Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оку орындарында жас ұрпақгы оқытып және тәрбиелеп жүрген педагог бейнесіне қайта қарауымыз керек.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген занды сауал туындайды.

Республикадағы қазіргі педагогикалық кұрамның ахуалын ой елегінен еткізіп көрейік. Біріншіден, олардың басым бөлігін 40 жастан асқан мүғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орнын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университтер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: төжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.

"Мектепке балалар не үшін барады?" - деген дөстүрлі сүраққа бұрын ата-аналар мен мүғалімдер былай деп жауап беретін: "Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқуға барады". Бүгін бұл сұраққа басқаша жауап беруіміз керек: "Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқу арқылы айнала қоршаған ортаны тануға «адам-табиғат-қоғам» дамуының заңдылықтарын білуге, сол арқылы тұлға ретінде қалыптасуға барады.

Алматы қаласында, осыған орай, бірнеше мектептерде оқушылармен анкеталық сауалнама жүргізілді. Оның шарты бойынша оқушылар мұғалімнің ең маңызды қасиеттерін атауы тиіс еді. Нәтижесінде байқағанымыз: балалар ең алдымен сабақтың қызықты өтуін, мұғалімнің мейірімді болуын, көңілді болуын қажет етеді екен. Екінші орында оқушыға деген сый-құрмет пен әділдік орын алды. Үшінші қатарға мұғалім тарапынан талап қоюшылық және оның өз пәнін жетік білуі шықты. Мұнан кейін балаға деген сүйіспеншілік, сабырлылық, шыдамдылық қасиеттері болуы айқындалды. Оқушылардың ойынша мұғалімнің ең жаман қасиеттері - қатаңдық, түсінбеушілік, әділетсіздік, дөрекілік, "сүйікгі" және "сүйікті емес" окушылардың болуы, шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы, ұшқалақтық, өзін-өзі ұстай алмауы, тағы басқа жағымсыз әдеттердің болуы.

Бұл талдау мұғалімдерге оқушылардың оларды қалай қабылдайтыны туралы мәліметті біліп жүруі үшін аса тиімді екенін көрсетеді.

Осы жерде мынадай сұрақтар да туындайды: Қазіргі заманғы мұғалім қандай жағдайда қызмет етеді? Оның кәсіби касиетгерінің қолданылу аясы қандай?

Мұндай сауалдарға жауап бере отырып, біз мынадай пікірге тоқталдық: бүгінгі тандағы мұғалім баршаға арналған біртұтас білім беру бағдарламасын, яғни білім беру мен тәрбиенің барлық мақсаттары мен мазмұнын бағытқа алуы қажет. Былайша айтқанда, бұл окушылардың академиялық білімінің көрсетілген деңгейің және белгіленген бағдарламаларға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау; бұл мұғалім тарапынан оқу-тәрбие процесін басқарудын қажетті көрінісі, окушының іс-әрекеті мен өмірі реттейтін талаптардың, шешімдердің болуы.

Біз ертеңгі мұғалім хақында, 12 жылдық мектеп туралы айтқанда, біршама басқа пікірді меңзейміз: окушының жеке тұлғасына, өзін-өзі көрсетуіне, езін-өзі дамытуына, "өзін іздеуге", жекедаралыққа ұмтылдыру. Басқаша айтқанда, оқыту процесі мазмұнына, ұйымдастыруына, оқыту әдістемесіне, мұғалімнің сабақта және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен рөліне қарай ерікті сипат алады. Алайда, ескертпе ретінде мынадай ой білдіреміз: әңгіме ешкімнің бақылауынсыз өтетін оқыту процесі туралы болып тұрған жоқ. Барлық инновациялар жалпыға міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты, базистік оқу жоспары мен мектеп пәндері бойынша оку бағдарламалары шеңберінде жүзеге асуы тиіс. Барлық көрсетілген құжаттар шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жеткілікті еркіндік береді, ал мүғалім дәстүрлі педагогикадан бас тартып, "жаңа демократиялық дәуірдегі" мұғалімнен қазіргі сапалы қасиеттерді талап ететін ізгілікті, жеке тұлғаға бағытталған педагогикаға кең жол ашады.

Бұдан біз келесі проблемаларды шешуге мүмкіндік аламыз: біріншіден, болашақта біздің елімізде педагогика қандай болуы тиіс? Екіншіден, студент-педагогті қай бағытта даярлауымыз керек, мұғалім қандай болуы тиіс? Күмәнсіз жауап, жаңа дәуірдегі болашақ мұғалімді қалыптастыру жоғары оқу орнынан басталуы қажет.

Кезінде педагог-ғалымдар М. Скаткин, Э. Костяшкин, В. Сластениннің бастамасьшен жалпыодақтық "Мүғалім" бағдарламасы да (1986-1996 ж. ж. ) жасалған болатын. Онда үш негізгі аспекгіге назар аударылған - мазмұндық, даралық және процессуалдық. Кәсіби даярлаудың бұл үрдісінде маман өз міндеттеріне сөйкес тапсырмаларды шеше білуі тиіс. Сондай-ақ алған білімдерін кәсіби кызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиеттерін танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін езара байланыстыра бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы ете жоғары болады. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, әзірге ондай мұғалім жоққа тән. Осыған байланысты, ғалымдар мұғалімдер даярлау меселесіне айрықша назар аударып отыр. Бұған дәлел - ондаған ғылыми жұмыстардың (диссертациялар мен монографиялар) кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттердің модельдерін жасауға арналуы. . Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 200-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Олар мектеп өміріндегі сан алуан шараларға қатыса отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі және сонымен бірге көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға тап болады. Ол жағдаяттар әр қилы болуы мүмкін: стандартты, типті, жанжалды және күтпеген. Бұған қоса жағдаяттар жиынтығы тағы бар. Міне, бұл мәселелерді шешу оңай шаруа емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп мұғалімінің шыгармашылдығы
Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Мектепте тарихтан үйірме жұмысы
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Педагогикалық шеберлік туралы
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz