Нано технологиялар


Нано технологиялар
Егер нано-технологиялар туралы айтар болсақ, алдымен халыққа оның не екенін түсіндіру қажет. “Си” өлшем жүйесінде “нано” миллиардтың бір бөлігі деген үлесті білдіреді. Мысалға, егер уақытты алсақ, онда нано-секунд - бұл бір миллиардық секунд. Ғылымның жеткен жері сондай, атомның ішіндегіні көруге мүмкіндік беретін микроскоптар бар. Егер бұрын осылардың бәрі есептермен шешіліп, адам көзі ештеңе көре алмаса, қазірде микромеханизмдер өндірісі - басымдықтар санатында. Мысалға, нано-технология арқылы иненің ұшына ағылшын сөздігінің 28 томын сыйдыруға болады.
Бірнеше жыл бұрын америкалықтар көлемі миллиметрдің оннан біріндей болатын, минутына 600 мың айналымдық жылдамдық үдете алатын қозғалтқыш ойлап тапты. Бұл механизмді клеткаға енгізуге келеді, соның арқасында медицинада мүлде таңғажайып дүниелер орын алатын болады.
Бұлар осыған дейін көзге көрінбеген тың білімдерді ашатын мүлде жаңа технологиялар. Іс жүзінде жаңа әлем, жаңа өлшемдер ашылды.
Мен осындай лабораторияларды Қазақстанда ашу қажеттігі туралы айтып отырмын. Әлемде бар бүкіл білімдерді жинап, біздің адамдарымызды оқытуды бастау керек.
10-15 жылдан кейін нано-технологияларды пайдалану арқылы триллион доллардың өнімдері шығарылмақшы. Ал біз, бүкіл әлем онымен айналысып жатса да, әлі күнге дейін оның не екенін білмейміз. Ресей үкіметі нано-технологияларды дамытуға миллиард доллар бөлді, олар лаборатория құруда. Бізге өзіміздің кейін қалуымызға жол беруімізге болмайды, өйтпеген күнде біздің адамдарымыз жақындап келе жатқан жаңа технологиялардан тыс қалады. Біз, әрине, бұл салада жаңалықтар ашуға тайталаспаймыз, бірақ біз өз кадрларымызды дайындауға міндеттіміз.
Ғарышқа қатысты айтар болсақ, Қазақстан аумағында космодром бола тұра, біз Ресеймен орынды келісімдер жасасып отырмыз, өйткені оларда технологиялар мен кадрлар бар. Достық және ізгі ниетті қарым-қатынастарымызды пайдалана отырып, біз ғарышты бірлесіп игеруіміз керек. Қазірдің өзінде біздің бір спутнигіміз жұмыс істеп тұр. Егер біз жерді ашықтықтан шолғылайтын тағы бірнеше спутник ұшырар болсақ, өзіміздің жер қойнауларын зерттей алатын боламыз, біз үшін аумақты геологиялық зерттеу, оның ішінде сусыздану, шөлейттену мәселелері де бар, қолжетімді болмақ.
Биотехнологиялар жөнінде айтайын. Бүгінде біз Астанада Биотехнологиялар орталығын салудамыз. Бұл инженерлік, клондау, адам геномын тану тәрізді бүтіндей бір сала. Егер адам геномын тану мүмкін болса, онда гендік деңгейде адамның бір кездері қандай аурумен ауруы мүмкін екенін топшылауға болады. Оған бірден араласып, ол клетканы алып тастауға болады, одан кейін ағзаның ол жері ешқашан ауырмайды. Мен қарапайым адам түсінсін деп әдейі төндіре айтып отырмын. Неге біз экономиканың осы саласымен айналысып, оған қаржы салмаймыз?
Ақпараттық технологияларға келейік. Алатау кентінде біз Ақпараттық технологиялар паркін тұрғыздық. “Майкрософттан” бастап 25 әлемдік компания оған қызығушылық танытып, онда өз жұмыстарын қолға алып, өнім өндіре бастады. Ең бастысы, әрбір компания бізге 100 бағдарламашы оқытып береді. Бұл да бұрын Қазақстанда болмаған жағдай.
Мұнайды өңдеумен, мұнай химиясымен айналыса отырып, біз Ақтауда мұнай-химия кешенінің іргетасын қалап жатырмыз, онда инвестициялар тартылуда және бұл жұмыс бір ғана зауытпен тоқтамақ емес.
Біз түсті металды терең өңдеумен, мыстан құбыр шығарумен, шыны өндірісімен айналысатын боламыз.
Маңғыстаудағы еркін экономикалық аймаққа көз салыңыздаршы. Ондағы осынау аумақта екі жылда ондаған кәсіпорындар бой көтерді. Олардың жартысы қазірдің өзінде бүкіл әлемде сатып алынып, қабылданатын бәсекелі өнімдер шығаруда. Міне, серпінді технология дегеніміз осы.
Мен Балқаштың жанынан электр стансасын салу туралы айтқанмын. Бұл біздің банкирлеріміз бен компанияларымыз өз ақшаларын салуларына болатын коммерциялық өте тиімді жоба. Біріншіден, электр қуаттарына деген тапшылық бар. Екіншіден, электр стансасы солтүстік пен оңтүстіктің қиылысында болады, ол теңдестіруші электр стансасы болмақ.
Мен атом электр стансасын салу қажеттігі туралы айтпақпын. Бізде газ, көмір бар, атом электр стансасының қажеті жоқтай көрінуі мүмкін. Бірақ, бүгінде газды сыртқы рыноктарда сату тиімді, сондықтан оны ел ішінде жағудың қажеті жоқ. Егер біз оны осында әлемдік баға бойынша жағар болсақ, онда электр энергиясының киловаты қанша тұрмақ? Екінші жағынан көмір арзан және ол бізде көп, бірақ көп ұзамай ол қалдықты көп шығаратын экологиялық таза емес өнім болып танылады. Бізге әлемдік қоғамдастық тарапынан реніш айтылуы мүмкін.
Ал атом электр стансасы электр өндірудің сыртында, тағы да ғылыми-техникалық прогреске бағытталған. Бізге ядролық физика, ядролық энергетика саласында жұмыс істейтін кадрлар даярлау керек, оның үстіне бізде ондай тәжірибе бар. Оған қоса Қазақстан уран қоры бойынша әлемде алғашқы орындардың бірін иеленеді.
Қазір қайда барсаң да - бәсеке. Қазақстанға жан-жақтан тауарлар ағылып жатыр. Контрабанда, контрафакт дейсің бе, әйтеуір, сырттан әкелінетін өнім 60 есе, кей салаларда 100 есе артық көрінеді. Оған қарсы күресудің бірден-бір жолы - жергілікті бизнеске оңтайлы қолдау көрсету қажет. Қазақстанды Қытай мен Еуропаны жалғайтын көпірге айналдырамыз, баяғы Жібек жолын дамытамыз дейміз. Соған орай жүк тасымалы да ұлғайып келеді.
Мына мәселені де ескерген жөн: бүгінде доллар дүниежүзілік беделінен айырылды. Мәселен, Еуропа өз ақшасымен, Қытайдың төңірегінде жүргендер юаньмен жұмыс істеуде. Бүкіл әлем бойынша айналымда 600 млрд доллар бар, тіпті одан да артық болуы мүмкін. Сол себепті шетелден арзан доллардың ағылуы алаңдатпай қоймайды. Банктер болса, кәсіпорындарды қолдауға онша ықылас танытпай отыр. Олар мұның орнына сауда-саттықты төңіректегендерге несие бергенді тәуір көреді. Қытайдан тауар әкеп, соны қымбат бағамен сатып, жылына 200-300 есе пайда көріп отырса, неге олар кәсіпорындарды қаржыландыруы керек?
Ғылыми-зерттеу саласындағы био, нано-технологиялар, әлбетте, қажет. Бірақ дүние жүзі елдерінің тәжірибесіне көңіл аударсақ, экспортқа бейімделген салаларды қолдаушылық басым. Нано-технологияңыз шетелде жетіп-артылады. Өздеріне тиімсіз анау-мынау арзанқол бұйымдарын біз секілді елдерге өткізіп жібереді. Оның экономикаға септігі тие ме, пайдасы бар ма, ол жағын біліп болмайды.
Енді мына мәселеге көңіл аударайық. Сарапшылар 2020 жылы Қытай экономикалық қуаты жағынан Америкадан озады деген пікірде. Оған қоса мына жақтан Үндістан, мына бүйірден Ресей еңсесін көтеріп келеді. Осыған байланысты бізде қай саланы дамытқан дұрыс, мәселе - сонда. Айталық, Италия аяқ киім өндіру жағынан ешкімге тізгінді ұстата қоймайтын. Қазір итальяндық кәсіпкерлер «Қытайлар бізді әбден қыспаққа алды» деп зар қағады. Мейлінше шиеленіскен, нарық заманы болғандықтан, сұранысқа сай өркендегеніміз дұрыс. Күні кеше банкирлердің өзі «біз сұранысқа қарай жұмыс істеуіміз керек» деп жатты. Шынымен, солай болуы тиіс. Адам Смит айтпақшы, қазір көзді жұмып қойып кететін нарық заманы емес. Барлық елдер ауыл шаруашылығын үлкен баждан қорғап отыр. Біздегі баждың көлеміне қарасаңыз, пайызы тым жоғары. Еліміз ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа да шығаратындықтан, осы салаға көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Қазір ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша әлемдік рейтингте 13-орындамыз. Болашақта алдыңғы он елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігіміз бар. Егістік алқаптардың аумағына қарай 8 не 9-орынға да жетіп қалуымыз мүмкін. Жер бетінде қазір 6 млрд халық өмір сүруде. «Болашақта бұл көрсеткіш 8 миллиардқа, ал түптің түбінде 10 миллиардқа жетіп қалады» деген болжам бар. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көбеймесе, азаймайды.
Ауыл шаруашылығы өндірісі бұрын жалпы ішкі өнімнің 8, 7 пайызын құраса, соңғы бес жылда 5, 5 пайызға азайған. Осыдан-ақ бұл саланың кенже қалғанын байқауға болады. Мұның себебі неде, мемлекет тарапынан қаржы неге аз бөлінеді?
Жыл сайын ауыл шаруашылығына айтарлықтай қаржы бөлініп келеді. Бірақ расында да оның артта қалғанын мойындауымыз керек. Бізге сырттан 1-2 млрд долларға түрлі өнім әкелінеді екен. Мысал ретінде сырттан тасылатын балмұздақты алайықшы. Сонда өзімізде сүт жоқ па? Жалғыз ол емес, көп нәрсе солай. Сол секілді сырттан 70 мың тонна сұйық май әкелеміз, ал оны өзімізде де өндіруге болады. Әлде біздің бақшамызда күнбағыс өспей ме? Біле білсеңіз, сұйық май өндірісінің тиімділігі бидайдан 20 есе артық. Біз бұрынғы психологиядан арылып, өзгерістер енгізуіміз керек.
Осыған орай Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың несие тек сауда мен құрылыс саласына ғана тартылғаны туралы, оның орынбасары Аслан Мусиннің құрылыс пен қаржы қызметі еліміздегі экономикалық өсімнің 50 пайызын құрайтыны жөнінде айтқан сөздері еске түседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz