МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
2 БӨЛІМ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ: дәрістер тезистері

1 ТАРАУ. МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР:

ГЛОССАРИЙ: Сатып алу сату шарты бойынша бір жақ (сатушы) екінші жақтың
(сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел (оралымды)
басқаруына белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып
алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге
міндеттенеді.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша бір тарап энергиямен жабдықтаушы ұйым
екінші тарап абонентке қосылған желілер арқылы энергияны беріп тұруға, ал
екінші тарап абонент энергияны алғаны үшін уақытында ақысын төлеп тұруға
және энергиямен жабдықтау құралдарының бір қалыпта кауіпсіз жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Келісім шарт жасасу шарты бойынша бір тарап ауыл-шаруашылық өнімдерін
өндіруші екінші тарапқа даярлаушыға өзі өсірген, өндірген ауыл шаруашылық
өнімдерін, қайта өндеу немесе сату үшін ақы төлеп беруге міндеттенеді.

Рента шарты бойынша бір жақ (рента алушы), екінші жаққа (рента төлеушіге)
оның меншігіне мүлікті береді, ал рента төлеуші алған мүліктің орнына рента
алушыға, белгілі бір ақшалай сома мөлшерінде ақы төлеп отыруға немесе оны
асырауға міндеттенеді

Лизинг шарты бойынша бірінші жақ лизинг беруші, лизинг алушы көрсеткен
мүлікті, сатушыдан өз меншігіне сатып алып, оны лизинг алушыға кәсіпкерлік
мақсатта, ақы үшін иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді

1 ТАҚЫРЫП: Сатып алу сату шарты ерЕжелері мен түрлері.

Дәріс мақсаты:

- студенттерді сату-сатып алу шартының ұғымы, сипаттамасы және мазмұнымен
таныстыру;

- студенттердің сату-сатып алу шартының ержелері жөніндегі біліктілігін
қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Сатып алу сату шартыныңы ұғымы, сипаттамасы, нысаны.

2. Сатып алу сату шартының мазмұны мен түрлері.

1. Сұрақ: Сатып алу сату шартыныңы ұғымы, сипаттамасы, нысаны.

Мүлікті меншікке немесе шаруашылық жүргізуге, жедел (оралымды)
басқаруға беруден туындайтын міндеттемелер, сатып алу - сату шартынан, оның
түрлерінен және айырбас, сыйға тарту және рента шарттарынан туындайды.
Қазіргі кезде сатып алу - сату шарты, оның: көптеп және бөлшектеп (жекелеп)
сатып алу - сату, жеткізілім, энергиямен жабдықтау, келісім жасасу
шарттары сияқты түрлеріне қатысты, тектік ұғым ретінде қарастырылады. Ал
бөлшектеп (жекелеп) сатып алу- сату шартының келесі түрлері болады: үлгілер
бойынша сату, несиеге сату, автоматтар арқылы сату, жеткізіп беру тәсілімен
сату және т. б.
Азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің барысында, шарттар мен
міндеттемелердің жеке түрлерін сипаттауда бұл міндеттеме түрлерінің
анықтамасын, олардың затын (нысанасын), өзге шарттық міндеттемелерден
айырмашылығын білу; және бұл міндеттемелер түрлерінің пайда болуына
әкелдіретін барлық шарттарды атап, сипаттап өту қажет болады. Бұл
шарттардың әр түрін сипаттау кезінде, жауап келесі үлгіде беріледі: шарттың
ұғымы; жақтардың атаулары; әр шарттын субъектілеріне қойылатын талаптар;
нақтылы немесе консенсуалды, ақылы немесе ақысыз, екі жақты міндеттейтін
немесе бір жақты міндеттейтін, мерзімді әлде мерзімсіз бе және қандай
нормативтік құқықтық актілермен реттелетіні аталады. Осыдан кейін жақтардың
құқықтары мен міндеттерінің, олардың жауаптылығының сипаттамасы беріледі.

Сатып алу сату шарты бойынша бір жақ (сатушы) екінші жақтың (сатып
алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел (оралымды) басқаруына
белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы оны
қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге
міндеттенеді. Шарт жақтары (тараптары) – сатушы және сатып алушы болады.
Олар әрекет қабілеттілігіне қарай кез келген жеке немесе заңды тұлға және
мемлекет де болады. Шарттың заты (нысанасы), азаматтық айналымнан
алынбаған кез келген мүлік (тауар) және мүліктік емес құқық болады (АК 406
б. 4 т.). Айналымы шектеулі мүлік, тек арнайы рұқсат (лицензия) бойынша
сатылады. Шарт консенсуалды, екі жақты міндеттейтін және ақылы болады.
Шарттың елеулі жағдайларына тауардың атауы және саны жатады (АК 407 б. 3
т.). Сатып алу - сату шарттарының кей бір түрлері ҚР АК 25–ші тарауымен
қоса арнайы заңдармен: ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заңымен
т.б. заңдармен реттеледі.
Шарт консенсуалды болғандықтан, жақтардың құқықтары мен
міндеттері де, олар заң қажет ететін нысанда келісімге келген уақытта пайда
болады. Сатушының міндеттеріне: затты оның барлық құжаттарымен,
саймандарымен, тиісті сапасы мен санында, ассортиментінде, қапталған
түрінде және үшінші жақтардың талап етуінен босатылған түрде беру болып
табылады (АК 408 б.). Сатушымен тауарды беру міндетін орындау уақыты
жөнінде, ерекше атап өткен жөн болады (АК 410 б.). Шарт, бар тауарды беру
жөнінде де және болашақта, жасалғаннан кейін немесе сатып алғаннан кейін,
болатын тауарды беру жөнініде де жасалуы мүмкін (АК 407 б. 2 т.). Сатып
алушының міндеттері: тауарды қабылдап алудан және қажет болған жағдайда, ол
жөнінде қолхат беруден және тауарды қабылдап алу жөнінде акт жасап
толтырудан тұрады. Сатып алушының ең негізгі міндеті сатып алу ақысын төлеу
болады (АК 439 б.). Кей бір жағдайларда сатып алушыға, тауарды сақтандыру
және сатушыны шарттың тисті дәрежеде орындалғаны жөнінде ескерту міндеттері
жүктеледі. Жақтардың құқықтары қарсы жақтың міндеттеріне сәйкес келеді.
Мысалы, сатушының тауарды беру міндеті, сатып алушының тауарды тиісті сапа
мен санында, барлық саймандары мен және құжаттарымен беруді талап ету
құқќыѓап ет‰бер‰жєанында, барлыќығына сәйкес келеді және т. б. Сатушының
тауар ақысын төлеу міндеті сатып алушының тауардың ақысын толық және тиісті
уақытта төлеуді талап ету құқығына сәйкес болады.
Сатушы мен сатып алушының жауаптылығы жалпы ереже бойынша, әр
жақ өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда
туындайды. Олардың жауаптылығының негізгі түрі: шығындарды өтеу және айып
төлеу болады. Қазіргі уақытта, айып төлеу тек шарртық түрде болады.
Сондықтан шарт жасасу кезінде тиісті жауаптылық шараларын қарастыруды
ұмытпау қажет. Заңды айып төлеу, тек біреудің ақшаларын заңсыз пайдаланудан
туындайтын ақшалай міндеттемелер бойынша қолданылады (ҚР АК 353 б.).

2. Сұрақ: Сатып алу сату шартының мазмұны мен түрлері.

Сатып алу сату шарттарының жалпы ережелерін айтып болғаннан
кейін, шарттың әр түрінің ерекшеліктеріне тоқтап өту қажет, шарт ұғымынан
бастап. Сату сатып алу шарттарының жіктелуінің негізі, олардың бір бірінен
сату тәсіліне және объектсіне қарай ажыратылуы. Сондықтан, сатып алу сату
шарттарының барлық түрлерінің азаматтық–құқықтық сипаттамаларының
ерекшеліктерін толық айтып өткен жөн болады. Мысалы, бөлшектеп сату
шартында, сатушы тек кәсіпкер болады және бұл шарт бойынша тек жеке, үйде,
отбасында тұтынатын тауарлар сатылатын болады. Жалпы сату сатып алу шартына
қарағанда, бөлшектеп сату шарты - жария шарты болып табылады, ол жөнінде ҚР
АК – 445 б. 2 тармағында айтылған. Басқа дәлелдемелер мен қоса, бұл шарт
бойынша шарттың жасалу фактісін дәлелдеу үшін, сатып алушы күәлардың
жауабына сүйенуіне болады. Бөлшектеп сату шарты бойынша сатушының негізгі
міндеттерінің бірі: сатып алушыға тауар жөнінде барлық мәліметтерді беру
болып табылады (АК 448 б.). Бөлшектеп сату шарты, әр түрлі негіздер бойынша
келесі түрлерге бөлінеді: сатып алушымен тауарды белгілі бір мерзімде
қабылдап алу шартымен жасалатын шарт; үлгілер бойынша сату; тауарды
автоматтар арқылы сату; сатып алушыға тауарды жеткізіп беру шартымен сату;
несиеге сату және т. б.
Сатушымен, сапасы жарамсыз тауарды айырбастап беру немесе қайтару
жөніндегі Тұтынушылар құқығын қорғау туралы ҚР заңынын баптары мен ҚР АК–
454 бабы нормаларының маңызы өте зор болады. Бірақта тәжірибеде, тауар
айырбастауға және қайтаруға жатпайды деген хабарландырулар жасау арқылы,
бұл нормаларды сатушылар өрескел бұзуға дейін барады.
ҚР АК– 455 бабында, оған сапасыз тауар сатылған жағдайда, сатып
алушының құқығын қорғау шаралары көзделеді.
Бақылау сұрақтары:
- Сатып алу сату шартының анықтамасын беріңдер.
- Сатып алу сату шартыныңы сипаттамасын беріңдер.
- Сатып алу сату шартының насанына қандай талаптар қойылады.
- Стып алушының құқықтары мен міндеттері қандай болады.
- Сатушының құқықтары мен міндеттерін атаңдар.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2,3,
4,5,6, 12

2 ТАҚЫРЫП: Сатып алу сату шартының жекелеген түрлері.

Дәріс мақсаты:

- студенттерді энергиямен жабдықтау, тауар жеткізілімі шартымен, келісім
шарт жасасу шарты, айырбас және сыйға тарту шартымен, рента шартымен
таныстыру;

- студенттердің сату-сатып алу шарттары түрлерінің ержелері жөніндегі
біліктілігін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Энергиямен жабдықтау шарты.

2. Тауар жеткізілімі шарты.

3. Келісім шарт жасасу шарты.

4. Айырбас және сыйға тарту..

5. Рента шарты.

1. Энергиямен жабдықтау шарты.
Сатып алу сатудың ерекше түрлеріне, қазіргі уақытта, энергиямен
жабдықтау шарты жатады (АК 25 таруының 6 парағы). Оның ерекшелігі: қосылған
желілер арқылы ерекше мүлікті - энергияны беру болады. Бұл шарт бойынша,
энергия арнайы техникалық құралдар арқылы, электр, су, газ және жылу
желілері мен құбырлары арқылы, энергиямен жабдықтау мекемесімен тұтынушыға
беріледі. Азаматтық кодекспен қоса, энергиямен жабдықтау шарты жақтарының
ара қатынасы электр энергияны пайдалану жөніндегі Ережелермен, коммуналдық
қызмет көрсету Ережелерімен және т. б. реттеледі. Шарт, тек энергиямен
жабдықтау мекемесінің жүйесіне қосылуға болатын, абоненттың арнайы
құралдары болғанда жасалады. Энергиямен жабдықтау ұйымы - ол қызметтің бұл
түрімен шұғылдануға лицензия алған және қажетті құралдары мен саймандары
бар, арнайы заңды тұлға болады. Ал абонент - ол заңды тұлға да, жеке
тұлғада болуы мүмкін.
ҚР АК Энергиямен жабдықтау деген 25 Тарауының 6 Парағы, жекелеп
сату рыногындағы тұтынушылар мен энергиямен жабдықтау ұйымы арасындағы
қатынастарды реттейді. Одан басқа, энергиямен жабдықтаудың көптеп сату
нарығы да бар, оның объектісі арнайы нормативтік құқықтық актілер мен
реттелетін электр энергиясы болады. Көптеп сату нарығының қатысушылары
энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен
қоса Техникалық және нарық операторлары болады.
2. Тауар жеткізілімі шарты да жаңа азаматтық заңда сатып алу сату
шарттарыныњ бір түрі ретінде қарастырылады. Ол тек кәсіпкерлік саласында
жасалады, сондықтан оныњ жаќтары тек кәсіпкерлер болады (АК 458 б.).
Жеткізілім шартының негізгі жағдайларына, тауардың заты мен санынан басқа,
жеткізілім мерзімі жөніндегі жағдайлар жатады. Бұл шарт бойынша, жеткізілім
кезеңдері бөлініп бекітіледі, ал алдын ала жеткізіп беру, сатып алушының
келесімі болғанда ғана жасалуы мүмкін. Шарт нысаны тек жазбаша болады. ҚР
АК– 459 бабында, жеткізілім шартын жасау кезінде туындаған
келіспеушіліктерді 30 күндік мерзім ішінде шешу қажеттілігі жөніндегі
арнайы ережелер бекітілген. Бұл шартты орындамаған жағдайда, кінәлі жақ,
шарт бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешуден жалтаруға байланысты
екінші жақтын шеккен шығындарын өтеуге міндетті болады. Бұл шартты сипаттау
кезінде, шарттың тауардың қорабы жөніндегі, жеткізіп берушіден тауарды
қабылдап алу тәртібі жөніндегі жағдайларына тоқтау қажет болады. Сондықтан
1994 жылғы өнімді (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртібі
жөніндегі Нұсқауларды білу қажет. Қазіргі уақытта, кәсіпкерлер жеткізілім
шарты орнына жиі сатып алу сату шарты, сатып алу сату актісі деген
ұғымды қолданады. Оның себептерінің бірі: жеткізіп берушінің шартқа жақтар
жауаптылығы жөніндегі жағдайды еңгізуден жалтаруы.
Жақтардың бірімен шартты өрескел бұзу, шартты орындаудан бір
жақпен бас тартуға әкелдіруі мүмкін. Шартты өрескел бұзу ұғымы жөніндегі
жалпы ережелер ҚР АК 401 бабының 2 тармағында келтірілген. Ал АК 476 бабына
сәй кес, жеткізіп беруші жағынан жеткізілім шартын өрескел бұзу болып:
сатып алушымен тиімді мерзім ішінде жойылуы мүмкін емес, кемшіліктері бар
сапасыз тауарды жеткізіп беру және жеткізілім мерзімдерін бір неше рет бұзу
жатады. Сатып алушы жағынан шартты өрескел бұзу болып: төлемдер мерзімін
бұзу және тауарды бір неше рет уақытында қабылдап алмау жатады.
ҚР АК- 477 бабында жеткізілім шарты бұзылған жағдайда шығындарды
өтеу тәртібі бекітілген. Мысалы, сатушының кінәсімен шарт бұзылғаннан
кейін, сатып алушы шартта көзделген тауарды өзге тұлғадан, шартта көзделген
бағадан неғұрлым жоғары бағаға сатып алған болса, ол сатушыдан бұрынғы
шартта көзделген баға мен сатып алған бағаның арасындағы айырмашылық
мөлшерінде, өзінің шеккен шығындарын өтеуді талап етуі мүмкін. Егер шарт
сатып алушының кінәсімен бұзылған болса, онда сатушы өз тауарын бұрынғыдан
төмен бағаға сатуы мүмкін және сатып алушыдан осыған байланысты өзінің
шеккен шығындарын өтеуді талап етуі мүмкін, және т.б.
3. Келісім шарт жасасу шарты – ол сатушының өзімен, яғни
өндірушімен (шаруашылықпен) өндірілген немесе өсірген ауыл шаруашылық
өнімдерін сатып алу сату болып табылады. Сатып алушы бұл шартта дайындаушы
(контрактант) деп аталады. Бұл шарт фьючерс деп аталатын, яғни әлі
өндірілмеген біракта болашақта болатын тауарды сатып алу сату жөнінде
жасалатын шарт. Егер сатылатын ауыл шаруашылық өнімі сатушының өзімен
өсірілмеген немесе өндірілмеген болса, жақтардың қатынастары келісім шарт
жасасу шартының емес, жәй сатып алу сату шартының ережелерімен реттеледі.
Шарт нысанасы – жазбаша жәй болады. Бұл шарт сатып алушыға (дайындаушыға),
өндірушіге өнімді тиеп атқару, өнімді өндірілген жерде қабылдап алу,
өнімнің сапасын анықтау жөнінде жәрдем беру ретінде қосымша міндет жүктейді
(АК 479 б.). Өндіруші тек кінәлі болған жағдайда жауапты болады, яғни оған
кәсіпкерлік тәуекел ауыртпалығы жүктелмейді.
4. Айырбас және сыйға тарту шарттары
Айырбас шарты, сатып алу сату шартына қарағанда, неғұрлым бұрын
пайда болған, өйткені сатып алу сату шартында мүлік орнына ақша беріледі,
ал акша, адамзат тарихында мүлікті мүлікке айырбастаудан кейін пайда
болған. Айырбастау шартының екі жағы да, бір уақытта сатушы да сатып алушы
да болады (АК 501-505 баптары). Ақылы болып танылатын айырбастау шартының
мақсаты – жақтардың келісімі бойынша берілетін мүліктің орнына басқа
мүлікті беру. Айырбастау шартының нысаны, шарт объектісіне байланысты
болады. Мысалы, пәтерді айырбастау шарты, жазбаша нысанда жасалады және
жылжымайтын мүлік Орталығында тіркеуден өтеді. Заттармен қоса, бұл шарттың
объектісі жұмыстар мен қызметтер де болуы мүмкін. Жақтардың құқықтары мен
міндеттері, сатып алушы мен сатушы құқығы сияқты болады. Егер
айырбасталатын мүліктің бірінің бағасы төмен болса, қосымша төлем ретінде,
бұл шартта ақша да төленуі мүмкін. Бірақта, айырбастау шартының, сатып алу
сату шартынан негізгі айырмашылығы - мүліктің орнына басқа мүліктіњ берілуі
болады. Сондықтан да, айырбастау шарты, ол әр қашанда ақылы шарт болады.
Сыйға тарту шарты, бұл шарттар тобының арасында, жаңғыз ақысыз
шарт болып табылады. Егер шарт жасалған жерінде орындалатын болса, ол
ауызша жасалады (ҚР АК 508 б. 1 т.); ал егер, сыйға тартушы заңды тұлға
болса, сыйдың құны он есе айлық есептік көрсеткіштен асатын болса және де,
егер шартта, сыйдың болашақта берілуі көзделсе, ол жазбаша жасалатын
болады. Жақтар, сый тартушы және сый алушы деп аталады. Шарт реалды болады,
бірақта қазіргі кездегі заңдарда, шарттың жаңа түрі көзделген – ол сыйды
болашақта беру туралы үәде ету (ҚР АК 506 б. 2 т.), ал бұл шарт
консенсуалды және жазбаша болады. Қозғалмайтын мүлікті, автокөлікті сыйға
тарту шарттары да, жазбаша жасалуы тиіс (508 б.). Заңда, сыйға тартуға тиым
салу және оны шектеу жағдайлары да қарастырылған. Сый алушы сый оған
берілгенге дейін, кез келген уақытта сыйдан бас тартуға құқылы болады.
Сыйға тартудың бір түріне, қайрымдылық жатады (АК 516 б.).
5. Рента шарты
Меншіктен мүлікті иеліктен алу шарттарының ерекше түріне,
қазіргі кезде рента шарты жатады. Бұрынғы заңда, ол өмір бойы асырауда
ұстау негізінде тұрғын үйді оның иесінің (сатушының) иелігінен алу шарты
болып танылған. Жаңа Азаматтық Кодекста рента шарты неғұрлым толық
мазмұнына ие болып, ол екі түрге бөлінген: тұрақты рента және ғұмырлық
рента. Ғұмырлық рентаның бір түрі – ол өмір бойы асырауда ұстау рентасы
болады. Рента шарты бойынша бір жақ (рента алушы), екінші жаққа (рента
төлеушіге) оның меншігіне мүлікті береді, ал рента төлеуші алған мүліктің
орнына рента алушыға, белгілі бір ақшалай сома мөлшерінде ақы төлеп отыруға
немесе оны асырауға міндеттенеді (517 б.). Рента – ол рента алушыға ақшалай
және мүліктік нысанда төленетін төлем немесе оны асырау ұстау болып
табылады. Шарт жазбаша нотариалды нысанда жасалады. Шарттың жақтары рента
төлеуші және рента алушы деп аталады. Рента төлеуші әрекетке
қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін.
Тұрақты рента шартында, рента алушы, қоммерциялық емес ұйымдар мен
азаматтар болуы мүмкін, ал ғұмырлық асырау шарты бойынша, рента алушы
еңбекке қабілеттілігіне және өзге табыстарының болуына қарамастан тек
азамат бола алады. Рента төлемдері орнына, рента алушы рента төлеушіге кез
келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті береді. Азаматтық құқық
теориясында рента шарты тәуеклге байланысты деп аталатын шарттарға
жатқызылады, ол рента төлеушінің міндеттерінен көрінеді. Мысалы, шарттың
тәуекелге байланыстығы: төлемдердің ұзақ уақыт төленуінен (тұрақты немесе
ғұмырлық болуынан), заң бойынша рента алушыға төленетін төлемдер орнына
берілген мүлікке деген кепілдік құқығын беру, рента төлемінің ен төменгі
мөлшерін бекіту жағдайларынан байқалады. Рента төлеуші үшін, оның тәуекелге
байланыстығы: рента төлеу орнына берілген мүлік абайсызда жойылған немесе
бүлінген жағдайда, оның рента төлеу міндетті тоқтатылмайтындықтан және ол
міндеттің рента алушы қайтыс болған жағдайда да тоқтатылмайтындығынан
байқалады.
Бақылау сұрақтары:
- Энергиямен жабдықтау шартының анықтамасын беріңдер.
- Тауар жеткізілімі шартының сипаттамасын беріңдер.
- Келісім шарт жасасу шарты насанына қандай талаптар қойылады.
- Айырбас және сыйға тарту шарты тараптарының құқықтары мен
міндеттері қандай болады.
- Рента шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерін атаңдар.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4,5,10

3 ТАҚЫРЫП: Мүлікті уақытша пайдалануға беруден туындайтын
міндеттемелер
ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді мүлікті жалдау шартының анықтамасы,сипаттамасы,
нысаны және мазмұнымен таныстыру;
- студенттерде мүлікті жалдау шарттарының түрлері жөніндегі
біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Мүлікті жалдау шартының анықтамасы, сипаттамасы мен нысаны

және элементтері.

2. Мүлікті жалдау шартының мазмұны мен түрлері.

3. Лизинг, прокат шарттары.

4. Жылжымайтын мүлікті жалдау.

1. Мүлікті жалдау шартының анықтамасы, сипаттамасы мен нысаны және
элементтері.

Мүлікті иеленуге және пайдалануға беру міндеттемелері, мүлікті
жалға беру шарттарынан мен оның түрлерінен туындайды. Мүлікті жалдау
шартының ұғымы заңда келесі түрде берілген: мүлікті жалдау шарты бойынша
бірінші жақ жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге
және пайдалануға буруге міндеттенеді (АК 540 б.). Жалға алған мүлікті,
жалға алушы Азаматтық кодекста бекітілген жағдайда және тәртіппен,
басқаруға құқылы болады. Бұл міндеттемелердің заты - мүлікті және мүліктік
құқықтарды уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады. Жалдау мерзімі
аяқталғаннан кейін, мүлік меншік иесіне немесе өзге заңды иеленушісіне
қайтарылуы тиіс болады. Мүлікті жалдау шартының жақтары: жалға беруші
(арендаға беруші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Оларға,
әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген жеке немесе заңды
тұлғалар жатқызылуы мүмкін. Мүлікті жалдау шартының заты - азаматтық
өрістіктен алынбаған, жеке белгілерімен анықталған және тұтылмайтын, кез
келген мүлік болуы мүмкін (541 б.). Объектісі жөніндегі жағдайлар, шарттың
негізгі жағдайларының біріне жатады. Аренда алушының негізгі міндеттеріне:
арендаға алынған мүлікті мақсатына қарай пайдалану, (егер шартта өзгеше
көзделмесе) оны ағымды жөндеуден өткізу, жалдау ақысын шартта көзделген
нысанда және уақытында төлеу және де жалдау мерзімі аяқталысымен, мүлікті
қайтарып беру жатады. Мүлікті жалға берушінің міндеті: мүлікті жалға
алушыға, барлық саймандарымен және құжаттарымен уақытша иеленуге және
пайдалануға беру болады.
Мүлікті жалдау ақысы, жақтардың келісімі бойынша келесі түрлерде
төленуі мүмкін: 1) бір реттік немесе уақыт сайын төленетін тұрақты ақшалай
төлем; 2) жалға алынған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған өнімдердің,
жемістердің немесе кірістердің белгіленген бір үлесін беріп отыру; 3) жалға
алушымен белгілі бір қызмет көрсету; 4) жалға алушымен жалға берушіге,
шартта белгіленген мүлікті жалға немесе меншігіне беру; 5) жалға алушыға
жалға алынған мүлікті жақсартуға кеткен шығындар ауыртпалығын жүктеу
түрінде (546 б.). Бұл тізім онымен әлі де аяқталмайды.

2. Мүлікті жалдау шартының мазмұны мен түрлері.

Шартты тоқтату кезінде, мүліктің одан бөлінетін және бөлінбейтін
жақсартулары жөніндегі мәселелер әр қашан да ең даулы мәселелер болып
табылады. Олардың тағдыры келесі түрде шешіледі: егер жақтар келісімінде
өзгеше көзделмесе, кейбір жақсартулар жалға алушының меншігіне көшеді.
Жалға берушінін келісімінсіз жасалған жақсартулардың ақысы төлеуге жатпайды
(АК 555 б.). Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті күрделі жөндеуден
өткізу міндеті, жалпы алғанда, жалға берушіге жүктеледі. Мүлікті жалдау
шартының кейбір түрлерінде аталған ережелер өзгертіледі.
3. Лизинг, прокат шарттары.
Мысалы прокат шарты, жария шарт болып табылады, жалға беруші
кәсіпкер (коммерциялық ұйым немесе жеке кәсіпкер) ретінде тіркелуі қажет
болады; шарттың мақсаты – жалға алушының тұрмыстық, отбасылық
қажеттіліктерін қанағаттандыру; қосалқы жалдау, бұл жерде мүмкін емес
болады; ағымды және күрделі жөндеуден өткізу міндеті жалға берушіге
жүктеледі және т. б. (АК 595-600 б., б.).
Лизинг шарты бойынша бірінші жақ лизинг беруші, лизинг алушы
көрсеткен мүлікті, сатушыдан өз меншігіне сатып алып, оны лизинг алушыға
кәсіпкерлік мақсатта, ақы үшін иеленуге және пайдалануға беруге
міндеттенеді (ҚР АК 565 б.). Бұл шарттың заты: жер телімдері, кәсіпкерлікте
ұзақ қолданылатын қымбат тұратын құралдар, техника және көлік құралдары
(ұшақтар, комбайындар) және табиғи ресурстардан басқа өзге де заттар
болады. Шартта, егер төленген лизинг төлемдерінің сомасы, жалға алынған
мүліктің құнынан кем емес болса, лизинг алушымен мүлікті меншігіне алу
көзделуі мүмкін. Лизинг шартының ерекшелігі: лизинг алушы, сатушыдан
мүлікті сатып алу сату шарты немесе тауар жеткізілімі шарты бойынша алған
кезде, оны лизинг шарты бойынша басқа тұлғаға жалға беретіні жөнінде
ескертуі қажет. Сондықтан, лизинг алушы арендаға алған мүліктің
кемшіліктері байқалған жағдайда, жалға алушы, ол жөнінде тікелей сатушыға
жүгінуге құқылы болады. Азаматтық кодекспен қоса, Қазақстанда, лизинг
қатынастары, Қаржы лизингы туралы Заңмен де реттеледі.
4. Жылжымайтын мүлікті жалдау.
Кәсіпорынды жалдау шарты (АК 573-580 б., б.), міндетті түрде жазбаша
жасалуы және мемлекеттік тіркеуден өткізілуі қажет. Ағымды және күрделі
жөндеуден өткізу міндеттері арендаға алушыға жүктеледі. Шарт мақсаты –
кәсіпкерлік болады, сондықтан жақтар кәсіпкерлер ретінде тіркеуден өткен
болуы қажет. Жақсартулар өткізу үшін, бұл шарт бойынша, аренда алушының
келісімі қажет емес болады, өйткені оған кеткен шығындар міндетті түрде
өтелуі тиіс.
Тұрғын үйді жалдау шарты, жазбаша нысанда жасалуы және заң
актілерімен көзделген жағдайда, мемлекеттік тіркеуден өткізілуі қажет.
Мемелекеттік тұрғын үйлер қорындағы үйлерді жалға алу мен жеке меншіктегі
тұрғын үйлерді жалға алу жеке бөлінеді (601-603 б., б.).
Бақылау сұрақтары:

- Мүлікті жалдау шартының анықтамасы, сипаттамасы мен нысаны
және элементтері.
- Мүлікті жалдау шартының мазмұны мен түрлері.
- Лизинг, прокат шарттары.
- Жылжымайтын мүлікті жалдау.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2,3

4,5, 6,11

4 ТАҚЫРЫП: Мердігерлік шарты мен оның түрлері.

ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді мердігерлік шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны
және мазмұнымен таныстыру;
- студенттерде мердігерлік шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін
қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен
элементтері. Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

2. Құрылыс салу мердігерлігі. Тұрмыстық мердігерлік. Мердігерлік
шартының өзге де түрлері.

1. Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен
элементтері. Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

Жұмыстар өткізу міндеттемелері – мердігерлік шарттарынан және
оның түрлерінен пайда болады (ҚР АК 32 Тарауы). Бұл міндеттемелердің заты:
жаңа бір объект жасау немесе бұрынғы объектіні неғұрлым өзгерту немесе
жақсарту болады. Шарт объектісі ретінде заң, жұмыс нәтижесін атайды.
Шарттың жақтары: мердігер және тапсырысшы деп аталады. Мердігер өз
саласының маманы болуы қажет және көптеген жағдайларда мердігерлік
жұмыстардың тиісті бір түрін өткізу үшін, лицензия алуы кажет болады.
Мердігерге өз саласының маманы болуы талабының қойылуы мен қоса, оған
мүліктің абайсызда жойылуы немесе бүліну қауіпі, жумыс нәтижесіне жетпеу
қауіпі, жұмыс сапасы ушін жауапкершілік ауыртпалықтары және т.б. жүктеледі.
Мердігерлік шарты бойынша, бірінші жақ (мердігер), екінші жақ
(тапсырысшының) тапсырысы бойнша, белгілі бір жұмысты орындап, оның
нәтижесін бекітілген мерзімде тапсырысшыға тапсыруға міндеттенеді, ал
тапсырысшы, жұмыстың нәтижесін қабылдап алып, оның ақысын төлеуге
міндеттенеді (АК 616 б.). Шарт консенсуалды, екі жақты міндеттейтін, ақылы
болады. Тапсырысшының міндетінің бірі – ол, мердігерге тапсырма беру
болады, ал мердігердің міндеті – ол, тапсырманы тапсырысшының нұсқаулары
бойынша орындау болады.

2. Құрылыс салу мердігерлігі. Тұрмыстық мердігерлік. Мердігерлік
шартының өзге де түрлері.

Тұрмыстық мердігерлік шарты өзге мердігерлік шарттарына қарағанда,
заңмен жария шарттарына жатқызылған, оның мақсаты - тапсырысшының тұрмыстық
және өзге де жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру болады. Мердігер кәсіпкер
ретінде тіркелген болуы қажет. Жұмыс жөнінде және жұмыс нәтижелері жөнінде
тапсырысшыға мәліметтер беру - мердігердің қосымша міндеті болып табылады.
Ескертілгеннен кейін, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдап алмаған
жағдайда, заң, мердігерге оны ашық сату (аукцион) өткізу арқылы сатып, одан
алған сомадан өзінің кеткен шығындарын өтеп алуға рұқсат етеді.
Құрылыс салу мердігерлігінің заты - белгілі бір жаңа объектінің
құрылысын салу немесе өзге құрылыс жұмыстарын (жөндеу, қайта жөндеу,
өндірісті қайта құралдандыру, технологияны жаңарту, монтаждық жұмыстар және
іске қосу жумыстарын) өткізу болады. Құрылыс салу мердігерлігі бойынша,
бірінші жақ мердігер, бекітілген мерзім ішінде тапсырма бойынша белгілі бір
объектіні салуға немесе өзге құрылыс жұмыстарын өткізуге міндеттенеді, ал
тапсырысшы, мердігерге жумыстар өткізуге қажетті жағдай жасауға, жұмыс
нәтижесін қабылдап алуға және оның ақысын төлеуге міндеттенеді (АК 651 б.
1т.). Мердігерге қажетті жағдай жасау – ол, оны жұмыспен қамтамасыз ету,
яғни құрылыс алаңын тазалап, жерді бөлу жµнінде құжаттарды алу, коммуналдық
жүйелерге қосылуға рұқсат алу және т.б. болып табылады Тапсырысшының
тапсырысы жобалау-сметалау құжаттарында көрсетіледі, оларды тапсырысшы
береді. Бірақта, жаңа АК бойынша, жақтарға өздеріне тәртіп ережелерін
таңдауға рұқсат етіледі және жоба мен сметаны жасау міндеті мердігерге
жүктелуі де мүмкін болады.
Тапсырысшы, жумысты қабылдауды өткізуге міндетті болады. Қабылдап
алу, жұмыс аяқталмай және аяқталғаннан кейін өткізілуі мүмкін. Қабылдап алу
уақыты мен орны жөнінде, тапсырысшыны мердігер ескертеді. Тапсырысшының
өкілі дәлелді себепсіз, жұмыстың жеке кезеңдерін қабылдап алуға келмей
қалған жағдайда, мердігер қабылдап алу актісін өзі жасауы мүмкін, осыдан
кейін, тапсырысшының талабымен, өндірілген жұмыстарды ашып қарау, оның
есбінен өткізіледі.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын өткізу шартының заты (АК 667 б.)
-жобалау-сметалау құжаттарын жасау және іздестіру жұмыстарын өткізу болады.
Ал ғылыми-зеррттеу жұмыстарын, тәжірибелік-конструкторлық және
технологиялық жұмыстарды өткізу мердігерлігінің заты - а) ғылыми
зерттеулер; б) жаңа өнімнің үлгісін, оның конструкторлық құжаттарын жасау;
жаңа технологиялар жасау немесе үлгілер жасау болады. Жақтар: орындаушы
(іздестіруші) және тапсырысшы деп аталады; табиғаты бойынша, бұл шарттар
консенсуалды, екі жақты міндеттейтін, ақылы болады. Аталған шарттардың
ерекшелігі – ол, жұмыстар нәтижелеріне жете алмау қаупі тапсырушыға
жүктеледі. Ғылыми мердігерлік шарттарының өзге ерекшелігі – ол, шартты
орындау кезінде, жақтармен алынған мәліметтердің құпиясы туралы жағдайларды
еңгізу болады; өйткені олар ғылыми-шығармашылықпен байланысты және, оларды
орындау нәтижесінде, заңмен қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері
жасалуы мүмкін болады. Бұл шарттарға көбінде мердігерлік жөніндегі жалпы
ережелер қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
- Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен
элементтері.
- Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.
- Құрылыс салу мердігерлігі.
- Тұрмыстық мердігерлік.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 1,2

3, 4, 5, 6, 9

2 ТАРАУ. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

ГЛОССАРИЙ:

Қызмет көрсетуден туындайтын міндеттемелер – ол, міндеттемелік құқық
жүйесінде, көлеміне бойынша, ең кең тарайтын шарттық міндеттемелер болып
табылады.

Көлік экспедициясы шарты бойынша, бірінші жақ (экспедитор) ақы үшін және
екінші жақ (клиент) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты қызмет
көрсетуге, соның ішінде клиент атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау
шартын жасауға міндеттенеді

Заем шарты бойынша бірінші жақќ (заем беруші) екішнші жаққа (заем алушыға)
ақшаны немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды береді, ал АК немесе
шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал заем алушы заем
берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе сол тектегі, сападағы, мөлшердегі
заттарды уақытында қайтаруға міндеттенеді

Факторинг шарт бойынша, бірінші жақ (қаржы агенты (фактор)) екінші жаққа
(клиентке) ақша береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне
өзінің үшінші жаққа деген ақшалай талабын аударады немесе аударуға
міндеттенеді

Сақтандыру шарты бойынша бірінші жақ (сақтанушы) сақтандыру төлемдерін
төлеуге міндеттенеді, ал екінші жақ (сақтандырушы) сақтандыру оқиғасы
басталысымен, сақтанушыға немесе шарт оның пайдасына жасалған өзге тұлғаға,
яғни пайда көрушіге, шартпен белгіленген сома мөлшерінде сақтандыру өтемін
төлеуге міндеттенеді

Сақтау шарты бойынша, бірінші жақ (сақтаушы) оған екінші жақ (жүк берүші)
берген мүлікті сақтауға міндеттенеді

Есеп шоты шарты бойынша, бірінші жақ (банк) екінші жақтың (клиенттің)
пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, клиенттің, клиентке немесе үшінші
жаққа ақшаның тиісті сомаларын аудару туралы нұсқауларын орындауға және
шартта көзделген өзге де қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Ақша аудару шарты бойынша, банк, клиенттің тапсырмасы бойынша, оған жеке
код берместен, үшінші жаққа оның ақшасын аударуға міндеттенеді

Ақылы қызмет көрсету шарты бойынша, орындаушы, тапсырушының тапсырмасы
бойынша қызмет көрсетуге, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға немесе белгілі
бір қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді, ал тапсырушы оның ақысын төлеуге
міндеттенеді.

Банк салымдары шарты бойынша, банк, салымшының салым деп аталатын ақшаларын
қабылдап алып, оған шартта көзделген мөлшерде және шартта көзделген тәртіп
бойынша сый ақы төлеуге және заңмен шартта көзделген мөлшер мен тәртіп
бойынша оны қайтаруға міндеттенеді.

Тапсырма шарты бойынша, бірінші жақ (сенім білдірілген өкіл) екінші жақтың
(сенім білдірушінің) атынан және оның есебінен, белгілі бір заңды
әрекеттерді жасауға міндеттенеді

Комиссия шарты бойынша, бірінші жақ (комиссионер) екінші жақ (комитенттің)
тапсырмасы бойынша ақы үшін, өз атынан, бірақта комитент есебінен, бір
немесе бірнеше мәмілелерді жасауға міндеттенеді

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша, бірінші жақ (сенімгерлікпен
басқаруды тағайындаушы), екінші жаққа (сенімгерлікпен басқарушыға) мүлікті
сенімгерлікпен басқаруѓа беруге міндеттенеді, ал сенімгерлікпен басқарушы,
пайда көрушінің мүддесіне мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша, бірінші жақ (кешенді лицензиар)
екінші жаққа (кешенді лицензиатқа) ақы үшін, айрықша құқықтар кешенін
(лицензиялық кешенді): лицензиардың фирмалық атауын пайдалану құқығын,
қорғалатын коммерциялық мәліметтерді және айрықша құқықтардың өзге де
объектілерін (тауарлық белгісін, қызмет белгісін, патентін және т. б.),
кәсіпкерлікте пайдалануға беруге міндеттенеді.

Сыйақыға жария үәде беру (ҚР АК 911б.), қажетті мақсатқа жету үшін, бір
талай тұлғалардың назарын тез арада тарту үшін қолданылады. Оның нәтижесі
тиімді болуы мақсатында, оған жете алған тұлғаға немесе тұлғаларға сыйақыға
жария үәде беру болады. Бірақта олардың барлығы заңды нәтижелерге әкелдіре
бермейді.

5 ТАҚЫРЫП: Қызмет көрсетуден туындайтын

міндеттемлер.

ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді тасымалдау шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны
және мазмұнымен таныстыру;
- студенттерде тасымалдау шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін
қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

1. Тасымалдау шарты және оның түрлері.

2. Көлік экспедициясы шарты.

3. Заем және факторинг шарты.
4. Ақылы қызмет көрсету шарты.

1. Тасымалдау шарты және оның түрлері.

Қызмет көрсетуден туындайтын міндеттемелер – ол, міндеттемелік құқық
жүйесінде, көлеміне бойынша, ең кең тарайтын шарттық міндеттемелер болып
табылады. Олардың заты - әрекеттерді жасау болады. Олардың нәтижесінде жаңа
объект жасалмайды және бұрынғы объектінің жақсартулары жасалмайды. Осы
арқылы, аталған міндеттемелерді, жұмыстарды өткізу міндеттемелерінен
ажыратуға болады. Бұл міндеттемелер арасында, оның келесі түрлерін атауға
болады: көлік міндеттемелері, сақтандырудан туындайтын міндеттемелер, есеп
айрысу және несиелік (қаржылық) міндеттемелер.
Қызмет көрсету міндеттемелерінің барлық түрлерінің негізінде,
кезінде рим заңгерлерімен жасалған классикалық: тапсырма, комиссия және
сақтау шарттары болады. Сондықтан да, осы үш шарттың сипаттамасын беру
қажет болады.
Тасымалдау шарты - ол көлік міндеттемелерінің пайда болуына
әкелдіретін басты негіз болады. Тасымалдау объектісіне қарай, тасымалдау:
жүктерді және жолаушыларды (теңдеме жүктерімен қоса немесе онсыз)
тасымалдау болып бөлінеді. Тасымалдау көлігіне қарай – ол, автокөлікпен,
темір жолымен, ішкі сулармен, теңізбен, әуе көлігімен тасымалдауға
бөлінеді. Бір шарт бойынша тасымалдаушылар санына қарай, тасымалдау:
тікелей байланыс бойынша, тікелей аралас байланыс бойынша және жергілікті
тасымалдау түрлеріне бөлінеді. Тасымалдау шарттарының бір түріне жататын,
көлік экспедициясы шарты, заңда бөлек аталады. Сонымен бірге, тасымалдау
шартына қарағанда консенсуалды болып табылатын, тасымалдауды ұйымдастыру
шарттарын атап өткен жөн, ал тасымалдау шартының өзі – реалды болады.
Тасымалдау шарттарының түріне кіре тарту шартында жатқызуға болады, ол ҚР
Теңізбен сауда өткізу туралы Заңында көзделеді.
Тасымалдау шартының жақтары: тасымалдаушы және жүк жөнелтуші (егер
шарт объектісі жүк болса) және жолаушы (егер жолаушыларды тасымалдау болса)
деп аталады. Шарт жазбаша жай нысанда жасалады, шарт ақылы және мерзімді
болады. Азаматтық кодекспен қоса, шарт көлік заңдары деп аталатын арнайы
заңдармен де реттеледі, олардың арасында: ҚР Көлік туралы, Темір жол
көлігі туралы, Теңізбен сауда өткізу туралы заңдарымен және тасымалдау
ережелерін бекітетін көптеген заңға тәуелді актілермен де реттеледі.
Жақтардың құқықтары мен міндеттері, тасымалдау объектісіне
байланысты болады. Сонымен бірге, тасымалдаушының міндеттері келесі болады:
уақытында тасымалдауға жарайтын көлікті беру; егер шартта ол көзделген
болса жүкті тиеп алу (немесе түсіріп беру); тиісті мерзімде тиісті орынға
жүкті немесе жолаушыны жеткізу болады. Жүк жөнелтушінің міндеті – ол,
тасымалдауға жүкті барлық құжаттарымен беру; тасымалдаушыны жүктің
қасиеттері мен мінезі жөнінде ескерту; кіре ақысын төлеу; жүкті қабылдап
алу (және, егер ол шартта көзделген болса, жүкті тиеп, түсіру) болады.
Егер жүк жөнелтуші үшінші тұлға болса, ол шартты жасауға қатыспайды,
бірақта шартты жасаған уақыттан бастап, белгілі болады, одан кейін шарт
бойынша жақтың құқықтары мен міндеттеріне ие болады; жүкті беруді,
шығындарды өтеуді талап етуге құқылы болады.

2. Көлік экспедициясы шарты.

Көлік міндеттемелері көлік экспедициясы шартынан да туындайды. Көлік
экспедициясы шарты бойынша, бірінші жақ (экспедитор) ақы үшін және екінші
жақ (клиент) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге,
соның ішінде клиент атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасауға
міндеттенеді (АК 708 б., 1 т.). Экспедитордың қосымша қызметтеріне:
экспорттық және импорттық құжаттарды алу, кеденде жасалатын әрекеттерді
жасау, жүктің саны мен жағдайын тексеру, тиеп жөнелту және түсіріп алу,
баждар мен төлемдерді төлеу, жүкті сақтау, оны бағыт нүктесінде қабылдап
алу және т. б. болады.
3. Заем және факторинг шарты
Есеп айрысу және несие (қаржы) міндеттемелері заем шартынан және оныњ
түрлерінен, банк шарттарынан туындайды.
Заем шарты бойынша бірінші жақќ (заем беруші) екішнші жаққа
(заем алушыға) ақшаны немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды
береді, ал АК немесе шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал
заем алушы заем берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе сол тектегі,
сападағы, мөлшердегі заттарды уақытында қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 715
б.). Шарттың заты - тектік белгілерімен анықталған және тұтынылатын мүлікті
(ақшаны немесе өзге заттарды) беру болады. Заем шартыныњ, мүлікті жалдау
шартынан негізгі айрмашылығы, осында болады. Заем түрлеріне: аванс, несие
беру, төлемді кейінге қалдыру, төлемді бөліп төлеуге рұқсат беру, алдын ала
төлеу жатады. Кәсіпкерлік түрінде заңды тұлғалар мен азаматтардан заем
алуға тыйым салынады, бұл шарттар жарамсыз болып танылады. Заем шартының
нысаны мәміле нысандары жөніндегі ҚР АК- 151-152 баптарында көзделген
жалпы ережелерге бағынады. Шарт бір жақты міндеттейтін болады, өйткені зат
немесе ақша берілгеннен кейін міндет (уақытында алганын қайтару) тек заем
алушыға жүктеледі, ал заем берушіде, тек заемды қайтаруды талап ету құқығы
ғана болады. Заңда заемның келесі түрлері аталады: мемлекеттік және банктік
заем.
Заем шартының жаңа түріне факторинг немесе ақшалай талапты беріп
қаржыландыру шарты жатады. Оның негізі рим құқығындағы цессия (несие
берушіні ауыстыру) болады. Бұл шарт бойынша, бірінші жақ (қаржы агенты
(фактор)) екінші жаққа (клиентке) ақша береді немесе беруге міндеттенеді,
ал клиент қаржы агентіне өзінің үшінші жаққа деген ақшалай талабын аударады
немесе аударуға міндеттенеді (ҚР АК 729 б.). Яғни клиент, қаржы агентіне
(фақторға), өзінің борышкеріне деген талап ету құқығын аударады. Аудару
заты – қаржыландыру алу мақсатында аударылатын, сол кезде бар талап немесе
болашақта пайда болатын талап (болашақта пайда болатын ақша алу құқығы)
болады. Клиентпен қаржы агентіне аударылатын талап, жарамды болуы қажет.
Шарт консенсуалды да, реалды да болады, оның мерзімі келісім бойынша
белгіленеді, ал бағасы – ол клиенттің борышкерге аударылған талабының құны
болып табылады. Қаржы агентінің міндеттеріне: клиентті қаржыландыру; шартта
көзделген жағдайларда бухгалтерлік есептерді өткізу үшін клиенттен
құжаттарын қабылдап алу; клиентке өзге де қаржылық қызмет көрсету және т.б.
жатады. Клиенттың міндеті - факторға ақшалай талапты аудару және оның
жарамдылығын қамтамасыз ету болады. Жәнеде клиент пен фактор борышкерді
несие берушінің ауыстырылуы жөнінде ескертуі қажет.
4. Ақылы қызмет көрсету шарты.
Ақылы қызмет көрсету шарты – ол азаматтық құқықтағы шарттардың жаңа
түрі, оған ҚР АК- 33 Тарауы арналған. Ақылы қызмет көрсету шарттарына:
байланыс қызметін көрсету, медициналық қызмет көрсету, ветеринарлық,
аудиторлық, кеңестік, жарнамалық, ақпараттық, білім беру қызметтерін
көрсету, туристік қызмет көрсету және т.б. жатады. Бұл шарттардың
анықтамасы АК 683 бабында берілген. Ақылы қызмет көрсету шарты бойынша,
орындаушы, тапсырушының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге, яғни белгілі
бір әрекеттер жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға
міндеттенеді, ал тапсырушы оның ақысын төлеуге міндеттенеді. Кеңес
құқығында аталған қызметтер үшін ақы алу, заңсыз пайда табу болып танылған
және мемлекеттің қолдауын таппаған. Заңи қолдауды бұл қызметтер жаңа
экономикалық қатынастарға көшкен кезде және ҚР АК Ерекше бөлімін
қабылдағаннан кейін тапқан. Реттеу ерекшеліктеріне байланысты, занда, бұл
шарттар мердігерлік және қызмет көрсету шарттарының арасына
орналастырылған.
Орындаушының міндеті - тапсырманы (егер шартта өзгеше көзделмесе)
өзі орындауы қажет. Тапсырушының негізгі міндеті - шартта белгіленген
тәртіп пен мерзімде қызмет ақысын төлеу болады. Шарт нысаны жазбаша да
ауызша да болуы мүмкін. Егер ол ҚР АК 33 Тарауының және ақылы қызмет
көрсету шартының нақтылы түрінің ерекшеліктеріне қарама қайшы келмейтін
болса, бұл шарттарға мердігерлік және тұрмыстық мердігерлік шарттарының
жалпы ережелері қолданылады,.

Бақылау сұрақтары:
- Тасымалдау шарты және оның түрлері.
- Көлік экспедициясы шарты.
- Заем және факторинг шарты.
- Ақылы қызмет көрсету шарты.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 1, 2,

3, 4, 5, 6, 7, 8.

6 ТАҚЫРЫП: Сақтандыру мен сақтаудан
туындайтын міндеттемелер.
ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді сақтандыру және сақтау шартының
анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;
- студенттерде сақтандыру және сақтау шарттарының түрлері жөніндегі
біліктілерін қалыптастыру.
СҰРАҚТАР:

1. Сақтандыру шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны,

элементтері мен мазмұны. Сақтандыру түрлері.

2. Сақтау шарты және оның түрлері.

1. Сақтандыру шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны,

элементтері мен мазмұны. Сақтандыру түрлері.

Сақтандыру міндеттемелері сақтандыру шартынан және оның түрлерінен
туындайды. Азаматтық кодекспен коса, бұл құқықтық қатынастар, қазырғы
кезде, Сақтандыру қызметі туралы ҚР Заңымен және заңға тәуелді актілермен
реттеледі. Сақтандыру шарты бойынша бірінші жақ (сақтанушы) сақтандыру
төлемдерін төлеуге міндеттенеді, ал екінші жақ (сақтандырушы) сақтандыру
оқиғасы басталысымен, сақтанушыға немесе шарт оның пайдасына жасалған өзге
тұлғаға, яғни пайда көрушіге, шартпен белгіленген сома мөлшерінде
сақтандыру өтемін төлеуге міндеттенеді (ҚР АК 803 б.). Сонымен, сақтандыру
міндеттемесіне сақтанушы мен сақтандырушыдан басқа - пайда көруші мен
сақтандырылған тұлға да қатысады. Олар сақтанушының өзі немесе үшінші жақ
болуы мүмкін. Бул жағдайда сақтандыру шарты үшінші жақ пайдасына жасалған
болады. Сақтандыру түрлері: ерікті және міндетті, жеке және мүліктік,
жинақтаушы және жинақтаушы емес болады. Сақтандыру объектісі занды
тұлғаның немесе азаматтың кез келген сақтандыру мүддесі болады (мүлікі,
өмірі, ден саулығы, белгілі бір оқиға – белгілі бір жасқа толуы, некеге
отыруы; жауапкершілігі, қауіпіп-қатері және т. б.). Тақырыпты толық меңгеру
үшін сақтандыру құқығының негізгі ұғымдары мен элементтерін білген жөн
болады: сақтандыру төлемі, сақтандыру оқиғасы, сақтандыру өтемі, сақтандыру
сомасы, сақтандыру, қайта сақтандыру, аннуитенттік сақтандыру және т. б.
Сақтанушы мен пайда көруші кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы
мүмкін, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландіруға бағытталған нотариалдық іс әрекеттердің ерекшілектері
Өсиеттерді куәландыру
Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамас
Мәмілелер ұғымы мен оны жасау тәртібі
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Жылжымайтын мүлік нарығында жасаланатын мәмілелер
Жарамсыз мәмілелердің түрлері
Меншікке қол сұғылмаушылық
Мәмiлелердiң ұғымы және түрлерi
Пәндер