Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің зерттеушісі Мұхтар Әуезов


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мұхтар Әуезов

(1897-1961)

Болашақ жазушы 1897 жылдын күзiнде қазiргi Семей облысының Абай ауданында дүниеге келдi. Түрiк, араб-парсы әдебиеттерiнен жақсы хабардар Әуез атанын «мұхтар» деген сөздiң «азат», «бiлiмдi», «таңдаулы» деген мағынаны бiлдiретiнiн кiтаптан көзi шалып, көкiрегiне түйгенi бар едi. Сол сөздi таңдап алып, өзiнiң үлкен ұлы Омархан мен сүйiктi келiнi Нұржамалдан туған тұңғыш немересiне Мұхтар деп ат қояды.

Әуез қарт ұлы ақын Абайдың адал досы болған. Ол Абайдың асыл өлеңдерi халқынын асыл казынасына айналса екен деп арман етушiлердiң бiрi едi. Ол кезде қазақ елiнде сауатты адамдар аз болатын, кiтап басылмайтын. Осындай жағдайларда Әуез қарт өзiнiң сүйiктi ақыны Абайдың өлеңдерiн көшiртiп, түптетiп алады. Соны оқулық орнына пайдаланып, өз балалары мен немерелерiне өзi сабақ бередi. Алдымен араб әрiптерiн үйретiп, хат танытады. Содан соңғы Әуез ұстаздың бар педагоктiк әдiсi-Абай өлеңдерiн шәкiрттерiне бiрiнен соң бiрiн жаттата беру болады. Күндердiң күнiнде Әуез атаның алдына бес-алты жасар кең маңдай, бұйра шаш бала Мұхтар да шәкiрт болып, тiзе бүгедi.

Әуез ақсақал өз баласы Қасымбекті Семейдегі орыс мектебiне бергiзген едi. Артынан сол Қасымбек, Әуез атасының рұқсатымен, Мұхтарды қолынан жетелеп апарып, Семейдегi бес кластық орысша оқытатын училищеге түсірді. Он екi жасында әкесi олiп, он бес жасында шешесiнен айрылған әрi қамқор атадан жырақ жерде оқуда жүрген Мұхтарға осы ағасы үнемi бас-көз болды. Орыс училищесiн бiтiргеннен кейiн Мұхтар Семейдегi мұғалiмдiк семинарияны тамамдады.

Ағалы-iнiлi екi Әуезов жыл сайын қаладан ауылға каникулға келiп тұратын едi. Елге келген сайын зейiндi жас Мұхтар ауылдағы әр түрлi әлеуметтiк теңсiздiктi көрiп, қалаға жаны жабырқап қайтатын. Қызды ерiксiз малға сату, көп әйел алу, барымта, кiсi өлтiру, құн төлеу сияқты зорлық-зомбылық заңдарына жаны түршігетiн. Сондықтан да оның ең алғаш жиырма жасында жазып, ауыл сахнасына өзі қойған пьесасы «Еңлiк-Кебек» болды. Өз елiнде анық болған оқиғаға негiзделген бұл пьесада ол өз теңіне қосылуға бел байлаған қыз Еңлiк пен оның сүйген жігітi Кебек батырдың қайғылы тағдырын бейнеледi, оларды асаудың құйрығына байлап өлтірген қатыгездікті әшкереледі. «Қарагөз» пьесасында сүйгеніне қосыла алмаған сұлу қыздың есi ауысып өлген ауыр халiн суреттейдi. Алғашқы жазған әңгімесін « Қорғансыздың күні» деп атады. Мұнда да жетім қыз Ғазизаның басынан кешкен аянышты халiн баяндады.

Әуезов жиырмадан аса пьеса жазды. Көптеген әңгіме, повестер жариялады. Шекспирдiң « Отеллосы» мен « Асауға тұсауын», Гоголдiң «Ревизорын», т. б классикалық пьесаларды ана тiлiне аударып, қазақ сахнасына шығарды.

Әуезовтың «Көксерек» атты әңгімесiн оқыған үлкен-кіші Құрмаш деген баланың қайғылы тағдырына толғанбай тұра алмайды. Бұл әңгіме киноға да түсірілді, көптеген шетел тілдеріне де аударылды.

Әуезов өзінің соңғы жиырма жыл өмірін « Абай жолына» арнады. Жазушының бұл орасан зор еңбегін партия мен үкімет, совет халқы жоғары бағалады. Романның алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. « Абай жолы» роман эпопеясының төрт томы түгел шыққаннан кейін 1959 жылы Әуезов Лениндік сыйлықтың лауреаты болды.

Бұл роман дүние жүзі халықтарының 30 тіліне аударылған. «20 ғасырдағы ең ұлы шығарманың бірі» деп бағаланған « Абай жолы» - қазақ халқының «көрер көзі, лүпіл қаққан жүрегі, дана ойы болған» Абай Құнанбайұлының өміріне арналған. Мұнда қазақ халқының заман бойы қалыптасқан тарихи тұлғасы сомдалып, оның әдет-ғұрып, салт-сана, тұрмыс-тіршілігі кеңінен суреттелген. Сондықтан да бұл роман-эпопеяны қазақ халқы өмірінің энциклопедиясы деп атайды.

Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің зерттеушісі, Қазақ Ғылым академиясының алғашқы академиктерінің бірі, филология ғылымдарының қазақтан шыққан тұңғыш докторы, профессор, педагог Мұхтар Әуезов отыз жылдан аса уақыт Алматы жоғары оқу орындарында үздіксіз ұстаздық етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әуезов шығармалары
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Қазақ драматургиясы
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясы туралы
Драма мен театр байланысы
Әбділда Тәжібаев туралы
Тарихи трагедия табиғаты
Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезовтың жаңашылдығы
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz