Мұғалім психологиясы оның педагогтық қызметі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалім психологиясы

Мұғалім психологиясы оның педагогтық қызметті іске асыру процесінде пайда болады, қалыптасады және жаңғырып отырады. Педагогтың - кәсіби мақсаты - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып саналатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті. Оны іс жүзіне асыруды ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерінін өзіне тән ерекше формалары бар.

К. Маркстің түсінігіне сүйене отырып еңбек процесіндегі педагогикалық қызметтің мыңадай, элементтерін атап өткен жөн: қызметтің мақсаты (дамыған социализм қоғамының мүшесін тәрбиелеу) ; іс-әрекеттің субъектісі (мұғалім) ; қызметтің объектісі (оқушы) ; белгілі қимылдар мен операциялардың жиынтығы ретіндегі іс-әрекеттің өзі (жекелеген ағарту, оқыту, дамыту мен тәрбие ықпалдары) ; қызмет құралдары (Кеңес мектебіндегі тәрбие және оқытудың мазмұны, формалары және әдістері) ; қызметтің шарттары (жалпы алғанда өскелең ұрпақтарды тәрбиелеуге қоғамның назарын аудару, жалпыға бірдей міндетті арта білім алу және т. б. ) жекелей алғанда - осы мектептегі оқу-тәрбие процесінің материалдық жабдықталуы (педагогтық ұжымның ынтымақтастық дәрежесі, мамандандырылған басшылықтың, көмектің т. б. болуы; қызметтің нәтижесі, оқушының жеке басының қалыптасқан белгілері мен сапалары) .

Педагогикалық қызмет - педагогикалық ғылымның түрлі саласының зерттеу объектісі. Мысалы, дидактика педагогикалық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде оқытудын жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жеке методикалар нақтылы пәндерді оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін тудырады. Тәрбие теориясы мұғалімнің оқушыға тәрбие ықпалының принциптері мен заңдылықтарын ашады. Мектептану мұғалім еңбегін ұйымдастыруды зерттейді.

Педагогтық қызметтің психологиялық аспектісі кандай?

Педагогикалық қызметтің психологиясын мұғалім еңбегінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологиялық білім саласы тұрғысында және де мұғалім тәрбие институты арқылы қоғам тапсырған педагогикалық қызметтің мақсаты мен жүйесін қалай қабылдайтынын, беретінін, іс жүзінде асыратынын, ол өз іс-әрекетінің міндеттерін, формалары мен әдістерінің актуальдылығын нақтылы жағдайга байланысты қалай ұғынатындығын айқындауға болады.

Педагогикалық қызметтің мазмұны мен психологиясы алдымен әлеуметтік факторлармен - мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы арқылы, қоғамның мұғалімге қоятын талабымен, содан кейін әлеуметтік-психологиялық факторлармен: мұғалімді қоршаған адамдардың оның жеке басы мен қызметіне көзқарасындағы әлеуметтік үмітімен, оның педагогикалық қызметінің өрісіндегі өзіндік үміті және бағдарларымен айқындалады.

МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ БАСЫ МЕН ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ДЕГЕН KOFAMHЫҢ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҮМІТІ

Мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы. В. Дальдің «Түсіндірме сөздігінде» «мұғалімге» «тәлімгер, оқытушы» деген анықтама береді, яғни оның екі негізгі функциясы - оқушылардың әлеуметтік тәжірибені қабылдауы мен іске асыруын басқару және азаматтың жинақтаған білімдерін тарату атап көрсетіледі. Мұғалімнің бұл екі функциясы адамзат тарихы барысында (мұғалім ретінде шыққан орта ғасырдағы сопылар да, ақсүйек педагогтар да) ең негізгі болып келеді. Қоғамның дамуына және өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесіне қойылып келген нақтылы мақсаттар мен міндеттерге байланысты тәлімгерлік, оқытушылық функцияларының мазмұны өзгереді.

Кеңес мұғалімінің орны мен функциясы дамыған социализм
коғамының жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісіне, коммунистік тәрбиенің барлық жүйесін және оның негізгі буынын (жалпыға бірдей орта мектеп) дамытып жетілдіре түсуге беріп отырған аса зор маңызымен айқындалады. Кеңес Одағының коммунистік партиясы Орталық Комитеті мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесінің 1977 жылғы 29 декабрьдегі «Жалпыға бірдей орта мектептің оқушыларын үйретуді, тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру және оларды енбекке баулу туралы» қаулысында жалпыға бірдей орта білім жағдайында жас ұрпактарды оқытып, тәрбиелеуде қоғам алдында мұғалімнің жауапкершілігі арта түсетінін атап көрсетті.

Мектеп - жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуді іс жүзіне асыруға арналған негізгі мемлекеттік оқу-тәрбие мекемесі. Мектептердің алдында қоғамның койып отырған айқын міндеттері тұр - мектеп оқушыларын білім, ұғым және дағды жүйелермен қаруландыру - оларды коммунистік дүниетаным мен адамгершілік негіздерін қоғамдық мінез-құлықтың белгілі айқын дардыларын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі жағдайда мектепке қоғам тарапынан талаптар күнделікті өсіп келеді. Бұл қоғамда балаларды өмірге даярлаудағы өскелең талаптарға байланысты. Жаңа адамды қалыптастыру, жеке адамды жан-жақты дамыту, өмірдің социалистік бейнесін жетілдіруде программалық міндеттерді шешудегі маңызды роль мектепке берілген.

Окушыларды тәрбиелеу процесінде мектептен тыс ықпалдар мен мектептің арасында елеулі бәсекелесу жүреді. Бұл, балалардың өскелен автономиясымен, балалар бірге болатын топтар мен ұжымдар санының көптігімен, қала жағдайында баланың кейбір «анонимді» өмір сүру мүмкіндігімен, өскелен ұрпақты тәрбиелеумен айналысатын қоғамдық институт санынын өсуімен дәлелденеді. Алайда ен бастысы мектеп бәсекесіз болып келген және болып та отыр. Бұның өзі оқу мен тәрбиелеудін мемлекеттік программасын жүзеге асыруда мектептің неғұрлым жүйелендірілген оқыту мен тәрбиелеудің процесін ұйымдастыруға қабілетті келетіндігін көрсетеді. Осы орайда шешуші роль мұғалімге беріледі.

Қазіргі Кеңес мектебінде мұғалім бірқатар функциялар орындайды. Мұғалім - класта оқу процесін ұйымдастырушы.
Ол- оқушылар үшін сабақ үстінде қосымша сабак және кеңес кезінде, оқу процесінен тыс уақытта да білімнің қайнар бұлағы. Мұғалімдердің көпшілігі класс жетекшілік функциясын атқарады, яғни тәрбие процесінің ұйымдастырушылары болады. Қазіргі мұғалім әлеуметтік психолог болмауы мүмкін емес, өйткені оған оқушылардың өзара қарым-қатынасын реттеу, балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық механизмдерін пайдалана білу қажет. Мұғалім педагогтық ұжымының мүшесі ретінде мектеп ұжымының қызметін ұйымдастыруға қатынасады, пән мұғалімдерінің, класс жетекшілерінің методикалық бірлестігінде жұмыс істенді, мектептің партия, кәсіподақ, мұғалімдер комсомол ұйымының қоғамдық тапсырмасын орындайды. Ең соңында әрбір мұғалімі, ата-аналар мен көпшілік алдында лекция оқи және әңгімелесе отырып, педагогтық және қоғамдық саяси білімдер насихатшысы болады. Осындай көп жақты функцияларға байланысты мұғалімінің жеке басына қоғамның қойып отырған жан-жақты талабы өте айқын.

Мұғалімге қоятын талаптар. Педагогикалық қызмет - адамзат еңбегіндегі күрделі салалардың бірі. Мұғалім шешуге тиісті міндеттерге, оның қоғам үшін өте маңызды функциялары мен қызметінің күрделілігіне қарап, қоғам- мұғалімнің жеке басына және кәсіптік қасиетіне жоғары талап кояды. Мұғалімдер меңгеруге тиісті неғұрлым елеулі жеке қасиеттерді атап өтейік:

1. идеялық шынығу, саяси кемелдену, жоғары коммунистік саналылық;

2. әлеуметтік жауапкершілікте жоғары дамыған сезім;

3. ізгілік, интеллектуалдық жетілу және моральдық тазалық, яғни коғамның бала бойына сіңіргісі келетін өзін-өзі ұстау, байыптылық сияқты адамгершілік мұраттарға сәйкес болу.

Мұғалімнің кәсіптік мінездемесіне қоғамның қоятын негізгі талабын төмендегіше атауға болады:

-маркстік-лениқдік теорияны меңгеру;

-жалпы жан-жақты білімділік, білімнің әр түрлі саласынан хабардар болу;

-педагогтық, әлеуметтік және жас шағы психологиясын, педагогиканы, жас шағы физиологиясын, мектеп гигиенасын терең білу;

- беретін пәнін, соған сәйкес ғылымның жаңа жетістіктері мен ағымын жете білy;

-оқыту және тәрбиелеу методикасын білу;

-іске құмарлык, өзі сүйіп айналысатын істі балаларға үйрете білу; жұмысқа шығармашылық көзқарас;

-балаларды, жете білу, олардың ішкі дүниесін түсіну, педагогтық деңгей;

-педагогтық техниканы (қисындылықты сөйлеуді, сөйлеудегі мәнерлілік құралдарын т. б. ) және педагогтык әдептілікті меңгеру;

-білімі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыру.

Мұғалімнің жеке де кәсіби қасиетінің маңыздысы - балаларға деген сүйіспеншілігі деп есептеу керек, педагогтық қызметтің тиімділігі де онсыз мүмкін емес.

Әрбір мұғалім осы талаптарға неғұрлым жоғары дәрежеде сәйкес болуға тырысуы қажет.

Педагогтық қызмет процесінде мұғалім, бір жағынан, балаларды тәрбиелейтін, қоғам белгілеген тәрбиеніқ мақсаты, мазмұны, негізгі тәсілдері және формаларын жүзеге асыратын көпшілік уәкілі ретінде көрінеді. Және бұл рольде ол көбіне тәрбиенің шынайы адамгершілік идеяға ұмтылысы, бар әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. Оның куәгері - адамгершілік идеяға ұмтылысы, бар әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. Оның куәгері - Кеңестік тәрбие жүйесінің зор жетістіктері. Екінші жағынан, мұғалім педагогтық қызметте жеке адам ретінде көрінеді (бұл оның ықшам кәсіптік мінездемесінен гөрі неғұрлым толықтау мінездемесі) . Өзінің жеке даралығын көрсете отырып мұғалім одан қоғам күтетінден әр кезде жоғары дәрежеде бола бермеуі мүмкін. Осыған байланысты болашақ мұғалімдерді олардың күрделі функцияларын жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық даярлау проблемалары аса маңызды орын алады. Бұл саладағы арнайы зерттеулер Кеңес ғалымдары Ф. Н. Гоноболинге, Н. В. Кузьминаға, В. А. Сластенинге т. б. жатады.

Мұғалімге қатысты әлеуметтік үміт. Қоғам қойып отырған тұтас талаптармен бірге мұғалім өзінін іс-әрекетін өзін қоршаған адамдарға: мектеп басшылығына, қызметтестеріне, окушыларға , олардың ата-аналарына сәйкес бағыттайды. Мұғалімнің өзі-нің жұмысынан не күтетіні де маңызды. Осы барлық үміт қоғамныц мұғалімге қойған талабының бастамаларымен сәйкес болғанымен, өзіндік ерекшелігі бар және бір-бірімен барлық жагдайда тура келе бермейді. Мысалы, олар кейде халық ағарту қызметкерлері мен мектеп басшылары арасында сәйкес болмауы мүмкін. Зерттеу көрсеткендей, аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі мен мектеп директоры мұғалімнің жекелеген қасиеттерін түрліше бағалайды. Мысалы, аудандық халық ағарту бөлімінін меңгерушісі, алдымен мұғалімнен пәнін және оны өткізу әдісін жете білуді күтеді, ал мектеп директоры бұны тек қана үшінші орынға қояды. Сонымен қатар аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі мұғалімдердің оқушыларымен, олардың ата-аналарымен, әріптестерінің араласу шеберлігіне онша көңіл бөлмейді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұстаз психологиясы жайлы
Балалар ұжымының психологиялық ерекшеліктері
Мұғалімнің бойындағы негізгі қасиеттер
Мұғалімнің өзіне-өзі жетілдіруіндегі психологиялық проблемалар
Сабақ өте қызық
Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні
Балалардың типтік мінез бітістері
Мұғалімнің талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар
Оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп оқушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz