МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ (1931-1976)



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ (1931-1976)

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

(М. Мақатаев.)

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз аулында
дүниеге келді. Өзінің шынайы таланты, сырға толы тұнық та мөлдір жырлары
арқылы жұртшылық жүрегіне жол тапқан Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының
қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр.
"Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" ақын поэзиясы адамның ішкі жан
тереңін, нәзік сезімдердің күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелейді.
Оның "Автограф" деген ойлы да тебіреністі өлеңін оқып көрелікші.
Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда.
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда...
...Сырым да осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!
Өлеңнен Махамбеттің өршіл рухына тәнті, өзі де сол кейіптес өр мінезді
ақынды көреміз.
Енді бірде:
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
Айтарын ашып айтқан, абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!! -
деп, ұлы Абайға, ержүрек, өрен талант Махамбетке табына, оларды үлгі тұта
отырып, өз намысын қайрап, ширыға түседі. Абай мен Махамбеттің асыл
сөздерінен қуат алып, өнерге, өлеңге, өзіне қоятын талап пен талғамы
биіктей береді.
Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра
қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезім
күшінде жатыр деп түсінеді, сезіне біледі.
Міне, сондықтан да оның ұғымында ақын мен поэзия біртұтас бейнеге
айналады.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қараауытқан таулардан сені іздедім.
Ақын халықтың жүрегіне жол табатын өлең тудыру оңай емес екенін сезіне
біледі. Сондықтан ол:
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Немесе:
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйттай жүйкең қалмайды сілкілмеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада
Адаспаса болғай-ды, шіркін өлең... -
деп жырлай келе, нағыз ақын болудың керемет қуанышты да азапты екенін
жеріне жеткізе ашып айтады.
...Ақын деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту - серті екен.
Бықсымаспын, шалам қалмас артымда
Жана алмасам, ерте келдім, ерте өтем.
Бұл өлең жолдары "ақын болуды", "ақын боп қалуды", азаматтық асыл мұрат
еткен талант табиғатын танытады.
Ал өзінің күнделік жазбасында (17 сәуір, 1972) ақындық табиғаты
жөнінде:
... "Ақынның өмірді зерттегені - алдымен өзін зерттегені. Ақын кұдіреті
- өмірден өзін, өзінен өмір жасай білуінде" деп түйіндейді.
Ұлы Абай өлеңдерінен нәр алған, бүкіл болмысымен терең түсіне білген
ақын қазіргі қазақ поэзиясындағы Абай салған сара жолдың тарихи, шапағатты
мәнін тебірене сипаттайды.
...Талай жолдар өтсе де, талай заман,
Қалам тартар қазақта ақын туса,
Аруағына Абайдың қарайлаған.
Абай болу, әрине, оңай емес,
Ақын болмай қалсаң ғой...
Қалай жаман!
Абай үніне үн қосып, Абай өнегесін үлгі тұту өз жанының аңсары, қалауы
екенін білдіреді.
Немесе:
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден...-
деген жыр жолдарынан, Мұқағалидың өзі айтқандай "Абай жаққан бір
сәуле сөнбеу үшін" жанын салған ақын бейнесі танылады.
Поэзияда негізінен Абай салған дәстүр - адам сезімін табиғаттағы
бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі Мұқағали
поэзиясында заңды жалғасын тапты.
Мысалы:
...Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
...Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...
Үзіндінің адамға әсері керемет. Қысты күні жем іздеп терезе алдына
келіп тұрған момақан құстың жалынышты бейнесі оқырман жүрегін шымырлатып,
ерекше күйге түсіреді. Автор махаббат күйінішін тың суреттер арқылы
қарапайым сөзбен өте әсерлі жеткізген.
Ақын поэзиясының нұрлы өзегі - ар мен жан мөлдірлігі, риясыз тазалығы.
Ақиқаттың, "шындықтың ауылын іздеуде" ақын ауыр жол, азапты күрес
сынынан өтіп ширыға түседі.
Жауабы қиын сан сұрақтар ақын жанын мазалайды, ол соларға тынымсыз
жауап іздеп, шындықты жырға қосып, болашаққа үлкен сеніммен қарайды.
Мәтінге жүгінейік:
Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жанын шындықтан қаша алган ба?
Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да...
Немесе:
Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан
Тасқа салсам мұқалмас қарауым бар, -
деп қайсарлық танытады.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама... -
деген жолдардан зілді де қатаң талап үнін естіп, бойыңызды
жинап аласыз.
Мұқағали өмірге құштар, ғашық. Адам үшін өмірдің соншама қымбаттығын
Мұқағалидан артық жеткізіп айту қиын сияқты. Оған мына жолдарды оқу арқылы
көзімізді жеткіземіз.
Өмір дегенге,
Тірлікте, сірә, жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқканың бәрі бекер ғой.
Бекер гой бәрі,
Бекер ғой бәрі - бөтен ғой,
Өмір дегенің - бір күндік сәуле екен ғой!..
Тіршілікте өмір ағымында кездесетін келеңсіз жайлар, неше алуан
пендешілік күйлер ақын жанын күйзелтпей қоймайды. Бірақ ол ешқашан өмірден
түңілмейді, қайта өмірге деген құштарлық сезімі өрши түседі.
Жарық дүние-ай,
жаным-ай менің,
Ғажапсың!
Ғажапсың шіркін!
Амал не, тезсін,
аз-ақсын...
Бұл өлең жолдары өмір гимні деуге болады.
Мұндағы өмірге деген құштарлық адам рухын жаңғыртып, сезімін сілкіп
оятатындай күшті де тегеурінді.
Мұқағали суреттеген табиғаттан ерекше сыр мен сымбат, түр мен түс
көргендей, даланың жұпарын сезгендей күй кешеміз. Бірде:
...Бозқараған...
Көрдің бе бозқараған?
Жұпар исі аңқиды боз даладан... -
десе, тағы басқа бір өлеңінде бұл ғажап сарын:
...Жадырап жұтайыншы тау самалын.
Осы еді ғгой сағынып, аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын, -
болып жалғасады, оқушысын ақынмен бірге еріксіз он салуға жетелеп,
жүрегіңді бір қуаныш сезімі билейді. Өмірге құштар ыстық махаббаттың лебі
еседі.
Мұқағали өзінің "Толғау" атты өлеңінде ақынмен бүкіл жан-дүниесімен
ақтарыла "кел, ақын, керемет бір жыр жазайық" деп сырласады. Нені жазу
керек екеніне ақындык, азаматтық тұрғыдан өзі толық жауап береді.
...Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ, жасырмай айт.
Ақтабан шұбырынды өткелдерін.
Аруды арам жандар өпкендерін.
Бол інген ботасы өлген бой жа:Іа :ілмаіі,
"Елім-ай"
Аруана шөккен жерін.
Өлшесін бүгіні мен өткендерін!
Бұл өлең жолдарынан бүгінгі ұрпақтың кешегінің мән-мағынасына зерделеп,
үңілмей, ұғып-түсінбей бүгінгінің қадірін біле алмайтынын анық ашып
көрсетеді. Ақын жырынан туған еліне, жеріне деген шынайы сүйіспеншілігі
айқын көрінеді.
Кімнің болса да жанына жақын, жүрегіне ыстык туған жерге, елге деген
ерекше сезімі ақын өлеңінде ұлттық сипат ала отырып жырланған.
Кемел, ойлы ақынның қай туындысы болмасын өз еліне, жеріне деген шексіз
махаббаттан туған дүниелер. Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халқын
сүйген жүрекпен жазылған Мұқағали шығармаларының бірі - "Райымбек,
Райымбек" поэмасы.
Өткен жылдар өшкен жоқ санада тұр,
Талай сауыт тоздырды дала батыр.
Есімі Албанның ұранына айналған, жоңғар басшылығына қарасы күрескен
Райымбек сынды қазақ батырының өмір жолы өз халқының тағдырымен бірге,
бірлікте алынып суреттеледі.
"Қара таудың басынан көш келеді",
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып, қара қазақ
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Осы шумақтағы қара тау, қара жорға, қара күн, қара түн, қара қайғы,
қара жау тіркестерінің өзі-ақ ел басына түскен аса ауыр ауыртпалықты
айқындай түседі.
Поэма үш бөлімнен тұрады.
1-бөлімде ақын қазақ елінің басына түскен ауыртпалықты, елінен, жерінен
айырылған халықтың мұңы мен зарын, ауыр тағдырын қабырғасы қайыса отырып
жырлайды.
2-бөлімде айтқанынан қайтпайтын өжет, қайсар, жасынан елінің қамын
жеген Райымбек тұлғасы әр қырынан жан-жақты танылып, баяндалады.
3-бөлімде - Албанның жас батыры ретінде Райымбектің танылуы. Ел
тағдыры, бүтіндігі, жұрт болуы бірлігіне, ынтымағына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
М.Мақатаев шығармашылығы
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Мақатаев социализм дәуірінің төл перзенті
Мұқағали Мақатаев - мәңгі жыр
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Пәндер