Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанның ең алдымен, басты шикізат экспорттаушы ел ретінде әлемде өзіндік орны бар. Еліміз көмірсутек шикізаты, көмір, темір сияқты пайдалы қазбаларға өте бай. Оның ішінде мұнай мен газдың алар орны ерекше. «Қара алтын» өндірісінің ел дамуының алғашқы кезеңін қамтамасыз еткені де шындық.

Мұнай мен газ қорының молдығы жағынан қазірдің өзінде-ақ «Екінші Кувейт» аталынып жүрген тәуелсіз Қазақстанның жер асты байлығын игеру жұмыстары қызу қарқынмен басталып та кетті деуге негіз бар. Иә, біздің Қазақстан - жас, тәуелсіз, әрі әлемдегі ең танымал бейбітшілік сүйгіш ел. Соған орай, тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен - ақ біздің елімізбен жан-жақты қарым-қатынас орнатып, біздің еліміздің экономикасын күшейтіп, халықтың әл-әуқатын жақсартуға қаржылай да, материалдық-техникалық жағынан да көмектесіп, қол ұшын беруге құлшыныс танытқан алып елдер де аз емес.

Соңғы 10 жылда еліміздің экономикасындағы шикізат бағыты әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың негізгі болып табылады. Айқын саясат, шетел әріптестері мен шетел инвестициясын тарту және транс-ұлттық компаниялар үшін кепіл жүйесінің қалыптасуы - ел экономикасының дамуына мұрындық болды. Аталынған тәуелсіз жылдарында 70 млрд. АҚШ долларынан астам Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция құйылды.

Еліміз соңғы жылдары өзінің мұнай мен газ қорының көлемін молайту мақсатында Итальяндық «Аджип», Ұлыбританиялық «Бритиш газ», Норвегиялық «Статойл», Американдық «Мобил», Француздық «Тоталь», Нидерландық «Шелль» компанияларымен бірлесіп, кең көлемді геофизикалық барлау жұмыстарын жүргізіп, үлкен табыстарға да қол жеткізді. Мұның сыртында соңғы жылдары еліміздің әр қиырындағы шағын мұнай және газ өндірісі кешендерінен табылған байлық қоры тағы бар.

Қазақстан экономикасы тұрақтануымен әлем елдерінің назарында тұр. Экономикасының басты тұғыры мұнай-газ екені даусыз.

Бәріңіз де білесіздер, соңғы 10 жылда Қазақстан мұнай мен газ қоры жағынан әлемдік позицияда алғы шепке шыға бастады. Соңғы кездері әлемдік геосаясаттың өзгеруіне байланысты еліміздің маңыздылығы одан сайын арта түсті.

Мұнайдан түскен табыс қазір ұлттық байлықтың 30% алып отыр. Сондықтан да Қазақстан мұнай өнеркәсібін дамытуға өте ынталы болуда. Мұнай саласы дамуындағы осындай жетістіктерімен қатар кейбір көпшілікті алаңдатарлық қиындықтарда орын алуда. 2009 жылы біздің елімізде 76 млн 523 мың тонна мұнай өндірілді. Өндірілген мұнайдың 68 млн тоннасы әлемдік нарыққа экспортқа шығарылды. Соның салдарынан Қазақстанның Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарына шикізаттың жетіспеушілігі орын алды. Өз кезегінде бұл еліміз бойынша бензин және жанар май, майлау майларының тапшылығын тудырды.

Әрине, Қазақстанның тәуелсіздік алуының алғашқы кездерінде әлемнің көптеген мемлекеттерінің дүние жүзіне әйгілі мұнай компаниялары Қазақстанға көмекке келіп, мұнайгаз кен орындарын барлау, оны өндіруге елеулі көмектер көрсетті.

Бірақ Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» компаниясына қарағанда мұнай өндірудің табысында шетел компанияларының үлесі жоғары. Бұған қарағанда еліміз байлығының шетелге кетіп жатқанын көреміз. Сонымен бірге мұнай өндірумен айналысатын шетел компанияларын тек мұнай ғана қызықтырып, мұнайдың ілеспелі газын өңдеу, қоршаған ортаны ластамауға олар тарапынан онша көңіл бөлінбеуде.

Міне, мұнай өндіру саласындағы осындай қолайсыз жағдайларды байқап, еліміз халқының мүддесі тұрғысында мәселені ұтымды шешу жөніндегі шаралар біздің «Қазақстан мұнай саласындағы шетелдік компаниялар» тақырыбында дипломдық жұмыс жазуды таңдауға алғышарт бола отырып қаралып отырған проблеманың өзектілігін көрсетеді.

Проблеманы зерттеудің ғылыми деңгейі. Қазақстан аумағында мұнайдың бар екендігін зерттеу мәселелерімен Қазан революциясына дейін-ақ ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып, геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілгені бұл саланың тарихынан аян. Мысалы, И. Лепехин, П. Паллас, Н. Севецев, ал одан соң Н. Андрусов, М. Мирзаев т. б. мамандардың зерттеулері жүргізілді. Кеңес дәуірінде М. Губкиннің Орал-Ембі аймағын зерттеудегі еңбегі көпке аян.

Біздің дипломдық жұмысымызда «Қазақстандағы геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнай-газды аймақтарды игерудің негізгі кезеңдері» мәселесіне ерекше мән бердік.

Осындай геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан аумағынан мұнай кен орындары ашылып, 1899 жылы алғашқы мұнай алынса, 1911 жылдан бері тұрақты өндірілуде. Қазақстанда мұнай өндіруге 110 жыл толып отыр.

Еліміз аумағында өндіріліп, өңделініп, ол экспортқа шығарылып қана қоймай, оның жаңа кен орындарын іздестіру, зерттеу жұмыстары жүруде.

Жұмыстың мақсаты: Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік қандай мұнай компаниялары бар және олардың Қазақстан экономикасына көмектері қандай сияқты мәселелерді анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа жетуде мына төмендегідей міндеттер алға қойылады:

- Қазақстанға шетелдік мұнаймен айналысушы компаниялардың келуінің мақсаты неде;

- Шетел компанияларының қорықпай Қазақстан аумағында жұмыс істеуіне қандай қолайлы жағдайлар мүмкіндік берді;

- Шетел компанияларының инвестициялық көмек деңгейі қандай;

- Шетелдік компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеу болашағы қандай.

Зерттеудің обьектісі: Шетелдік мұнай компаниялары.

Зерттеу пәні: Шетел мұнай компанияларының Қазақстан аумағында жұмыс істеу әрекеті және олардың инвестицияляқ көмек деңгейі.

Зерттеудің әдістемелік негізі: Мұнай саласындағы Кеңес үкіметі, ТМД елдері және Қазақстан Республикасы ғалымдары, геолог мамандардың еліміз аумағын зерттеу еңбектері және олардың ғылыми тұжырымдамалары болып табылады.

Зерттеудің теориялық негізі: Шетелдік және отандық ғалымдардың, зерттеушілердің мұнай саласындағы ғылыми еңбектері.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Біздің дипломдық жұмысымыздың мазмұнындағы геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнайгазды аймақтарды игерудің кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік мұнай компаниялары жайлы деректер география-экология факультетінде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен жүргізілетін семинар және студенттердің өз бетінше жұмыстары сабақтарында пайдалану тиімді болуы тиісті.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Біздің жұмысымыз кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

I бөлім Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өнеркәсібінің қалыптасу тарихы.

1. 1 Мұнай-газ өнеркәсібінің Қазақстан экономикасындағы алатын орны

Осы заманғы шаруашылық мұнайсыз мүлде қызмет атқара алмайды. Мұнай шикі күйінде пайдаланылмайды, оны өңдеу барысында түрлі отын түрлері алынады. Мұнайды өңдеудің қалдығы мазут электр станцияларында, металлургия пештерінде отын ретінде қолданылады. Мұнайдың қатты қалдығы гудрон - жол құрылыстың пайдаланылады. Мұнайды өңдеудің газ қалдықтары шикізат. Оны өңдеудің барысында синтетикалық талшық, каучук, спирт, пластамасса т. б. өнім алынады.

Қазақстан Республикасы көмірсутекті шикізаттың едәуір қорына ие болуда. Сараптаушылардың бағалауынша Қазақстанның болжамды мұнай қоры 13 млрд тонна, ал оның жерастынан алынатын қоры - 2, 76 млрд тонна, бұл жалпы дүниежүзілік қордың 1, 92 пайызын құрайды. Қазақстан әлемде мұнайдың анықталған қорынан 9, ал болжамды қорынан 12 орында.

Бірақ бұған Каспий теңізі қайраңының және жағалық бөліктерінің болжамды қоры кірмейді, оның қоры 7 млрд тонна. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіруден Ресейден кейінгі екінші ел болып табылады.

Айқындалған республиканың көмірсутекті қорынан респубиканың 179 мұнайлы, газды, мұнай-газды және мұнай-газ конденсаты кен орындар қамтиды. Соның бәрін игерген жағдайда Қазақстан мұнай қоры жөнінен Сауд Аравиясы, Кувейт, Біріккен Араб Эмираты дәрежесіндей болар еді.

Мұнай қорының едәуір үлесі мына төмендегі ірі кен орындарына: Теңіз және Королевке - 1, 9 млрд тонна, Қарашығанаққа - 1 млрд тонна, Өзенге - 213, 5 млн тонна, Қаламқасқа - 114, 5 млн тонна, Жаңажолға - 108 млн тонна, Жетібайға - 93, 9 млн тонна, Солтүстік Бозашыға - 79, 9 млн тонна келеді.

Соңғы жылдары мұнай-газ саласы республиканың жетістігінің бірі болып, ол өнеркәсіп өнімінің 40 пайызын береді.

Жуырда әлемдік экономиканы зерттеу орталықтарының ізденіс жұмыстарының нәтижесінде ХХ-ғасырдың екінші жартысында негізгі қуат көздеріне айналған мұнай-газ кен қорларының жер шарындағы қазіргі көлемі анықталды. Мұнай - 140, 0 млрд тонна, газ - 149, 5 трлн. метр, оның ішінде мұнайдың өндіруге жататын қорының шегі - 65-70 млрд тонна, төменгісі - 53-55 млрд тонна екен. [24]

Мұнай-газ кен қорлары жер шарында біркелкі орналаспаған.

Мұнайдың 67 пайызы Парсы шығанағындағы бес мемлекеттің еншісінде болса, газдың төрттен бірі Ресей жерінде. Бүгінгі Парсы шығанағындағы мемлекеттер жылына жерлеріндегі мұнай қорының - 1, 2 пайызын өндірсе, мұнай бар басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш орташа алғанда - 3, 5 пайыз.

Мұнай қорының жыл аралығындағы өсуі, оны өндірудің мөлшері, болашақтағы оған деген сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасын анықтауға арналған зерттеулердің тұжырымдарына көз жіберсек, онда төмендегідей заңдылықтарды байқамау мүмкін емес.

Соңғы жарты ғасырға таяу уақытта әлемдегі мұнай қорының өсімі млрд тонна есебімен: 1960 жылы - 6, 0; 1970 жылы - 4, 8; 1980 жылы -3, 3; 1990 жылы - 2, 7; 2000 жылы - 1, 6 болжам бойынша 2010 жылы - 1, 0; ары қарай өсім жоқ. Осы аралықтағы оны өндірудің жылдық көлемі: 1966 жылы - 1, 06; 1970 жылы - 2, 5: 1980 жылы - 3, 1; 1990 жылы - 3, 2; 2000 жылы - 3, 3; 2005 жылы - 3, 6, ал 2010 жылы - 4, 6 млрд тоннаға жетеді деп күтілуде.

Көріп отырғанымыздай 80-ші жылдан бастап мұнай қорының өсуінен, оны өндірудің көлемі басым түсіп, жыл өкен сайын ара-қатынасы ұлғайып келеді. Қазір дүние жүзілік мұнай қорының жылдық өсімі (жаңа кен орындарын ашу есебінен) әлемнің 0, 8 пайызын құрайды. Ал жыл сайынғы шығын-әлемдік қордың 2 пайызын алады. Бұл жердегі мұнайдың 2070 жылдарға дейін жететіндігін көрсетеді. Адам тарихында мұндай энергетикалық апат бұрында болған.

Беделді батыстың болжау орталықтары осы зерттеулерді негізге ала отырып, «мұнай қорының азаюына байланысты 2010 жылдан бастап оны өндірудің мөлшері күрт төмендейді» - деп болжау жасайды. Егер болжам шынға айналса қазірдің өзінде мұнай өндіруші және оны тұтынушы мемлекеттердің саясатына үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін.

Келешектегі мұнай тапшылығын жете сезінген, оған деген жылдық сұранысы - 1, 0 млрд тоннаға жеткен АҚШ өз жеріндегі мұнай өндірудің көлемін біртіндеп төмендете бастады: 1997 жылы - 320 млн тонна, 1998 жылы - 310 млн тонна, 1999 жылы - 297 млн тонна, 2000 жылы - 289 млн тонна. Сондықтан да әлемдегі экономикалық өсу үрдісі жоғары мемлекеттердің сыртқы саясаттағы басты бағыты - өзге мемлекеттер жеріндегі мұнай-газ кен орындарына қандай да түрде болмасын иелік жасау, ХХІ-ғасырдағы өмір сүрулерін солардың есебінен қамтамасыз ету. Осындай саясатттың нақты көрінісі: бүгінде Қазақстандағы мұнай қорының - 75 пайызын, газдың - 79 пайызын шетелдік капиталдың иелігінде.

Еліміз аумағында мұнайдың болашағы зор 14-тей бассейндер белгілі, солардың ішіндегі ең ірілері Атырау-Ембі және Маңғыстау бассейндері. Мұнай Оңтүстік Торғайдан да ашылып, мұнайдың үлкен қоры Каспийдің қайрандарында да бар. Сонымен бірге мұнай Солтүстік Қазақстан, Зайсан, Іле бойында да болуы тиіс. Бұл аймақтарда геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. [4]

Қазақстанда мұнай революцияға дейін-ақ, яғни алғаш 1899 жылы Ембіден өндірілді. 1999 жылы Қазақстанда мұнай өндірудің 100 жылдық мерекесі атап өтілді. Ал 1911 жылдан бастап мұнай Доссор, Мақат кен орындарынан тұрақты өндірілуде.

Мұнай мен газ Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарын қамтитын Атырау-Ембі және Маңғыстау бассейіндерінде өндіріледі.

Атырау-Ембі бассейінінде Доссор, Мақат, Қосшағыл, Сағыз, Ескене, Қаратон, Прорва, Теңіз жән Королев, Шұбарқұдық, Теңіз т. б. мұнай кәсіпшіліктері әйгілі.

Ембінің күкірті, парафин аз мұнайының технологиялық сапасы жоғары, одан алынған жанармай өте жоғары бағаланады. Ембі мұнайы Ұлы Отан соғысы жылдары әуе көлігін қамтамасыз етуде жетекші орын алған.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында қоры өте мол Теңіз кен орны ашылып, 80-ші жылдардың басынан игерілуде. Теңіз дүниежүзінің ірі мұнайгазды кен орындарының бірі болып, геологиялық қоры 1, 7 млрд тоннадан астам. Теңіз кен орнының өнімді бөлігі тұзды қабаттан төмен болып, бұрғылау қондырғыларының тереңдігі 4000-6000 м, орташа 4200 метрге жетеді. Теңіз мұнайының құрамында еркін су болмай жеңіл категорияға жатады. Оны игеруде АҚШ-тың «Шеврон» фирмасы көмек көрсетіп, 1993 жылы «Теңіз-шеврон» компаниясы құрылды. Теңіз кен орнында техникалық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау жүргізіліп, мұнай құрамындағы меркаптин деп аталатын қышқылды қосылысты ұстап қалу қондырғысы орнатылды. Мұндай шараларға 100 млн АҚШ доллары жұмсалынды. Меркаптиннен тазартқаннан кейін ғана бұл мұнайды өңдеуге кірісу керек. Қазір Теңіз кен орнынан жылына 11-12 млн. тонна мұнай өндіріліп, ал 2010 жылдары оның көлемі 30 млн тоннадан асатын болады. «Теңіз-Шеврон» бірлескен кәсіпорыны құрамына Қазақстан атымен иемденетін «Теңізмұнай» акционерлік қоғамы, «Мобиль», «Шеврон» және Ресейлік «Лукойл» компониялары кіреді.

Қазақстандағы мұнай өндірудің екінші бассейні Маңғыстау. ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында Маңғыстау түбегіндегі Өзен және Жетібай кен орындарынан мұнай өндіріле бастады.

Соңғы жылдары Маңғыстау, оның Бозащы түбіндегі Қаламқас және Қаражамбас жаңа кен орындары игерілді. Маңғыстау мұнайын өндіру экономикалық жағынан тиімді, себебі оның құрамында күкірт жоқ та, қарамай аз, парафин көбірек болып келеді. Парафинді мұнай тезірек қатады, сондықтан оны құбырмен тасымалдау үшін қосымша жылыту керек.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігіндегі Қарашығанақ газ-конденсат кен орнынанда мұнай өндірілуде.

Торғай аңғарының оңтүстігі Қызылорда облысының Байқоңыр маңында Құмкөл кені ашылды. Оның қоры 4, 74 млн тонна. Оны игеруге Канаданың «Харрикеин» компаниясы көмек беруде.

Каспий труба құбыры концорциумы құбыр жолының (КТК) салынуымен байланысты Қазақстан жағы Жетібай-Ақтай-Атырау-Самара мұнай құбырын КТК-ға берген болатын.

Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Омбы - Павлодар - Шымкент мұнай құбырымен келетін Батыс Сібірдің мұнайында жұмыс істейді. Шымкент зауытына Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кен орнынан қосымша мұнай келеді.

1990 жылы республикада 25, 9 млн тонна мұнай, оның ішінде 4, 4 млн тонна газды конденсат өндіріліп, оның 98 пайызын Батыс Қазақстан облысында, 2 пайызын Маңғыстау облысында өндірілді.

1992-1994 жылдардағы мұнай өндірудің Қазақстанда төмендеу себебі, 90-шы жылдардың басындағы техника мен технологияның сақталынуы барысында кен орындарындағы кен-геологиялық жағдайдың, өндіруші кәсіпорындардың қаржы жағдайының нашарлануы болып табылады.

Орталықтандырылған күрделі қаржының тоқталуы, айналмалы қордың азаюы, ең алдымен Ресеймен тарихи өндірістік және экономикалық байланыстың үзілуі, республиканың Ресей ақша (рубль) зонасынан шығарылуы, өндірістің деңгейіне елеулі әсер етпеді.

1955 жылдан бастап мұнай өндірудің төмендеуі тоқтап, мұнай кейінгі кезеңдерде Маңғыстаудан басқа барлық облыстарда республика бойынша мұнай өндіру көлемінің үнемі өсуі байқалды. 2000 жылы мұнай өндіру көлемі 35, 3 млн тоннаны құрды.

2000 жылы Атырау облысында Теңіз кен орыны, ал Қызылорда облысында Құмкөлде жаңа кен орындарын игеру есебінен мұнай өндіру артса, Ақтөбе облысында белгілі мөлшерде тұрақталынып, 1990-1998 жылдар аралығында Маңғыстау облысында мұнай өндіру мөлшері төмендеп, ал 1999 жылдан бастап Өзен кен орнындағы тоқтап тұрған қондырғыларды жөндеу, оларды іске қосу есебінен арта түсті. Сондай-ақ Қаламқас, Солтүстік Бозащыда мұнай өндірудің өсуі де Маңғыстау облысындағы жалпы мұнай өндіруге әсер етті. [3]

«Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясына қарайтын кәсіпорындар 2000 жылы 6 млн тонна, не республикадағы мұнай өндірудің 17 пайызын берді. «Қазақойлға» Өзеннен басқа Доссор, Мақат т. б. өзіндік құны жоғары жабдықтары тозған ескі кен орындары қарайды. Оның алдында тұрған міндет ішкі нарықты, яғни мұнай өңдеу зауыттарын мұнай өнімдерімен толтыру.

Қаралып отырған кезеңде мұнай өндірудің өсуі біріккен және жауапкершілік шектелген шетелдік «Теңіз-Шевройл» БК, «Қарашығанақ Петролеум Опрейтинг», «ХаррикейнҚұмкөл» БК, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндіретін мұнайгаз және мұнайгазконденсат ірі кен орындары есебінен жүзеге асты.

Мұнай өндіру көлемін шектейтін факторларға: мұнайды экспорттайтын көлік құралдарының жеткіліксіздігі, Ресей мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қазақстан мұнайын экспорттауға қойылған квот, Орынбор зауытында Қарашығанақ шикізатын өңдеудегі КИО мен Ресей арасындағы келісімнің болмауы, «Қазақойл» мұнай компаниясына қарасты кәсіпорындардың қоры шағындау, ескі кен орындарды пайдалану салдарынан мұнай өндіруді едәуір арттыру мүмкіндігінің болмауы жатады.

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жылдан жылға артуда. 2000 жылы - 35, 3 млн тонна, 2005 жылы - 59, 4 млн тоннаны құраса, 2010 және 2015 жылдары 95 және 120 млн тоннаға жететін болады.

Көмірсутек шикізатты өндіру 5 облыста онан әрі жүзеге аса беретін болады. Мұнай өндірудің өсуі:

  • Атырау облысы бойынша - Теңіз кен орнын онан әрі игеру және жаңа Қашаған кен орнын игеруді іске қосу есебінен;
  • Маңғыстау облысы бойынша - Қаламқас, Солтүстік Бозащы кен орындарында жаңа бұрғылау қондырғылары, Өзен кен орны қабатына екінші реттік әсер ету әдісі есебінен;
  • Батыс Қазақстан облысында - Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын онан әрі дамыту;
  • Ақтөбе облысы бойынша - Урықтау, Әлібекмола, Қожасай кен орындарын іске қосу; Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай кен орындарының көмірсутекті шикізатын өндіруге арналған 25 жылдық мерзімді қатитын ЖШС «Қазақойл Ақтөбе» кәсіпорын құрылып, оған қатысушылар «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы (50 пайыз) және Канадалық «Нельсон Рисирсис» (50 пайыз) компаниялары.
  • Келісім әрекеті кезеңінде 40 млн тонна мұнай өндірілетін болады. Кен орнын дамытуға бағытталған жалпы инвестиция мөлшері 856 млн АҚШ доллары.
  • Қызылорда облысы бойынша - облыстың жаңа кен орындарын игеру есебінен жүзеге асатын болады.

Қазақстан Республикасы облыстары бойынша 2000, 2005-2015 жылдар

кезеңінде газды конденсатты қоса алғандағы жалпы мұнай өндіру. 1. 1. 1-кестеде көрсетілген. [8]

1. 1. 1-кесте

2000
Болжам
2010
2015
: Қазақстан бойынша жалпы мұнай өндіру, барлығы:
2000: 35, 3
Болжам: 56-62
2010: 90, 100
2015: 114-126
: Оның ішінде:
2000:
Болжам:
2010:
2015:
: Атырау облысы бойынша
2000: 13, 5
Болжам: 24, 4-27, 0
2010: 55-61
2015: 77, 5-85, 7
: Маңғыстау облысы бойынша
2000: 9, 2
Болжам: 11, 8-13
2010: 14, 6-16, 2
2015: 15, 3-16, 9
: Батыс Қазақстан облысы бойынша
2000: 4, 6
Болжам: 9-10
2010: 9, 0-10, 2
2015: 9, 5-10, 5
: Ақтөбе облысы бойынша
2000: 2, 7
Болжам: 7, 8-8, 2
2010: 10, 9-11, 1
2015: 12, 8-13, 2
: Қызылорда облысы бойынша
2000: 5, 3
Болжам: 6, 0-6, 8
2010: 6, 3-6, 9
2015: 6, 5-7, 1

2009 жылы Қазақстанда 75 млн 523 мың тонна мұнай өндірілді.

Сонымен Қазақстан әлем елдерінің ішінде мұнай мен газдың қоры және оларды өндіру көлемі, сондай-ақ оларды экспорттау жөнінен жетекші орынды алады. Мысалы 2009 жылы елімізде 76 млн 523 мың т мұнай өндіру ісі болса, соның 68 млн тоннасы әлемдік нарыққа шығарылды. Дипломдық жұмыстың осы параграфында мұнай-газ отын түрлерінің еліміз экономикасында әрі отын, әрі химиялық шикізат ретіндегі маңызы жан жақты сипатталынған.

1. 2 Қазақстан Республикасы аумағындағы мұнай-газ кен орындарын зерттеу тарихы

Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті халыққа ежелгі кезден белгілі болды. Бұған Майтөбе (масляный холм), Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл (черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло), Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың, бұлақтардың, құдықтардың және т. с. с. қазақша атаулары соған айғақ.

Бастапқы кезең. Халықта Әукетай-Шағыл ауданындағы (Орал-Жайық өзен аралығында) «Киелі от туралы» аңыз сақталды, кейін белгілі болғандай, ол жанатын газдың шығуына арналыпты. ХІХ ғасырда атақты діни қызметкер және емші Мәтенқожа малдың қотыры мен адамдардың тері ауруларын Ойыл өзенінің төменгі ағымындағы құмның астынан шығатын қара маймен емдепті. Жібек жолымен Қытайдан Үндістанға жүрген сауда керуендері арбаларының дөңгелектерін жағу үшін Зайсан ойысындағы Қарамай шатқалында жиналып қалған қара майды пайдаланғаны туралы саяхатшылардың естеліктері де сақталды.

XVI ғасырдың аяғында Патшалық Ресей Қазақстанның байтақ еліне назар аудара бастады және XVIІ ғасырда империяның шығыс шекараларын нығайту, оңтүстік елдерге сауда жолдарын іздеу мақсатында көпестер отрядын, әскери типографтар мен табиғат зерттеушілерді оқтын-оқтын жіберіп тұрды. Атырау облысының аймағындағы мұнай туралы алғашқы мәліметтер 1717 жылы І Петрдың Жарлығымен Ембі өзенінің төменгі ағыны арқылы Хиуаға әскери-топографиялық экспедицияны ұйымдастырған Бекович-Черкасскийдің жазуларында, одан кейін 1869 жылы географ Н. Северцевтің жарияланған есебінде (Ш. Есенов және басқалары, 1968) анықталды. [22]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Жерқойнауын пайдаланушы ұйымдардағы буxгалтерлік есеп пен салық салудың ерекшеліктері ( КОР Мұнай компаниясы АҚ мысалында)
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Мұнайдың геологиясы, пайда болу жолдары
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Мұнай-газ саласын дамыту
Нарықтағы маркетингтік зерттеулер теориясы
Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz