Мүсіндеме, мүсін, скульптура


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мүсіндеме, мүсін, скульптура

Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo - шекимін, қашаймын) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты немесе пластик. материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарды) бейнелейді. Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8 - 2 ғасырларда дамыған "Аң стилі” ежелгі Мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған Мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы Мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы Мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, Мүсіндеме адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон, Пилон, тағы басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 - 19 ғасырларда Мүсіндеме адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П. Пикассо), конструктивизм (Н. Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, тағы басқа бағыттағы Мүсіндеме бар. Қазақстан жеріндегі Мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) Мүсіндеменің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі Мүсіндеме өкілдерінің (Б. Төлеков, Е. Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі Мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е. Рахмадиев, Н. Далбай, Ш. Төлешев) . Сонымен қатар Мүсіндеме әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі Мүсіндеме саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні, Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазҰУ қалашығы, 2004, тағы басқа) .

Мүсіндеменің тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символик. және аллегор. тұлғалар, анималистік мүсіндер. Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, тағы басқа) байланысты. Мүсіндеме мазмұнына қарай: монументтік-декоративті, қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді. Өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку, тағы басқа болып келеді. Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді: жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру) . Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады (мыс., Қазақстан Жазушылар одағы үйіндегі "Кітап бейнесі” атты монументтік мүсін) . Шағын пішінді Мүсіндеменің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты монументтік Мүсіндеме (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді. Монументтік-декоративті Мүсіндеме архитектуралық құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан. Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы Мүсіндеменің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады.

Мүсін өнері

Мүсін өнері - бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол шынында да адамдарды, хайуандарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы - аумақты форма және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан - ағаштан, тастан, металдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек, әсіресе скульптураны тастан шапқан кезе, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты, ұзақ сақталады, сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Неферититидің басы сияқты, күні бүгінге дейін біздерді толғандырып, тамсандырып келеді.

Скульптураның әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен - олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен, қимылымен, материалмен, фактурамен білдірілуі тиіс.

Қазақтың бейнелеу өнері ерлер мен әйелдердің, жануарлардың тастан қашалған бейнелері, сондай-ақ қыз-келіншектердің қола мүсіншелері түрінде өз өрісін тапты. Жаңа қоғамның рухани тәжірибесін образ түрінде бейнелейтін көркемдік туындылар жастарға тәрбие беріп, ұрпаққа ықпал жасау арқылы дәуірді жалғастырады. Сондықтан бейнелеу өнерінің мазмұны аса мәнді өзгеше жас ұрпаққа көркем ой туғызатындай болуға тиіс. Дүниенің сан алуан тіршілік тынысы мен адам сезімінің байлығын бейнелеу өнері кең ауқымды, көркемдік тұрғыдан көрсетеді. Азаматтық нысандылық, мүсіндік сомдау өнерінің игі дәстүрлерін игеру, елуінші, алпысыншы жылдардағы Қарағанды суретшілер шығармашылығының басты сипаттары болды. Олардың туындыларын көшелер алаңдары мен гүл бақтарының кеңістігінде тұлғаның жарасымды, келісті пішінделуіне, мәнділігіне қарай жазбай тануға болады. Мысалға, А. Билыктың қаламыздың сәулеттік-кеңістік ортасымен әдемі үйлескен, сымбатты шешімін тапқан кенші тұлғасы. Соңғы жылдарды Қарағанды қаласының көркеюіне байланысты ескерткіштердің символдық мәні көп жағдайларда мүсін мен сәулет формаларының өзара белсенді байланысы, сәндік бастаудың, көркем тұлғалық пен шығармашылықтың ұштасуы арқылы ашылды.

Алып ауқымды қала құрылысы, халық әл-ауқатының артуы, өскелең рухани талаптар, жастарға идеялық және адамгершілік тәрбие беру жөніндегі жұмыс ұлттық бейнелеу өнерін өрге бастыруға, оның осы тіршілік кезеңінің талаптарын қажет ететін көркемдік түрлерінің туына пәрменді серпін берді. Түрлі шығармашылық көркемдік құралдарды жандандыру көкейкесті мәселеге айналып, өнердің қоршаған ортада өзгеше эстетикалық әсер қалыптастыратын тәсілдері: мүсін бедерлері; сұңғаттық паннолар, қабырға өрнектері дамыды. 20 ғасырдың 40-жылдардың аяқ шенінде Қарағандыда суретшілер серіктестігінің (КазИЗО) қалалық бөлімшесі ашылды. Көркемөндіріс шеберханасы ұйымдастырылып (1957 ж. ), онда суретшілер П. К. Антоненко, П. С. Андриюк, Р. Есіркеев, П. И. Реченский, Ю. В. Гуммель т. б. жұмыс істеді. Қарағандыдағы кейінгі кездегі белгілі суретшілер А. П. Билык, В. И. Крылов, А. Бегалин, С. М. Саносян және т. б. Қарағанды қаласында Қазақстан суретшілер одағының облыстық ұйымы құрылды.

60-жылдары кескіндеме-сызба сурет, мүсін, монументті-бейнелеу өнері жедел дамыған кезең болды. Қарағанды суретшілерінін шығармалары тақырып, жанр, стильдік бағыт жағынан алуан сипат алды. Монументті мүсін саласында Қарағандыда Н. Әбдіров (1958 ж. ), «Шахтер даңқы» (1974 ж. ) ескерткіштері, «Мәңгілік от» (1978 ж. ), Қарқаралылық (1970 ж. ) және Теміртаулық (1974 ж. ) жауынгерлерге арналған мемориалдық ескерткіштер, Абай қаласында Абай (1974 ж. ), Егіндібұлақ ауылында Тәттімбет (1984 ж. ) ескерткіштері бой көтерді. Тәуелсіздік жылдары Қарағандының сәулетшілері мен мүсіншілері Астана қаласындағы «Үш би» ескерткішін (1999 ж. ), «Отан корғаушылар» архитектуралық-көркемдік композициясын (2001 ж. ) салуға, Бұқар жырау кесенесін (1993 ж. ), Қарағандыда Бұқар жырау (1993), Егіндібұлақта Қаз дауысты Қазыбек би (1995 ж. ) ескерткішін орнатуға ат салысты. Жезқазғанда Қ. Сәтбаевтың (1999 ж. ), Балқашта М. Русаковтың ескерткіші, Ұлытауда «Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монументі (2005 ж. ) бой көтерді.

Мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері] . Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.

Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы - Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б. з. б. 3 - 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, “құдай үйі”, басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі - 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б. з. б. 1792 - 50 ж. ) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды. Ашшурбанипал патша (б. з. б. 668 - 26 ж. ) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі “аспалы бақтар”, қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі “Иштар қақпалары” болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б. з. б. 4-мыңжылдықтың соңы б. з. б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды.

Ежелгі Мысыр мәдениетінің классикалық, канондық үлгілері - адам тұлғасының тегістіктегі мүсіндері, монументальділігімен, сымбаттылығымен, зәулімділігімен таң қалдыратын Гизадағы пирамидалар, Карнак, Луксордағы ғибадатханалар кешені, т. б. Ежелгі Мысырдың Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес болып табылады. Эгей мәдениеті (б. з. б. 3000 - 1200 ж. ) Жерорта т-нің шығыс бөлігінде, Эгей т-нің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Оның негізгі орталықтары Крит, Киклада аралдары, Микен, Пилос және Тиринф қ-лары болды. Крит-Микен мәдениетінің маңызды сәулет ескерткіші - әйгілі Кносс сарайы Б. ө-нің түрлі жанрын бойына тоғыстырған туынды. Бояуға бай, түрлі түсті суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің қабырғалары безендірілген. Кносс сарайының фрескалары арасынан криттіктердің шаруашылық өмірінде, діни және мифологиялық түсініктерінде маңызды рөл атқарған бұқаның бейнесі (“Акробаттар мен бұқа” фрескасы) ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның тамаша фрескалары қатарында “Көгілдір киім киген әйелдер”, “Көк түсті дельфиндер мен түрлі-түсті балықтар”, “Абыз-балық”, т. б. бар. Микеннің қабырғаға салынған суреттері де криттік Б. ө-мен ұқсас. Бірақ онда схемашылдық, шарттылық басым. Ежелгі Грекияның Б. ө. Эгей мәдениетінің бай дәстүрлерін жалғастырды. Ол гомерлік кезең, ежелгі өнер кезеңі классика және эллинизм кезеңдері болып бөлінеді. Ежелгі Грекия мәдениеті өзінің даму кезеңін көне грек қала-полистерінің өркендеген кезінде, құлиеленушілік демократия дәуірінде (б. з. б. 5-4 ғ-ларда) басынан кешірді. Грек шеберлерінің шығармашылығы мифологиялық түсініктерге негізделеді. Олар сонымен қатар, болмыс шындығына, дүние-әлемнің үйлесімділігіне деген терең пайымдарға адамның тәни және рухани кемелденуі турасындағы идеяларымен де құнды. Әлемнің үйлесімділігінің өлшемі ретіндегі адам Ежелгі Грекиядағы Б. ө-нің барлық саласына ортақ сарын. Көне грек мәдениетінің гуманистік бастаулары түрлі дәуірлердегі Еуропа Б. ө-не өте ықпалды фактор ретінде әсер етті.

Ежелгі мүсін өнері

Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар (куростар) мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың (кор) мүсіндерімен танымал. Қыш құмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Ежелгі өнерінің классикалық кезеңінде әлдеқайда шынайылыққа жақын образдар жасалды, адам мүсіні мен сымбатын сомдау жетіле түсті. Б. з. б. 5 ғ-дың 1-жартысындағы шеберлер ізденісін Мирон аяқтады. Оның “Афина мен Марсий”, “Дискобол” атты мүсіндері адам сымбатын аса кемел пластикалық күйде мүсіндеуімен, дене құрылысы мен оның әр қимыл ерекшеліктерін жетік білгендігімен ерекшеленеді. Жалпы адам бейнесін жасауға деген қызығушылық портрет жанрының дамуына ықпал етті. Кереғар болмыс қайшылықтары мен адамның идеалды, рухани және тәни әрекет-ұмтылыстарын мүсіншілер Скопас (“Менеда”, “Бозбаланың қабірі”), Пракситель (“Книдтық Афродитас”, “Демалыс кезіндегі қуақы”), Лисипп (“Апоксимен”, “Демалыс үстіндегі Гермес”), т. б. түрлі қырынан бейнеледі. Эллиндік кезең грек мәдениетінің таралу өрісінің кеңейуімен сипатталады. Бұл кезеңнің ең әйгілі туындылары - “Самофракийлік Нике”, “Пергам мехрабының фризі”, “Милостық Венера”, “Лаокоон”. Б. з. б. 1 ғ-дың соңынан бастау алатын Ежелгі Римнің Б. ө. - ежелгі заман мәдениетінің ірі ошақтарының бірі. Ол этрусс мәдениетінің негізінде қалыптасты. Этрусс мәдениетінің таңдаулы хрестоматиялық шығармалары қатарына өлген адамның мүсіні бейнеленген саркофак-құлыптастар, Римнің негізін қалаған Ромул мен Ремді асыраушы Капитолий қаншығының мүсіні жатады. Рим өнеріндегі жетекші орынды портрет жанры алды. Оның пайда болуы да жерлеу рәсімімен байланысты. Марқұмның бетбейнесін балауызға түсіріп, оны құдайлар мүсіндерімен бірге үйде сақтау салты портреттің және қайтыс болған адамның кескін-келбетін дәл көшірудің қатаң дәстүрінің қалыптасуына себепші болды. Әсіресе, әйгілі адамдардың дәлме-дәл жасалған портреттері сақталған (б. з. б. 1 ғ-дағы Августің статуясы, император Вителлийдің портреті, т. б. ) . Ежелгі Римдегі Б. ө-нің дамыған саласы қабырғаға аса нәзік шеберлікпен салынған мозаикалар (мыс., Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы бейнеленген мозаика) болып табылады. Ежелгі дәуірдің Б. ө-нде Солт. Қара теңіз жағалауының мәдениеті, Урарту мемлекетінің, Үндістанның, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеттері секілді ірі мәдениет ошақтары болды. Соғда, Бактрияның, кейінАхемендер патшалығының Б. ө. сақтардың “жануарлық стилінің” ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті. Б. ө-нің ғажайып ескерткіштері Үндістанда б. з. б. 4-мыңжылдықтан б. з. б. 5 ғ-ға дейін жасалды. Үндістан өнері көне дүниенің түрлі мәдениеттерімен тығыз байланысты болды. Одан, сондай-ақ, Орталық Азия мәдениетінің де ықпалы байқалады. Ежелгі Үндістан мәдениетінің орталығы Синдтағы Мохенджо-Даро мен Пенджабтағы Хараппа елді мекендері болды. Ойылып бейнеленген абыз бен еркін де ырғақты қимыл-қозғалыс үстіндегі биші қыз, үшкелбетті құдай, киелі саналған жануарлар - бұғы, буйвол, мүйізтұмсық, піл, т. б. мүсіндері жасалу шеберлігімен, пластикалылығымен, санқилылығымен ерекшеленеді. Үндістан мәдениетінің келесі кезеңі бүкіл Ганга жазығына билік жүргізген Магадха мемлекетінде өріс алды. Бұнда брахманизм идеологиясы үстемдік етіп тұрды. Үндістанның Б. ө-нде мыңжылдықтар бойына Брама (жаратушы), Вишну (қорғаушы), Шива (қиратушы) және Индра (патша билігін қолдаушы) бейнелері, түрлі рухтар мен данышпандардың мүсіндері тұрақты кейіпкерлерге айналды. Үндістан өнеріндегі бай, пластикалық, өмірлік күш-қуат пен динамикаға толы образдар Үндістанның мифтері мен аңыздары арқылы дүниенің сұлулығы мен адамға арналған мадақ ретінде қызмет етті. Үндістанда б. з. б. 3 ғ-да Ашок патша тұсында кең таралған буддизм мүсіндік рельефтермен безендірілген ғибадатханалардың, мемориалдық құрылыстардың салынуына себепші болды. Аса көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі - Аджанта ғибадатханалары. Вагхора өз-нің сұлу алқабындағы жартастардан қашалған Аджанта ғибадатханаларының (барлығы 29 үңгір) қасбеттері мүсіндермен безендірілген. Будданың сансыз көп мүсіндері қабырғалардың етегіне жағалай тізіліп, олардың арасы оюлармен және Будданың шәкірттері мен серіктерінің бейнелерімен бедерленген. Құжыралардың іші түгелдей монументальді ою-өрнектер мен жазбаларға толы. Аджанта сұңғаты мен мүсіндерінің сән-салтанаты қайран қалдырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсін өнерінде анималистік жанрдың қалыптасуы
Көркем өнер, мүсіндеу
Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктерін анықтау
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Мүсін өнерінің Қазақстанда даму тарихы
Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы
Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz