МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1. МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Педагогикалық білім беру теориясында жеке тұлғаның жан дүниесі, іс-әрекеті мен қарым-қатынасына негізделген теориялық басымырақ. Соңғы кезде педагогикалық басылымдарда мұғалімнің жаңа зерттеушілік, технологиялық іс-әрекеттеріне негізделген зерттеулер көкейкесті мәселелерге айналып отыр. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқала бастады, бірақ оның сапасы әлі де жақсара қоймады. Көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек (А. И. Пискунов, К. Б. Сейталиев, А. П. Сейтешов, Ш. Т. Таубаева т. б. ), жоғары педагогикалық оқу орындары көбінесе, тіпті осы кезге дейін тек пән мұғалімін дайындаумен ғана шектеліп келе жатыр, олардың көбісі тек ғылыми білім негізін балаға жеткізуші ғана да, ал көп жағдайларда білім беру саласындағы инновациялар мен технологияларды іздестіруде, меңгеруде педагог кадрларды дайындау шеңберінен әлі де шыға алмауда.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны толастаған XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып отыр.
Педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық әдіснамалық негіздерін А. М. Арсеньев, С. И. Архангельский, А. Е. Абылқасымов, А. К. Ахметов, С. А. Абдыманапов, В. П. Беспалько, Г. Н. Волков, Г. С. Гершунский, Ф. Н. Гоноболин, Д. М. Джусубалиев, К. А. Дүйсебаев, В. И. Загвязинский, К. Х. Закирьянов, А. А. Калюжный, М. Ж. Қозыбақов, В. В. Краевский, Н. В. Кузьмина, М. А. Құдайқұлов, Ю. Н. Кулюткин, Б. Т. Лихачев, Б. К. Момынбаев, К. С. Мусин, Н. Д. Никандров, И. Т. Огородников, Ф. Г. Паначин, З. И. Равкин, А. И. Пискунов, В. К. Розова, М. Н. Сарыбеков, В. А. Сластенин, К. С. Успанов, Г. Т. Хайруллин, Н. Д. Хмель, Ш. Т. Таубаева т. б. өз зерттеулерінде қарастырды[5, 18, 32, 38] .
Педагогика саласындағы бүл олқылықтар қазақстандық білім беру жүйесінің объективті сұраныстарына қарама-қайшы келеді. Қазақстанда мұғалімдер даярлау мәселелерімен университеттер де айналысуда, көптеген педагогикалық жоғары оқу орындары классикалық жоғары оқу орны бағдарламасымен жұмыс жасауда.
Педагогикалық білім беру теориясының негізін қалаушы П. И. Пискунов қазіргі кезеңдегі экономикалық өзгерістерге ұшыраған қоғам жағдайына байланысты жоғары педагогикалық оқу орындарында мұғалімді кәсіби педагогикалық даярлаудың мақсаты - шығармашылық, ізденушілік қабілеттері бар мұғалім-тәрбиеші тұлғасын қалыптастыру дамыту, яғни болашақ мұғалім педагогикалық жоғары оқу орнында өзінің болашақ мамандығының қыр-сырын ғана меңгеріп қоймай, өзі өмір сүріп отырған қоғамның ілгерілеуіне алып келетін жаңа идеялар мен технологияларды да жетік меңгеруге тиіс. Автор өзінің болашақ мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық теориясының инвариантты бөлігін ұсынады: іргелі теориялық білім (тәрбие, оқыту, білім беру теориясының жалпы философиялық мәселелері) ; технологиялық білім, базалық кәсіби педагогикалық біліктілік (диагностикалық, жобалау, аналитикалық, қарым-қатынастық, ұйымдастырушылық т. б. ) .
Білім беру парадигмасының өзгеруіне сәйкес, соңғы кезде педагог кадр-ларды даярлаудың тұлға-бағыттылық позициясы қарастырылуда: педагогика-лық білім беру, бірінші кезекте, болашақ педагог-тәрбиешінің жеке тұлғасын дамытуға бағытталуы қажет; білім беру оқушыға білім, білік, дағды берумен ғана шектелмей, оның білімді өзі іздеп меңгеретіңдей бағытта құрылуы қажет.
Жоғары педагогикалық білім беру проблемасын зерттеуші көптеген ғалымдар, мысалы, Ю. В. Сенько т. б. оның мазмұнына ғылыми-педагогикалық білім, білім беру тарихы, этнопедагогика мен инновацияны жатқызады. Педагогикалық инноватиканы меңгеру мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетті бүгінгі заман талабына сәйкес құруға көмектеседі дейді.
Қазіргі кезеңде мұғалімнің кәсіптілігінің жалпы арнайы көрсеткіштерін анықтайтын арнайы профессиограммалар пайда болуда: объективті, нәти-желі, жеке-вариативті, прогностикалық, шығармашылық, т. б.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін анықтайтын профессиограммалар әрдайым өзгеріске ұшырап, түрленіп отырады. Соның өзінде «профессионализм (кәсіби біліктілік) » ұғымы бойынша бірыңғай анықтама жоқ, теориялық жағынан әлі де жетілдіруді қажет етеді. Мәселен, кейбір ғалымдар (С. И. Иванова) «кәсіби біліктілік» пен «шеберлік» ұғымдарын синоним ретінде қабылдайды. Ал академик Ю. К. Бабанский «кәсіби біліктілік - қалыптасқан шеберліктің айқындалған деңгейі» деген анықтама береді [14] .
Мұғалім іс-әрекетінің біліктілік деңгейлерін жетілдіру В. Г. Афанасьев, Ю. К. Бабанский, В. И. Бондарь, Т. Г. Браже, С. Г. Вершиловский, В. Г. Онушкин, Е. Г. Тонконогая, Т. И. Шамова т. б. ғалымдар зерттеулерінде қарастырылады[14. 15. 76. 34. 25] .
Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық бағыттылығы М. Г. Казанкинаның, В. Г. Воронцованың еңбектерінде жете зерттелінсе, мұғалімнің кәсіби тұлғасының қалыптасуы Н. В. Кузьмина, А. И. Щербакова, Ю. Н. Кулюткин, В. А. Сластенин, Г. С. Сухобская, Г. И. Щукина т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерделеді[52. 41. 81. 63] .
Ғалым В. Г. Воронцова өз зерттеуінде төмендегідей мәліметті келтіреді: мұғалім базалық педагогикалық біліміне 5 жыл, оның берік тұғырнамасының қалыптасуына 3 жыл, жоғары оқу орнын бітірген студент өз мамандығына бейімделуі үшін ең аз дегенде 3 жыл керек, ал жақсы маман болып қалыптасуы ең жақсы дегенде 11 жылдан кейін ғана іске асады [19] .
Ғалымның зерттеуінен көріп түрғанымыздай, мұғалімнің институт қабыр-ғасында алған білімі оның өз маманының шебері атануына аздық етеді мұ-ғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруда педагог кадрлардың біліктілігін жетіл-діру қайта даярлау институттарының рөлі айқын көрінеді.
Педагогикалық әдебиеттер мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі бойынша жүргізілген көптеген қорытындылардың көрінісі ретінде беріледі. Мәселен мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесі төмендегідей блоктарды қамтиды: тұлға - ізгілік бағыттылық; педагогикалық ақиқатты жүйелі көре алуы; пәндік салада білімнің жинақталуы; педагогикалық технологияны меңгеруі; педагогикалық тәжірибені интеграциялау қабілеттілігі; педагогтың креактивті тұлғалық сапасның қалыптасуы; педагогтың шығармашылық ізденісінің қалыптасуы; инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі т. б. [41] .
И. Ф. Харламов мұғалімнің кәсіби өсуінің сатыларын төмендегідей көрсетеді: педагогикалық біліктілік; педагогикалық шеберлік; педагогикалық шығармашылық; педагогикалық жаңашылдық [20] .
Н. В. Кухарев, И. А. Зязюн, М. А. Құдайқүлов, Л. М. Ахметзянова, И. Д. Багаева т. б. ғалымдар «педагогикалық біліктілік», «педагогикалық шеберлік», «кәсіби біліктілік» ұғымдарының мағынасын ашуға тырысады. Ғалым И. А. Зязюнның анықтамасы бойынша, «педагогикалық шеберлік - педагогикалық іс-әрекетті өзіндік ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттер жиынтығы». Педагогикалық шеберлікке жататындар: гуманитарлық бағыттылық (қызығушылық, қүндылық, идеал) ; кәсіби білім (пәнді оқыту әдістемесі, педагогика, психология салалары бойынша) ; педагогикалық қабілеттілік (коммуникативтік, перцептивтік қабілеттілік, динамизм, креативтік) ; педагоги-калық техника (өзін басқара алуы, өзара қарым-қатынас жасай алуы) [16] .
Қазіргі кезеңде мұғалімнің жалпы педагогикалық білімінің жиынтығы педагогикалық ғылымдар функциясы мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеттік құрылымы тұрғысынан ашылады:
Ғылыми-теориялық, практикалық, әдіснамалық білімдер жиынтығының өзара байланысы (Н. В. Кузьмина, И. Т. Огородников, В. А. Сластенин және т. б. ) ;
Ғылыми-теориялық пен мұғалімнің іс-әрекетін реттейтін нормативтік білімнің үйлесімділігі (В. В. Краевский) ;
Мазмұндық іс-әрекеттілік білім бірлігі (М. Н. Скаткин) ;
4) Іргелі инстументалдық білімдер бірлігі (С. И. Архангельский) ;
5) Теориялық практикалық білімдер үйлесімділігі (Ю. Н. Кулюткин,
В. Н. Никитенко) [39] .
Жоғарыда келтірілген жүйеде көрініп тұрғандай мұғалім білімінің екі жақты бағыттылығы бар: кәсіби іс-әрекеттің әдіснамалық іргетасы және тікелей практикалық әрекеттің құралы.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдауымыз жалпы педагогикалық білім құрылымдық элементтерін анықтайды: педагогикалық құбылыстардың даму заңдылықтары бойынша іргелі идеялар, концепциялар, заңдар туралы білім; негізгі педагогикалық теория, категория ұғымдар бойынша білім; негізгі педагогикалық фактілерді білу; оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі.
Жалпы педагогикалық білім мұғалімнің ойлау қабілетін дамытудың өзегі болып табылады. Сондықтан педагогикалық ойлау мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырумен тікелей байланысты, педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық бірлігіне мүгалімнің ойлау іс-әрекетін алуға болады (Ю. Н. Кулюткин, В. А. Сластенин, Л. Ф. Спирин, М. Л. Фрумкин) [24, 27] .
Ғалымдар ғылыми-педагогикалық ойлаудың көптеген критерийлері мен параметрлерін ажыратады: тәрбиелік құбылыстар мен фактілерді біртұтастықка, өзара бірлікте, өзара байланыста талдай алу қабілеттілігі; педагогикалық практикада ойлаудың барлық түрлерін пайдалана алу қабілеттілігі; практикалық, шығармашылық ізденісте жаңа идея мен теорияларды пайдалана алу қабілетілігі есепке алынады.
Н. М. Зверева, А. К. Касьян, т. б. педагогтар ғылыми-педагогикалық ойлаудың төмендегідей белгілерін атап көрсетеді: негізгі фактілерді қосалқыларынан ажырата білу, бақылау жүргізе алу, оны талдай алуы; эксперимент қоя алуы (жүргізу, нәтижесін шығару, қорытынды талдау) ; гносеологиялық циклды мойындау және оның әрбір кезеңдерінде белсенді ізденістер жүргізу; теориялық білімнің құрылымын түсіну; жалпы ғылыми идеялар мен принциптерді меңгеру; табиғи күрделі құбылыстан оның негізгісін ажырата алуы; ғылыми жаратылыстану танымының әдістерін меңгеру, оны әдіснаманың жалпы ғылыми әдістерімен үйлестіре алуы; құбылыстар мен үрдістерді өзара байланыста қарастыру, олардың мағынасын, қарама-қайшылықтарын аша білу [34] .
Біздің зерттеуіміздің негізгі ұғымдары болып «қалыптастыру», «дайындық», «инновация» табылады. Зерттеу проблемасына сәйкес басты ұғым «қалыптастыру».
«Қалыптастыру» ұғымы педагогиканың «тәрбие», «оқыту», «білім беру», «даму» ұғымдарымен қатар барлық педагогика оқулықтарында қарастырылады. «Қалыптастыру» ұғымына берілген анықтама әлі күнге дейін алғашқы мағынасын жойған емес, тек оның берілу реттілігі ғана өзгеріп тұрады: кей оқулықтарда оның мағынасы арта түседі де, ал кейбір оқулықтарда тарылып та жатады. И. П. Подласый педагогикалық әдебиеттерде «қалыптастыру» ұғымы көбінесе тұлғаға кездейсоқ, басқаруға келмейтін әсерлесуге қатысты айтылатынын анықтады, яғни педагогикалық іс-әрекеттердегі «қалыптастыру» ұғымының қолдану ретін анықтап көрсетті: «оқыту- білім беру - тәрбиелеу - дамыту - қалыптастыру» [40] .
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру барысында оқыту, білім беру, тәрбиелеу, даму үрдістері де қатар жүріп бірін-бірі толықтырып оты-рады.
Ғалым И. П. Подласый бойынша, қалыптастыру - адамның әлеуметтік тір-шілік иесіне өту үрдісі, даму - адамның ағзасындағы сандық сапалық өз-герістер үрдісі, тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастырудың мақсатты ұйым-дастырылған үрдісі, білім беру - оқытудың нәтижесі, оқыту - ой мен танымдық қабілеттерді дамытуды қамтамасыз ететін, білік, білік дағдылар жүйесін саналы терең меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекеттің екіжақты үрдісі [40, 27] .
Бұл жерде ғалым И. П. Подласыйдың «білім беру», «тәрбие», «даму», «қа-лыптасу», «оқыту» ұғымдарына берген анықтамаларынан көрініс тапқандай, білім берудің субъект-субъектілік парадигмасына негіздеме жасағандығы ай-қын.
Ал. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярованың педагогика оқулығында бүл ұғымдарға төмендегідей анықтамалар беріледі:
а) тәрбие - бүл жеке адамның қоғамдық тәрбиені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды, шығармашылық іс-әрекеттер тэсілдерін, әлеуметтік рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы, әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық үрдіс;
э) оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет;
б) даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер
жүйесі;
в) қалыптасу - жеке адам дамуының көрінісі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуі [43] .
Ал кейбір педагогикалық әдебиеттерде «қалыптасу» мен «қалыптастыру» ұғымы синонимдер ретінде пайдаланады.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының көрінісі дегенді оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын біл-діреді. «Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру, толықтық пен нақты бір түр беру» [44, 43] .
«Қалыптастыру» ұғымы әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Қалыптастыру дегеніміз қандай да бір нәрсеге нақты пішін беру, оны аяқтау. Сонымен, қалыптастыру деп дамудың кез келген үрдісін емес, тек қана аяқталған, мақсатына жеткен даму үрдісін атауға болады. Басқаша айтқанда «қалыптастыру», қандай да бір істі түпкілікті аяқтау дегенді білдіреді [45] .
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды саралай келе, мұғалімнің инновациялық даярлығы кәсіби білім беру арқылы жүзеге асатындығы туралы ғылыми тұжырымдама жасаймыз.
Біз өз зерттеуімізде «қалыптастыру» ұғымын осы мағынада қабылдаймыз. Бірақ қандай да бір нәрсенің қалыптасуы, осымен оның дамуы аяқталды деген пікір туындамауы керек. Ғалым В. Е. Гмурманның анықтамасы бойынша «жеке тұлғаны қалыптастыру барлық факторлардың әсерінің нәтижесі: түқым қуалаушылық, физикалық әлеуметтік орта, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу, іс-әрекет үрдістеріндегі өзіндік өзгерістер» [46] .
Қазіргі заманға лайық өмірден өз орнын табатын, бейімді, іскер мамандарды қалыптастыруда кәсіби даярлықты қалыптастыру жүйелі іске асырылуы қажет. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада « . . . білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасатын, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсетілген. Яғни, «жаңа» қоғамға «жаңа» сапалы адам керек. Осындай адамды қалыптастыру - қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында түрған басты міндет. Жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, қоғамның тағдыры оқушы еңбегіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімінің өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт [47] .
Мектеп мұғалімі қызметінің негізгі мәні - оқушыны оқыту, тәрбиелеу, да-мыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен жаңаша ұйым-дастыра білу. Президенттің 2005 жылы 18 ақпанда халыққа Жолдауындағы «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген
сөзі әрбір педагогты ойландыруы тиіс. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нә-тижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ [48] .
Ал жаңа формацияның жаңа мұғалімінің сапа көрсеткіштерінің бірі оның инновациялық іс-әрекетінің мәдениеті болып табылады.
Зерттеу жұмысымыздың бағытына қарай мұғалімнің инновациялық даяр-ығын калыптастырудың бірден бір көрсеткіші ретінде мұғалімнің инновация-лық іс-әрекетінің мәдени жақтарын қарастырамыз. Біздің жұмысымызда мәдениет адамның мәдени рухани құндылықтарды қүру мақсатындағы еңбек іс-әрекеті мен ақыл-ой іс-әрекеттерін біріктіретін іс-әрекеттің жоғары деңгейі ретінде алынады.
Ғалым М. А. Қүдайқүловтың пікірінше, кез келген іс-әрекеттің тиімдісі бі-лім, білік және ынтаның бірлігі әсерінде жүзеге асады. Дәл осы сапалар еңбек үрдісі мәдениетінің әртүрлі деңгейінде дамиды және жетіледі. Мысалы, білім біліктіктен жоғары, білім мен біліктілік бар, бірақ ынта жоқ; ынта мен білім бар, бірақ біліктілік жоқ т. б. [49] .
Болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру мәселелері Н. Б. Крылова, Г. И. Калиева т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады. Ғалым Г. И. Калиеваның пікірінше, қазіргі заман талабына сай болашақ маманның мәдениеттілігі оның іс-әрекеті мен тұлғалық сапалық көрсеткіштері арқылы анықталады. Ал Н. Б. Крылованың зерттеуіне сүйенсек, маманның мәдениетінің көрсеткіштеріне жататындар: ойлау кеңістігінің деңгейі, дүниетаным калыптасуының бағыттылығы мен дәрежесі, жеке іс-әрекет нормасының әлеуметтік маңыздылығы, іс-әрекеттің әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруі, эмоциональды қабылдаудың сипаттамасы мен интуициясы. Бұлардың негізінде тұлға мәдениетінің дамуының жалпы көрсеткіші жан-жақты шығармашылық белсенділігінің өлшемі жатады [41] .
Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті мен кәсіби бағыттылық құндылықтарын қалыптастыруға ғалымдар И. Д. Богачева, Е. Б. Бондаревская, С. Б. Елканов, И. Ф. Исаев, В. Г. Максимов, А. В. Мудрик, В. А. Крутецкий, Н. Н. Никитина, Б. Б. Никитенко, В. А. Сластенин, Е. Н. Шиянов, Л. С. Яковлева, Ш. Т. Таубаева және т. б. өз зерттеулерін арнады [42] .
Жоғарыда аты аталған ғалымдардың ғылыми жұмыстарын зерделей келе қазіргі кезеңде педагогикалық мәдениет мұғалімнің өз мамандығы саласындағы жалпы мәдениет, педагогтың ішкі қасиеттерінің жоғары кәсібилігі, пәннің оқыту әдістемесін меңгеру т. б. мәдени қабілеттіліктердің интегралданған сапасы ретінде қарастырылады. Қоғамның ұдайы алға жылжу тенденциясына сәйкес (өркениет, ашық қоғам, жаьандану) білім берудегі мәдени бағытқа ерекше көңіл аударылуда [43] .
Педагогикалық мәдениеттің қүрамды бөліктері: элеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, тұлғалық. Педагогикалық мәдениетті әртүрлі бағытта қарастыруға болады: педагогикалық іс-әрекетті реттеуші құндылықтар жүйесі (аксиологиялық бағыт) ; іс-әрекеттілік бағыттылық (педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты, әдіс-тәсілі, қүралы, оны жетілдіру деңгейі, бағалау критерийлері мен нәтижесі) ; тұлғалық бағыттылық (педагог тұлғасының жалпынама көрінісі) .
Педагогикалық мәдениет - тәрбие мен білім берудің рухани мате-риалдық құндылықтары кең көлемде көрініс табатын, тәрбие-білім беру үрдісін жүзеге асыратын, тұлғаның әлеуметтенуін, ұрпақтар алмасуының тарихи үрдісін қамтамасыз ететін шығармашылық іс-әрекеттер әдісі, жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі [44] .
Педагогикалық қызметтің түпкі мақсатын ғалым В. Л. Бенин өзінің «Педа-гогикалық мәдениетті қалыптастыру мен дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты докторлық зерттеу жұмысында береді. Автор мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің тұлғалық бағыттылық көрсеткіштерін анықтайды. Педагогикалық мәдениеттің қүрамды бөліктері:
- инвариантты бөлік: балаларға қатысты мұғалімнің ізгілік көзқарасы, оның тәрбиешіге тән қасиеттері; психологиялық-педагогикалық құзыреттілікжоғары педагогикалық ойлау қабілеті, туындаған инновациялық пробле-маны оқушы көзқарасымен шеше алу қабілеті; мұғалімнің жеке басының кәсіби мәдениеті, өзін-өзі дамыта алу қабілеті, өзінің іс-әрекетін өзі реттей алуқабілеті, оқушылармен қарым-қатынас жасай алу қабілеті;
- вариативтік бөлік: өз пәні бойынша жоғары білімділік, оқыту мазмұнымен инновациялық технологиялармен жұмыс жасай алу қабілеті, өз іс-әрекетіндегі шығармашылық бағыт, өзінің жеке педагогикалық іс-әрекетін тұлға-бағыттылық жүйе (дидактикалық, тәрбиелік, әдіснамалық) негізінде қоя алуы, авторлық білім беру жобаларын құрастыра алу қабілеттілігі [45] .
Мұғалімнің педагогикалық мәдениет деңгейлері төмендегідей мазмұнда анықталынды: жоғары (жеке-шығармашылық) ; жеткілікті (кәсіби бейімділік) ; жалпы (кәсіби емес - репродуктивтік) ; қанағаттанарлықсыз.
Мұғалімнің ізгілік, рухани, шығармашылық тұлғасының қалыптасуына, оның педагогикалық іс-әрекет әдістерін еркін таңдауда оған көбіне өзі қызмет ететін мектебі, ондағы педагогикалық орта мен ұжымдағы психологиялық ахуал, инновациялық үрдістер әсер етеді.
Біздің зерттеу проблемасына сәйкес, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда мұғалімнің инновациялық мәдениеті философия мен әдіснама ғылымдарының білімін де қамтиды. Сондықтан мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда біз айтқандай философиялық мәдениеттің төмендегідей критерийлерін басшылыққа аламыз: адамдардың өзара рухани қарым-қатынасындағы ақпараттар ағынының молаюы; адамның еркін белсенділігі, оның жаңа ақпарат алуға ұмтылысы; адамның іс-әрекет барысында субъект пен объект позицияларын алмастыра алу қабілеті, ақпарат беруші мен оны тасымалдаушы қабілеттерінің болуы; ғылым мен философия тарихында әртүрлі кең көлемдегі материалды еркін меңгеруі; өзінің қоғамдық белсенділігін арттыру үшін философиялық білімді үнемі молайтып, жетілдіріп отыру, оны қажетіне пайдалана алуы; мәдени-тарихи дамудың негізін түсіне алуы; орындаушыдан тапсырма берушіге еркін алмаса алуы; ұғымдарды түсіне алу қабілеттігі, кез-келген тұжырымдарды үсыну, оны талдай алу қабілеті, негізгіні қосалқыдан айыра білу, алынған ақиқаттан қарама-қайшылық көре алуы; логика заңдары мен принциптерін меңгеруі [45] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz