Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

В. Б. Молотов-Лучанский, А. Т. Туймебаева, Г. Л. Алишева,
Н. Т. Абильдина

ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯНЫҢ ТАҢДАУЛЫ СҰРАҚТАРЫ

Оқу әдістемелік құрал

Қарағанды 2012
УДК 613.98
ББК 28.903
Г 33

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
С.Д. Нурсултанова – ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі,
м.ғ.к., доцент
Г.М. Мулдаева – амбулаториялық –емханалық терапия және шұғыл медициналық
көмек кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.
Д.Х. Даутов – Семей қаласының ММУ-нің ішкі аурулар пропедевтикасы
кафедрасының доценті, м.ғ.д.

Г 33 Молотов-Лучанский В.Б., Туймебаева А.Т., Алишева Г.Л., Абильдина Н.Т.
Геронтология және гериатрияның таңдаулы сұрақтары. – ҚММУ Оқу әдістемелік
құралы. – Қарағанды. – 2011 ж. – 44 б.

ББК 28.903
Г 33

Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике
ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған.
Герантология, гериатрия пәнінен типтік бағдарламада қарастырылған
тақырыптар бойынша ақпаратты материал, көптеген таңдаулы тесттерден тұрады.

ҚММУ Әдістемелік кеңесінде бекітілген
Хаттама № 10 11. 05. 2011ж.

ҚММУ-дың Ғылым Кеңесінде бекітілген
Хаттама № 10 19. 05. 2011ж.

© Қарағанды мемлекеттік медицина университеті,2012ж
Қысқартылған сөздер тізімі

АҚ – артериялық қысым
АҚЖ – асқорыту жолдары
БҰҰ- біріккен ұлттар ұйымы
ЖИА- жүректің ишемиялық ауруы
ЖҚЖ – жүрек қан тамыр жүйесі
ЖБЖ - жедел бүйрек жеткіліксіздігі
ГПЛ – гиперлипопротеинемия
ӨСОА – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
УКС- ультракүлгін сәулесі
Кіріспе

Соңғы 160 жылда өмір сүру ұзақтығы экономикалық дамыған елдерде жылына
3 айға ұлғайды. БҰҰ деректері бойынша 2025 жылы 60 жастан асқан азаматтар
саны 1 млрд-тан асады. Дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетті.
Біздің елде қарт адамдардың саны5%құрайды.
Геронтология (грекше. geron, geront(os) – қарт+logos оқу) – тірі жандар-
дың, адамдардың қартаю қағидаларын, қарттық кезеңді зерттейтін ғылым. Алғаш
рет бұл термин 1903 жылы И. И. Мечникпен ұсынылған болатын. Оптимизм
этюдтарында Илья Ильич кәрілікті зерттеудің теориялық және тәжірибелік
маңызы барын атап өткен.
Қазіргі заман геронтологиясы – қартаю биологиясы, клиникалық герон-
тология (гериатрия), геронтопсихология мен әлеуметтік геронтологияны
(герогигиена) қамтитатын пән аралық ғылым. Гериатрия терминін 1909 жылы
американдық дәрігер И. Л. Нашер енгізген болатын. Ол АҚШ -та1914 жылы
Гериатрия: қарттық аурулар мен олардың емі атты алғашқы кітапты жарыққа
шығарған. Қартаю биологиясының міндеттері – ағзалар мен популяциялардың
алғашқы қартаю механизмдері мен өмір ұзақтығын анықтайтын факторларды
іздестіру. Қартаю биологиясын зерттеу – түрлі жануарларды эксперименталды
зерттеу мен адам өмірінің түрлі кезеңдерінде клиникалық талдамалар
жүргізугебағытталған.
Қазіргі заман медицинасының динамикалық дамыған саласы – клиника-
лық геронтологияның (гериатрии) міндеті – қарт адамның физиологиялық және
патофизиологиялық ерекшеліктерін, патологиялық үрдістердің өтуі мен оларды
емдеу тәсілдерін анықтау. Геронтопсихология міндеті – қарт адам-дардың
жүйке жүйесі мен әдет-қылықтарын зерттеу. Геронтопсихологияның маңызды
саласы – түрлі тірі жандылардың жастық әдет-қылықтарын зерттей-тін әдет-
қылық геронтологиясы болып табылады. Әлеуметтік гигиенаның міндеті
(герогигиена) – өмір сүру жағдайлары мен қоршаған ортаның қартаю мен
адамның өмір сүру ұзақтығына әсерін анықтау.
Валенсиялық геронтологиялық форумда қабылданып, 2002 жылы қартаю
бойынша БҰҰ әлемдік ассамблеясында бекітілген 21 ғасырдағы қартаюды
зерттеуге бағытталған БҰҰ бағдарламасы – қартаюдың түбегейлі механизмдері
мен қартаю факторларын түсінуге бағытталған биомедици-налық қағидаларға
үлкен мән бөлген.
Қартаю мен оның дамуындағы қосалқы аурулар негізінде жатқан меха-
низмдерді түсіну қажеттілігі де айтылған. Осының негізінде қарт адамдарға
тән ауруларды нәтижелі емдеу мен алдын алу стратегиясы оайластырылу қажет.
ЖИА, инсульт, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы мен пневмо-ния, өкпе рагі
сияқты ауруларды алдын-алу, талдау тобының деректері бойынша өмір сүру
ұзақтығын 9,3 жылға ұлғаюына алып келуі мүмкін (дамыған елдерде жылына4,4,
экономикасы барынша дамыған елдерде жылына16,1).
Бүгінде, қазіргі заманда алдын-алу медицинасының кейінгі үрдісі
денсаулық сақтау мен өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға қарасты талпынысты әдіс-
тәсілдердің қолданылуынсыз мүмкін емес келеді. Жаппай индустриали-зациялау,
урбанизация мен дамып келе жатқан қоршаған ортаның ластануы жағдайында осы
факторлардың ағзаға кері әсер етуінің аз ғана әлсізденуіне үміттене аламыз.
Нәтижелі өзгерістердің болуы маңызды ғылыми-техни-калық мәслелердің шешілуі
мен экономикалық шығындарды қажет етеді. БҰҰ талдаушыларының 21 ғасырдағы
қартаю мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми бағдарламасының негізгі қағидасы
ретінде дені сау болып қартаю концепциясын орындауда – адамның өмір сүру
стиліндегі өзгерістер аса маңызды. Мысалы: диеталық әдеттер, жыныстық
өмірдің басталу уақыты, алкоголь мен темекіден бас тарту уақыты және т.б.
рак ауруымен науқастануды алдын алуда маңызды болып, өмір сүруді ұзартуға
әсерін тигізуі ықтимал. Дегенмен, жастық гормоналды-метаболитикалық өзгеріс-
терді қалыпқа келтіретін, генетикалық қартаю бағдарламасын кідіртетін
жағдайларды қолдану – геропротекторлы әсер етіп, ісіктердің дамуын алдын-
алатын нәтижеге алып келеді. Мұндай әсерлердің ең басыңқысы – Бүршіктектес
бездің эпиталамин мен эпиталон, сондай-ақ ас-тағамдардың калориялылығын
шектейтін құрамдас заттар (мысалға, антидиабеттік бигуанидтер, қант
алмастырғыш, анорексанттар) – қазіргі замандағы қоршаған ортаның қауіпті
әсері де ағзадағы жағымсыз өзгерістер мен алдын-ала қартаюды болдырмауы
ықтимал. Геропротекторлардың құрамына (Е, С) дәрумендері, микроэлементер
(Zn, Se), биогенді стимуляторлар (плацента препараттары), адаптогендер
(элеутеракокк, көк шай), липотропты заттар (статиндер, фибраттар),
нейротроптты заттар, цитомединдер классының пептидті биорегуляторлары,
сүйек миының клеткалары.
Сонымен, қазіргі медицина – қартаю үрдісін тежетіп, адамның өмір сүру
ұзақтығын генетикалық детерминирленген шекке дейін (110–120ж) ұзартуға
мүмкіндік беретін гериатрлық құралдардың арсеналын қамдап отыр.
Аурухана мен қарттар үйіндегі күнделікті жұмыс тәжірибесінің нәтижесі
бойынша қарттық кезеңде ауруды емдеп-жазу аса қиын әрі нәтижелі емге қол
жеткізу үнемі мүмкін бола бермейтіндігін көрсетті.
Қарт адамдардағы сүйек сыну немесе респираторлы аурулардың өршуі
төсектік тәртіп пен сананың тежелуіне алып келетінін көрсетті. Сондықтан
да, геронтология мен гериатрия жіті дами бастады.
Сондай ақ, күтім бойынша сақтандыруды енгізу – қарт адамдарға күтім
көрсету ұғымына реабилитациялық мән берді. Геронтологиялық реабилита-ция –
адамның өзі мен оның қоршаған ортасына бағытталып, медициналық диагноз бен
емдеуді қамтиды, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарды
қолданады,тұрмыстық деңгейде ауруды жойып, оның алдын- алуға көмектеседі,
мақсат-мүдделерін жақсартуға бағытталып, бейімделу қызметін қолдайды,
компенсациялық қызметті атқаруға көмектеседі, сұхбат-тасу, қосалқы
құралдарды танып-білу, мұндай шектеулер және науқастармен қалай өмір сүру
қажеттілігін оқытады, алдын-алу шараларын қолданады, туысқандармен сұхбат
жүргізуді білдіреді, геронтологиялық науқастарға тәуелсіз өмір сүруді
үйретеді, дәрігерлік, мейірбикелік, санитарлық және әлеуметтік шараларды
бірігуін білдіреді, бірнеше мамандардың тобымен жүргізіледі, амбулаторлық,
жартылай стационарлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі, реабилитация
үрдісіне арналған мақсатты жоспар бойынша жүзеге асады, жеке тіл табысу мен
мультидисциплинарды топтың ұжымдық шешімін қолданады.
Геронтологиялық реабилитацияның маңызы:
• Пациентті оның жекелеген қоршаған ортасымен бірге тұтас тәуелсіз тұлға
ретінде қабылдау;
• Пациент және оның туған-туыстарымен бірге науқасты күту мәселелерін
ойластырып, жеке шешімдерді қабылдау;
• Геронтологиялық реабилитация адамға қауіп төніп, шарасыздығын білдірген
кезде ғана релевантты;
• Геронтологиялық реабилитация қарт, науқас адамдарғы қорғап,
мүгедектерді дискримингациядан сақтап, шарасыздық, жалғыздық,
әлеуметтен алшақтанудан аман алып қалуы қажет;
• Геронтологиялық реабилитация жалпы талдау үшін ай сайын жиналатын
көптеген мамандардың командасында мүмкін болады.;
• Түрлі ұйымдарды құрған маңызды (аурухана, отбасылық дәрігерлер,
амбулаторлық күтім, қарттар үйі мен қаттарды күту орындары, қысқа
мерзімді күтім орындары); себебі осы мекемелерді дұрыс қолдану үшін
пациентке жекелеген күтім мен мамандардың командасымен келісілген
шешімдерді қолдану қажет.

Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің негізгі ерекшеліктері

Егде және қарт жастағы адамдарға тән патологиялық өзгерістердің
байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға
біріктіруге болады:
• Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде
байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы
ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх
өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май
тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті
қосқанда).
• Бір науқастың бойында екі немесе одан да көп аурулардың болуы. Егде
және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде
бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі
майланады, әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді.
Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің
ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің
клиникалық көрінісін тудырады.
• Көбнесе аурулардың созылмалы ағымды болуы. Көптеген созылмалы
аурулардың өршуіне жасына сәйкес эндокринді алмасу және иммундық
ығысудың қолайсыздығы әсер етеді.
• Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың
неғұрлым баяу және жасырынды бүркемелі ағымы анықталады. (пневмония,
миокард инфарктісі, өкпе туберкулёзі, неопластикалық үрдістер, қантты
диабет және т.б.). Мысалы, егде жастағы науқастарда қызба, туберкулез
немесе инфекциялық эндокардиттің, іш қуысындағы абсцесстің негізгі
көрінісі болуы мүмкін.
• Кәрілік аурулардың болуы (остеопороз, қуық үсті безінің қатерсіз
ісігі, Альцхаймер аруы, кәрілік амилоидоз және т.б.).
• Қорғаныс реакцияларының, бірінші кезекте иммунды реакцияның өзгеруі.
• Әлеуметтік-психологиялық статустың өзгеруі. Әлеуметтік бейімсіздену-дің
негізгі себебі адамның зейнеткерлікке шығуы, жақын туыстарын және
жолдастарының өліміне байланысты оларды жоғалту, жалғыздық және басқа
адамдармен қарым-қатынасының шектелуі, өзін күтудің қиындауы,
экономикалық жағдайының нашарлауы. Осы жағдай аясында үрейлілік,
депрессия, ипохондриялық синдром сияқты бұзылыстар дамиды (өзінің
денсаулығы үшін шектен тыс патологиялық сақтану, ешқандай ауру болмаса
да оның бар екеніне сену).
Қарт жастағы науқасты рациональды қарау өзара міндетті түрде түсіну-
шілікке жету және науқас – мейірбике – дәрігер үштігімен келісуді бол-
жайды. Науқастың дәрігердің тағайындауын орындау дәрежесі медициналық
әдебиетте комплайенс (англ. compliance – келісу) терминімен берілген.
Қарт жас өздігінен жеткіліксіз комплайенстің себебі бола алмайды, себебі
дұрыс жақындасу комплайенске жетуге қол жеткізеді – ауызша және жазба-ша
нұсқауды қолдану, тағайындалатын медикаменттердің санын азайту, ұзақ әсер
ететін дәрілердің түрлерін және қосарланған препараттарды таңдау және т.б.

Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің жалпы принциптері.
Медициналық этика
Егде жастағы және қарт науқастарды күтуде медициналық этика және
деонтологияның ережелерін сақтау маңызды болып табылады. Кей жағдайда
жалғыз басты пациент үшін мейірбике ең жақын адам болып саналады. Әрбір
науқастың жеке бабын табу үшін пациенттің жеке басының ерекшеліктерін және
оның өз ауруына көз қарасын ескеру қажет. Науқаспен дұрыс қарым- қатнас
орнату үшін мейірбике онымен сабырлы сөйлесіп, үнемі сәлемдесу керек. Егер
пациенттің көзі көрмесе күн сайын науқастың палатасына кіргенде өзін
таныстыру қажет. Науқаспен сыпайы және сыйластықпен қатынасып, оны аты-
жөнімен атаған дұрыс. Апа, ата деген сөздерді қолдануға болмайды.
Гериатриялық науқастар кей жағдайда өзіне кетеді, өзінің жағдайын
тыңдайды тітіркенгіштік, жылампаздық пайда болады. Пациентті әртүрлі
медициналық емшараға дайындау, оны дұрыс тыңдай білу, жанашырлық көрсету
және кеңес беру дұрыс емдеудің маңызды факторлары болып саналады. Дегенмен,
мейірбике өз бетімен, дәрігердің айтуынсыз науқасқа немесе туыстарына оның
ауруы және ауруының ақыр соңы туралы мәлімет беруге болмайды, тексеру және
емдеу тәсілдерінің нәтижесін талқыламау керек.
Ұйқысыздық мәселесі
Егде жастағы науқастар жиі ұйқысыздыққа шағымданады, оларда ұйық-тау
режимі өзгереді – олар көбінесе күндіз ұйықтап, түнде белсенділік көрсе-
теді (кіріп-шығады, палатаның ішінде жүреді, кітап оқиды). Осы жағдайда
ұйқы тудыратын дәрілерді жиі қолдану тез үйренушілікке әкеледі. Сонымен
қатар ұйқы тудыратын дәрілерді қолданған кезде әлсіздік, басының ауруы,
таңертеңгі уақытта басының сынуы, іш қату байқалуы мүмкін. Ұйқы туды-
ратын дәрілерді дәрігер қажет болған жағдайда тағайындайды. Мейірбике
науқасқа дәрілік шөптерді ұсына алады (мысалы, сасық шөп тұнбасы 10-15 мл-
ден ұйықтар алдында 40 мин бұрын), 10-20 тамшы Валокордин, бал араласқан
жылы сүт (1 ас қасық) және т.б.
Жеке гигиена шараларын қамтамасыз ету
Егде және қарт жастағы науқастарға өзінің бабын табу қиынға соғады.
Оларға төсек жаймасын, іш киімдерін ауыстыруға көмектесу керек, қажет
болған жағдайда шашын, тырнағын күту жүзеге асырылады. Пациенттің ауыз
қуысының жағдайын бақылаған дұрыс. Оларға тамақтан кейін ауыз қуысын мұқият
шаю үшін қайнатылған жылы су беріледі. Жағдайы ауыр науқастар-дың мейірбике
1% сутегінің асқын тотығына немесе гидрокарбонат натрий ерітіндісіне
малынған мақтамен ауызын сүртуге міндетті. Ұзақ уақыт төсек режимінде
жатқан науқастың терісін күту, ойылулардың алдын-алу жүзеге асырылады.
Мейірбике науқастың төсектегі қалпін өзгертуге көмектесу, егер жағдайы
мүмкіндік берсе жан-жағына жастық тіреп төсекке отырғызу, арқасын, аяқ
басын және саусақтарын шамалы уқалау керек. Науқастың физиологиялық
бөліністерін бақылау керек және қажет болса ішек қызметін диета арқылы
реттеу (тамақ рационына құрғақ жемістерді, қышқыл-сүт өнімдерін қосу және
т.б.), дәрігердің тағайындауымен іш жүргізетін препа-раттарды қолдану
немесе тазалау клизмасын қою. Науқас жағдайының нашарлауының кез-келген
түрінде, жаңа симптомдар пайда болғанда мейір-бике дереу дәрігерге хабарлау
керек. Дәрігер келгенше пациентті жатқызып ыңғайлы жағдайда отырғызуға
көмектесу керек (мысалы, науқас ентіккенде оны отырғызу немесе жартылай
отырғызу), тыныштықты қамтамасыз ету, қажет болса-алғашқы көмек көрсету.
Жарақаттанудың алдын-алу
Жарақаттанудың пайда болуын алдын-алуға ерекше назар аудару керек.
Соғылу және сынықтар (әсіресе, сан сүйегінің мойны) науқастардың қозға-
лысын шектеп, өлімге әкеп соқтыратын пневмония, өкпе артериясының
тромбоэмболиясы сияқты асқыныстардың пайда болуы мүмкін. Қауызда науқасты
жуындырғанда науқасқа тірек болу, қауызға енуге және шығуына көмектесіп,
науқастың аяғы тайып кетпеу үшін еденге резеңкелі алаша төсейді. Мейірбике
ауруханадағы бөлмелердің жағдайын, жарықтың жеткілік-ті болуын бақылайды.
Еденде бөтен заттар болмау керек, сұйықтық төгілуін болдырмау керек, себебі
науқас байқамай, аяғы тайып, құлап кетуі мүмкін. Гериатриялық бөлімшенің
дәлізі кең, жиhаздармен толмау керек, дәліздегі қабырға бойына науқастар
жүргенде сүйену үшін сүйеніш орнатылу керек.
Дәрі қабылдауды бақылау
Мейірбике науқастың тағайындалған дәріні қабылдауын бақылау керек. Есте
сақтау қабілеті төмендегенде және деменция дамығанда (лат. dementia –ақылы
кем) пациенттер дәрісін ішуді ұмытады немесе қайталап ішуі мүмкін.
Сондықтан егде жастағы және қарт науқастар дәрігер ұсынысын тек ауызша ғана
емес сонымен қатар жазбаша түрдегі нақты нұсқаулармен қамтамасыз етілуі
қажет. Науқас бойындағы судың тепе-теңдігін бақылаған дұрыс, себебі
сұйықтықты аз мөлшерде қабылдау организмде тағайындалған препарат-тардың
концентрациясының жоғарлауына, кері әсерлерінің пайда болуына дәрілік
интоксикацияның пайда болуына әкеп соқтырады.

Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту
және бақылау

Егде жас және қарт науқастардағы тыныс алу мүшелері ауруларының
клиникалық ағымының ерекшелігі қартайған организмдегі кері даму үрдістеріне
байланысты.
• өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды.
• альвеола көлемінің ұлғаюы нәтижесінен өкпенің тыныс беткейі 40-50%-ға
төмендейді.
• өзгерген тамырлар (өкпе капиллярлары тығыздалады, сынғыш келеді)
өкпе тінін толық қоректендіруді қамтамасыз етпейді, газ алмасу
қиындайды.
• мембраналардың тығыздалуы альеолярлы ауа мен капиллярлы қан арасындағы
газ алмасуды қиындатады.
• альвеолярлы вентиляция біркелкі болмайды.
• кірпікшелі эпителийдің белсенділігінің және шырышты қабаттардағы
рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі салдарынан, эпителий
торшасының біртіндеп атрофиялануынан бронхтардың өзіндік тазару
механизмі бұзылады.
• бронхтардың безді эпителийінің және шеміршек тінінің атрофиясы бронх
өзегінің әрқилы тарылуына және олардың қампаюына әкеп соқтырады.
• жөтел рефлексі төмендейді.
• кеуде қуысы және арқа бұлшық еттерінің дистрофиялық өзгеруі, кеуде
қуысының бөшке тәрізді өзгеруі, склерозды өзгерістер қабырғаладың
қозғал-ғыштығын төмендетеді, кеуде қуысының экскурсиясы көлемін
шектейді.
• тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына және гипоксияға
сезімталдылығы күшейеді.
Егде жас және қарт науқастарда созылмалы бронхиттің өршуінің жиі
байқалуы, кеуде қуысының жасына сәйкес өзгеруімен, тыныс алу қозға-лысының
шектелуімен, жөтел түрткісінің нәтижесі аз болуынан дренажды қызметінің
төмен болуы және жыбыр эпителийнің атрофиясына, кіші қан айналым шеңберінде
қанның іркілуіне, инфекцияға қарсы қорғанысының төмен болуына байланысты.
Егде жас және қарт науқастарды емдеуді олардағы патологиялық үрдістердің
ерекшеліктерін, қосымша ауруларын, пациенттің жеке басының ерекшеліктерін
ескере отырып жүзеге асырады. Гериатриялық науқастардың созылмалы
бронхитпен жиі ауруы бактерияға қарсы препараттарды жиі қолдануына
байланысты. Осыған орай егде жастағы науқастарда бактерияға қарсы
препараттардың кері әсері жиі байқалады, мысалы, есту қабілетінің төмендеуі
(стрептомицин, гентамицин және т.б.), бүйрекке токсикалық әсер (канамицин),
кандидоз, дисбактериоз және атрофиялық глоссит (тетрациклин, қосарланған
антибиотики) және т.б. Сондықтан мейірбике токсикалық дәрежесі төмен
дәрілерді қолдануға пациенттерді үйрету қажет. Науқастар тағайындалған
препараттарды сөткенің бекітілген уақытында қабылдап, ұсынылған, іс-әрекет
режимін және қабылдау шартын сақтау керек (мысалы, ко-тримоксазолды
қабылдағанда көп мөлшерде сілтілі су ішу керек – Боржоми немесе 7г
гидрокарбонат натрийдің бір стақан судағы ерітіндісі), диеталық ережелер
(мысалы, тетрациклинмен емделгенде тамақ рационынан шұжық, кептірілген және
тыңайтылу арқылы өсірілген көкөністерді қабылдауға болмайды).
Егде жас және қарт науқастарды оксигенотерапиямен емдеуде өте сақ болу
керек. Қарт жаста шамадан тыс белсенді оксигенотерапия жүргізу теріс нәтиже
беру мүмкін – басының айналуы, жүрек айну, тұншығу, Чейн-Стокс тынысы. Одан
басқа тыныс алу орталығының гиперкапниялық тежелу сал-дарынан коматозды
жағдайға ұшырауы да мүмкін. Пневмониямен сырқат-танған науқастарды бақылау
кезінде дене қызуының қауіпті төмендеу кезеңі науқас үшін өте қауіпті
екенін естен шығармау керек, себебі бұл кезеңде же-дел жүрек
жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл кезеңі гериат-риялық
жастағы науқастар үшін күрделі, себебі оларда жүрек жеткіліксіздігі
коллапстың классикалық түрінде емес ЖИА-ның өршуі түрінде, инсульттің
дамуы, бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесінің күшеюі түрінде көрінеді.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды
күту және бақылау

Егде жастағы және қарт науқастарда жүрек-қантамыр жүйесінің (ЖҚЖ)
ауруларының ерекшелігі басқа да мүшелер мен жүйелердің аурулары сияқты
организмдегі иволютивті үрдістерге, бірінші кезекте тамыр және жүректің
склерозды зақымдалуына байланысты.
• Қолқа, тәж, ми және бүйрек артерияларының иілгіштігі төмендейді; тамыр
қабырғасының қатаюы шеткері қарсыласуды біртіндеп күшейтеді.
• Капилляр және артериолалар аневризмалық кеңейіп және бұраланып
капиллярлар желіндегі тамырлар облитирацияға ұшырап трансмембраналық
алмасу нашарлайды.
• Негізгі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі толық адекватты болмайды.
• Жүрек қан айналымының жеткіліксіздігі нәтижесінен бұлшық ет
талшықтарының дистрофиясы, атрофиясы және олардың дәнекер тініне
ауысуы болады. Жүрек жеткіліксіздігіне және жүрек ырғағының бұзылуына
әкеп соқтыратын атеросклерозды кардиосклероз пайда болады.
• Миокардтың склерозға ұшырауынан оның жиырылғыш қасиеті төмендеп, жүрек
қуысы кеңейеді.
• Кәрі жүрек (жүрек бұлшықетіндегі адамның жасына байланысты
өзгерістер) нейрогуморальді реттелудің өзгеруінен миокардтың ұзақ
уақыт гипоксияға ұшырауынан дамитын жүрек жеткіліксіздігінің негізгі
факторының бірі болып табылады.
Егде жаста қанның ұю жүйесі белсенеді, ұюға қарсы механизмдердің
функциональді жеткіліксіздігі дамиды, қанның реологиясы нашарлайды.
Егде және қарт жаста гемодинамика ерекшеліктерінің кейбір қатары
дамиды: негізіген систолалық артериялық қысым (АҚ) жоғарлайды, венозды
қысым төмендейді, жүректің жұмысы, кейіннен минуттық көлемі төмендейді.
Жасы ұлғая келе ірі тамырлар қабырғасы өзінің иілгіштік қасиетін жоғал-
тады, атеросклерозды түйіндер және ұсақ тамырларды органикалық өзгеріс-тер
дамуының салдарынан ми, бүйрек және бұлшықеттің қан айналымы төмендейді.
Қазіргі уақытқа дейін адамның жасына байланысты АҚ-ның қалыпты көрсеткіші
құрастырылған жоқ – егде және қарт жастағы адамдарда АҚ-ның көтерілуі
қалыпты компенсаторлы көрініс ретінде қарастырылады. ЖИА бар егде және қарт
жастағы науқастардың жағдайының нашарлауына қосымша өкпе-бронх аурулары,
физикалық күш, тойып тамақтану, психоэмо-циональды есеңгіреу, жедел
инфекциялар, зәр шығару жолдарының қабыну үрдістері, операциялық ем және
т.б. себеп болуын естен шығармаған жөн.
Мейірбике науқастармен белсенді жұмыс жүргізіп, оларға теріс әдеттер-
мен күресу жолдарын түсіндіруі керек. Әр бір шылым шеккеннен кейін жү-рек
жиырылуының күші және жиілігі жиілейтінін, АҚ-ның жоғарлайтынын түсіндіру
керек. Темекі шегетін адамдарда артериялық гипертензияның қатерлі түрі
байқалады, емнің нәтижесі төмендейді, жүрек-тамыр аурулары салдарынан
болатын өлім 2 есе жоғарлайды. Егде және қарт жастағы науқастар күндіз
шамалы дем алып, түнде тыныш ұйықтауы керек. Босаңсуға арналған жаттығулар
жасау пайдалы. Науқасқа дәрумендерге бай және толық калориялы тамақ
рационының пайдасы мол. Жануар майынан, тәттілерден, тойып тамақ ішуден бас
тарту қажет, себебі артық салмақ жүрек жұмысына кедергі жасайды.
Егде және қарт жастағы адамдарға мүмкіндігінше физикалық жатты-ғулар
және тыныс алу гимнастикасымен айналысу ұсынылады.

Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар егде жастағы
және қарт науқастарды күту және бақылау

Егде және қарт жаста асқорыту мүшелері ауруларының сипаты ас қорыту
жолдарының (АҚЖ) адамның жасына сәйкес анатомия—физиологиялық ерекшелігіне
байланысты барынша өзгереді.
• Ауыз қуысы: сілекей бездерінің инволюциясы дамиды, шайнау аппараты
өзгереді.
• Өңеш: шырышты қабаты атрофияланады, перистальтикасы төмендейді, жиі
дискинезия дамиды.
• Асқазан: секреторлы және ферментті белсенділігі төмендейді, қозғалыс
белсенділігі баяулайды.
• Бауыр: гепатоциттер саны азаяды, олардың регенерация үрдісі тежеледі,
бауырдың функциональды белсенділігі төмендейді. Билирубин деңгейінің
төмендеуі, өт қышқылы және фосфолипидтер мен холестериннің жоғарлауы
байқалады. Өттің липидті комплексі көрсеткіштерінің төмендеуі ішектің
ас қорытуын бұзып, диспепсиялық бұзылыстар байқалады.
• Ұйқы безі: жасы ұлғая келе тіндердің атрофиялануы сыртқы секреторлы
қызметінің төмендеп, қуыстық және мембраналық ас қорытуды баяулатады.
• Ішек: ішек түктерінің биіктігі төмендейді, және мембраналық ас қоры-
тылу және сіңірілу жүзеге асатын шырышты қабаттың көлемі кішірейеді.
Гипоталамус, гипофиз және қалқанша безінің жасы ұлғая келе өзгеруі ащы
ішектің ферментативті спектрінің қайта құрылуына әсер етеді. Ащы және
тоқ ішектердің қозғалыс белсенділігі төмендейді, ішек микрофлорасының
құра-мы өзгереді, ішек диспепсиясының көрінісі күшейеді.
Ас қорыту мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуі және инервациясы да
функциональды және құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Статистикалық
мәліметтер бойынша еңбекке жарамды тұрғындардың 50% созылмалы гастритпен
сырқаттанады, ал жасы 60-тан асқан адамдарды бұл ауру 100%-ға жақындайды.
Егде және қарт жастағы адамдарды созылмалы гастрит жеке ауру түрінде
болмайды, көбінесе асқазан он екі елі ішек аймағындағы аурулармен,
созылмалы панкреатитпен, ЖИА, қантты диабетпен қосарланады.
Егде жаста атрофиялық гастриттің жиі таралуы бактериальды созылма-лы
гастрит ағымының ұзақ болуына, дуоденогастральды рефлюкстің жиі дамуының
салдарынан пайда болатын асқазанның шырышты қабатының зақымдалуына және
тітіркенуіне байланысты. Сонымен қатар созылмалы гастрит ятрогенді
себептерден дамиды (әртүрлі медикаменттерді жиі қолдану).
Егде және қарт жаста созылмалы атрофиялық гастриттің көрінісі спе-
цификалық емес. Созылмалы гастриттің симптомдары қосымша патологиямен
боялуы мүмкін (ЖИА, созылмалы панкреатит және т.б.).
Кей жағдайда ЖИА ас қорыту жолдарының әртүрлі аурулары түрінде
байқалады. (олар мынадай терминдермен белгіленеді іш ұстамасы, созыл-
малы мезентериальді жеткіліксіздік, абдоминалді ишемиялық ауру).
Патологияның бұл түрінде созылмалы ишемия соқыр ішек артериясының, жоғарғы
және төменгі шажырқай артериясының толық қанмен қамтамасыз етілмеуінен
байланысты. Мезентериальды қан айналымның бұзылу себебі бұл тамырлардың
атеросклерозды зақымдалуы және басқа да қан айналымды төмендететін
жағдайлар:
• миокард инфарктісі, жүрек ырғағының бұзылуы (мысалы жүрекше
фибрилляциясы), артериальді гипертензия;
• тамырдың сырттан қысылуы (экстравазальді қысылуы) ісік және жабыспа
үрдісінің болуынан;
• тамыр қабырғасының интрамуральды қабатындағы жасына сәйкес пайда
болатын іш қуысындағы мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуын
күшейтетін өзгерістер.
Осындай науқастарды күту кезінде пациенттердің режимді сақтауын
(тамақтанғаннан соң тынығу) және диетаны (қабылдайтын тамақтың көлемін
азайту арқылы липид алмасуды қалыпқа келтіруге бағыттау) бақылау өте
маңызды.
Егде және қарт жастағы науқастарда ең жиі кездесетін шағымдары іш қату
болып табылады. Оның себебі қимыл-қозғалыстың аздығы, ішек атониясы, дұрыс
тамақтанбау, дәрілік препараттардың кері әсері және т.б.
Үлкен дәретті қалыпқа келтіру үшін біріншіден, диетаны түзету қажет.
Науқасқа таңертең аш қарынға ½ стақан қайнатылған салқын су, айран бері-
леді. Мейірбике пациентке қызылшадан, сәбізден, пісірілген алма, картоптың
орнына бұқтырылған көкөністер, қарақұмық ботқасын қабылдау керектігі туралы
кеңес беруі қажет. Тамақ рационында жемістер мен көкөністер мөл-шері көп
болуы тиіс. Құрғақ көкөністерді – кептірілген өрік, қара өрік, мейіз
қолдану іштің жүруіне оң нәтиже береді. Оларды ыстық суға батыру керек,
егер науқастың шайнауы қиын болса ет тартқыштың көмегімен үгіту қажет. Іш
қату ұзаққа созылса мейірбике дәрігердің тағайындауымен науқасқа тазалау
клизмасын жүргізеді. (тазалау, гипертониялық, майлы және т.б.).
Егде және қарт жастағы науқастарды тамақтандыру ережесі

Қазіргі кезде калориясы аз және көлемі шектелген диета мерзімінен бұрын
қартаю үрдісімен күрестің ең тиімді тәсілі ретінде қарастырылады. Егде
жастағы науқастың тамақ рационында ақуыз, май және көмірсулардың қатынасы
1:0,9:3,5, құрайды, яғни, қолданатын май мен көмірсудың мөлше-рін азайту
керек (ой еңбегімен шұғылданатын орта жастағы әйелдер мен еркектерге
ұсынылатын қатынас 1:1,1:4,1). Құрамында пурин негіздері, қымыздық қышқылы
және холестерин бар тамақтарды қолдануда шектеп, калий, магний тұздары,
темір, микроэлементтер дәрумендер және органика-лық қышқылдар бар
көкөністер мен жемістер жеткілікті болуы керек. Егде және қарт жастағы
науқастар үшін төрт рет тамақтану рациональды болып саналады. Ұсынылатын
тамақ калориясы 60 жастан асқан әйелдер үшін 1900-2000 ккал, ал осы жастағы
еркектер үшін 2000-3000 ккал. Бірінші таңертеңгі ас калориясы сөткелік
рационның 25% құрайды, екінші таңертеңгі ас – 15%, түскі ас – 40-45% және
кешкі ас (ұйқыға дейін 2 сағат бұрын) – 15-20%.
Ішті жүргізуші нәтиже. Таңғы астан 1 сағат бұрын 1 стақан шырын,
итмұрын тұндырмасы немесе бөлме температурасындай қайнаған су ішу, ал
ұйықтар алдында 1 стақан айран ішу ұсынылады. Тамақ рационының кало-риясын
шектеу үшін калориясы жоғары тамақтарды қолдану: міндетті түрде қантты,
тұз, май және майлы тағамдарды аз қолдану керек. Рафинирленген қанттың
орнына ас қорыту жолдарында тез сіңірілетін, жеңіл тыныштан-дырушы әсер
беретін, іш қатуды болдырмайтын балды қолданған дұрыс.
Тамақтанудың атеросклерозға қарсы бағыты тамақтың жалпы калория-сын
төмендету және май алмасуды қалыпқа келтіретін тамақтарды қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Өсімдік майының көлемін көбейту ұсынылады (сөткесіне 2 ас
қасыққа дейін сұйық май, зәйтүн майы, жүгері майы). Олар-дың құрамындағы
биологиялық белсенді заттар (қанықпаған май қышқыл-дары, фосфатидтер және
фитостериндер) бірігіп холестерин алмасуға қолай-лы әсер тигізеді
(холестеринді тамақпен бірге сөткесіне 300 мг-ға дейін қолдануға рұқсат
етіледі). Сонымен қатар, сұйық майдың жақсы өт айдаушы және ішті жүргізуші
әсері бар.
Дәрумендер, микроэлементтер және атеросклерозға қарсы белсенді заттар
ретінде диетаға теңіз қырыққабатын қосу ұсынылады. Науқастарға дәріханадан
теңіз қырыққабатының ұнтағын сатып алуға болады (қантты ламинарии). Жас
теңіз қырыққабатымен Жапония, Ақ теңіз жағалауының тұрғындары тамақтанады
және оларда жүрек-қан тамыр ауруларының даму жағдайлары неғұрлым сирек
кездеседі.
Өсімдік клетчаткасы. Егде жастағы адамдарға өсімдік клечаткасының жалпы
мөлшері сөткесіне 25-30 г. Тамақтың талшықты заттары (құрамында клечатка
және пектинді заттар бар күрделі көмірсулар және т.б.) тамақ және
токсикалық заттарды адсорбция жасап, ішектің бактериялық құрамын жақ-
сартады. Тамақ талшықтарының әсерінен жүретін ішектің моторлық қыз-метінің
белсенділенуі, үлкен дәреттің қалыпқа келуі дивертикулёз және қатерлі
ісіктердің алдын-алудың шынайы шаралары болып табылады. Дивертикулит (лат.
diverticulum – басқа жаққа жол, тармақталу) – қуыс мүшенің қабырғасының
томпаюы (ішек, өңеш, несеп ағар және т.б.).
Дәрумендер. Қартайған организмнің гомеостазын қолдауда дәрімен-дердің
маңызы зор. Жасырынды гиповитаминоз егде жастағы адамдарда қантты диабет,
полиурия, іштің жиі өтуі, инфекциялық аурулар кезінде байқалады. Құрамында
дәнді дақылдар және жаңадан піскен жемістер бар толық тамақтану режимі
рационды дәрумендермен байытуға мүмкіндік береді. Тіпті жаз және күз
мезгілдерінде де егде жастағы адамдар қосымша дәруменді препараттарды
қолданғаны жөн.
Минералды заттар. Жас ұлғайған сайын организмде минеральды заттардың
кейбіреулері төмендеп, басқалары жиналып отырады. Мысалы, калий және натрий
қатынасының өзгеруінен организмде сұйықтық жиналып жүрек-қан тамыр және зәр
шығару жүйесінің қызметіне теріс әсер етеді. Егде жастағы адамдар калий
тұздарының жетіспеуіне өте сезімтал болады, оларды гипокалиемия тез дамиды,
әсіресе зәр айдайтын препараттарды қолдану кезінде. Гипокалиемияның
клиникалық көрінісіне жүрек ырғағының бұзы-луы, бұлшық ет тонусының
әлсіреуі, суыққа сезімталдылықтың жоғар-лауы, бұлшық еттердің тырысуы
(әсіресе түнгі уақытта аяқ бұлшық еттерінің), зәр қышқылдылығының және
бүйректің концентрациялық қыз-метінің төмендеуі жатады. Натрийдің аз
мөлшері және калиийдің көп мөлшері бар нағыз тамақ өнімдеріне көкөністер
(картоп және т.б.), жемістер (банан, апельсин) құрғақ жемістер (қара өрік,
мейіз, кептірілген өрік) жатады.
Жас ұлғая келе адамдарда минеральды заттардың құрамының төмендеуі
аясында кейбір мүшелерде тұздардың көп мөлшерде жиналуы – мысалы, қартайған
организм тамыр қабырғасына кальцийді жинауға қабілетті, деген-мен
кальцийдің жетіспеушілігі кәрілік остеопороздың негізгі бір себебі бо-лып
табылады. Егде жастағы адамдар организміне кальцийдің қалыпты мөл-шерде
түсуі орта жастағы адамдарға қажетті мөлшермен бірдей (800-1000 мгсөт).
Жеңіл сіңірілетін кальций көзі – сүт, ашытылған сүт өнімдері, ірімшік.
Кулинарлы өңдеу. Қарт жаста шайнау аппараттары өзгеріске ұшыраған-
дықтан тамақты кулинарлы өңдеу және тәсіліне және тамақ өнімдерін таңдаудың
ерекше талаптары пайда болады. Тартылған ет, балық, ірімшік ас қорыту
ферменттерінің әсеріне жеңіл ұшырайды. Ал көкөністерден – қызылша, сәбіз,
кәді, түсті қырыққабат, қызамық, картоп (езілген түрде). Қауданды
қырыққабат тамақ рационында шектелу керек, себебі оны көп қолданғанда
ішекте ашу үрдісі күшейеді. Тамақ аса ыстық немесе суық болмау керек.
Тамаққа қосатын дәмдеуіштерден сарымсақ және ақжелкектің шамалы мөлшері
рұқсат етіледі.

Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары бар егде жастағы
және қарт науқастарды күту және бақылау

Егде және қарт жастағы адамдардың бүйрегіне тән өзгерістер:
• Бүйректің барлық құрылымдық элементтерінде дәнекер тінінің
компоненттері өршімелі түрде жиналып, осы мүшенің атрофиясына әкеп
соқтырады.
• Бүйрек көлемінің және салмағының төмендеуі, әйелдерге қарағанда
еркектерде байқалады.
• Бүрйек капсуласының тығыздалып, қалыңдауы, паранефральді клечатка
көлемінің үлкеюі.
• Шумақтардағы капиллярлар ілмегіне гиалиноз қалыптасады. ( 40-жастан
асқандарда анық байқалады), одан әрі қарай бүйрек нефрондарының
біртіндеп өлуі байқалады.
• Шумақ фильтрациясы төмендейді (40 жастан кейінгі әрбір он жылдық
өмірде 7%-ға).
• Нефронның өзекшелер бөлігіндегі өзекше эпителиінің физиологиылқ жаңару
жылдамдығы төмендейді және шумақтың қызметі бұзылады: глюкозаның
максимальды реабсорбциясы, қышқылдарыдың шығарылуы, бос су клиренсі
төмендейді.
• Бүйрек тамырларының артериолосклерозы, тамырдың ішкі қабатының
эластикалық гиперплазиясы.
• Бүйрек гемодинамикасының бұзылуы; бүйрек қан айналымы жартылай
төмендейді, сонымен қатар бүйректегі плазма айналысы нәтижесі де төмен-
дейді.
• Юкстагломерулярлы аппарат элементінің жасушалары атрофияланады.
• Клетка ішіндегі қан айналымның реттелуі әлсірейді.
• Әртүрді деңгейде рефлюкстің пайда болуына әкеп соқтыратын зәр шығару
жолдарының атониясы (зәрдің кері ағуы). Егде және қарт жастағы
науқастарда кездесетін бүйрек ауруларының бірі – пиелонефрит, ЖБЖ
(жедел бүйрек жеткіліксіздігі) және ангионефросклероз. Гериатриядағы
ең жиі кездесетін бүйрек ауруы кәрілік пиелонефрит. Оның дамуына
келесі себептер әсер етеді.
• Зәр шығару жолдарының атониясы салдарынан болатын рефлюкстер.
• Бүйректің тас ауруы және ісік үрдістері.
• Еркектердегі қуық үсті безі.
• Бүйрек гемодинамикасының бұзылуынан болатын бактериялық флораның
фиксациясы.
• Организмнің иммундық жауабының жас ұлғая бұзылуы.
• Жас ұлғайған сайын зәр шығару жолдарына аспаптық килігулердің жиілеуі.
Кәрілік жалпы дистрофиялық үрдістердің айқын болуына және кахексия
кезінде пиелонефриттің тіпті іріңді түрі де симптомсыз өтуі мүмкін. Кей жағ-
дайда оқшауланған интоксикациялық синдром (осы кезде науқастар ин-фекциялық
бөлімшеге түсуі мүмкін), тұрақты айқын анемия (диагнозды бүй-рек
патологиясынан ұзаққа әкетіп онкологиялық жоспар бойынша тексе-рулуге
мұқтаж етеді) байқалады. Науқастарды күту кезіндегі мәселелердің
гериатриялық науқастарда түнгі уақытта зәр шығаруының жиілеуі (бұл тек зәр
шығару жүйесінің патологиясы ғана емес, сонымен қатар адамның жасы-на
сәйкес бүйректегі өзгерістерге және ұйқының бұзылуына да байланысты) түнгі
уақытта науқастың төсегінен бірнеше рет тұруына әкеледі. Жағдайы әлсіз
науқастарда төсегінен бірден тұрғанда АҚ ның бірден төмендеп, есінен тану
жағдайына ұшырауы мүмкін. Егде және қарт жастағы науқастардың құлауынан
әртүрлі сынықтар пайда болып, пациенттің жағдайын одан әрі нашарлатады.
Сондықтан мейірбике науқастарға түнде зәр шығаруға жиі бармау үшін кешкі
сағат 18.00-19.00 кейін сұйықтық ішпеу керектігін түсін-діру қажет, ал
кешкісін төсегінің қасына судно немесе зәр қабылдайтын ыдыс қоюы тиіс.
Гериатриялық науқастарда кейде зәрді ұстай алмау – энурез кездеседі
(бүйрек аурулары, цистит, қуық үсті безінің аденомасы, ми қан айналымы-ның
бұзылуы, науқастың жалпы арықтау, кәрілік есінің төмендеуі және т.б.).
• Стрессті жағдайға байланысты әйелдерде жөтелгенде, түшкіргенде немесе
күлгенде, ал егде және қарт жастағы науқастарда қуық сфинктерінің
жеткіліксіздігі салдарынан зәрді ұстай алмау, энурездің негізгі түрі
ретінде байқалады. Кейде бұндай жағдайлар көп босанған әйелдерде
немесе постменапауза кезеңінде де байқалуы мүмкін.
• Зәрді толық ұстай алмау сфинктер қызметінің толық жойылуына байқалады,
егер сегіз көз аймағындағы жүйке шоғырына ісік өсіп қуық инервациясы
бұзылса немесе егер ісік қуық мойнына қарай тікелей өссе. Бұл кезде
науқаста зәрдің біртіндеп ағуы болады. Зәрді ұстай алмау кезінде
мейірби-ке әр бір зәрге отырған сайын науқаста жуындырып оның ішкі
киімін ауыстыру керек. Науқастың туыстарына ересек адамдарға арналған
памперс әкелуін айту керек. зәрді ұстай алмау кезінде күндізгі сағат
15.00 ден кейін сұйықтықты шектеу керек. Тамақты аз мөлшерден жиі
қабылдау керек, қабылдайтын тамақ жеңіл сіңетін болғаны дұрыс. Судно,
зәр қабылдағыш ыдыстардағы зәрді канализацияға төгер алдында міндетті
түрде дезинфекциялау қажет.
Қатаң төсек режимі кезінде науқастың жағдайы ауыр болса мейірбике
пациенттің тері қабатының жағдайына аса көңіл бөлу қажет, әсіресе ісіктер
болса және тері ойылуларының алдын-алу керек.

Қарт жастағы пациентті қарау ерекшеліктері

Гериятриядағы диагностикалық қиыншылықтар мен оларды туындататын
себептер бәріне белгілі. Пациентті қараудың тікелей тәсілі ретінде анам-
нездік тәсіл гериятриялық тәжірибеде бірыңғай құлдырауы мүмкін, себебі қарт
адамдардың психикалық және жадылық ауытқулары жиі кездесебі, сондықтан, бұл
көбіне психоневропатологтардың жұмысына жақын.
Анамнездік тәсілдің шашыраңқылығын келесі тәсіл – жалпы қарау тәсі-
лімен толықтыруға болады. Гериятрияда мұның туындамалары баршылық. Жинақтау
ауруыларынан (тезаурисмоз) ауруларды жинақтауға (полиморбид-тылық)
гериятриялық ішкі патология науқастың терісінде, теледидар экранындағыдай
көптеген іздер, стигмалар, аурудың өзіндік автографтарын қалдырады. Гериатр-
дәрігердің міндеті – осы автографтардың мәнін ашып, олар бойынша негізгі
ауруды, яғни тері ауруларын анықтау. Ішкі аурулар стигмалары ретінде –
дерматоздар, ксантелазмалар, васкулиттер, эритемалар (түйінді, сақина
тәріздес және т.б) паникулиттер, тофустар және басқа да терінің жергілікті
зақымданулары.
Кейбір науқастар науқастың бетінде пайда болады (faces mitralis, қызыл
жегі көбелегі, гиппократ беті және тб).
Тері зақымданулары тек жергіліті емес, сондай-ақ диффузды болып, теріні
түсіне де әсер етуі ықтимал, мысалы боз, плетора, сарғайған тері).
Екі клиникалық мысал келтірелік, өкпенің созылмалы обструктивті
ауруымен науқастанған адамдардың тері жамылғысының өзгеруіне баланысты,
ентікпе сипатындағы цианозды келтіре отырып, науқастағы өкпелік патологияны
нақты анықтауға болады.
Келесі ретте дәрігер көкшіл реңді ісінген бетті, көз конъюктива қанта-
мырларының қызаруы бар науқасты көріп, цианоз белсенділігі, полицитемия
дәрежесіне қарағандағы басымдылығын байқайды. Мұндай науқастарда
эритроциттердің көлемі ұлғайып, гемоглобині жоғарылап, эритроциттердің тұну
жылдамдығы төмен екені байқалады. Мойын көлемі кішірейіп, қысқа көрініп,
төменгі жиегі иыққа кіріп кеткендей көрінеді. Мойындағы көкта-мырлар
толыққандылап, дем шығарғанда босаңсымайды, керісінше одан әрі тола түседі.
ӨСОА бронхитті түріне сәйкес өкпелік жүрек пен аяқ-қолдардың перифериялық
ісінулері – жүректік декомпенсацияны білдіреді. ӨСОА бұл клиникалық түрі
көбіне орта және қарт жастағы ер адамдарда байқалады. Бұл ретте blue
bloater ("көк", "ісіңкі"), яғни, созылмалы обструктивті бронхиті бар
науқастардың шашыраңқы диффузды цианозы туралы айтылады.
ӨСОА эмфиземалы түрімен науқастанған адамдардың бет әлпеті өзгеше рең
береді. Қызғылтым сұр реңкті цианоз (pink puffer) өкпе эмфиземасы бар
науқастарға тән. Олар арық (кахексиялық келгендіктен, онкологиялық науқасты
көздей аламыз. Науқастардың арықтығы өкпе аускультациясын жүргізгенде
қиындықтар туғызуы мүмкін. Кахексияның жалпы бейнесі аяқ-қолдардың
гипотрофиясымен толыға түседі. Мұндай өзгерістер pink puffer ("еттікпелі
қызғылтым ") деп аталып кетті.
Ентікпе аса маңызды дифференциалды-диагностикалық симптом. Сонымен
ентікпе, отырған қалыпта жеңілдеп (ортопноэ), сол жақ қарыншалық
жетіспеушілікке тән, ал осы қалыпта күшейе түссе – өкпе артерияларының
тромбоэмболиясына тән (платипноэ). Соңғысы синкопальды жағдайлар
гериятриясы немесе ортостатикалық гипертензияға тән.
Атеросклерозды анықтауға мүмкіндік беретін Липидтік айналым
бұзылыстарының ең басты белгісі (біріншіден холестерин), ксантома мен
ксантелазма ретінде терінің жергілікті өзгерістері, сонымен қатар
біріншілік биллиарлы цирроз кезінде пайда болатын бауыр зақымдануларында
кездеседі. Ксантомалар – буындар мен ахилла сіңірлері маңындағы бүдірлі
қатаюлар. Ксантелазмалар – қабақ, құлақ қалқаны, ауыздың ішкі қабатында
пайда болатын түрлі формалы сарғыш қызғылтым дақтар. Гистологиялық тұрғыдан
ксантома мен ксантелазмалар холестерин немесе триглицидтерді қамтитын
фагоциттердің жиынтығымен келтірілген. Сондай-ақ атеросклероз-дың тағы бір
белгісі – мүйіздің сенильді доғасы (arcus corneae senilis; син. –
gerontoxon, грекше. geron кәрі + toxon жуашық, дуга – кәрілік доға) –қарт
адамдарда кездесетін доға немесе сақина тәрізді пішінді мүйіздің
дегенеративті сипатта лайлануы; arcus corneae senilis-тің дамуы май
алмасуының бұзылуына байланысты. Сонымен қатар (құлақ сырғалығын-дағы
диагональды қатпар) атеросклероздың мүмкін болатын белгісі және оған
әкелетін белгі ретінде Франк симптомы туралы ескеру қажет..
Д.С.Фредериксонмен келтірілген гиперлипопротеинемияның 5 түрін сипаттап
көрейік.
ГЛП 1 түріне 1932 жылы Бюргер-Грютц ауруы ретінде сипатталған – жамбас,
арқа, ийықтардағы сарғыш қызғылтым папуллалар тәріздес сигмалар жатады.
Терінің осы өзгерістеріне сәйкес эруптивті ксантардың пайда болуымен дерма
гистиоциттар хиломикрондарының фагоцитоз өзгерістері жатады. Боз тартқан
көз түбінде ақ жолақтар байқалады (lipemia retinalis.).
Біріншілік ГЛП 2 түріне эстерофицирленген холестерин макрофаг-тарының
шөгуіне байланысты ксантоматоз тән. Ахилла сіңірлері мен жамбас-тың төрттік
бұлшықетінің ксантомалары ГЛП басқа түрінде байқалмаса да науқастардың ¾
кездеседі. Ксантоматоз қабақты ("ксантелазмалар"), шынтақ пен тізе терісін
зақымдайды ("бұдырлы ксантомалар"), роговицаны ("корнеалды доға", 45 жаста
пайда болады).
Біріншілік ГЛП 2 түрінде ксантоматоз әлсіз байқалып, ксанталазмалар
болады. Дене артық салмақтанып, гипертензия, гиперурикемия, бауыр стеатозы
байқалады. Бұл ГЛП диета мен өмір тәртібіне байланысты келеді, яғни дерт
холестерин мен майлы тамақтармен артық тамақтанғанда, ішімдік ішіп, темекі
шеккенде өрши түседі.
ГЛП 3 түрінде (дисбеталипопротеинемия) анық ксантоматоз байқалады.
Алақан мен табан ксантомалары алақан қыртыстарын, саусақ арасы теріні
зақымдап, сарғыш қызғылтым дақтар түсіреді. Сақина астындағы терінің
дақтануын нашар белгі деп білген. Шынтақ пен тізенің туберозды ксантомалары
жиі, ал қабақ ксантелазмалары сирек байқалады. Түрлі орныққан атеросклероз
анық көрінеді: тәждік, церебралды, абдоминалды. Жүректің ишемиясы көрініп,
ақсаңдау, сондай-ақ ишемиялық энцефалопатия белгілері пайда болады. Ауру
көбіне диабет, бауыр стеатозымен қатар жүреді.
ГЛП IV түрі – жиі дамыған дислипопротеинемия. Бұл синдромның тұқым
қуалайтын бірінші нұсқасы – отбасылық гипертриглицеридемия. Ксантоматоз
байқалмаса да, Г.Курбе карикатураларынынан таныс " Луи Филипп беті " атты
бет пен мойында майлы қатпарларының жинақталуы болады. ГЛП IV түрімен
науқастанған адамдарға метаболитикалық синдром тән.
Липид алмасуының бірден-бір белгілеріне жататын тері мен көз
ксантоматоздарын жіті білу – көріпкел мен хироманттарға, сондай-ақ халық
иридодиагносттарына ауру мен ерте өмірден өтуді болжауға мүмкіндік береді.
Қатерлі ісікті анықтауға мүмкіндік беретін сырттай клиникалық өзге-
рістер аса маңызды, оларды "паранеопластикалық" синдром немесе қатерлі
ісіктердің клиникалық маскалары деп атаймыз. Терілік симптомдар қатерлі
ісіктерден бірнеше ай бұрын пайда болып, хабар етеді (кейде 2-4 жылға).
Е.М.Тареевтің (1983 ж.) зерттеулерінен кейін паранеопластикалық
реакциялар тобын 2 ге бөлу дұрыс делінген. Біріншісі – (кіші
паранеопластика-лық синдром) шектеулі моносимптомды өзгерістер тән, қызба,
түйінді эритема, нефротикалық синдром, бөртпе, эритроциттердің жылдам тұну
жылдам-дығы симптомы, эозинофилия, тромбоцитопениялық пурпура және т.б. 2
тобына – үлкен паранеопластикалық синдром – жүйелі өзгерістерімен танылатын
паранеопластикалық реакциялар жатады: дерматомиозия, ревматоидты артрит,
склеродермия, амилоидоз, геморрагиялық вакскулит және т.б. жатады.
Қара акантоз (терінің емшекті – пигментті дистрофиясы) паранеопласти-
калық дерматоздың классикалық симптомы болып табылады. 40 жастан асқан
науқастарда бұл дерттің пайда болуы 60-100% пайызда ішкі ағзалар рагіне
сілтесе, екіншіден асқазан-ішек трактісінің белгісіз туындамаларын
көздейді. Науқастардың 13 қара акантоздың дамуы – онкологиялық ауруға
нұсқайды, ½ де екі науқаста бір мезетте анықталады, 15 қара акантоз
онкологиялық науқастың анықталуынан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Мейірбике iсi факультетiнiң студенттерiне менеджмент негiздерiн оқыту
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ТУРАЛЫ
Мейірбике ісі негіздері оқу әдістемелік құрал
Коммуникативтік дағдылар
Студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Пәндер