Мұғалім еңбегінің шығармашылық мазмұнының құрылымдық компоненттеріне ғылыми- педагогикалық негіздеме



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мұғалім еңбегінің шығармашылық мазмұнының құрылымдық компоненттеріне ғылыми-
педагогикалық негіздеме

Кушеров Н.М.- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Қазіргі жағдайда қайта құру процесінің басты міндеттерінің бірі -
білім сапасын арттыру алдындағы орынға қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің
білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын оның
шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпалы күшейе
түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы бола
отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Мұғалімнің кәсіби
дайындығы оның қоғамдық-саяси, арнаулы және психологиялық-педагогикалық
терең жан-жақты білімі болуымен анықталады. Білімді үнемі толықтырып
отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі жан-жақта игеру қазіргі мұғалімге
қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін білім дәрежесі ғана шешуші
мәнге ие болмайды. Оған қоса білімнің дәлділігі, жүйелілігі және үнемі
дамып отыратындығы қажет. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы
білімінің молдылығында ғана емес, сол білімнің үздіксіз дамып отыратығында,
меңгеруге ыңғайлығы мен жағдайына бейімділігінде. Бұл үшін мүғалім ертеңгі
мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы
керек. Мүғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін.
Дегенмен, осындай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана
көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен,
әдіс-жағдайларымен байланыстары, ұштастыра білу шеберлігі шешуші
көрсеткіш болып табылады.
Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба
білу – қазіргі заман мұғаліміне тін кәсіби бейне. Ойлау процесінің
әрдайым педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің
маңызды болуы, мүғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен әрәкетіне өзіндік сипат
береді. Бүгінгі мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге
олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана-сезімін жоғары дәрежедегі
рухани байлықтарымен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген
қажеттілікті оятушы, олардың өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасауға
үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші. Сондықтан
мұғалім оқушылардан осы қасиеттерді көру үшін, еі алдымен, осындай жақсы
жақтарды өз бойында тәрбилеуі тиіс. Мұғалім ешбір қажымайтын, өз ісін
сүйетін, өзінің творчестволық деңгейін әрдайым молайтып отыратын мамандық
иесі.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген,
шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін
маман. Педагогикалық шеберлік – идеялық-саяси бағыттың, жалпы мәдениеттің
мамандық білім, іскерлік дағдының, ұстаздық тәжірибенің жиынтығы. Мұғалім
еңбегінің нәтижелі болуы оның табиғи дарындылығында детін пікірлер де
бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болсын
кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат.
Педагогикалық шеберлік – кейбіреулерге ғана табиғиттың таңдап берген сыйы
емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және
өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің
жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да
өте қажет, ал мұғалім үшін ол - ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы,
педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Себебі мұғалім еңбегінің
объектісі – жансыз дүние емес, құрал-жабдық өндірісі де емес, өте күрделі,
қарама-қайшылықты әрі нәзік тірі организм, жас ұрпақтық рухани дүниесі.
Мұғалімде педагогикалық қабілет пен бейімділіктің болуы – оның еңбегінің
нәтижелі болуының кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері
мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да, педагогикалық
институттағы оқумен әрі қарай дамытып жетіледі.
Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деігейі
және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық-психологиялық
аpнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік
пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Өйткені педагогтік іс-әрекет өте динамикалық
жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар. Олар бірнеше бөліктерден тұрады:
танымдылық, құра білушілік, коммуникативтік (қарым-қатынас),
ұйымдастырушылық, хабарлама және зерттеушілік іс-әрекеттер мен дағдылар.
Танымдылық іскерлік, ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық
мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдылық іскерлікті
қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б.
психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет. Мысалы, адамның
байқағыштығы, өзін-өзі бақылауы, кездескен жағдайда дұрыс таба білуі,
ойлау процесінің дамуы үшін талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби бағдар берудің мазмұны
Қазіргі сабақ
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі орта
Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Педагогикалық технологиялар жүйесі арқылы оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау және қызығушылығын қалыптастыру
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Пәндер