Материктердің беткі құрылысы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мұхиттар

Маржан рифі - дүние жүзінің ең ежелгі және ең қиын экожүйесі.

Кариб теңізінде маржанның 180 түрі бар, бұларға «гаргона» (қара маржан) да жтады. Ол Микронезияда маржандардың 300-ден астам түрі кездеседі. Маржан рифінде ерекше атты бар балықтар өмір сүреді: жүзу қанаты көк көбелек балық, періште балық, хирург балық, теңіз иті, сарбаз балық, сержант балық, пинцеит балық, ұсақ теңіз қарлығаштары.

Кальмар - теңіз «хамелеоны», ол өз түсін жағдайына қарай өзгертеді.

Манта балығы (теңіз албастысы) - мүйізді тармағынан, тұлғасының ендігі (қанатымен) 6, 6 м, массасы 1, 5 т. дейін жетеді, ұзындығы 7 м дейін.

Мұхиттағы жануарлар ауырыманды, өйткені су олардың сырқатының алдын алады.

Керуан ағысының температурасы оңтүстікте 15° С-тан жоғары, ал солтүстікте 20° С дейін.

Бенгол ағысының температурасы оңтүстікте 15° С, ал солтүстікте 22° С дейін жылы.

Гавай аралдарындағы Маун Кеа суасты тауының биіктігі 9, 5 км.

Гибралтар бұғазы арқылы Жер орта теңізінің суы жаңаруына 80 жыл қажет. Теңіз жағалауларында көп қызмет атқарады. Батыс - Фриз аралдарын «саяхаттаушы» дейді. Аралдар жайлап өз бейнесін өзгертіп, шығысқа қарай жылжиды. Теңіз өз толқындарымен батыс жағалауларын қиратады, ал шығысқа толқындар құм тасып, аралдың көлемін үлкейтеді. Ұсақ аралдарының біреуі 140 жылда 3 км жылжыпты, ал Тессель аралы 100 жылда 1, 5 км жылжыды.

Теңіз балдырларын тамақ және фармацевтикалық өндірістерде қолданады. Балдырлардан спирт, уксус, эфир алады. Жапония теңіз суынан уран өндіретін эксперименталды зауыт жұмыс істейді. Уранды 1 жылда 10 кг дейін өндіреді.

Атлант мұхиты өз атын 1507 жылы алды. Ол алғаш рет Валтд-Земюллердің картасында Алып Атланттың атымен аталды. Бұдан алдын ол әр түрлі атқа ие болатын: гректерде - Геракл бағаналарының артындағы теңіз, Батыс теңізі, Қараңғы теңізі, ежелгі ирландтарда - бақырауық су.

1993 жылы ресей-германдық экспедициямен Солтүстік мұзды мұхиттың Лаптевтер теңізінде 1990 м тереңдікте гидротермалар табылған (77°45' с. е., 125°55' ш. б. ) . Ал америкалық зерттеушілер гидротерманы Гаккель жотасында тапқан.

1997 жылы американдық экспедиция Солтүстік-атлант жотасында 37° мен 14° с. е. 800-3800 метр тереңдікте гидротермальды алаңдар ашты. Оларға мынандай аттар берілді: Менд, Гвен, Лаки, Страйк.

2000 жылдың наурыз айында Багам аралдарында өткен американдық әскери оқуларда ондаған киттер (қайыс тістілер) өздерін жағалауға тастаған. Мұның себебі - қуатты дыбыс сәулелер болған.

Соңғы кездерде Солтүстік Атлантикада траулер тауларынан көптеген маржандар жойылып жатыр.

Адриатика теңізінде 1185 арал бар, оның ішінде адамдар өмір сүретіні 67. Баренц теңізіндегі Штокман газ өңірінде 3, 5 триллион газ бар. Теңіздер мен мұхиттарда көптеген тұщы құдықтар бар. Оның ең әйгілі аймақтары:

  1. Жер орта теңізінде Триполи (Ливан ғажайыбы), Канн, Сан-Ремо аймақтарында;
  2. Адриатика теңізінде Хорватия жағалауларында;
  3. Қара теңіздің Форос аймағында, Сочи мен Балакалава аймақтарында;
  4. Эге теңізі;
  5. Атлант мұхитының Флорида түбегінде (тұщы су 100 м тереңдіктен шығады) ;
  6. Парсы шығанағында;
  7. Карпентария шығанағында.

Бұл құдықтарды тұщы су алу үшін теңізшілер көп қолданады. Ең мөлдір теңіз - Уэделла (79 м) .

1999 жылы Тынық мұхитта Футуна жотасы ашылған (19°32' о. е., 170°12' ш. б. ) . Жотаның биіктігі 1390 м, жоғарғы нүктесі 600 м тереңдікте орналасқан.

Материктердің беткі құрылысы

Кейбір геологиялық кезеңдер қалдықтардың табылған жердің атымен аталған.

Кембрий - Ежелгі Уэльстің атымен - Кембрий.

Ордовик - Англия жерін мекендеген халықтың атымен.

Силурий - Уэльс жерін мекендеген халықтың атымен - Силуриар.

Девон - Девон графтығы (Ұлыбритания) . Бұл атты ағылшын геологы Р. И. Мерчисон берген.

Перм - Ресейдегі Пермь қаласының атымен аталған.

Юра - Юра тауларының атын берген.

Эол бедері өз атын грек мифологиясындағы жел құдайынан алған. Ол құдайдың аты - Эол. Рельеф қатты желдің әсерінен пайда болады: жел 20 м/с жылдамдықпен құм, шаңды алып келеді, ал 30 м/с одан да жылдам болғанда тастар мен ағаштарды алып келеді. Өрт кезінде жел оттарды жүздеген метрге лақтырады.

Флювиалды бедер өз атын латын Hurius - өзен, ал глациал - glacies - мұз сөздерінен шыққан. Тәджикистанның Кулаб қаласындағы тауда тұзды ірі тас бар, оның биіктігі 900 метрдей, ал пішіні саңырауқұлаққа ұқсас. Жыл сайын жер бетінде 1 млн-дай жер сілкіністері болады. Олардың ішінде 1 - 20 қатты жер сілкіністері. Дүниежүзінде құрылықта 114 сейсмограф жұмыс істейді, ал мұхиттарда біреуде жоқ, яғни жер бетінің 70 %-ы зерттеулерден тыс. Жерде қазіргі таңда 600 ден астам актив жанартаулар бар, олардың көпшілігі тынық мұхитында.

Индонезияның 400 жанартауларынан 100 активті. 1985 жылы Руис жанартауының атқылауы 22 мың адамның өмірін алып кетті.

Этна - ең активті жанартаулардың бірі. Ең үлкен Африканың вулкандық массиві - Килиманджаро, оның Кибо атты жанартауы атқылайды. 1800 жылдан бері бұл жанартау 12 рет қатты атқылаған, жанартау 26 мың км 3 жақын лава лақтырады.

Қайнар бұлақтар дүние жүзінің 6 мемлекетінде ғана бар, бұлардың 5 солтүстік жарты шарда: Исландия, Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония, Жаңа Зелландия. Қайнар бұлақ аймақтары Камчаткада, Оңтүстік жарты шарда - Жаңа Зелландияда бар (Солтүстік аралда) .

Құрлықтың ішкі сулары

Амазонканың 1000 астам ағындары бар. Көлемі бойынша ол Енисей сияқты 12 өзенді, Еділдей 25 өзенді құрайды. Амазонканың бастауы Перуан андыларында (Кивилия тауы) 5170 м биіктікте; ол мұндағы тереңдігі 40 см, ал координаты 15°31' о. е. пен 71°41' б. б. Апачето арығынан алады. Миссисипи өзенінің бастауы - Аитаска көлі (Миннесота штаты) .

Киелі Лаврентий өзені үлкен жол секілді, ол Чикаго, Кливлент, Детройт, Монреаль, Торонто, Квебек қалаларын бір магистральға қосады.

Үнді географы Брама Гоузаның пікірінше Ганга өзенінің астында жерасты өзен бар. Ол өз бастауын Гималайдан алып, 200 км тереңдікке кетіп, ол бенгал шығанағына шыға алмайды.

Дүние жүзінде 5 млн. көл бар, оның ішінде 6 мың көл Финляндия жерінде.

Норвегияның 1/5 бөлігін көлдер алады. Олардың саны 200 000-ға жуық.

Дүние жүзінің 250 көлінің аумағы 500 км 2 , мұндай өзендердің жартысы Солтүстік Америкада. Канадада 4 млн. көл бар. Олардың шығу тегі, көлемі, тереңдігі әр түрлі.

Каскад тауларында тереңдігі 600 м Крейтер атты вулкандық көл бар. Бұл көл 2700 м биіктікте орналасқан. Оның диаметрі 9, 5 км-ға жуық.

Шотландияда «он бір» атты көл бар. Оның ұзындығы 11 км, онда 11 арал, 11 түрлі өсімдік, 11 түрлі балық бар.

Шығыс Африкадағы Туркана (Рудольф) көлін нефритті деп атайды, өйткені судағы көк-жасыл балдырлар шайқалып, көл жасыл түсті болып көрінеді. Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасы жергілікті халық арасында Моси - оа - Гунья атқа ие. Оның мағынасы «Сарқыраған түтін». Сарқырама 5 ағыннан тұрады, оң жағалауында тар «шайтан сарқырама», одан кейінгісі «негізгі сарқырама», оның ендігі 830 м, «Жылқы сағасы», «Кемпірқосақтық», «Шығыстық». Судың түсу биіктігі 100 м дейін.

Дүние жүзінің ең үлкен артезиан құдығы Алжирдің Мальга оазисінде орналасқан. Ол 63 м тереңдіктен күніне 4 млн-нан астам шелек су береді.

Гренландияның мұз жамылғысы ерісе дүние жүзілік мұхиттың деңгейі 6, 5 м көтеріледі, өйткені мұздың көлемі 2, 6 млн. км 3 .

Дүние жүзінің кейбір тілдерінде өзен сөзі мынадай айтылады:

Бахр - арабша;

Ганга - хинди;

Гол - моңғолша;

Дарья - түрікше;

Йоки - финше;

Йоги - эстонша;

Мурәп - моңғолша;

По - тибетше;

Ривер - ағылшынша;

Рио - испанша;

Сиу - португалша;

Су - түрікше;

Цзян - қытай;

Хә - қытайша;

Чу - тибетше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Литосфера - жер қабығы
Еуразияның физикалық картасы
Теңіздің геологиялық әрекеті
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Дүние жүзілік мұхит суларының қасиеттері
Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
Құрлықтағы географиялық белдеулер
Жалпы жер тану пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz