Мырыштың физикалық қасиеті


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мырыштың өндірілу тарихы
  2. Мырыштың физикалық қасиеті
  3. Мырышты шикізаттан өңдеудің басты шаралары
  4. Мырыштың қорытпалары

ІІІ. Қорытынды

Мырыштың қолданылуы

Кіріспе

Мырыш қосылыстары, әсіресе оның мыспен қорытпасы - жезді адамзат өте ертеден білгенімен мырыш туралы мәліметтер біраз уақытқа дейін ұмыт қалып, тек 1721 жылы Саксондық неміс металлургы (М. В. Ломоносовтың ұстазы) И. Генкель кімнен таза мырыш алудың әдістерін тапқаннан кейін оның қасиеттері және қосылыстары зерттеліп, алғашқы мырыш өндіретін заводтар салына бастады.

Мырыштың латынша аты - zincum (латынның «цинкум - ақтаңдақ, ақ дақ» деген мағынадағы сөз) кейбір зерттеушілер немістің «zinn - қалайы» деген сөзінен алынған болар деп жорамалдайды. Мырыш адам баласына көптеген ғасырлар бойы таныс болғандықтан, оның аты сан рет өзгерген: оны ертеректерде «аурихалькум», «алтынды мыс», «спелтер», «тутия», «шплаутер», т. т. аталған. Тек осы ғасырдың 20-жылдарынан бастап мырыш (орысша цинк) деп аталуда.

Мырыштың өндірілу тарихы

Мырышты археологтардың зерттеуі бойынша б. з. д. екі мың жыл бұрын рудадан алу тәсілін Индия территориясы білген. Сол мырышты өндіруді алғаш рет Қытай мен Индия бастаған екен. 1743 жылғы Бристолдағы завод алғашқы мырыш заводы болып табылады, Европа бөлігіндегі.

Европа континентінде мырышты өндіру технологиясының дамуы XVIII ғасырдың соңы деп есептелінеді. Өндіріс орны бірінші рет мырыш өнімін Силезияда өндірген.

Осыдан бастап мырыш өндірісі Бельгияда, Голландияда, Францияда және т. б. Европа елдерінде дами бастады.

Жаңа мырыш өндіретін мықты өндіріс орындары Кавказда, Украинада, Оралда, Сібірде және Қазақстанда болды. Шетелдерде Канадада, АҚШ-да, Австралия, ФРГ, Швеция, Жапония, Перуде ірі өндіріс орындары орналасқан.

Мырыштың физикалық қасиеті

Мырыш - периодтық жүйенің ІІ тобындағы химиялық элементі, оның реттік номері - 30, салыстырмалы атомдық массасы 65, 38, тұрақты 5 изотопы бар, олар: 64 Zn (48. 89%), 66 Zn (27, 81%), 67 Zn (4. 11%), 68 Zn (18. 57%), 70 Zn (0, 62%) .

Мырыш табиғатта кең таралған элементтердің қатарына жатады. Мырыштың жер қыртысындағы массалық үлесі - 5*10 -3 %, өндірістік мәні бар минералдарына: сфалерит, табиғи мырыш сульфиді - ZnS, смитсанит немесе галмей, каламин - ZnCO 3 , т. б. жатады. Мырыш өндірісте қорғасын, мырыш, мыс-мырыш кендерінен, құрамында алтын, күміс, кадмий т. б. сирек металдары бар полиметалды кендерден өндіріледі.

Мырыш - көгілдір түсті, жылтыр металл, оның балқу температурасы - 913 0 С, тығыздығы - 7130 кг/м 3 . Мырыш қалыпты температурада, құрғақ ауада тұрақты, бірақ морт сынғыш элемент, ал 100-150 0 С температурада және температура жоғарылаған сайын мырыштың иілгіштігі, созылғыштығы, тотыққыштығы арта түседі. Қалыпты жағдайда мырыштың сыртын тотығудан қорғайтын оксид қабаты қаптайды. Ол жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.

Мырыш қосылыстарында +2 валентті болып келеді, қыздырғанда оттегімен, галогендермен, күкіртпен және фосформен жақсы әрекеттеседі. Мырыштың аса маңызды қосылыстары: мырыш оксиді ZnO, сульфиді - ZnS, гидрооксиді - Zn(OH) 2 , галогенидтнрі - ZnX 2 (Х-галоген), карбонаты - ZnCO 3 , сульфаты - ZnSO 4 т. б.

Мырыш оксиді ZnO галмейді (ZnCO 3 ), не мырыштың өзін күйдіру арқылы алынады. Ақ түсті борпылдақ ұнтақ. Техникада мырыш жіп жасау үшін, жұмсақ резинаның салмағын арттыру үшін араластырады, медицина мен косметикада түрлі майлар құрамына араластырылады.

Мырыш гидрооксиді Zn(OH) 2 . Өзі көлемді, ақ түсті тұнба. Бірақ амфотерлі қасиетті болғандықтан, қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.

Натрий цинкатының Na 2 ZnO 2 комплекс анионы бар түрін гидрооксидті цинкат дейді, ол суда ериді.

Мырыш гидрооксиді аммиак ерітіндісі де ериді, өйткені бұл жағдайда да комплекс түзіледі.

Мырыш тұздары жалпы ауыр металдардың көпшілігінің тұздары сияқты суда ерімейді. Еритіндері күшті қышқылдардың - тұз, күкірт және азот қышқылдарының тұздары. Ерітінділері түссіз, олардан тұз қайта кристалданғанда кристалмегидрат түрінде бөлініп шығады - Zn(NO 3 ) 2 6H 2 O.

Мырыш сульфиді - ZnS табиғатта кездеседі. Қолдан алынғаны ақ түсті болады. Суда ерімейді, іс жүзінде метопон деген ақ бояу құрамына кіреді. Кристалдық ZnS-ке аз ғана активтер (Cu, Mn, Te т. б. ) қосса, шамалы сәуленің әсерінен жарқырайтынқасиетке ие болады. Осындай бояуларды сағаттың циферблатына, басқа шкалаларға жағуға пайдаланады.

Мырыш хлориді - ZnCl 2 . Мырыш хлоридін алу үшін Zn, ZnO не ZnS-ті тұз қышқылдарына ерітеді. Ол суда ерігіш, гидроскопиялық, дымқыл тартып былжырап кететін зат.

Темір жол шпалдары үшін оларға алдын ала ZnCl 2 ерітіндісі сіңіріледі. Металдарды дәнекерлеуде, органикалық синтезде мата бояу жұмысында қолданылады, ZnCl 2 комплексті тұздар түзуге де бейімділігі бар, мысалы М 2 [ZnCl 4 ]

Мырыш сульфаты ZnSО 4 . Бұл тұз ерітіндіден кристалмегидрат ZnSО 4 2 О түрінде бөлініп шығатындығы айтылды, оны мырыш купопасы деп те атайды. Электролиз жолымен мырыш алғанда, мата бояуда, медицинада қолданылады.

Мырышты шикізаттан өңдеудің басты шаралары.

Таза мырышты мырыш оксидін көмірмен тотықсыздандыру немесе күкірт қышқылында еріту арқылы ерітіндіні электролиз деп алады. Мырыш алу технологиясына қарай пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық болып екіге бөлінеді.

Пирометаллургиялық әдіс арқылы соңғы сатысында агломераттың ұнтақталған түріндегі огарок алады. Күйдіруді алдымен материал қышқылда еріту барысында күкіртті жоғалтып, содан кейін еріп кететіндей етіп жүргізу керек. Материал еру үшін оның қабаттарында 1300-1400 *С дейін жету керек. Ұнтақталған агломерат мырыш барысындағы керекті газоткізгішті қамтамасыз етеді. Газоткіш көміртегісі өңдегіш ретінде қызмет атқарады. Дистиляция арқылы металдық мырышты өңдеу үшін процесті жүргіземіз. Содан жоғарғы сапалы көп мөлшері кетеді.

Гидрометаллургиялық процесінде мырышты алу үшін күйдіріп, шаркапорошканы 900-1000*С-да алады. Күкірт қышқылында еріту арқылы ерітіндіні электролиз деп алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
d-элементтерІ
Мыс және мырыш элементінің алыну мен қолданылуы
Айнымалы токпен поляризацияланған жездің еру кинетикасын зерттеу
Шығыс Қазақстандық кәсіпорындарда өндірілетін қатты материалдар
Мырыштың күкірт қышқылында еру кинетикасына, кейбір электротерістілігі жоғары металдардың әсері
Химияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану әдістемесі
Ұзынағаш өзен аңғары топырағының ауыр металдармен ластануы
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТИПТЕРІНДЕГІ МЫРЫШ ПЕН ҚОРҒАСЫН ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ФРАКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту
Электродтық потенциал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz