Наймандар, Кереиттер және Жалайырлар. Қарақытайлар Жетісуда


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Наймандар, Кереиттер және Жалайырлар. Қарақытайлар Жетісуда

Жоспары:

  1. Найман, Жалайыр, Керейлердің мекендеген аймақтары және көршілерімен қатынастары
  2. Қазақстанның оңтүстік-шығысында саяси үстемдік құруы және Монғол шапқыншылығы, Наймандардың билігінің жойылуы
  3. Қарақытайлардың Жетісуға келуі және саяси үстедік орнатуы

Лекцияның Мақсаты: Найман, керей және жалайыр тайпалық одақтары жөніндегі деректер. "Монғолдардың құпия шежіресі". Қытай дерегі - "Юань-ши". Найман, керей, жалайырлардың бастапқы орналасқан жері, олардың тегі мен ана тілі жөніндегі тарихнамалық мәселе.

Рашид ад-Диннің "Жылнамалар жинағы" - XIV ғасырға дейінгі түркі-монғол халықтарының жазба түрінде және жадта сақталған тарих айту дәстүрлерінің көрінісі. Бұл еңбектің монғол және түркі халықтарының сол кезеңдегі ара-қатынас ерекшеліктерін зерттеп танудағы маңызы.

Найман, керей, жалайырлардың тұрмысы, шаруашылығы, ертефеодалдық мемлекеттік құрылымы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Саяси тарихы. Шыңғыс хан бастаған монғол мемлекетінің құрылуы және бұл жағдайдың найман, керей және жалайырлардың тағдырына ықпалы.

Лекция Мәтіні: 1. Жалайырлар: Орталық Азия кеңістігіндегі көне түркі тайпаларының бірі. VI-VII ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. Парсы тарихшысы Рашид ад-дин Фазуллах өзінің “Джами ат-тауарик” атты көп томдық еңбегінде жалайырлар жөнінде “бұл тайпа ерте уақытта көп санды еді, әрбір бұтағының әмірі мен қол бастаушысы болған”, - деген деректі бере отырып, жалайырлардың басым бөлігінің мекені туралы: “Олардың бір мекені Онон деген жерде. Айтуларға қарағанда ерте замандарда Қытай әскері жалайырлардың осы бөлігін аяусыз қырып, тек аз ғана қалғаны қашып құтылған . . . ”, - деп түйеді.

Жалайырлардың тұрған мекені мен жалпы саны жөнінде деректі осы тайпадан шыққан белгілі тарихшы Қадырғали би Қосымұлының (XVI-XVIIғғ. ) “Тарихи Оразмұхаммед” атты еңбегінде де кездестіреміз. Қадырғали би: “Ол заманда жалайыр . . . Келурен деген жерде отырар еді. Жетпіс күрен ел еді. Әрбір күренде мың үйлік халқы бар еді. Ол қауым жетпіс мың үйлік қауым еді. Және олардың жұрты Келуран Қытай уәлаятына жуығырақ болатын”, - дейді.

Рашид ад-дин Онон да, Қадырғали би атаған Келурен де Қытай өңіріне жуық орналасқан аймақтар болатын. Рашид ад-дин аталған еңбегінде жалайырлар мекен еткен тағы бір жер атын атайды. Ол Қарақорым маңындағы Қима атты мекен.

Жалайыр тайпасының маңғұл, қытай жұрттарынан басқа тағы бір көршісі ұйғырлар болғандығы байқалады. Рашид ад-дин жалайырлардың ұйғырлармен ара қатынасының соншалықты жылы болғандығынан хабар бере келіп, бұл елдің билеушілерінің ұйғырлардың Гур ханының бурасына май асатқанын айтып, сол үшін де ұйғырлар жалайырларды “белаға” атап кеткен еді дейді.

Сонымен жалайырлар моңғол мемлекеті құрылған мезгілге дейін, яғни шамамен 11 ғасырда ұзын саны жетпіс күрен елге жеткен. Ортағасырлық есеп тұрғысынан алғанда бұл, әрине, аз ел емес болатын. Егер әрбір күрен жұрт аз дегенде мың адамнан тұрған қол шығаратындығын еске алсақ, онда жетпіс күрен бөліктен тұрған жалайырлар елі жетпіс мыңдық әскер шығара алатын, төңірегіндегі елдер мойындаған қоғам болғандығы айқындала түседі. Рашид ад-диннің көрсетуіне қарағанда бұл кездегі жалайыр тайпасы “әр қайсысы байтақ елге айналған он ірі бұтақтан тұрған. Олар жат, тоқырауын, көңсауыт, құмсауыт, ұят, нілқан, көркін, төленгіт, төре, шаңқұт деп аталған. Тайпа ішіндегі ру атаулары жалайырлардың тарихи мезгілде ешқандай-да маңғұлданбаған түркі жұртының бір бұтағы болғандығын анық аңғартса керек.

Өкінішке орай бізге Керулен бойында тұрып, өніп-өскен жалайырлардың ортағасырлық ертефеодалдық мемлекеті жөнінде жеткен деректік жәдігерліктер жоқтың қасында. Тек басы ашық нәрсе сол, шамамен 11 ғасырда Керулен өзенінің арғы шығыс бетіндегі халықты жаулап алған қытай патшалығы ендігі уақытта Керуленнен өтіп жалайырлар жұртын басып алып, жерін өзіне қосып алуға даярлық жасауға кіріседі. Шығыстан төнген қауіпке жалайырлардың билеушілері байқамдық танытады. Қытай әскері болса түнде даярланған салдар арқылы Керуленнен өтіп, байқам жатқан жұртты шауып, “қамшы бойлы ер адамды қалдырмай” қырып салады. Бұл қырғыннан бар болғаны шалғайда отырған бір күрен жалайырлар ғана қашып құтылады.

Міне осы бір күрен жалайырлар кейін ХІІІ ғасырда Шыңғыс ханның әскери жорықтарына белсенді түрде араласып, түрлі мемлекеттік құрылымдарды құруға атсалысып, олардың біразын басқарады. Оң қол және сол қолға бөлінген Шыңғыс хан әскерінің сол қолын Мұқылай жалайыр басқарады. Мұқылайға алып империяны құру ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін Шыңғыс хан “Го Ван” (ұлы әмір) деген лауазым берді. Ол мұндай лауазымға ие болған империядағы жалғыз адам еді. Шыңғыс ханға оның оң қол әскерін басқарған түменбасыларының арасындағы ең жақындарының бірі жалайыр Бала Ноян болды. Шыңғыс ханның жақын серіктерінің бірі жалайыр Жошы-Тармағының немересі Құршы Бұғын Грузияның билеушісі болды. Осы тайпадан шыққан Илгай ноян Хулагу хан үкіметінде (Иран), Мұңқасар ноян Мөңке хан үкіметінде (Маңғұл) ұлы әмірлік (министр) қызмет атқарды, т. с. с.

Жалайырлардың басым бөлігі 13-14 ғасырларда қазіргі Маңғұл жеріндегі басқа да түркі тайпаларымен бірге Сыр және Шу өңірлеріне қоныс аударып, осы мезгілде пайда болып, біртіндеп, қазақ халқының негізін құрған “Алаш мыңы” одағындағы ХІІІ-XVғ. ғ. тайпалардың бірі болды. Қадырғали би шежіресіндегі Алаш мыңының аға биі міндетін атқарған Тебре бек, Шайх Софы бек, Айтулы бек, Итбаға бек, Қарашы бек, Тоққа бек билер осы жалайыр тайпасынан шыққан тұлғалар еді.

Наймандар: Сегіз оғыз деп аталған Найман тайпалар одағы VIIIғ. Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болды. Рашид-ад-диннің еңбегінде Хғ-да наймандар тайпалық одақ құрып, бір бөлігі тау-тасты жерлерде, ал бір бөлігі далалық алқапты мекендеген. Қырғыз тайпаларын күйретіп, наймандар Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерге ие болды. Батыста қаңлы, қыпшақтармен, Солтүстігі Енисейде, Оңтүстікте ұйғырлар, Шығысында шығыс Монғолиямен шектесті. Наймандар ұлыстардан құралып, әр ұлысты “хан” басқарды. Ұлыстың әскері негізінде жүздік, мыңдық, түмендік болып құрылды. Іс қағаздарында ұйғыр жазуын пайдаланып, құжаттар алтын мөрімен бекітілген. Найман мемлекетінің әлсіреуі мен күйреуі Таян ханның және оның інісі Бұйрұқ ханның кезеңіне сай келеді.

Керейлер жайындағы алғашқы жазба мағлұмат Хғ. кездеседі. Керейлер ХІІ ғасырдың ІІ жартысында Алтай аумағы мен Монғолияға үстемдік еткен. Керейлердің этникалық одағы түрік тайпаларынан құралып, сонымен бірге қол астындағы монғол тілдес тайпаларда бірігіп отырған. Тайпалық одаққа кіретін шеп, байлау, қанлау, табарыт, албат атауларыда соны көрсетеді. Керей билеушілерінің екі астанасы болды, Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы және Хуанхэ өзенінің бойындағы оңтүстік астана Керей тайпалық одағының мемлекеттік құрылымы деңгейін “Ерке Төре” деп аталған заң, құқықтық нормалар жинағынан көреміз (Казин. Сокровенное сказание Т. 1 М. -Л., 1941, 168б) Қағаздар ұйғыр жазуымен жазылған. Керейлер найман, монғол, қаңлы, танғұт, ұйғырлармен саяси және мәдени қатынас жүргізді. Кезінде Шыңғысханның өзі Тоғұрыс ханның көмегіне арқа сүйей болашақ империяның негізін қалады. ХІІІғ. басында керейлерде Шыңғыс ханның әскерінен жеңіліп, бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып, қалған бөліктері Қазақстанның ішкі аймақтарына көшті.

Керейлер ХІ ғасырдың басында наймандар секілді несториан дінін қабылдаған. Несториан дінінің ерекшелігі, бұл дін монотейстік - бір ғана құдайға сиынуды талап етіп, христиан дініндегідей Исаны құдайдың баласы деп санамайды және оны Мариямның ұлы, құдайдың елшісі ретінде ғана таниды. (Материалы международной конференции Ислам и современность. Алматы. 2001., 47-48 б)

XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Мырғыз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бүйрек хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті.

Тоғырылхан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте -Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанкеге дейінгі, батыста - Хангай тауынан, шығыста - Халкин Голге дейінге жерлерді еркін жайлаған. Керейттер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, монғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық-мәдени байланыс жасап тұрған. Тоғырылханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері - Темучин (Шыңғысхан) мен Жамуха - тәрбие алып, саяси жөне елшілік өмірден хабардар болады. Керейттер билеушісі Тоғырылхан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан.

Керейттер мен наймандар және жалайырлар әлеуметтік-саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым-ұлыстар болып ұйымдасады. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан косының басқару органдары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Наймандар мен керейттерде кедуілгі хүқ низамы колданылған. Қоғамның тандаулы тобына қызмет орындары мүра болып берілген.

XII ғасырдың аяқ кезінде Темучиннің әскерлері татарларды талқандағаннан кейін 1203 жылы керейттерді бағындырады.

Қараұытайлар Жетісуда: «Қарақытайлар» атанған этникалық-саяси бірлестіктің ұйытқысы, дәлірек айтсақ, билеуші тобы қидан тайпалары болды. Қидандар (цидань, кита, хита) жазба деректерде ІҮ ғасырдан атала бастайды. Олар моңғол немесе тұңғұс тектес көшпелі жауынгер тайпалар болды, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген. Ұзақ уақыт қидандар Қытайға тәуелді болып келді. ҮІ ғасырда Түркі қағандарына бағынды. Бірақ, Х ғасырдың басында қидандар қуатты халыққа айнала бастайды. Тан әулетінің құлатылуын пайдаланып, 924 жылы олар Қытайдың солтүстігін, Алтайдан Тынық мұхитына дейінгі жерлерді өздеріне бағындырып Ляо империясын құрды (916-1125) . Бұл кезеңде қидандар қытай мәдениетінің ықпалына ұшырап, көп жағынан ханьсу халқының дәстүрін бойына сіңірген еді, буддизмді қабылдаған бөліктері де болды. Жалпы, «қытай» деген сөздің өзі «қидан» сөзінен шыққаны, яғни көрші халықтар бүкіл мемлекетті бұратана билеуші атымен атап кеткені қызықты жайт. Ляо мемлекеті көп ұлыстардан тұрды, соның ішіндеоларға сол аймақтағы түркі тайпалары да бағынды. Империя құрамында олар қидан, жалпы моңғол тайпаларының әсеріне ұшырайды. Мысалы, сегіз оғыз атанған түрк тайпалық одағы моңғол тілдерінің ықпалымен «найман» атала бастайды. Моңғолия жерінің түркілердің ықпалынан толық тазарып, моңғолтектес тайпалардың саяси, мәдени ықпалына біржолата көшуі осы Қидандар дәуірленген кезеңге жатады.

1125 жылы Ляо империясы құлайды. Себебі, солтүстік Қытай жаңа басқыншы бұратаналар- чжурчжендерге- бағынып, атақты Цзинь билікке келеді. Чжурчжендер (қазақ халқы қытайларды кейде шүршіт деуі осы этнонимнен) тұңғұс тегінен шыққан. Қидандардың бір бөлігі чжурчжендерге бағынады да, қалған бөлігін (40 мың әскер) құлатылған Ляо әулетінің өкілі Йе Лүй дашы басқарып, батысқа қарай ертіп әкетеді. Яғни қидандардың Қазақстан жаққа миграциясының ең үлкен толқыны 1125 жылдан басталады. Олар батыс Моңғолия арқылы Енисейдің жоғарғы бойынан өтіп, оңтүстік- батысқа, яғни Жоңғарияға бет алады. Еміл өзеніне келіп, (Шәуешек маңы) оған аттас бекініс салады. Баласағұн билеушісі өзіне қысым көрсетіп, тыныштық бермеген көрші қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы қидандардан көмек сұрайды. Осыны пайдаланып, 1128 жылы Йе Лүй дашы Баласағұнды басып алады, сосын Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға қожайын болады. Сол жылы қарақытайлар Қашқардың билеушісі Ахмед ибн әл Хасанға қарсы қантөгіс жорық жасайды. Осы жылдары Шығыс Түркістан аймағын, Енисей қырғыздарын бағындырады. Осындай шапқыншы жорықтар арқылы Йе Лүй дашы мемлекет шекарасын Енисейден Таласқа дейін кеңейтті. Жаңа құрылған мемлекет Қара Қидан патшалығы деп жарияланды (қара-түркі-моңғол тілдерінде ауыспалы мағынада ұлы, күшті, зор дегенді білдірді) . Қазақстан мен Орта Азия мұсылмандары жаңа билеушілерді қарақытайлар деп атады.

Қазақстанға жылжу барысында Йе Лүй дашыға осы жаққа ертеректе ығысқан, сол сияқты басқа да шығыстық мәжуси тайпалар тұс-тұстан ерікті немесе еріксіз түрде қосылып отырған. Осы күрделі, бірнеше кезеңнен тұратын миграцияны, яғни қарақытай жаулауын дұрыс талдау қажет. «Қидан» мен «қарақытай» сөздері түбірлес, мәндес болғанымен, тарихи-этникалық және саяси мағыналары жағынан бұл екі термин ажыратылып қаралғаны жөн. Жетісуға келген жаулаушылар құрамы қатты өзгеріске ұшырап, оған көптеген түркітілдес тайпалар кірген. Бірақ ежелгі замандарда көшпелілер арасында сан жағынан аз болса да, билеуші рудың (көсем шыққан) этнонимы басқаларға тілінетін белгілі әдет бойынша, келімсек түркілер де қара-қидан (қытай) деген ортақ атпен аталды. Қидандардың түркілермен байланысының тамыры тереңде жатты. Ляо империясының өзі көпұлтты болды дедік. Ал батыс жорығына аттанардан бұрын Йе Лүй дашы Алтайда құрұлтай жинағанда одақтастар ретінде оған ұйғырлар, танғұттар, наймандар келіп, көмек берген. Сонымен, іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанда Йе Лүй дашы құрған Қарақытай мемлекетін идеологиялық мақсатты көздеп Батыс Қидан немесе Кейінгі Қидан әйтпесе тіпті Батыс Ляо деп атайды. Мақсаты: қидандар- қытайлардың бір тармағы, олар қайсібір жерде құрған мемлекет біртұтас Қытайдың құрамдас бір бөлігі ретінде қаралуға тиіс деген геосаяси мәні бар түйін жасау. Атақты тарихшы Ибн әл Асир жаулаушы-қарақытайларды «хитайлар (қидандар) мен кәпір-түркілер» одағы деп жазуы да түркілердің үлесін дәлелдейді. Қидандардың өзі түркілену процесіне ұшырағаны аңғарылады. Тюрколог О. Прицак қидандар түркі тілін жақсы біледі деп жазады. Алайда, бұл қарақытай-түркілерден Баласағұн жұрты, жалпы Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстан түркілері қатты жатырқап, үрейленгені - тек дін айырмашылығынан еді, бірақ ол басқа мәселе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан мемлекетінің нығаюына түрік тайпаларының ықпалы
Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси – әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ.)
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Шыңғыс хан туралы
ҚАЗАҚ РУ - ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Түркі қағанаты
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz