Мысыр өнері


Мысыр өнері
Жоспар
Кіріспе
А) Мысыр өнері
2. Негізгі бөлімі:
А) Мемфис өнерінің өнерінің гүлденіп өркендеуі
3. Қорытынды
А) Ғибадатхана тарихының ерекшелігі
Мысыр өнері
Әлем өнерін сөз еткенде Мысырдың ғажайып өнері басқа аймақтарға мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көрнекілігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған.
Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері шамамен біздің заманымызға дейінгі 4-мың жылдықтарда пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленуші мемлекеттер біртіндеп өмірге келе бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген берекелі Ніл дариясы енді қанаушы топтардың меншігіне айналды. Мысыр патшалығы нығайып, перғауындар билігі барынша аша түсті. Бар байлықты қолдарына жинаған патшалар әулиеті Мысырда ірі-ірі қалалар, ауқымды сәулет кешен-ғибатханалар салуды қолға алды. Сол кездегі Мысыо патшалығының орталығы, әлемдегі ең көне қаланың бірі - Мемфис гүлденіп өркендеді. Мемфисте сәулет өнерінің алғашқы үлгілерінің ұабырғасы қаланды, Мысыр әдебиетінің алтын тамыры болып табылатын «Птаха» құдайы туралы жазылған діни-философиялық шығарма келді.
Жосер сәулет кешешніне бастау алған «Пирамидалар дәуірі» біздің заманымызға дейінгі ХVII ғасырда өзінің шарықтау шегінет жетті. Пирамидалардың ішіндегі ең ғаламаты, атақтысы Хуфу-Хеопс және Хафра, Менкаура тұрды. Ніл жағасындағы Гиза жазығында орналасқан осы үш пирамиданы Гиза приамидалар қорымы деп атайды. Пирамидалар қорымындағы ең атақтысы - Хуфу Хеопс салдырған. Оның биіктігі - 147 метр де, қырларының көлбеулігі - 235 метерге жетеді. Ғаламат, тек тас кесектерден өрілген сәулет ескерткіші бес мың жыл бойы әлі мызғымай, сол күйі сақталып, асқақ тұр. Осынау асқақ та алып құрылысқа басшылық жасаған сәулетші Хелиун болды. Амон - күн құдайына арнап тұрғызылған храм бірнеше ғасырлар бойы салынды.
Адам сенгізіз, биіктігі 20 метр, диаметрі 3, 5 немесе 4 метр болатын тас бағаналардан тұрғызылған гипостиль - негізгі залдан тұратын ғибадатхананы тіршіліктен тыс бір күш тұрғызғандай еді. Ғибадатхананың негізгі сарай бөлмесіні ұзындығы 103 метр, ал ені 53 метр болып, 140 бағаналардан тұрғызылған. Мысыр тарихына көз жүгіртер болсақ, қай дәуірде болмасын ондағы сәулет ғимараттары мен мүсін өнері ажырамастай, егіз қозыдай бірге дамып отырған. Гиза пирамидаларын оның қорғаушысы сияқты айбынды да асқақ Хефрен.
Мысыр тарихында, көне дәуірде кейін өнердің бір өркендеген уақыты орта патшалық тұсында болды. Осыған дейінгі замандарда перғауыздардың құдайдай дәуірлеген билігі әлсіреп, Мысыр патшалығы бірнеше биліктерге бөлініп, ыдырап кетті. Жеке бөлшектелген аймақтарға нормахтар билік жүргізді.
Жаңа өкімет басына келген патшалар өздерінің астанасы Фивте оның маңайында өткен перғауындардың жолын қуып, ірі ғибадатханалар мен кесенелер тұрғыза бастады. Солардың ішіндегі ең елеулісі, Гиза пирамидаларынан кейінгі атышулы сәулет ғимараты - перғауын ментухотен І-нің басына тұрғызылған ғибадатхана болды. Бұл ғибадатхана Ніл дариясының батыс жағында Дейр-әл Гахир баурайында салынды. Бибадатхана өнер тарихында өзінің ерекшелігімен басқа мүсіндерге қарама-қарсы сәулеттік тың әдіспен тұрғызылуымен сол замандағы құнды ғимарат болды.
Ғибадатхана өнер тарихындағы біраз бөлігі жартысына өнер тарихындағы біраз бөлігі жартастан қоршалынып тұрғызылды және де ең алғаш бағаналар тек жартылар керегемен бірге жапсарлатылып, сәндік үшін қолданылса, мұнда ғибадатхананың негізгі тіреуіші ретінде ең негізгі сәулет бөлшегі ретінде пайдаланылған.
Сфикісіз, Қарнақ, Луксор храм-ғибадатханаларын алдындағы құдай бейнелі сфинкстер мен түрлі перғауындар мүсінісіз елестету ешбір мүмкін емес. Олар бірін-бірі толықтырып, жарасым тауып тұр.
Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен де, асқақ та ауқымдылығымен де Хефрон сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі арыстан бейнесінде сомдалып, бас жағы перғауын Хефрон кейпін елестетеп алып ескерткіш негізі табиғи гранит тастан кеуде бөлігіне айрықша көңіл бөліп, сол арқылы дене қимылын әсем де ырғақты сызықтармен айшықтай өрнектеп, кейіпкердің табиғи болмысын ашып көрсеткен. Мысыр өнеріне тән нәрсе, әсіресе адам кейпін кекіндегенде кеудесі мен көзін алдынан, ал басы мен аяқтарын қырынан көргендегідей бейнелеуінде. Осы әдіс- тәсіл қаншама ғасырлдар бойы өзгермей, мысырдың өзіндік әдістемелік бейнелеу мектебін қалыптастырды. Бұл бейнелеу тәсілінің өміршеңдігі сондай бірнеше ғасырлар бойы жан-жаққа тарап, әр ел өнерінің даму тарихына игі ықпал тигізіп отырады. Осындай өміршең өнердің ықпалды тобы ежелгі Шумер, Аккад, Вавилон, егей мәдениетінен байқауға болады.
Б. З. б 3-мыңыншы жылдары солтүстік патшалығы ұзақ жылға соғыстан кейін оңтүстікке бағынып тұтас Мысыр мемлекетін құрды. Осы кезеңде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа айтып қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды. Суретшілер заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қиындықтарын патша түсіп отырады. Бір жағынан тарихи жылнама белгі болып табылатын еншіден өнердің озыө ескерткіші саналатын берделеме суреті бар тақта тастың бірі-Нормер тақтасы. Бұл өнер ескерткші сол дәуірде болған белгіні тарихи кезеңді тамаша ашып көрсетеді. Мысыр патшалығы нығайып перғауындар билігі барынша аса түсті.
Мысыр патшалығының орталығы, әлемдегі ең көне қалалық бірі - Мифес гүлденіп өркендеді. Сөйтіп ғылым мен өнер әдебиет жаңа тұрпаттағы инженерлік құжаттар барынша дамыды.
Сол замандағы өркендеген мәдениет пен өнердің жемісі ретінде Жосер пирамидасы салынды.
Жосер пирамидасы Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы болып табылады. Бұл бір жағынан сәулет өнерінде үлкен бет бұрыс әкеліп тың инженерлік ждүйенің пайда болуына жол ашты.
Ніл жағасындағы Гиза жазығында орналасқан осы үш пирамиданы Гиза пирамиладар қорымы деп айтады.
Мүсін өнерінің ішінде өзінің көмегімен де асқақ та ауқымдылығымен де Хефрен Сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі арыстан бейнесінде самдалып бас жағы перғауын Хефрен кейпін елестететін алып ескерткіш негізі табиғи гранит тастан қашалып жасалған. Осынау Хефрен мүсінінен бастау алған Мысырдың монументалды ескерткіш белгілері жан-жақты дамып жайдақ бедрлеме өнерде болсын керегелік өлшемдерін қатаң сақтап отырды.
Ұсынылған әдебиеттер
- Өнер өрісі
- Египет тарихы
Грек архаикасы өнері
Грек тарихының б. з. д. VIII-VI ғ қамтитын бұл кезең «көне» ұғымды білдіретін «архайос» деген грек сөзінен шыққан архаикалық «кезең» деп аталады.
Көне дәуірде, Евразия кеңістігінде, Кіші Азия мен Шығыс Азияда әлемдік өркениет дамуының жаңа ғасыры басталады. Евразияда сақ-скиф, ғұндар әкелген әшекей өнер «аң бейнелі» әдіс өмірге келді, Қосөзен алқабында атақты қорғандарымен, қалаларымен, аспалы бақтарымен әйгіленген Вавилон, Ахмениттер патшалығы тарих төріне шықты. Б. з. д. VIII ғ. Грецияда материалдық мәдениет дами бастады. Темір қару-жарақ соғылып, металлургия мен құйма тәсілі жетілді. Ірі-ірі көпірлер салынп, қалалар айналасында қорғандар бой көтерді. VII ғ тұңғыш рет теңге соғылды.
ІХ ғ. т негізгіи қалған физикалық жазу одан жазудың шығыуна ықпал етті. Гректер, негізгі Мысыр сәулетшілерінің туындыларынан алынған, сәулет ғимаратына сән беретін өрдерлерді ойлап тапты. Ордрлер Гректердің сәулеттік құрымының негізгі айшықты бөлігіне айналды.
Алғаш дорлық ордер ойлап табылды. Ол Италияның оңтүстікгі мен Сицилияда дамыды, кейіннен Иония қаласында (Кіші Азия жағалауы) ионикалық ордер өмірге келді. Грек сәулетінде бағаналы сарай-храмдарды бірнеші түрлі тұрғызылды, соның ішінде кең тарағаны-перипті бағаналы кешендер. Жалпы Грек бағаналы кешендері Мысыр құрылыстарына қарағанда өте нәзік, шағын, сүйкімді көрінетін. Сондықтан кейінгі дәуірлерде грек бағаналы кешендері көптеген елдердің ынтызарын аударып, оның кең тарауына себепші болады.
Архаика кзеңіндегі ең еңселі сәулет кешенінің бірі- Коринфтегі Аполлон сарайы.
Құм қайрақ тастарымен тұрғызылған сарайдың қарсы бетінде - алты, бүйір эанында -15 бағана тіреу болған. Сарай айналасындағы табиғатпен жарасымды, жымдаса салынған. Дәл осындай жобамен тұрғызылған Гера сарайы да өзінің еңселі бейнесімен көзге түседі.
Архаика заманында мүсіндеумен қоса көзе (қыш құмыра) жасау барынша дамыды. Бұл тұста грек құмыралары өзіндік бет-бейнеге ие болды. Грек сояхатшылары ежелгі Шығыстың ұлы өркениеті бай мәдениетімен танысып, қайран қалып, оның белгілерін өз елінде жасауға, орнықтыруға асықты. Шығыс халықтарының бай ауыз әдебиеті мен діни ұғымдарынан туындаған таңғажайып жануарлар, түрлі құбыжықтар грек шеберлерін баурап, соны өмірде «кестелеуге» ықпал етті. Енді грек шеберлері қасынан шаққан шығыс әдісіндегі көзелер дами келе бүкіл сол аймаққ тарады, басқа әдіспен жасалған құмыралар саудадан ығыстырылып шығарылды. Әсіресе көзе жасау б. з. д. VI-V ғ. қатты дамып, тіпті құмырашы шеберлердің жеке ауылы шаңырақ көтерді.
Көзе жасауда Афина қаласы негізгі орталық болып, онда негізінен құмырашылықтың екі әдісі өркен жайды. Бірі- «қара пішінді», екіншісі - «қызыл пішінді» әдіс. Қара пішінді құмыра жасаудың асқан шебері - эксекей болды.
Оның қолынан өрілген атақты шарасының бірі- қара түсті клик.
Б. з. д. 580 жылы шамасында Афина құмыра жасаушылары қызыл пішінді өрнек тәсілін тудырды.
Қорыта айтқанда, архаика кезеңі грек өнерінің түп тамыры, негізі болды. Грек өнері мен мәдениеті кейіннен дүние жүзіндегі ең озық өнер бесігіне айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Өнер өрісіс - Абдуәли Райытов
- Ежелгі Грек өнері
- Мәдениеттану - Ғабитов С.
Палеолит дәуірінің өнері
Таяу уақытқа дейін алғашқы қауымдық өнерді бейнелеу фармала-рының эвалюциясына қарама-қарсы 2 көзқарас болып келді, бір көзқарас бойынша оның бастапқы қайнар бұлағы үңгірлердегі натураличтік кескіндеме мен мүсін деп есептелінсе, екінші көзқарас бойынша - палоелиттік өсуінде кең орын алған схемалық таңбалар, геометриялық шартты формалар деп саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz