Мұнай өндіру Қазақстанның табиғаты мен халқының денсаулығына кері әсерін тигізбеуі керек


Мұнай өндіру Қазақстанның табиғаты мен халқының денсаулығына кері әсерін тигізбеуі керек - академик Нәдір Нәдіров

Қазақстан аумағының 62 пайызында мұнай мен газ бар. Жеріміздегі мұнай қоры 13 миллиард тонна деп болжанған. Ол кемінде 1-1, 5 ғасырға жетеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық инжинерлік академияның академигі, «Мұнай» ғылыми- зерттеу орталығының жетекшісі, профессор Нәдір Нәдіров мәлім етті.
«Қоры 1 миллиард 400 миллион тоннаға бағаланып отырған «Қашаған» мұнай кеніші Қазақстанның ең үлкен байлықтарының бірі. Бүгіндері аталмыш орынның жалпы геологиялық қорындағы мұнай 5 миллиард тонна құрайтыны анықталып отыр. 2005 жылдан бастап игеріледі деп жоспарланған бұл кеніш экологиялық және технологиялық қиындықтарға байланысты игерілуі жыл сайын кейінге қалдырылып отыр. Енді, ол жерде жұмыс жүргізетін оператор итальяндық «Eni» компаниясы «Қашағанды» игеру 2010 жылға қалатынын айтып отыр. Еліміздің стратегиялық жоспары бойынша, «Қашаған» мұнайынан 2006-2007 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке қаржы түсіп отыруы керек болатын. Жоспарланған көлемде қаржының бюджетке түспеуі біздің Ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіреді. Бүгіндері мемлекетіміз «Қашағанның» операторы италяндық компанияға жұмыстарды тездетіп жүргізуге тапсырма берді. Алдағы жылы «Қашаған» мұнайы еліміздің экономикасын көтеруге қызмет ететін болады.
- Біз әлі күнге мұнай мен газды шикізат күйінде экспорттаудамыз. Оны өзімізде өңдеп шығарғанымыз пайдалы болмас па еді? Жалпы, өзіміздегі шикізатты өңдеу үшін бізге не керек?
- Әрине, шикізатты өзімізде өңдеп, мұнай мен газды айырып, дайын өнім ретінде нарыққа шығару біз үшін үлкен пайда болар еді. Алайда, осы жұмыстарды жүргізу үшін бізге негіз керек, яғни арнайы зауыттар салынуы керек. Бүгіндері бізге шикізатты өзімізде өңдегеннен көрі, көршілес Ресей және туыстас Түркияның зауыттарында өңдеген тиімді болып отыр. Алдағы жылдары мұнай химиясы өндірісін жолға қою көзделген. Амандық болса, өз мұнайымызды өзіміз өңдейтін күнге де жетеміз.
- Біздің мұнай кеніштерінде табиғи күкірт пен күкіртті газдардың көптеп кездесетіні айтылып жүр. Біреулер күкіртті қоршаған орта үшін зиянды десе, біреулері оның ешқандай зияны жоқ екенін айтады. Сіздің ойыңызды білсек?
- Табиғи күкірттің тірі ағза үшін зиян екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Жаңағы, күкірттің ешқандай зияны жоқ деп жүргендер өздеріне артық жауапкершілік жүктегісі келмей жүргендер қатарынан. Мен, мұнаймен бірге алынатын күкіртті жол құрылысына пайдаланған жөн деп есептеймін. Біздің Батыс аймақта құм, мұнай, топырақ және т. б. табиғи жыныстар араласқан қоспа шығып жатады. Оны киры деп атайды. Міне осы қоспаға біздің технологиямыз бойынша күкірт қосса, жолға төсеуге болатын дайын битум шығады. Оны жақын жерлерге зауыттан шыға салғанда жеткізіп, пайдалануға болады. Ал, алыс аудандар мен облыстарға жаңағы қоспаны тақталап бөліп, кептіріп, қапқа салып жеткізуге мүмкіндік бар. Күкірт пен кирыдың қоспасынан жасалатын жол кәдімгі битумнан салынатын жолдардан 25-30 пайызға арзандау болады. Ал, сапасы бірдей.
Тағы бір айта кететін мәселе, мына «Қарашығанақтан» шығатын мұнай құрамында күкірттен басқа да радий, стронций сынды радиоактивті элементтер бар. Сонау, елімізге шетелдік операторлар келмей, мұнай өндірудің басы-қасында өзіміз жүрген жылдары мұнай құрамындағы радиоактивті элементтерді зерттеу мәселесімен айналысқан болатынбыз. Осы салада 1 жылдан астам уақыт жұмыс істедік. Кейін бұл жерлерде жұмыс бастаған шетелдік компаниялар бұл мәліметтердің бәрін жоққа шығарып тастады. Шетелдік мамандардың сөзіне қарағанда, мұнай құрамында радиоактивті элементтер бар. Бірақ, олар норма мөлшерінде ғана. Оның тірі ағза үшін ешқандай қаупі жоқ, деп жар салды. Анықтап қарасақ, ол компаниялар норманы 2 есеге арттырып жіберген. Мәселен, радиоактивті элементтердің мөлшері 40 кюриден аспауы керек болса, олар өз нормаларын 80 кюри деп алған. Уақыт өте келе бұл көрсеткіштердің де көтерілуі мүмкін. Мен бұл мәселені бұрыннан айтып келемін. Менде осы айтылған мәселелерге байланысты жүргізілген зерттеулердің жинақтары бар.
Негізі, бизенс дегеніміз біредің есебінен күн көру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ет, құс, жұмыртқа және олардың өнімдерінің химиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері
Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау
Экология ғылымы және оның міндеттері
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Мемлекеттің қаржылық жоспарлары
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Қазақмыс плс корпорациясының маркетингтік ортасын талдау
Ауыл шаруашылығын көтеруге байланысты туындаған экологиялық проблемалар
Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау
Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz