Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас нәтижесі
Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі бір
сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-
кеңесшісі болып саналады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын
ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет.
Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке
тәрбиелеу керек.
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті мен қоғамдық
жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның
оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте
сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы
анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 1.Мұғалім-басшы. Оның
беделі - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол
үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол
үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын
кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін тәжірибелі мұғалім. Ол
өзінің осы білімін, өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип
ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген
жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі:
Мұғалімнің мұндай мәнез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші,
қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп
соғады. 2.Мұғалім – компьютер. Оның беделі - белгілі бір аймақтағы
негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап
етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе
сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: Бәрімізге белгілі..., Мынандай ой
бар..., Барлығы біледі.... Ол өте суық, қатал, жабық адам. Нәтижесі:
оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ
болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында
оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда
болады. 3.Мұғалім-қиналушы. Оның беделі - қақтығысқа түспеушілік. Ол
оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін
үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа
түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан
қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін
түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.
Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді
бағындыруға итермелейді. 4.Мұғалім – таныс (дос). Оның беделі -
әйгілілік. Оқушылардын ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді
жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына
қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың
проблемасына немқұрайды қарайды. Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің
жоқтығы. 
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары.
Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып
қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты
зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз)
және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-
қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне
байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі
мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты
деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас
жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды
сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы
оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа
(балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы
қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен
болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі. 
Оның себептері: 
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде; 
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында; 
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында; 
-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында; 
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана
білуінде. 
Екінші топ мұғалімдерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның тәрбиесі
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Мұғалім мәдениетінің мәні
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Өзін-өзі тану шығармашылығы жайлы
Нәтижеге бағытталған білім беру
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Баланың мектепке бейімделуін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын көрсету
Мамандық таңдау жолдары
Пәндер