Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі


Мұғалім - мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” - деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші.
Өсіп келе жатқан ұрпақ - адамзаттың болашағы, жалғасы.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - жүректің батылдығы.
Ұстаз болу - өмірдің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы, -
деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі - маржан, үні - ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Өнегелі ғұмырында қаншама шәкіртін білім нәрімен сусындатып, бойларына ізгілік шуағын дарыта білген Сәуле Төлегенқызы білім ордасында шәкірттерінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөленіп, жаңа дәуірдің жаңа үрдісіне сай еңбек етуде. Сәуле Төлегенқызы 1958 жылы 13 ақпанда Қашыр ауданының Трофимовка ауылында көп балалы отбасында дүниеге келді. Орыс мектебінде оқып, сол мектепті күміс медальға бітірді. Ісімен үлгілі, қарапайымдылығымен құрметті Сәуле Төлегенқызы 1979 жылы Арқалық педагогикалық институтының математика факультетін бітіріп, ұстаздық жолын Қостанайда бастаған еді. Он сегіз жыл бойы Қостанайда жұмыс істеп, Павлодарға көшті. «Жас дарын» мектебімізде 5 жыл бойы жұмыс істеді. Содан бергі уақытта жаңашыл ұстаз, өз пәнін шебер меңгерген шебер мұғалім болып қалыптасып, нәтижелі жетістіктерге жетті, құрметке бөленді. Оқушылары қалалық олимпиадаларда үнемі жүлделі орыннан табылды. «ҚР-ның үздік ағартушысы» атты медальға ие болды.
«Ж. Д. »: Интерактивтік сабақ туралы қандай ой-пікірлеріңіз қалыптасты?
С. Т. : Мен елбасымыздың дана істерімен келісемін. «Білім- қашан да сара жол» дегендей, сендер, оқушылар, қазіргі кезден бастап сапалы білім нәрін сусындап, мемлекеттің гүлденуіне өздеріңнің айқын септіктеріңді тигізулерің керек.
«Ж. Д. »: Өмір асуларға толы . . . Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
С. Т. : Мен үшін ұстаздық белестер - бұл оқушыларымның жетістіктері. Сондай есте қаларлықтай кезеңдердің бірі - Арқалық қаласында өзім оқытқан 9-сынып оқушысының облыстық деңгейдегі олимпиададағы математика пәнінен озып шығып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанғаны. Кейін бір топ балаларыммен Новосибирск қаласына 1 айлық оқу мақсатында аттанған кезім есімде мәңгілік сақталмақ.
Асыл ұстаз ақ тілеулі Ана тәрізді. Бұлақ көрсе, көзін ашып, шәкірті өзінен асып түссе, көңілі толып, өз өмірін өзгеге арнағаны үшін шатта¬натын шалқар пейіл ел ұйытқысы. Осындай өр тұлғалы ұстаздардың бірі - мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Бабыкова Гаухар Қабдырқызы. Гаухар Қабдырқызы Павлодар облысы, Ақтоғай ауылында 1971 жылдың 12 қаңтарында дүниеге келген еді. Ақтоғай ауылының орта мектебін үздік бітіріп, қаладағы педагогикалық колледжінің тарих бөлімшесіне оқуға түседі. Өмірінің төрт жылын өткізген бұл оқу ордасын да қызыл дипломға бітірді. Жас шағынан орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің шығармаларын сүйіп оқыған жас студент одан әрі шабыттанып, бойындағы мақсатқа жетудегі табандылық, еңбекқорлық, қайсарлық, іскерлік, білімге деген құштарлығының арқасында Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетіне түсті. Алты жылдық оқудан кейін Гаухар Қабдырқызы тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директоры, тәрбие ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған еді.
Білікті маман 2002 жылы «Жас дарын» мектебінің есігін алғаш рет ашып, мектебімізде бүгінгі күнге дейін оқу ісінің меңгерушісі қызметін адал орындап келе жатыр. Гаухар Қабдырқызы ұжымға тастай батып, судай сіңіп кеткен.
«Ж. Д. »: Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
Г. К. : Жастық шағымда армандарым екеу болған еді. Біріншісі, мұғалім болу болса, екіншісі, Әл-Фараби атындағы мемелекеттік университетіне оқуға түсу. Екі арманым да орындалды.
«Ж. Д. »: Сіз үшін ұстаздық деген не?
Г. К. : «Баланың азамат болып қалыптасуының ең басты кепілі - тәлім-тәрбие» деген пікірді ұстанған мұғалім Макаренкомен толығымен келісемін. Менің ойымша, ұстаздық деген, ең алдымен, бала бойына дұрыс тәрбие дарыту.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz