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек
көрсетуге әзір екенін білдірді. Халықаралық оңалту орталығы халықаралық
ұйым бола отырып, әлемнің барлық аймақтарында халықаралық құқық қорғау
идеяларын алға тартуға өзінің бағалы үлесін қосады. Осы мақсатта ұйым
мүгедектер құқықтары мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады, оның
нәтижелері жыл сайынғы баяндамаларда көрініс береді (2004 жылы – Солтүстік
және Латын Америкасы мемлекеттері мүгедектерінің құқықтары туралы, 2005
жылы – Азиядағы мүгедектердің құқықтары туралы баяндамасы). Орталық
қызметінің Еуропада кеңейтілуімен байланысты Уәкілетті Қазақстанда осындай
ұқсас мониторинг жүргізуде мекеменің зерттеу көмегін ұсынды.
2005 жылғы 18 ақпанда Уәкілдің офисінде Астана қаласы мүгедектері қоғамдық
бірлестіктерімен кездесу болды. Әңгімелесу барысында мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың төмен материалдық жағдайы, жұмысқа орналастыру проблемасы,
мүгедектердің, әсіресе мүгедек балалардың құқықтары мен бостандықтарын
заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Кездесу соңында ҮЕҰ
өкілдері ұлттық құқық қорғау мекемесімен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды
қорғау және көтермелеу ісінде ынтымақтастықта болуға әзір екендерін
білдірді.
2005 жылғы 8 қыркүйекте Уәкілдің офисінде Шырақ мүгедек әйелдер
қауымдастығы төрайымы Л.М. Қалтаевамен кездесу болды, кездесу барысында
мүгедектердің құқықтары саласында жобаларға қатысу жолымен, мүмкіндіктері
шектеулі әйелдердің құқықтарын қорғау және көтермелеу және қауымдастықпен
ынтымақтастық болашақтары мәселелері көтерілді. Кездесу соңында ҮЕҰ өкілі
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
туралы БҰҰ Конвенциясының мазмұны бойынша бірлескен жұмысты жүргізу туралы
ұсынысқа ынтагерлік білдірді.
2005 жылғы 14 қыркүйекте Уәкіл офисінде Мүгедек жастар қоғамы ҚБ төрағасы
М.У. Әбдімомыновпен кездесу болды. Ол кездесу барысында Дені сау ұлт –
дені сау рух бірлестігі жобасын ұсынды. Жоба шеңберінде Мүгедектердің
білім алуы мен денсаулығы орталығын құру көзделіп отыр, ол мүгедек
жастардың денсаулығын жақсартуға, мүгедектер арасында сауаттылықты көтеру
және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуетін кәсіби оқыту жолымен
дамытуға мүмкіндік беретін болады. Әңгіме барысында М.У. Әбдімомынов
жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау мен түсіністіктің болмауынан
үкіметтік емес бірлестіктерді дамыту проблемаларын да сөз етті.
Мейірім қоғамдық мүгедектер бірлестігімен ұйымдастырлған
2005 жылғы 20-21 мамыр аралығында Астана қаласында өткен Уәкіл мекеме
қызметкерлері Мүмкіндіктері шектеулі әйелдерге арналған ақпараттық-білім
беру тренингі семинарының жұмысына қатысты. Іс-шараның мақсаты мүгедек
әйелдердің өздерін қорғау құқықтары мен тәсілдері туралы ақпараттықты
көтеру, мүгедек әйелдердің резервтік мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу,
ана және баланы қорғау қорғау мәселелерін талқылау, мүгедек әйелдердің
қоғамдық бірлестігі қызметін көтермелеу болып табылады. Семинарда Адам
құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысы мүгедектердің құқықтарын қорғау
және көтермелеу жөніндегі ұлттық құқық қорғау мекемесінің мүмкіндіктері
туралы баяндама жасады.
Уәкіл мекемесі Мүгедектердің халықаралық қоғамдық қозғалысы қоғамдық
бірлестігінің 2005 жылғы 29-30 қыркүйекте Алматы қаласында өткен
Науқастарды үй жағдайында оңалту бойынша жұмыс тәжірибесі туралы және
мүгедектердің еңбекпен қамтылуы туралы республикалық конференциясының
жұмысына қатысуға шақыруын жылы қабылдады. Конференция мақсаты
мүгедектердің құқықтарын өзекті ету, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды
еңбек және медициналық оңалту бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу, осы
бағытта жұмыстарын жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың практикалық
ұсыныстарын әзірлеу болып табылады. Мүгедектер құқықтары мәселесі жөніндегі
республикалық конференцияны өткізу қоғам өмірінде және әділ сотта
мүгедектердің жан-жақты қатысуының халықаралық стандартын іске асыру
жолымен мүгедектердің әлеуметтік және экономикалық интеграциясы үшін
жағдайлар жасау қажеттігі көрсететін құқық қорғау органдарының ең алғашқы
көлемді әрекеті болып табылады.
1993 жылғы 20 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 4896 қарарымен
қабылданған Мүгедектердің тең құқықтарын қамтамасыз етудің стандарттық
ережелерінің 13-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектердің өмір
сүру жағдайы туралы ақпаратты жинау және таратуға басты жауаптылықты алады
және мүгедектердің өмір сүруін қиындататын, кедергілерді қоса, барлық
аспектілері бойынша кешенді зерттеулерді өткізуге жәрдемдеседі. Осыған
байланысты мүгедектер құқықтарын сақтау мониторингін жүргізу тәжірибесі
жалғасын тауып келеді. 2005 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Тараз
қаласының № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне, Орал
қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйіне, Астана қаласы Білім
департаментінің Оңалту орталығына барып қайтты.
Мүгедектердің басты проблемасы, бұрынғыдай, мүгедектерге арналған
арбалармен қамтамасыз етілмеуі. Осы уақытта, қосымша құралдарды қажет
ететін Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық
ережелеріне сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігі болуы қажет. Тараз
қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде тірек-
қозғалыс жүйесі бұзылған тұлғалар үшін ескі модельді арбалар пайдаланылады,
қазіргі заманғы мүгедек арбасы мен қозғалу құралының жетіспеушілігі
байқалады. Уәкілдің мүгедектер үйіне бару кезінде айқындалған проблемаларды
шешу қажеттілігі туралы бірнеше рет жасалған ұсыныстарына, арнаулы
баяндамада көрсетілген проблемаларға қарамастан, көптеген мүгедектер
мамандандырылған мекемелерде арбалардың болмауы себебінен, қолдан жасалған
қозалыс құралдарын пайдаланады.
Тараз қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде
қазіргі уақытқа дейін тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған тұлғалар үшін
қозғалудың ортопедиялық құралы ретінде шарикті тетікті жөңгелектерімен кең
тақтайларды қолданады, бұл мүгедектердің құқықтары мен ар-намыстарын
бұзады, экономикасы дамыған мемлекеттің қазіргі кездегі деңгейіне сай
келмейді.
Материалдық қоршаған ортаны пайдалануға кедергі келтіретін бөгеттерді жою
үшін мемлекеттің қандай да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедейшілікті төмендету - мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
Құқық және жеке тұлға
ҚР - ның азаматтық құқығы
Мүгедектердің құқықтары
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты және оның ерекшеліктері
Пәндер