Н. Ә. Назарбаевтың өмір дерегі


Н. Ә. Назарбаевтың өмір дерегі
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол 1 сыныпқа барғанда әкесінің жеке үйі болмаған. Әке - шешесі көшіп қонып, жазда тауға кетіп, кейін күзге қарай етекке түсіп қыстауға бір-ақ оралатын. Сондықтан 4-сыныпқа дейін әкесінің інісінің үйінде жатып оқиды әдетте, мектепке барарда әтештің шақыруына қарай оятатын. Ол кезде сағат болмаған. Ұйқылы көзбен қалың қарды омбалап 6-7 шақырым жол жүріп, мектепке жететін. Жеткен кезде кейде сағат әлі 5 немесе 6 болып шығатын. Ондайда күзетшінің мейірімі түссе жақсы, есік ашып кіргізеді, пеш жағады, оның жанында ұйықтап алуға да болады. Үйге берілетін тапсырманы орындайтын уақыт - тек түн мезгілі ғана өйткені атқаратын шаруа шаш етектен! Малға шөп салу, қорадағы малдың астын тазалау, су әкелу, бақшаның арам шөбін отау жұмыстары тіпті таусылмайтын. Оның есесіне алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйренген. Мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсіп инженер - металлург мамандығын алып шыққан. Кейін экономика ғылымының докторы болған. Сосын, “Ғасыр адамы” аталған қайраткер.
Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы “Казметаллургстрой” трест басқармасында түрлі қол жұмысын істеуден бастаған.
1969 жылы - Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1971 жыл - Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы.
1973-1977 жылдар - Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.
1979-1984 жылдар - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984 жылғы маусым - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылғы 24 сәуір - Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті.
1991 жылғы 1 желтоқсан - бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
1991 жылғы 10 желтоқсан - Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері
1992 жылы - “Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” еңбегі жарияланды.
Маңызы:
- Тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді.
- Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды.
- Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды.
1993 жылы 9 қазан - “Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты.
Маңызы: Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.
1996 жылы - “Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды.
Маңызы: 2 кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген. Кеңестік жүйе мен демократтық кезең аралығын суреттейді.
1999 жылы - “Тарих толқынында” еңбегі жарияланды.
Маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды. “Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі.
2003 жылы - “Сындарлы он жыл” еңбегі шықты. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы - есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталады.
Каспий мәселесі қарастырылады:
Каспий жағалауындағы елдер (Қазақстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран) экономикалық проблемаларын дамыту жолында рынокқа энергетикалық шикізат шығару арқылы шешуге ұмтылып отыр.
“Қазақстан - 2030” стратегиясы
1997 жылғы қазан - Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
- Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
- Реформаларды аяқтау.
- Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
- “Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Экономикалық стратегия
Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
- Үкіметтің сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жою.
- Жекешелендіру процесін аяқтау.
- Орталық үкіметті және жергілікті үкімет орындарын парасатты орындастыру.
- Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
- Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын адамдарды қылмыстан қорғау.
- Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz