Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Бөлім. Бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі, мүсіндеу өнерінің тархы.

1.1.Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2. Скульптура шығармаларының станокты және монументті сәндік түрлерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ. Бөлім. Мүсін өнерінде ермексаз бен мүсін жасауға үйретудің жаңа
технологиялық тәсілдері.

2.1. Ермексаз бен жұмыс жасауда қолданылатын аспаптардың қызметі мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..19

2.2. Скульптура құю
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..30

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе
Мемлекет білім бағдарламасы тағы басқа үкімет қабылдаған маңызды
қаулылар білім беру жүйесінен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып
дамытуға жаңа жол ашуда.
Білім беру ісінде ұстаз - басты әрі шешушітұлғабұстаздың сапалылығы,
білімдарлығы, абырой-беделі оның шәкіртінен көрінеді. Шәкірттің жақсы
болмағы ұстазынан деп тегін айтпаған. Халық ұстаз ұғымы мағынасы кең мәні
түпкі тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуына білімнің қажеттігі сол білімді
таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігінен бірдей маңызға ие болған.
Қазақстан Республикасының Білім министірлігі бекіткен оқу жоспарына
сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда білім, тәрбие
беріледі. Ол оқушының білімділігіне, қызығушылығына, қабілетіне байланысты
мектептен тыс мекемелерде одан әрі кеңейтіліп кәсіптік бағдар
беріледі.оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы - сабақ. Онда
мұғалім белгіленген уақытқа сай оқушылармен бірлесе отырып мақсаты бар оқу
тәрбие мәселесін шешеді. Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді
меңгеру сабағы, біліктілікке дағдылы игеру және қалыптастыру сабағы,
білімді қорыту және жүйелеу сабағы аралас сабақ болып оқыту әдістеріне
қарай әңгіме сабақ, лекция сабақ, сұрақ-жауап сабақ т.б.
Мектептің бастауыш сатысындағы “Бейнелеу өнері” пәнінің негізгі
функциясы мектеп оқушылардың табиғи қабілетінің дамуына себептесетін оларға
көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Білім берудің
алғашқы кезеңінде композиция құрастыру кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы
өнер бойыцнша білім, білік дағдыларының негізі қаланады.
Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнері пәнін оқытудың негігі мақсаты
- оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем шығармашылық
қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды - құндылық
тәжірибелерін тереңдетіп, байыту болып табылады.
Курстық жобаның мақсаты: Мүсін өнерінде оқушылардың іскерлігін
қалыптастыруда ермексаз бен жұмыс істеуде жаңа технологиялардың мазмұнын
айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Мүсіндеуде жасалатын заттың формасын дайындауда теориялық
негіздерін қалыптастыру.
2. Скульпьтура өнерінде жаңа әдістерді қолдану жолдарын зерттеу.
3. Бедер дөңгелек мүсіндерді жасауда шығармашылық жұмыстардың маңызы.

Зерттеу объектісі: Мүсін өнеріндегі іскерліктер.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесімен

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік журналдар, сызбалар, суреттер,
суретшілердің туындылары, аппликациялық жұмыстар, программалық көріністер.

Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бөлім. Бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі, мүсіндеу өнерінің тархы
1.1. Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері.
Кеңістікте жан – жақты бейнеленген сомдалған көркем шығарма – мүсін деп
аталады. Мүсін негізінен екі түрге бөлінеді.
1.Ведер (рельеф) – көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп
бейнеленген түрі.
2.Дөңгелек мүсін – бейнеленген нәрсенің көлемді бейнеленуі.
Мүсін өнерінің бір түрі станокты мүсін. Станокты мүсінге көбінесе шағын
көлемде орындалған жұмыстар жатады. Мүсіндердің түрі станок мольбертінде
сомдалады.
Мүсін сомдауда материал бола алатын заттар әр түрлі. Мысалы, ағаш,
түрлі тастар, саз балшық, металл, пластелин және т.б.
Мүсіндеушіні алғаш үйренушілер үшін пластелин, саз балшық ыңғайлы.
Олардың ең жақсы қасиеті – ырғаққа көнгіш, иілгіш, мүсін формасын қалай
өзгертемін десең де, өз еркіне көнеді. Сондықтан пластелинмен, саз
балшықпен жұмыс істеуге бейімделу керек.
Мүсін өнерінің бір түрі рельеф болып табылады. Рельефтің екі түрі
бар: мүсінделген бейне мен нәрсе кеңістіктен, яғни қалыңдығынан жартылай
шығып тұрса рельеф дейді.
Адамның кеудеден жоғары тұлғасын сомдаған мүсін – бюст деп аталады.
Рельеф – іштей ойылып, қалыңдықтың ішінде бейнеленген мүсін. Мүсін жұмысы
арнайы станок тұғырда сомдалады. Сомдалуға тиісті мүсіннің алдымен ішкі
қаңқасы жасалады. Қаңқа сомдайтын нәрсеге лайық болуы тиіс. Ол әдетте
ағаштан, иілгіш сым темірден құралады. Мүсіндеу процесі бас бармақ пен сұқ
саусақ қимылдары арқылы – кем жерлерін түзеп отыру керек. Мүсін өнері – бұл
еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол шынында
адамдарды, хайуанаттарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен
ортақ жайты бар: оның басты әсершілік құрамы – аумақты форма және ол да
қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан – ағаштан, тастан, металдан
жасалады.
Скульптураның әсерлілік құрамдары графикамен және әсіресе живописьпен
салыстырғанда өтешектеулі: мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе
алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен –
олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен, қимылымен,
материялмен, фактурамен білдірілуге тиіс. Ескерткіштер ғасырларға салынады,
сондықтан олардың бірегей де бір тұтас оброзы өз уақытының үлкен идеяларын
нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Әйгілі екі ескерткішті салыстырып көріңдер.
Ленинградта бір нәрсеге орнатылған, Пушкиннен кейін мыс салт атты деп
аталатын монумент бұл суретте, нақты тарихи адам бейнеленген, бірақ бұл
портрет емес. Аяққа жаншылған жылан жеңімен жауларды бейнелеп көрсетеді.

Бейнелеу өнерінің негізгі мақсаты: оқушыда қоршаған ортаға деген
өнегелі эстетикалық қатынас қалыптастыру, өмірдегі әр түрлі құбылыстардың
өзіндік құндылығын түсінуге тәрбиелеу; өз халқының өнерін, мәдениетін
сүйетін, өзге халықтың көркем мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі
бай, эстетикалық тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру; нақты өнер түрлері
арқылы практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастырып, іскерлігін,
көркем-шығармашылық қабілеттілігін арттыру. Осыған орай, мынадай
міндеттерді шешуі тиіс:
- оқушыларды көркем іс-әрекеттер түріне баулу, қоршаған ортамен
табиғаттағы түстер мен формаларды эстетикалық тұрғыдан танып, қабылдауын
қалыптастыру; Қазакстан Республикасының елдік белгілерін танып, білу арқылы
ұлттық бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
- өз отанының, халқының өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі
мен бүкіл әлемдік өнер мен мәдениетке деген жан-жақты біліктілігін арттыру;
- оқушыларды жалпы өнер түрлерімен таныстырып,
олардың халықтың ой-қиялынан, арман-мақсатынан туындап,өмір шындығын көркем
бейнелейтін, адамның көңіл-күй сезіміне қуатты әсер ететін әлеуеті бар
екенін түсінуін қамтамасыз ету.
Жалпы білім беретін мектеп бейнелеу өнері бағдарламасын мазмұны
бойынша сурет, кескіндеме, композиция, сәндік өнер және мүсін өнері
түрлерін қамтитын бес блоктан тұрады.
Бейнелеу өнерінің міндеті: оқушылардың әр түрлі графикалық мәнерлеу
құралдарын — сызықты, штрихты, дакты, тонды, көлеңке мен жарықты
пайдаланып, үш өлшемді пішінді,екі өлшемді жазықтықты, көлемді пропорцияны,
фактураны кеңістікте орналасу күйін беру арқылы көруге және бейнелеуге
үйрету. Салынатын затты қағаз бетіне орналастыру (компановка). Сызықтық
перспектива, геометрия денелерді құрастыру, пішін жарық пен көлеңке тепе-
теңдік, тон, түс, штрих, фактура, сызба, графикалық материалдар.
Сурет салуда оқушылардың түстік қатынастарды көруін, көркем бейнені
есте сақтауын, шығармашылық белсенділігін, көркемдік елестету және киялға
берілу қабілеттілігін дамыту. Кескіңдеме бойынша оқу бағдарламасы қысқа
мерзімдік этюдтер мен ұзақ уакыт орындалатын жұмыстардың алмастырылып
отыруын ескереді. Түрлі-түстерді қабылдау түстану, жергілікті түс, рефлекс,
колорид. Кескіндемс жұмысын орындау техникасы: акварель, гуашь, лессировка.
Кеңістікті түрлі түстер арқылы жеткізу, ала прима, ылғал қағаз бетіне
бояумен жұмыс жасау. Түрлі түстерді қабылдау, түстің қанықтығы, негізгі
қосымша және құрамды түстер.
"Бейнелеу өнері" пәніне жетекші бағыт болып табылады және оқушылардың
жеке шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Композиция бөлімі қалған басқа
блоктар мен тығыз байланысты. Блок міндеті: оқушылардың жеке шығармашылық
қабілеті мен бейнелі ойлауын қалыптастыруға себепші болып отыр. Композииия
зандылықтарын сауатты қолдануға және өз ойын нақты көркем пішін мен
бейнелерге айналдыруға үйрету.
Мектеп оқушыларына сәндік өнер түрлері мен таныстыру, әр түрлі
материалмен жұмыс жасаудағы біліктілігі мен дағдыларын, көркем талғамын
дамыту және халық дәстүріне баулу. Мұғалімге қолданбалы өнер түрлерін
тандауға үлкен мүмкіндіктер беріледі: гобелен, ағашқа көркем оймыштау,
керамика, ши тоқу, терімен жұмыс және т.б. оқу бағдарламасына қолданбалы
өнер түрлерін енгізу осы саладағы қазақтың ұлттық дәстүрлерін зерделеуге,
окушылардың кәсіби бағдарын тандауға мүмкіндік туғызады.
Еске түсіріп және елестету арқылы сурет салуда оқушыларға мотив,
стиль, пішін, пропорция, үйлестік, ырғақ. Әлем халықтарының сәндік өнері
және ою-өрнектерін құрастыру: ою-өрнектің пішіні мен мотивінің көптүрлілігі
(геометриялык және табиғи пішіндер, өсімдіктерді, жануарларды, адамдарды
бейнелеу. Сәндік өнерге дизайн элементтерін де өндіруге болады. Пішін түзу
негіздері, дизайн өнерінің бейнелеу-мәнерлеу кұралдары. Дизайн өнеріндегі
композициялык принииптер). Тіршілік ағашы — әлем халықтарының өнердегі
мәңгілік бейнесі. Мысалы: бұтақшаларында құстары бар ағаш бейнесінің
көрініс, гүлдеп тұрған жемісті ағаштар, шешек жарған бұтақшалар.
Пластикалық мәнерлеу құралдары арқылы көлем мен кеңістікті бере алу
біліктілігін қалыптастыру; сазбалшык, пластелин т.б. материалдармен жұмыс
жасаудың пластикалық заңдылықтарын зерделеу. Қарапайымнан күрделіге қарай
жүретін оқу тапсырмалары циклін орындай отырып, оқушылар бедерлі және жұмыр
мүсін негіздерімен танысады.
Барлық блоктардағы оқу материалының құрамды бөлігі өнер тарихы бойыша
сұхбат болып табылады. Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі
толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол кұралдары қолданылады.
Суретшілер өнердің осы мазмұны мол саласынан өзіне ұнайтын тақырыптарды
тандап алады. Жанр сөзі француздың Qenre - түр, тек деген сөзінен шыққан.
Мүсін өнерінің пайда болуы және дамуы туралы қысқаша мағлұматтар.
Тас мүсіндер, балбал тастар, монументалды және қондырғылы мүсіндер,
қондырғылы мүсін рөлінің артуы, мүсіндік пішінде жалпылаушы бастаманың
болмауы, мүсіннің айқындығын дене тұрысы және қимылы арқылы көрсету,
шығарманың табиғылығы. Мүсін түрлері: дөңгелек, бедерлі, бюст, ескерткіш,
мүсіндік топ.
Сарамандық жұмыстарға мынадай көркемдік әрекеттерді ендіру
қарастырылды: ұлттық киімді безендіру, сәндік тақтайшаларды өрнектеу үшін
эскиздер мен трафареттер жасау. Халық өнерімен және сәндік өнермен танысу
негізінде мүсіндеу. Заттың өзіне қарап ойша және елестету арқылы мүсіндеу.
"Футболшы", "Менің итім", "Шабан", "Алдар көсе", "Нептун", "Менің досымның
портреті" тақырыптарына мүсіндеу, бейнелеу өнеріндегі мүсіннің мәні,
жануарлардың қозғалыс күйін өзіндік белгілерін көрсету.
Бейнелеу өнерін оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың жағымдық ойлауы
байып, күрделене түседі. Оқушылар көркемдік бейне коғамдық, эстетикалық
мұрат-мақсаттың мәнін, әсемдік пен ұсқынсыздық, күлкі мен қайғы сияқты
күрделі ұғымдарды оқып үйренеді. Бағдарлама мазұнында беріліген натюрморт,
портрет табиғат көрінісін бейнелеу жұмыстарының тәжірибелерімен тікелей
айналысады. Бейнелеу өнерінің осындай үлгілі жақтары оқушыға жағымды-
өнегелі тәрбие ментағылым қалыптастырады.
Сурет-болмасты зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы, бүкіл
реалистік бейнелеу өнерінің түп қазығы. Барлық мамандықтағы суретшілерге:
графиктерге, живописьшілерге, мүсіншілерге, архитекторларға,
безендірушілерге, қолданбалы өнер шебелеріне сурет салуды игеру қажет.
Кейде тіпті өзіне де онша айқын емес алғашқы идеяларынсуретші шапшаң да
шамамен салынатын нобай суреттерге түсіріп алады, содан кейін ол қажетті
бақылауларын этюд-суреттерге жинақтайды және ақырында, шығармадың болашақ
композициясын эскиз – суретте іздестіріп табады. Өткен заманның аса ұлы
суретшілеріның бірі-бір мезгілде әрі живописьші, әрі мүсінші, әрі
архитектор болған Микельанджело: сурет... живописьтің де, скульптураның
да, архитектураның да жоғарғы нүктесі, сурет-барлық ғылымның қайнар көзі
мен тамыры деген болатын.

1.2. Скульптура шығармаларының станокты және монументті сәндік түрлерінің
ерекшеліктері.
Скульптура (латынша skulptura сөзі, алғашқыда қатты материялдардан
фигураларды қашап жасауды, шегуді (мүсін жасауды) білдірген. Кейіннен
пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы ұғыммен білдірген. Әлем
жазықтықта берілетін бейнелеу өнерінің біз қарастырған барлық түрлерінен
айырмашылығы сол, скульптурада басты әсерлілік құрамы – аумақтық форма
мұның өзі оны жасаған кезде ағаш, металл, тас сияқты ұзақ сақталған
мотермалдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Түрлі халықтар мен дәуірлердің
толып жатқан скульптуралық шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі мысырдың,
Үндістан мен Американың стотуялары мен барельфтері кеңінен мәлім.
Живописьте немесе графикада суретші адамды бейнелей отырып оның тұрған
жағдайын қайта жаңғыртады. Ауа, кеңістік, қоршаған алуан түрлі заттар
суретші жасайтын обрызды қалыптастыруға қатысады. Скульптура бұл
мүмкіндіктен суретші түгелдей айырылады, бұл арада бәрі де фигураның
өзімен, оның қимыл – қозғалысымен білдіруге тиіс.
Скульптура жұмыр (оны барлық жағынан қарауға болады) және
рельефті болып келеді. Жұмыр скульптура адамды бейнелей отырып, скульптура
тек маскамен, яғни бетпен, шүйдесіз баспен шектеліп қала алады, басты
немесе иықтары бор кеудеге дейінгі бюсты мүсіндей алады. Оның өзінде бюстың
тұғырына сан қилы форма беруге болады. Адамды беліне дейін бейнелеу
жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу статуя (мүсін) деп аталады. Көп
фигуралы композиция скульптуралық топ деп аталады.
Рельеф – тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтық
бетіндегі скульптуралық бейне. Мұнда фигуралар әлде бір бейнелеу фонында
орналастырылуы мүмкін. Рельеф екі түрге бөлінеді: Фигуралап фонның
жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, ол барельеф деп
аталады; ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса, горельеф деп аталады.
Шағын пластик. Әуесқой скульптор түрлі жанрларда жұмыс жасап, алуан түрлі
материялдардан, түрлі тақырыптармен сюжеттерге скульптура жасай алады. Ол
көбіне шағын көлемдегі скульптураға ден қояды, мұның өзі көптеген
жағдайлармен – үймен, жұмыс орнымен, материялдардың табылуымен байланысты.
Сондықтан мүсіншінің жұмыс техникасымен танысуға көнбестен бұрын пластика
туралы, оның өзіне тән ерекшеліктері туралы арнайы сөз еткен орынды болмақ.

Даңқты совет шеберлері – Мухина, Лебедева, Томский де миниатюрамен
айналысты. Қазіргі кезде шағын формалар біздің толып жатқан
скульптураларымыз творчествосының сүйікті түріне айналып отыр.
Шағын формалы скульптура – үлкен скульптураны кішірейте салу емес, ол
өзінің белгілі бір пластикалық тіліне ие,өзінің заңдылықтарына
бағындырылған,оларды сақтамайынша, ол үлкен заттың жай жөніне немесе
эскизіне айналады, яғни өзінің дербес маңызын жоғалтады. Шағын скульптураны
міндетті түрде бөлшеге қойылатын зат деп қарауға болмайды. Ежелгі римдік
Помпейде және ренессанстық флоренцияда бар жоғы жарты метр немесе аздап
үлкен биіктіктегі скульптуралардың көрмеге қойылғаны және олардың тамаша
қабылдағаны мәлім.
Фантастикалық, гротескілі – шортты және нақты нәрсені үйлестіруде
дұрыс өлшемді іздестіру қиындығы да міне осының астарында жатыр. Бұл
творчествалық ізденіске арналған таңдап алынған материялдың пластикалық
қасиеттерімен эксперемент жасауға арналған үлкен сала. Оның өзінде
шарттылыққа тым беріліп кетуге оның айасы тар мақсатқа айналдыруға
болмайды: бұл карикатуралыққа алып келеді. Затты бос, көрерменнің ықыласын
аударуға, қызықтыруға қабілетсіз етеді. Монументті скульптура әрдайым
бірегеи туынды болып қалады: Ленинградтағы Петр ескерткіші немесе
Москвадағы Пушкин ескерткіші нақ осы қалалардың көркемдік келбетінің
құрамдас бөлігі, бұл скульптураларды көбейтіп, оларды көптеген қалаларға
қою ешкімнің ойына келмейді. Шағын формалы скульптураларды, гравюра сияқты,
көптеп көбейтуге болады.
Пішіндеу - Жоғарыда айтып өткендей скульптура сөзі қашап жазуды
немесе егеуді білдіргенімен, қазіргі заманға мүсіншінің жұмысы іс жүзінде
әрдайым пішіндеуден, дене күші жағынан біршама жеңіл, ең бастысы – жасау
барысында кез – келген түзетулер мен қайта жөндеулер жасауға мүмкіндік
беретін процестен басталады. Ұлы француз жазушысы А.Франс бірде мүсінші
О.Роденге өз коллекциясынан бір ежелгі сазбалшық статуэтканы (мүсіншіні)
көрсете отырып былай десе керек: Сазбалшық тынымсыз қимылдаған
саусақтардан ... әлі жып – жылы сияқты ... Суретші ... сазбалшықты жақсы
көреді – ол саусақтардың астында жанып тұр. Сонымен сазбалшық – табиғаттың
өзі жасаған ең жақсы пластикалық скульптуралық – материял. Мүсін жасайтын
сазбалшықтың сапасын жақсарту үшін оны жел өтінде және суықта ұстайды, бұл
үшін жүйектеп үйде де ашық аспан астында бірнеше ай қойып койады. Желдің,
жаңбыр мен аяздың әсерімен сазбалшық неғұрлым нәзік құрылымға ие болады да
иірімді бола түседі. Сазбалшық мейлінше алуан түрлі түстерде болады, мұның
өзі оның құрамында бояғыш минералдардың, мысалы, темір тотығының, көміртек
қосылыстарының және басқалардың болуымен байланысты. Бояу түсі ақ, сары,
бурыл, қара мен жасыл болуы мүмкін. Мүсін жасау жұмыстары үшін бәрінен де
сұр – жасыл немесе сарғыш өңді сазбалшықтар жақсы. Мүсінші жұмыс кезінде аз
мөлшерде қарапайым аспаптарды пайдаланады. Олардың бұл стеклолар – алуан
түрлі формалы қалақшалар, тұзақшалар, қолтоқпақ – үлкен ағаш балға,
циркуль. Ұшында жүгі бар жіңішке жіп – тіктеуіштің болғаны жақсы. Стекалар
мықты ағаштан, сүйектен не металдан жасалады. Түзақшаларсымнан, ол олардың
саабы – ағаштан жасалады. Пластикамен жұмыс істегенде маймен шыланған
шүберек әрдайым қол астында болғаны жөн, онымен пайдаланған стеклоларды
сүртіп отырады. Сазбалшық скульптураның ішінде міндетті түрде қатты қаңқа
болуы тиіс, әйтпесе оның формасы үнемі бұзылып отырады, тіпті құлап қалуы
да мүмкін. Қаңқа ойластырылған скульптураның көлемі мен және сипатымен
толық сәйкестікте жасалады. Әрине, фигураға арналған қаңқа күрделірек,
фигураның беріктігін қамтамассыз ету үшін қаңқаны глаголь деп аталатын –
Г - әріпі түрінде аталатын иілген жуан темір шыбықшамен бекітеді.
Глаголь – металл қаңқаның неғұрлым берік әрі жауапты бөлігі ол
фигураның салмағымен диформацияланбайтын болуы тиіс екен, былай қойғанда
жұмыс уақытында станок үстіндегі фигураны бұрған кезде, фигураның кез –
келген жерін қолмен немесе стекамен басқа кезде тіпті болар болмас болса да
шайқалмауға, дірілдемеуге тиіс.
Глагольды станоктың айналмалы тақтайына тікелкелей орнатпай жеке
тақтайға фигура, оның ортасына азды – көпті дәл келетіндей етіп мықтап
бекітеді.
Скульптура жасау үстінде жұмыста, сурет салу үстіндегі жұмыстағыдай
негізгі сатылар сақталады. Негізінен фигураның сипатын, оның пропорциялары
мен қимыл – қозғалыстарын бірден ұстап қалуға тырыса отырып, жалпыдан
бастау керек. Фигура алдымен өте жалпылама, бірақ кейбір тірек нүктелері
дәл бекітілген болып шығады, соның өзінде кейде қаңқада жіберілген қателік
айқындалып, ол солай нақтыланып та жатады. Негізгі тірек нүктелерінің
табылған қалып жағдайы сазбалшыққа кіргізіліп қойылған сіріңке
талшықтарымен немесе шегелерімен белгіленеді. Негізгі тірек нүктелерін
бұлайша бекіту түрлі қайта жасау кезінде оларды жоғалтып алмауға мүмкіндік
береді.
Скульптура құю. Сазбалшықтан не пластелиннен пішінделген скульптура
ұзақ сақталмайды, оның материялы тым осал. Сондықтан скульптураны ұзақ
сақтағысы келген жағдайларда оларды басқа материялға: гипске, бетонға,
металға, ағашқа, не тасқа көшіреді.
Скульптураны құймастан бұрын одан қалып алу, яғни оны қалыпқа құю
керек. Қалыптаудың үш түрі бар: бастапқы, кесектік және желімдік қалыптау.
Кесектік қалыптау кезінде гипспен дайындалған модель бір немесе бірнеше
қаптамаларға біріктіріп салынған жекелеген шағын кесектерден тұрады.
Желімдік қалыптау кезінде барлық қалып желімнен жасалады. Соңғы жылдары
желімнің орнына құрамы жағынан күрделі материял формапластты қолдана
бастады.
Қалып гипстен жасалады. Құю кезінде былайша дайындалған майлама
қолданылады: 200г Ертілген стиоринге , 160г керосин мен 150г машина майының
қоспасын құйып, бәрін жақсылап орналастырады. Неғұрлым қарапайым майламаны
– сұйық кір сабынды да қолданады. Пластелинді өсімдік майымен жұмсақ
қылқалам арқылы майлайды.
Қалыптың екінші жартысы да қатқан кезде, олардың түйіскен созығын
тазалайды да абайлап бірнеше сына қағады, сөйтіп жарықшақ пайда болады,
оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Бейнелеу өнері және батик
Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі
Абстракция туралы ұғым
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Оригами өнерінің шығу тарихы
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Бейнелеу өнерінің негіздері
Қазақ бейнелеу өнері
Пәндер