Қоғамда болып жатқан өзгерістірдің мектепке әсері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Қоғамда болып жатқан өзгерістірдің мектепке әсері оның оқу үрдісіне
ізгіліктік және демократиялық бағыттарды енгізуді қажет етуінен айқын
көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына танымына, өзі-өзі жетілдіруіне
бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік-білімдік тұрғыдағы
біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген
сұраныстарды алға қойып отыр. Бүгінгі мұғалім ойлау икемділігі дамыған жан
дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс. Өйткені, өзіндік рухани
өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық
келеді. Ондай ұстаз педогогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан
өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге
бейімделгендігімен әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту
үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.
Алайда, бірнеше инновациялық, дәстүрлі мектептерге жүргізген
зерттеулер қорытындысы бүгінгі мұғалімнің өзіндік мүмкіндіктерінің дамытуға
даярлықтарының төмендігін көрсетеді.Бұдан түрлі білім жетілдіру курстарының
мектепшілік кәсіби өсуге бағытталған жұмыстардың жеткіліксіздігі ғана емес,
оны өткізушілердің жоспарынан ғана туындайтындығынан да көрінеді. Нақтылап
айтқанда, сол жұмыстардың мазмұны мұғалімнің кәсіби өсуінің бір
тұтастығына, жүйелелігіне тұлғалық ерекшелігіне негізделмегені айқын
байқалады.

Мұғалімнің педагогикалық қызмет субъектісі ретіне.
Психологиялық оқытудың субьектісі.

Пәнділілік пен мағыналылық сонымен қатар обьектілік пен субьектілік
жағынан байланыстылық байқатады. Олар бір-бірімен келісімділікпен жүреді.
Әрекеттің анықталған сипаттамасы, әсіресе педогогикалық үрдіске қажет
субьектілік жағдайлардың өзгерісіне әсер етеді. Бұл жайлы Э. Ильенковтың
философиялық зерттеулерінде жақсы айтылады.
Бала әрекетті іске асыруға өзі кіріскенде ғана тұлға- жеке адам
әлеуметтік бірлік субьект болып өсіп, адамдық-әлеуметтік әрекет жасай
алатын шаққа жетеді.
Адам сыртқы әрекетке. Яғни, пәнде қарастырылатын обьект емес,
керісіншеі әрекеттің ішіне үңілетін, яғни пәнді қарастыратын, оны өз
пайдасына шешетін субьект.
Мұндай қатынас- жеке адамның өзара белсенді әрекет қатынасы. Ол өзара
келісімділік ниеттегі қатынас күшінен туындайды. Бұл тұлғадан екінші
тұлғаға бағытталған белсенді әрекет оған сол жолдар арқылы қайтып оралады,
басқа тұлғадан өзіндік түрліктегі жолдар мен әрекет арқылы өзіне келеді.
Адам әрекетінің барлық "генетикалық" аспектлері мен түрлері-еңбек
пен қарым-қатынастың өзара әрекетінің шешімі. Білімдендіру- таным және
құндылығы бар бағалы мақсатты әрекет.
Еңбек белгілі өмірлік мәнен шыққанда ғана әрекет пен операциялар
жиынтығы емес, нағыз адамның қызыға кіріскен әрекетіне ұласа алады.
Адам әрекеті- қоршаған әлемнен өзара қарым-қатынасқа түсудің небір
негізгі түрі. Жеке адам, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.Өйткені оның
жан дүниесі тек айналадағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие,
оқу-іздену, іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады.
Оның айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тыныс-тіршілігіне, ұстанған бағытына
әсер ететін түрткілер көп. Солардың бастылары: қажет пен қызығу, таным мен
сенім, мұрат пен талғам, мақсат пен мүдде және тб. Сенім жоғалған жерде
адамға тән тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім-адамның ерік-жігер, қажыр-
қайратының қандай екенін көрсететін, сезімді қозғайтын, өмір сүру мақсатына
айналған өміршең білім. Сенім дүниетанымға ( табиғат, адам, қоғам
құбылыстары туралы білімдер жүйесі) негізделеді. Сенім мен дүниетаным егіз
қозыдай қатарласып жүрсе ғана адамның санасы жарқырай, нұрлана түседі.
Бірақ сенім жоқ жерде тиянақты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та
болмайды. Сенімі жоқ адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға,
өмірден шамасына қарай өз орнын дұрыс таңдай алуға шамасы жете бермейді.
Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ, қарадүрсін
түсініктердің көбі дұрыс болып, келе бермейді. Тек ғылымға негізделген
түсінік қана адамның нақты сенімінен өміршең іс-әрекетімен тығыз ұштасқан
дүниетаным ғана адамға жан серік бола алады. Мұндай дүниетанымды бойға
дарыту үшін бәрінен бұрын білім негіздерін жай меңгеріп қоймай, оны миға
мықтап тоқу қажет болады. Құрғақ жаттауға негізделген білімнің іргесі бос
болып, таным мен сенімге қуат бере алмайды. Өмірмен біте қайнасқан білім-
дүниетанымды қалыптастыратын құрылыс материалы. Ал кісінің алған білімі
бөлек-бөлек кірпіш сияқты әр жерде шашылып жатса яғни білімді қалай болса
солай қағаз жүзінде жеңіл "меңгергендіктердің" білім түкке тұрмайды. Тек
зердеге құйылған білім ғана дүниетаным мен сенімге негіз бола алады.
Мақсат пен қажетсінуде динамикалық өзгерістер болып тұрады. Тұлға
дамыған сайын оның қызығуы дамиды әрі өзгеріп отырады.
Егер белгілі бір кезеңдерде барлығының негізгі өмірлік әрекет
жолдарымен қамсыздандыру болса, қазіргі күнде мақсат, қызығу спекторы
неғұрлым кеңіді. Дегенмен де, әрине адам әрекетінің формасы мен түрлерінің
барлық негізі-еңбек әрекеті.

Мұғалімді мектеп жағдайында дамыту әдістемесінің негізгі идеалы мен
ұстанымдары
Әдістемелік тұрғыдан педогогикалық әрекет жайлы берілген пікірлердің О.
Анисимованың позициясына ерекше көңіл аударуға болады. Оқушы әрекеті мен
тұлғаны басқарудың жандандыратын мұғалім болғандықтан, оның оқытудағы
спицификациясын, ұйымдастыру ұстанымдарын ашу міндеттеледі. Мұғалім
басқару әрекетін оқушыға қатынасты іске асырады. Бір жағынан басқару
әрекеті басқару мақсатына бағынышты. Сондықтан бастапқы, болған және соңғы
немесе басқару обьектісінің жағдайларының көрсеткіші қажет. Оқытуда
өзгеріске түсетін оқушы-үйренушінің қабілеті екінші жағынан оқушының
қабілеті әрекет барысында ғана өзгереді. Мұғалімнің басқарушылық әсері
оқушы қабілетіне, оның әрекетіне әсер ету арқылы қозғау сала алады. Басқару
әрекетінеде мұғалім әрекетінің қызметі оқушы қабілетіне байланысты
болатынын ұмытпау керек. Үшінші жағынан әрекетті құру, қайта құрастыру
педогогикалық қабілетінің сайлылығына қарай іске аспақ. Егер педогогте
ондай болмаса, ол өзінің педогогтік қызметін атқара алмайды.
Сондықтан мұғалімнің оқытушылық шеберлігі әрекетті ұйымдастыру, яғни
операциялар жүйесі мотивті кез-келген жағдайда өзгерту, қайта құрастыру
шеберлігімен бағаланады, және оны оқушыға икемді, қолайлы түрде ұйымдастыра
білуі қажет.
Мұғалім құрастырған тапсырмадан оқушы өзінің жеке жоспарына қажеттісін
көре алса, дамудың алыс, орташа жақындығын сезіне білсе, қанағаттанарлық
нәтижесі болып жатады.
" Оқыту үрдісінің,-дейді белгілі педагог В. С Ухомлинский,-үш түрлі
құрамды бөлігі бар, ол: ғылым, шеберлік, өнер". Мұғалім бойында осы үш
қасиет болуы керек. Сонда ғана ол оқу педагогикалық үрдісті ойдағыдай
меңгеріп, сабақ үстінде білімдік те, тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асырады.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін күшті факторы қарым-қатынас жасау
әрекеті. Оқыту үрдісі мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста,
ынтымақтастық жағдайда болуын керек етеді.
Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болмауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жағдайында мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту
Ми және психика
Шетелдік юморларды аудару
Психологиядан дәрістер жинағы
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Мектепке дейінгі балалрдың іс-әрекет түрлері
Пәндер