Нақты әлеуметтанулық зерттеу жұргізудің әдісі мен техникасы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жұргізудің әдісі мен техникасы.
Жоспары:
1. Әлеуметтанулық зерттеулер түсінігі және оның қоғамдық ролі.
2. Әлеуметтік зерттеулерді жұргізудегі методологиялық негіз.
Әлеуметтанулық зерттеулер бағдарламасын тұзу концепциялары.
3. Әлеуметтанулық зерттеулердің салалық қолданысы. Қоғамның экономикалық,
саяси, мәдени жүйелерін зерттеудегі ролі.

1. Әлеуметтік зерттеулер бағдарламасы-әлеуметтік объектінің методологиялық
және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми құжат. Бағдарламада
философияның жалпы теориялық және методологиялық принциптері зерттеудің
жалпы әлеуметтану теориялары мен арнайы теориялар ретінде жүзеге асады.
Әлеуметтік таным ұрдісінің маңызды құрамды бөлімі нақты әлеуметтік
зерттеулер болып табылады, яғни нақты теориялық және әлеуметтік мәселелерді
шешу үшін зерттелінуші обьект туралы жаңа білім алуға ықпал етуші теориялық
және империкалық процедуралар жүйесі.
Нақты әлеуметтік зерттеу (кез келген) басқа ғылыми зерттеу сияқты кез
келген ғылми қызметке тән кейбір элементтерді құрамына алады. Бұл,
біріншіден—обьект. Екіншіден, субьект-әлеуметтанушы-зерттеуші немесе
әлеуметтанушылар тобы. Үшіншіден, кез келген ғылыми зерттеу сияқты
әлеуметтік зерттеу белгілі бір мақсатқа жету және нақты міндетті шешуге
бағытталған. Төртіншіден, құралдар-қазіргі әлеуметтік зерттеулерде ғылыми,
техникалық және ұйымдық құралдарқолданылады. Бесіншіден, әлеуметтік зерттеу
нәтижесі-зерттеу обьектісі туралы жаңа білім я болмаса белгілі білімді
дәлелдеу. Бұдан басқа, зерттеу нәтижесі – іс жұзінде обьект туралы білімді
қолдану тәсілі.
Әлеуметтік зерттеу ұрдісінің мәнін нақты әрі айқын түсіну үшін жүйе
мен методология, әдістеме, әдіс, техника, процедура сияқты әлеуметтік
зерттеу ұрдісінде жиі қолданылатын ұғымдар мен терминдердің мәнін түсініп
алу керек.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу
және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме
(методика) міндетті тұрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім
әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің "метедос", яғни таным тәсілі
және "логос", яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен
айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер
методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті
талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтіке
жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды
қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде
қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі
олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір
деңгейде жете, бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық
тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді.
Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялык зерттеулерді
эмпирикалық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы
байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ методология туралы
әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру
мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде
қарастыруға болады.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-әлеуметтік обьектінің
методологиялық, әдістемелік және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми
құжат. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-бұл эмпирикалық обьект немесе
құбылысты зерттеудің нақты теориясы мен методолгиясы бағдарламада іс
жұзінде жалпы әлеуметтану теориясындағы, зерттеудің арнайы теорияларының
жалпы теориялық және методолгогиялық принциптері жүзеге асырылады.
Әлеуметтік зерттеу бағдарлмасының құрылымы мынадай екі тараудан
құралады: әдістемелік және әдістемелік-процедуралық.
Бағдарламаның бірінші методолгиялық тарауы мынадай элементтерден
құралады:
1. мәселенің таңбалануы: зерттеудің мақсаты мен
міндеттері
2 зерттеу обьектісімен пәнін анықтау ,негізігі ұғымдарды
интерпретациялау
3.зерттеу обьектісін алдын-ала жүйелі талдау
4. жұмысшы гипотезаларын құру
Нақты әлеуметтік зерттеудің мақсаты-бұл зерттеудің жалпы бағытталуы,
әрекет жобасы, олар түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуін және
сипатын анықтайды. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты зерттеудің бағдарын
анықтайды. Олар-теориялық және қолданбалы бағдарлар. Осы бағдарға зерттеу
жұргізудің қисындылығы тәуелді болады.
Нақты әлеуметтік зерттеудің бағдарламасының маңызды методологиялық
бөлімі зерттеу міндеттерін анықтау болып табылады.

Нақты әлеуметтік зерттеудің міндеті - мәселені талдау мен шешуге
бағытталған нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Деректерді жинаудың басқа әдістерінің арасындағы бақылау орны
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы туралы
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Әлеуметтанулық зерттеулер
Жаһанданудың негізгі теориялары
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Пәндер