Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет-қамдардан тұр


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалімнің алдын ала жұмысы

төмендегідей әрекет-қамдардан тұрады:

  1. қадам Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерулуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік-және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндерттерін айқындау.
  2. қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып - зерттеу.
  3. қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша ақпарат беретін рельефтік ( код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
  4. қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбалалыр құрастыру ( анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде) .
  5. қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тасырма шамасында)
  6. қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар болгін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысы мен алмастыруға болады) .
  7. қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әр бір оқушыға арнап бірінші күрделелік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік ( зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Оқу модулінің құрылымдық бөлімдерінің әрқайсысына кеңінен тоқталып, қарастырайық.

Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үшін құрылымдық бөлімнен: кіріспеден сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)

Кіріспе бөлімі(модульге, тақырыпқа енгізу):

Сөйлесу бөлімі

(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

Кіріспе бөлімі(модульге, тақырыпқа енгізу):

Қорытынды бөлім

(бақылау)

Әр бір оқу модулінде сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақытыртар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі -7-12 сағаттан тұратын оқу модулі.

Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге -2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыты ( 3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады.

Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің І және ІІІ бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді - яғни, ол 9 сағат болады.

I. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  1. оқьпудың жалпы мақсатын қою;
  2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс) ;

5) нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрді жеке блоктардан жасалады.

Модудьдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық

меңгеру әдістемесінің негізгі, шарттарын, құрылып жатқан

педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бір қатар өзгерістер енгіздік:

балаларды оқытуға емес, тұлғалық-бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара- сөйлесу негізінде құруға және т. б. ұмтылдық.

Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж. Блок, Л. Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғадімнің кызметі төмендегіше құрылады:

  1. Балаларды оқу мақсаттары мен таныстыру.
  2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспары мен таныстыру.
  3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндау түрінде) .
  1. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
  2. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
  3. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
  4. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

Біздің нұсқамызда бұл әрекеттердің реті біршама басқа?

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  1. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.
  2. Мұғалімнің оқу материалын қыскаша баяндауы (белгілер жүйесі - сызбалар, сұлбалар, кестелер және т. б. негізінде) .
  3. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру,
  4. Жаллы тақырыпқа, тарауға ("өсу" бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материадын оқып-үйрену.
  1. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтіндік қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар мен мәселелер»
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Химияны оқыту әдістемесі
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Семинар сабақтарын өткізу формалары
Өздігінен іздену әрекеті
Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz