Мұғалім адам жаның инженері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мұғалім адам жаның инженері

Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, сезімтал болуды, балаларға
шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Мұғалім өзінің жігер шабытын қазіргі
және болашақтағы өз парыз түйсігінен алады. Мұғалімдік мамандық жан-жақты
білімді шынайы сезімтал болуды балаға шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді.
Мұғалім қызметі-өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі қарама-қайшылығы мол жан
дүниесіне ене білуде, әлі толыспаған сәби жанын жасытып, жаралап алмас
үшін, мұны әр қашанда есте сақтау қажет. Педагогтың балалармен шынайы
достық қарым-қатынасын ешбір оқулықпен алмастыруға болмайды. Парасаттылық
ақыл-ой мен ар-ұятпен отанға берілгендік соған адал қызмет етумен
тәрбиеленеді.
Мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру
шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның
алғашқы қылығының әділқазысы, жас өркенді мәпелеуші баған деп атайды.
Басқа мамандықтардан мұғалімнің айырмашылығы олар өз еңбегінің жемісін
бірден білу жазбаған. Олардың еккен жемісі көгеріп - көктеу үшін ұзақ
жылдар керек.
Мұғалім өзінің жігер шабытын қазіргі және болашақтағы өз парыз
түйсігінен алады. Оның шығармашылығы мектеп реформасының идеясымен
рухтанады. Оның көз алдында К.Д. Ушинский. Н.К.Крупская, А..В.Луначарский,
А.С. Макаренко, В.А Сухамменский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, тағы басқа
ұлы есімдер тұр.
Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері
әрдайым оқып білуге өз тәжірбиесін жас ұрпаққа таратуға өмір тәжірбиесін
саналы мақсаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынады. Осыдан 300 жыл бұрын өмір
сүрген ғылым педагогиканың негізін қалайшы, славяндық ұлы педагог Ян Амос
Каменский: мұғалімге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары
тұрған еш нәрсе жоқ - деп жазады.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі мол
шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен
әлеуметтік іс-әрекетін дайындау мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын
жұмыстың ең басты түрі. Олай болса әрбір мұғалім орта немесе жоғары
дәрежелі педагогтың білім алумен қанағаттанып қоймай, Ол тәрбие мен
оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз қызметінде пайдаланып
отырады. Міне, мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің
теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелікпен жүзеге
асырылатыны айқын. Мысалы, айқын оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы
түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін еске алмайынша оқу
және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің
алдындағы басты міндет – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға,
сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман
дамуыны артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саясиидеялық
дәрежесін, ғылыми – теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн
жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттерінің кәсіптік мәні бар.
Мәселен, А.В. Луначарский атап көрсеткендей педагогика моральдағы кез-
келген кемістік, мінез-құлықтағы кемістік тікелей у болып, ол жеткіншек
ұрпаққа жұғады.
Жақсы мұғалім – бұл ең әуелі қайғы-қуанышқа ортақтасатын парассатты,
әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы
адам.
Мұғалім-қоғам мен өскелең ұрпақ аралығында сарапшы. Азамат көп
ғасырлық тарихында өте бай тәжірбие жинақтаған. Жас ұрпақ үшін қоғам
олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы ең бағалы және қажетті
нәрселерді алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы ең бағалы және
қажетті нәрселерді алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар
санасына сіңіреді. А.В.Луначарскийдің айтуынша, мұғалім балаларға өткен
ұрпақтан ең таңдаулылысын беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен
кеселді бермеуі тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпақтың болашағы ұстаздар
Заманауи бастауыш сынып мұғалімінің бейнесі
Мұғалім - мектептің жүрегі
Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі
Ғасыр туындысы - Жат қолында романы
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары
Мұхамеджан Тынышпаев
Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері
Пәндер