МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВ 1897-1961 жж


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВ

1897-1961 ж. ж.

Мұхтар Әуезов 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданында туған. Заманымыздың заңғар жазушысы. Қазақ Ғылым Академиясының академигі. Әлемдік академияның классиктерімен есімі қатар алатын көрнекті суреткер. Ол - қазақ әдебиетінің ірі өкілі.

Бала Мұхтардың сандық кітап жинайтын атасы Әуез зиялы кісі болған. Ол өзінің немересіне әріп үйретіп, сауатын ашады. Мұхтар көпті көрген шежіре қарттың әңгімелерін тыңдап өседі. Атасының үйретуімен ұлы ақын Абайдың өлеңдерін жаттап, көкірегіне құя біледі. Он жастан асқанда Мұхтарды ағасы Қасымбек Семейдегі орыс мектебіне орналастырады. Оны бітірген соң, қалалық училищеге түседі. Одан кейін оқу - білімге ынталы Мұхтар мұғалімдер семинариясында білімін әрі қарай жалғастырады.

Осы семинарияда оқып жүріп, жиырма жасында небәрі жеті күннің ішінде “Еңлік-Кебек” пьесасын жазады. Ол ауылда Әйгерімнің қос кйіз үйін жапсарлата тіккізіп, елге көрсетеді.

Қоюшы режиссері де, суфлері де Мұхтардың өзі болады. Мұны жергілікті жердегі азулы би-болыс өкілдері ұнатпайды. Ол заманда федаалдық-патриархалдық қоғамдық занның өктем болғандығын жас жазушы екі ғашықтың трагедиясы арқылы көрсетеді.

Ташкентте Орта Азия университетінде, Санк-Петербургте оқыған жылдары ол Шығыс өнерімен қатар Батыс өнерімен де кеңінен танысады.

Мұхтар Әуезов патшалық Ресейдің жыртқыштық іс-әрекетін, ұлтымыздың өркендеуіне тігізіп отырған кесір-кесапатын да өз көзімен көрді. Оны “Қиялы заман” (1928 ж. ), “Қорғансыздың күні” әңгімелерінде шынайы әрі көркем суреттеп жазды. Бұл шығармаларында Л. Толстой, И. Тургенов, М. Горький сияқты ұлы жазушылардың суреткерлік шеберлігінен үлгі алғаны байқалады.

Сол кезде Мұхтар Әуезов Абай туралы материалдар жинауға кіріседі. Бала кезінен Абай өлеңдерін жаттап, Абай ауылын, Абай мектебін терең танып өскен ол енді тын деректерді де іздеп табады. Абайдың замандастарымен араласқан, олардың көзін көрген кісілермен сұхбаттасады. Абайсыз бір сәт тұра алмайтын суреткерлік рухымен ұлы ақын туралы үлкен шығарма жазуға кірісті. Қырқыншы жылдардың басында Абай пьесасын жазды. Осы пьесадағы Абай бейнесі “Абай жолы” романындағы дана ақынның асқақ тұлғасын жасауға жол ашты.

“Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы (1942-1947 ж. ж. ) 1949 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болды. Екінші кітабы (1952-1956 ж. ж. ) Лениндік сыйлық алды. Эпопеяның алтын арқауы - ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтің өмір жолы. Ол ақынның “соқтықпалы-соқпақты” арқылы қазақ қоғамының қиын да, күрделі тіршілігін көз алдымызға жайып салады.

Мұхтар Ауезов көшпенділерді басқа бір қырынан көрсетті. Көкірек керіп, менсінбей қарайтын өркениетті әлемге өзіндік ерекше мәдениетті бар қоғамның бір өкілі екенін танытты. Олар даланың ғажайып өмірін осы Абай эпопеясын оқып, таңдай қағып, таңғалды.

Қазақ халқы өзінің өсіп-өркендеу жолындағы барлық азап пен хикметті бастан кешіріп, бар ауыртпалықты мойнымен көтерді. Мың өліп, мың тірілсе де құдайдың өзіне берген анты мен сертіндей сөздің қадір-қасиетін түсініп, ар-намысын сақтап, ожданы мен рухын жоғалтпай, тал бесіктенжер бесікке дейін той-думаны, ойын-сауығы таусылмаған.

Бәлкім, менің туған халқымның, жер бетінен жоғалып, құрып кетпеуі де, осы асыл қасиеттерінің арқасы шығар.

Мұхтар Әуезов “Абай жолы” романында жаңа жол заманға бет алғандар мен ескі қоғамның етегінеен жырмасып айырылғысы келмегеңдер арасындағы арпалысты, күресті суреттеді. Құнанбай мен Абай образдары қоғамдық астарлы тұлғаға айналады. Құнанбай - көшпелі феодалдық дәуір, ал Абай - жаңа дүние көшіне бет бұрған бейне. Абай - оқу-ағарту, білім жаршысы. Соны сезген кәрі қоғам қатал Құнанбай арқылы оған қарсы шығады. Абайдың айтар ойы мен мақсаты да кең құлашты, өрісті өркениет жолы. Ол өркениетке ұмтылған жарық сәулелі арман-тілек халық мүддесімен ұштасып жатыр. Романда Абай әрқашан халықпен бірге. “Абай жолы” эпопеясы - ұлы ғалым Қанаш Сәтбаев бағалағандай, шын мәніде қазақ халқының энциклопедиясы.

Мұхтар Әуезов - қазақ қауымының жүріп өткен ғасырлық жолын терең білген ғұлама ғалым. Дала тарихындағы қилы кезеңдер оның әр жылдарда жазған әңгіме, повестері мен драмаларында ғана емес, әдебиет зерттеулерінде де айқын көрініс тапқан. Оның Шығыс пен Батыстың медениеті мен әдебиеті де ғажап меңгергені сондай, Берлинде, Прагада, Делиде, Токиода және Нью-Иорк пен Вашингтонда өткен кездесулердегі баяндамаларында өз әріптестерін таңғалдырды. 1956 жылы ғажайып Үндістанға сапары кезінде ол көсіле сөйлегенде, “шығыстың тірі Буддасы” деп, үнді ғалымдары оның ғұламалығына қайран қалған . Үнді жазушылары ұлы Әуезовке Азия мен Африка елдері жазушыларының форумын құру жөнінде ұсыныс жасаған. Ол өз ойында бұрыннан жүрген бұл ұсынысты құп алып, 1958 жылы Ташкентте осы форумның алғашқы конференциясын өткізуге атсалысты. Екі құрлық жазушыларының алдында Әуезов тамаша сөз сөйледі. Онда Тұран өлкесінің сан ғасырлар тарихындағы ұлы тұлғаларды қадірлеп, өзіміздің бай шежіремізді терең зерттеуді кезек күтпейтін келелі мәселе етіп қойды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Мұхтат Әуезов өмірі, қазақ әдебиетінің негізін салушы
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz