Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
ӘОЖ 333.731 3 (584 5)
Қолжазба құқығында
АЛИМКУЛОВА ЭЛЬВИРА СИХИМОВНА
Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту (Оңтүстік
Қазақстан облысы мысалында)
08.00.05 – экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
орындалды
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Т.Я.
Нурумбетов
Ресми оппонентері: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Б.Ш. Сыздықов
экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент М.У. Даурбаева
Жетекші ұйым: М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік
университеті
Қорғау 2010 жылы 28 тамызда сағат 14.00-де Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы экономика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңес
мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан
қаласы, университет қалашығы.
Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 09 шілдеде таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
Ж.С. Раимбеков
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі ұлттық шаруашылықты
қайта қалыптастырудың басты мәселелерінің бірі – экономиканың агроөнеркәсіп
саласын тұрақтандыру және дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға
үлкен мән беру болып табылады. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін
инновациялық дамыту және оның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын
іздестіруге арналған зерттеулер ерекше өзектілікке ие. Инновациялық
үрдістер өзінің мәні бойынша ғылым мен өндірісті бейнелейді, техникалық,
биологиялық және химиялық құралдар мен заттардың, технологиялар мен
шаруашылықты жүргізу тәсілдерін үздіксіз қайта жаңалау, ауыл шаруашылық
өндірісін агроклиматтық факторлар мен нарықтың талаптарына сай, тауар
өнімдеріне әлемдік стандарттарды қолдану үшін жағдай жасайды. Бұның барлығы
ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өндірісінің интенсивтік дәрежесін
көтеруге, инновацияны игерумен агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларында
еңбек өнімділігін арттыруға және қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдістерді
бейімдеу арқылы және аумақтың табиғи, өндірістік және ғылыми-техникалық
әлеуеттерін үйлесімді пайдалану факторларын есепке ала отырып,
агроөнеркәсіп өндірісін жүргізуге бағытталған.
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі негізінде
технологиялық, техникалық құралдар мен қондырғылар, нақты агроклиматтық
және өндірістік жағдайларды есепке ала отырып өсімдіктің жаңа немесе
жетілдірілген сорты мен нәсілді малдарды қолдану қажет. Сол үшін
инновациялық үрдістерді дамыту, инновациялық қызметтердің жаңа түрлерін
құру, агроөнеркәсіп өндірісінің аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, ғылыми
техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыруға әдістемелік
жанасуларды негіздеу өте өзекті мәселеге айналуда және өз шешімін табуды
қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық шаруашылық жүйесінде инновациялар
мен инновациялық қызметтерді игерудің негізгі теориялық және методологиялық
аспектілерін ТМД елдерінің ғалымдары Л.Абалкин, Н.Кандратьев, Б.Санто,
Б.Твисс, Р.Фатхудинов, Х.Фримен, И.Шевченко, Й.Шумпетер, М.Хучек, Ю.Яковц
және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Дамыған елдердің тәжірибесін үйренудегі жүйелік және нақты тарихи
көзқарас агроөнеркәсіп саласына инновацияны ендіру мен инновациялық
қызметтерді атқаруға жаңаша қарастыруға мүмкіндік береді және ауыл
шаруашылығы саласында инновациялық қызметті үйлесмді ұйымдастыру және оны
дамыту үлгілерін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Осы айтылған мәселелердің теориялық тұстары мен тәжірибелік және
аймақтық мәндері, нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы саласының индустриалды-
инновациялық дамуын және олардың тиімділігін арттыру мәселелері
қазақстандық ғалымдар: С.Байзақов, Г.Калиев, А.Кошанов, Ш.Купешев,
М.Мамыров, Б.Мырзалиев, Т.Нурымбетов, М.Өскенов, О.Сабден,
А.Сатыбалдин, Б.Сапарбаев, С.Тажибаев, Т.Исахметов және т.б. еңбектерінде
қарастырған.
Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенінде шаруашылық қызметтердің түрлерінің
өзгеруі және инновацияны игеру, ғылыми және қаржылық қамтамасыз ету
мәселелері аймақтық агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдістерді
дамыту бойынша әдістемелік негіздерді анықтау, болашақта дамыту және
тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық
жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп өндірісінде
инновациялық қызметтерді жетілдіру және инновациялық үрдістерді дамыту
негізінде агроөнеркәсіп өндіріс өнімдерінің экономикалық тиімділігін
асырудың негізгі бағыттарын әзірлеу және негіздеу болып табылады.
Зерттеуге қойылған мақсатты жүзеге асыру мынандай міндеттерді шешуді
көздейді:
- инновацияның мәнін, жіктелу белгілері мен түрлерін, инновациялық
қызметтер мен инновациялық үрдістерді дамыту факторларын, себептерін және
ерекшеліктерін ғылыми негіздеу;
- инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді аграрлық салада
дамытудың шетелдік тәжірибесі мен ерекшеліктерін зерттеу және оны отандық
ауыл шаруашылығы өндірісінде қолдануды негіздеу;
- Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп өндірістің дамуының
қазіргі жағдайының серпініне, тенденциясына және даму бағытына талдау
жасау;
- аймақтық агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті болашақта
дамыту бойынша басымды бағыттарын негіздеу және ұсыныстар әзірлеу;
- ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың мақсатты және статистикалық-
математикалық үлгілерін құру және оларды бағалау.
Зерттеу пәні болып Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп
өндірісінің өнімдерін өндіру тенденциясы, факторлары мен тиімділігін асыру
бағыттары мен инновациялық қызметтерді дамыту аспектілері таңдалды.
Зерттеудің нысаны. Инновация негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының
агроөнеркәсіп өнімдерін өндіру үрдісінде пайда болатын ұйымдастырушылық-
экономикалық қатынастар зерттеу нысаны болып табылады.
Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздері. Отандық және
шетелдік ауыл шаруашылығы ғалым экономисттердiң еңбектері, Қазақстан
Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа
Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жарлықтары,
шешімдері және қаулылары, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың құжаттары,
агроөнеркәсіп өндірісін дамыту бағдарламалары диссертациялық зерттеу
жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болды.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі: материалисттік
диалектика, мәліметтерді жинау және өңдеудің жүйелік пен кешендік
тұжырымдамасы, абстракция, талдау және синтез, дедукция және индукция
әдістері, сонымен қатар, салыстыру және факторлық талдау, экономикалық-
математикалық модельдеу және болжау, баланстық әдіс және т.б. әдістер
қолданылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Аймақтың инновациялық
әлеуетін өсірудің негізгі факторы ретінде агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын
зерттей келе, диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайтын келесі
ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік нәтижелер алынды:
- агроөнеркәсіп өндірісінде инновация мен инновациялық қызметтерді
дамыту факторлары, себептері және ерекшеліктері ғылыми негізделді;
- инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді агроөнеркәсіп
өндірісінде дамытудың шетелдік тәжірибесі зерттелініп, оны отандық ауыл
шаруашылығы өндірісінде қолдану негізделді;
- Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дамуының қазіргі
жағдайының серпініне, тенденциясына және даму бағыттарына талдау жасалынып,
баға берілді;

дамыту бойынша басымды бағыттары негізделініп, ұсыныстар әзірленді;
- инновациялық қызметтерді өндірісте қолданудың мақсатты және
статистикалық-математикалық үлгілері құрылды және оларға баға берілді.
Диссертациялық жұмыстың қорғалуға шығарылатын негізгі тұстары:
- агроөнеркәсіп өндірісінде қазіргі шаруашылықты жүргізу жағдайларында
инновация мен инновациялық қызметтер түсінігінің ғылыми негіздемесі;
- инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді ауыл шаруашылығы
саласында дамытудың шетелдік тәжірибесі мен үлгілері және оларды
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында қолданудың ұтымды жолдары;

қазіргі жағдайының серпіні, тенденциясы және даму бағыттарының талдануы мен
берілген бағасы;

саласында болашақта дамыту бойынша негізделген басымды бағыттары мен дамыту
жолдары;
- инновациялық қызметтерді болашақта зерттеуде мақсатты және
статистикалық-математикалық үлгілерді қолдану мен оның бағаланған
нәтижелері.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні. Ғылыми зерттеудiң негiзгi
жағдайларын жүзеге асыру – агроөнеркәсіп өндірісінің қазiргi жағдайына
сәйкес инновациялық қызметтерді ендіруді қамтамасыз ететін экономикалық
тетiктерді анықтауға, және оны жүзеге асыратын әдiстер мен құралдарды
жетiлдiруге, оларды реттеудiң кешендi iс-шараларын әзірлеуге мүмкiндiк
бередi.
Ғылыми зерттеу жұмысында қойылған мәселелердi шешу үшiн ғылыми
есептеулер көмегiмен инновациялық қызметтердің дамуына қажетті ресурстардың
ұтымды бөлiну мүмкiндiгiне жетуге болатындығы дәлелдендi.
Берілген ұсыныстар мен инновациялық қызметтердің даму үлгісін құрудың
ғылыми-әдiстемелiк бағыттарын мемлекеттiк мекемелер, сонымен қатар,
агроөнеркәсіп өндірісіне қарасты кәсiпорындар, ұйымдар қолдана алады.
Зерттеу нәтижелері агроөнеркәсіп саласын аймақтарда дамытудың теориялық
тұстарын жоғары оқу орнында оқитын студенттерді және магистранттарды
дайындауда пайдалануға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы.
Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес және Оңтүстік
Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешені басқармасы мен ауылдық аумақтарды
дамыту басқармасының Оңтүсттік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенін
инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертацияның
негізгі қорытындылары халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-
тәжірибелік конференцияларда: Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті
экономикасы: жағдайы, мәселелері және даму басымдылықтары (Астана, 2005),
Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын
модернизациялау (Түркістан, 2006), Педагогикалық кадрларды дайындаудың
қазіргі заманғы өзекті мәселелері (Шымкент, 2007), Шоқан тағлымы-13
(Көкшетау, 2008), 6 Дулати оқулықтары (Тараз, 2009), Қазақстан
экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің
өзекті мәселелері (Түркістан, 2010) баяндамалар баяндалып, осы
конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді. Сонымен қатар, бір
қатар жоғары оқу орындарының Хабаршысында және ҚР БҒМ Ізденiс ғылыми
журналында (Алматы, 2009) басылып шықты.
Диссертациялық зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-әдістемелік ізденістері мен
оқу үрдісінде қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан
облысының, Түркістан қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік
мекемесінде баяндалып, жұмыстың нәтижелері іс-тәжірибе процесінде
қолданылды. Оның тәжірибеде пайдалануын дәлелдейтін енгізу Актiсi алынды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша
жалпы көлемі 4,02 баспа табақ болатын 13 ғылыми еңбек жарияланған, олардың
ішінде мақалалардың 4-і ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау
Комитеті ұсынған басылымдарда шығарылған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Негізгі бөлім
Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамытудың теориялық негіздері
Экономикалық дамудың жаңа ұстанымын ғылым, инновациялық қызмет, қазіргі
ақпараттық технологиялар негізіне енген инновация ретінде қарастыру қажет.
Осы себептен ғылыми білім, ғылыми зерттеулер стратегиялық ресурс ретінде,
өз кезінде ғылыми-техникалық дамуды және инновацияны игеруді жеделдетеді.
Инновациялық үрдіс өздігінше басқа сипатқа ие болады, өндірістік үрдістің
барлық тарапын қамтиды, ұйымдастыру және басқару құрылымдарына енеді.
Қазіргі уақытта өндіріске инновация мен ғылыми жаңалықтарды игеру
жылдамдығы мен экономикалық және технологиялық бәсекелестік қарқынды
дамуда. Кәсіпорындар мен фирмалар жаңа технологияны, жаңа білімді ізденуде,
іргетасты зерттеулер жүргізуге қатысуға ұмтылуда, өндірістік жағдайға тез
бейімделу мақсатында тікелей өндіріске инновацияны игеруді ұйымдастыруда.
Инновациялық үрдіс түсінігі жаңа үйлесімділік ретінде, дамытуды
қамтамасыз ететінін, бірінші рет И.Шумпетердің Экономикалық даму
теориясында анықталды, онда экономикалық дамуды, инновациялық үрдіс пен
кәсіпкерлік қызметті дамытудың үздіксіз байланысында қарастырса, Х.Фримен
жаңа технологиялық жүйе мен технологиялық төңкерістің категориясын
негіздеді, ол жаңа технологияны игеруде инновацияны қызметтік жүйе ретінде
қарастыруға мүмкіндік берді.
Көп ғалымдар инновацияны немесе жаңалық енгізуді техникалық-
экономикалық үрдіс ретінде, онда технологияны жақсарту және қосымша пайда,
қосымша табыс алу мақсатында ғылыми білім мен ғылыми жаңалықты қолдану
жүзеге асады деп қарастырады.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті дамытудың
тұжырымдамасында инновациялық үрдіс жаңа немесе жақсарған ауыл шаруашылық
өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерін, және шикізатты өңдеудің жаңа
немесе жетілген технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер мен
әзірлемелер жүргізіліп, инновацияны құру және оларды өздерінің тікелей
өндірісінде игеру бойынша нақты іс-шаралардың заңды және кезекпе-кезек
жүргізілетін жүйесі деп анықтау ұсынылады.
Біздің ойымызша, инновациялық қызметті ғылыми-техникалық және ғылыми
қызметпен теңестіру дұрыс емес, инновациялық қызметтің мәнін ғылыми-
техникалық қызметтің, ғылым мен өндірістің интеграциясы және өндірістің
бірыңғай циклінің қалыптасуы мен ғылыми өнімді игеруге жалғасқан үрдісі
ретінде есептеу қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың
аса көп нормативтік құжаттары бар, олар эканомиканың салаларында
инновациялық қызметті реттейді, соның ішінде агроөнеркәсіп өндірісінде,
мемлекеттік инновациялық саясаттың негізін белгілейді. Оларға Ғылым
туралы, Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы республиканың заңы
және т.б. құжаттар. Инновация туралы заң, сонымен бірге 2006-2015 жж. ҚР
индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді және бекітілді.
Осыдан келе, инновациялық үрдісті өндірістік-экономикалық жүйеде ғылыми
және ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін жүйелі қолдануға мүмкіндік
беретін, техника-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық
кезеңдерін өзара байланыста және өзара тәуелділікте қарастыру ұсынылады.
Инновациялық кезең жаңалықтың немесе ғылыми әзірлеменің пайда болуы мен
оларды өндірістік үрдісте қолдану арасындағы уақыт мерзімін көрсетеді.
Инновациялық кезеңнің ұзақтығы төмендегілерге байланысты:
1) өндірістің технологиялық деңгейіне, 2) игеруге ортаның бейімделу
қабілеттілігі және 3) сыртқы қаржылық-экономикалық факторларға (Кесте 1).
Кесте 1 – Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық үрдістің кезеңдері мен
экономикалық мәні
Кезеңдері Мәні және мазмұны Басты
орындаушылары
- саладағы мәселелерді шешу, идеялардың
Инновацияны пайда болуы және оларды ҒЗЖ-ң жоспарына АӨК-ң
құру ендіру; ғылыми-зерттеу
- іргетасты және қолданбалы зерттеулерді мекемелері (ауыл
жүргізу, әзірлемелерді жүзеге асыру; шаруашылығы
- интеллектуалдық меншік нысандары ретінде ғылымы)
аяқталған ғылыми-техникалық әзірлемелерді
рәсімдеу;
- ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімдерді
өндіру және сату;
- инновацияны дайындау, оны өндірісте
игеру.
- инновациямен жұмыс істеу үшін АӨК
Инновацияны мамандарын даярлау және қайта даярлау; АӨК-ді басқару
тарату - АӨК басқару мекемелерінің қызметтік ұйымдары және
міндеттерін жасау, инновацияны насихаттау; инновацияны
- ауыл шаруашылық өндірісінде әртүрлі әзірлеушілер
ұйымдастырушылық-құқықтық түрде
кәсіпорындарды ақпаратпен қамтамасыз ету;
- ақпараттық-кеңестік қызметтің (АКҚ)
жұмыстары және бұхаралық ақпараттық
құралдар.
- инновация туралы тауарөндірушілерге
Инновацияны ақпаратты жеткізу; Тауарөндірушілер
игеру - тауарөндірушілердің инновацияны игерудегіжәне АӨК-ң
ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері; АКҚ-н бірлесе
инновацияны
- инновацияны әзірлеушілер мен АКҚ және әзірлеушілер
тауарөндірушілер арасында өзара
келісім-шарттық қатынастар жүргізу;
- тауарөндірушілердің белсенді қызметі;
- инновацияға тауарөндірушілердің төлем
қабілеттілік сұранысы.
Инновацияны - АӨК-де инновацияны игеру тиімділігі Тауарөндірушілер
игерудің тауарөндірушілердің алған қосымша өнімі және АӨК-ң
тиімділігі немесе табыстың, инновацияны құру және оны АКҚ-н бірлесе
өндірісте игеру шығындарына қатынасы инновацияны
бойынша анықталады. әзірлеушілер
Ескерту - ғылыми зерттеу нәтижесінде автор құрастырған
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инновациялық қызмет мемлекеттік
басқаруды және едәуір қаржыны салуды талап етеді. Инновациялық қызметке
төмендегі факторлар әсер етеді: ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығын
көлемі; ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімді жасауға қабілетті ғылыми
қызметкерлердің саны; бітіруші мамандардың саны мен сапасы; инновациялық
қызметтің инфрақұрылымы; инновация негізінде еңбек, материал және қаржы
қорларын тиімді қолдануға қабілетті салалық басқаруды ұйымдастыру. Мынаны
ескеру қажет, егер экономикасы жоғары дамыған елдерде техникалық
әзірлемелердің инновациялық кезеңнің ұзақтығы 5-6 жылды құраса, дамушы
елдерде 15-тен 25 жыл аралығында болуда.
Көп елдердің экономикасы инновациялық дамудың негізіне және
технологиялық дамуға қызмет ету ғылым, өндіріс және қоғам арасындағы өзара
қарым-қатынас жүйесінің қалыптастырылуына және инновацияға көбірек
бағдарланған. Олар, оның бағыттарын барлық кезең бойынша ғылыми зерттеуден
өндіріске енуін анықтайды. Әрбір мемлекетте, бірінші жаңалығы экономиканың
инновациялық дамуына мән беріледі, ұлттық инновациялық жүйе
қалыптастырылады.
Инновациялық үрдіске әртүрлі бағытталған, оң және кері әсер ететін
факторлар мен жағдайлар жиынтығы әсер етеді. Сол себептен диссертациялық
жұмыста инновациялық үрдістің ағымына оң және кері әсер ететін факторлар
қарастырылып толық талдау жүргізілді.
Қазіргі кезде инновациялық үрдістің үш түрі бөлініп көрсетілуде:
- қарапайым ішкіұйымдық (ұйымаралық), ол жаңашылдықты әзірлеу және оны
бір кәсіпорынның ішінде қолдануды ұсынады, бұл жаңашылдық, ереже бойынша
тауар түрінде болмайды;
- ұлғаймалы, жаңашылдықтың бірнеше өндірушілері бар болуы, жалғыз
өндірушінің монополиялық үстемділігін бұзу;
- тауарлы, бұл жағдайда кем дегенде екі шаруашылық субъект
жаңашылдықты өндіруші және тұтынушы ретінде әрекет етеді, ал жаңашылдық
тауар көрінісінде болады.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық үрдістің
ерекшелігі ретінде, өндірістің тарихи-дәстүрлі технологиясынан басқа,
келесілерді айтуға болады:
- ауыл шаруашылық өнім түрлерінің әртүрлігі, технология түрінің және
оны өндірістегі қолдану мерзімінің ұзақтық айырмашылығы;
- шаруашылық қызметті жүргізуде аймақтар арасында табиғи және
экономикалық жағдайлар бойынша айырмашылығы, ауыл шаруашылығы өндірісінің
аумақтық әртүрлі орналасуы мен бір-бірінен қашықтығы;
- ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық өнімді өндіруші ұйымдар мен
мекемелерден оқшау болуы;
- ауыл шаруашылығы өндіріне ғылыми жетістіктерді ендірудің нақты
ұйымдастырушылық-экономикалық тетігінің болмауы, инновацияны игерудің төмен
қарқыны.
Әлемдік шаруашылықтың интеграциялық жағдайында халықаралық аспектіде
инновациялық саясаттың мәселелері – корпоративті және мемлекеттік – ұлттық
бәсекеге қабілеттілікті күшейту болып табылады. Мысалы, АҚШ ғылыми-
техникалық саясатын жүзеге асыру жақсы дамыған институционалдық құрылымға
негізделеді.
Жапонияда 80 жылдарда ҒТҮ мемлекеттік реттеу тұжырымдамасында болған ең
күрделі өзгеріс, жуырдағы он жылдықта осы мемлекеттің көзқарасы болып
табылады, оны жаңашыл салада және өндірісте әлі де қалыптаспаған әлемдік
көшбасшы қатарына шығару (жаңа материалдар, микроэлектроника, биотехнология
және т.б.).
Жетекші Еуропалық елдерде (Германияда, Ұлыбританияда, Францияда) ұлттық
мемлекеттік ұйымдар ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті қалыптастыруда,
корпорацияларды қолдауда мәнді рөл ойнайды, олар жеке өнімнің және ұлттық
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтереді.
Біздіңше, жаңашылдық тәуекелінің факторын ескере отырып, шығармашылық
ізденіске және инновациялық шешімді жедел ендіруді ынталандырудың мақсатты
бағыттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инновациялық қызметті басқару
әдісі аудандық деңгейде белгілі ұстанымда анықталады, кестеде көрсетілген
мақсат пен мәселені ескереді. Инновациялық қызметті басқарудың негізгі
мақсаты кезеңнің барлық қатысушыларының басымды экономикалық әрекетінің
жүйесін жасау, бұл агроөнеркәсіп саласында ғылыми-техникалық жетістіктерді
ендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ғылыми, өндірістік және қор
әлеуетін белсендіреді (Кесте 2).
Аудандық инновациялық жүйені қалыптастыру шартты түрде екі кезеңге
бөлінген: біріншісі – аудандарда инновациялық орталықтардың құрылуы –
болашақ инновациялық кешен ошағы; екіншісі – тұтастай ғылыми-өндірістік
организм ретіндегі жеке аудандық инновациялық кешенді құру.
Кесте 2 - Аудандық деңгейдегі агроөнеркәсіп кешеннің инновациялық
қызметінің негізгі ұстанымдары, мақсаттары және мәселелері
Ұстанымдары Мақсаттары Мәселелері
ұйымдастырушылық- ұзақ мерзімді ұйымдастырущылық-басқ
басқарушылық ұйымдастырушылық-басқарушылық; арушылық
орта және қысқа мерзімді
ұйымдастырушылық-басқарушылық
қаржылық-
экономикалық ұзақ мерзімді
әлеуметтік-экономикалық; құндылықтың
орта және қысқа мерзімді жаңа жүйесін
этикалық әлеуметтік-экономикалық қалыптастыруымен
бақылау байланысты
ұзақ мерзімді әлеуметтік-мәдени;
орта және қысқа мерзімді
әлеуметтік-мәдени

Агроөнеркәсіп өндірістің инновациялық дамуының мақсатты тұтастығынан
инновациялық үрдісті басқарудың сәйкес келетін қызметтері шығады. Олар
стратегиялық-маркетингтік, инновациялық үрдісті жоспарлауда, инвестициялық
үрдістің тығыз байланысын есептеу және бақылау бойынша үздіксіз өзара
байланысты тізбек болып табылады. Ондағы қолданылатын көрсеткіштер толық
түрде болмаса да, инновациялық үрдісті өндірістің экономикалық тиімділігіне
дәреже әсерін ескереді. Осы мәселеге диссертацияның келесі бөлімі арналады.
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірісі және ондағы
инновациялық қызметтің қалыптасу жағдайын бағалау
Агроөнеркәсіп өндірісінде ең көп таралған инновация кәсіпорындарды
басқару және ұйымдастыру, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария,
механизация, электрофикация және өндірісті автоматтандыру, ауыл шаруашылық
өнімдерін өңдеу және сақтау болады.
Көптеген ғылыми басылымдарда талдаулар көрсеткендей, Оңтүстік Қазақстан
облысында агроөнеркәсіп кешен шаруашылығында көптеген себептермен
инновациялық үрдісті ендіру төменгі деңгейде қалуда, оның себебінің бірі
ұтылыссыз, тәуекелсіз қарапайым технологияларды жеткілікті жоғары дәрежелі
бағдарда игерілуде, соған байланысты агроөнеркәсіп өндіріс кәсіпорындарында
технологиялардың тозуы және техника-технологиялық деңгейінің төмендеуі
байқалады.
2008 жылы облысты тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
134,1 млрд. теңгені (ағымдағы орташа бағамен) құрады, бұл 2005 жылмен
салыстырғанда 40,9% жоғары, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімдері –
69153,1 млн. теңгеге немесе 16,0%-ға, мал шаруашылығының өнімдері – 64963,1
млн. теңгеге немесе 82,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің
өндіріс салалары бойынша құрылымы зерттеп жатқан 2005-2008 жылдардың
аралығында мал шаруашылығының 2005 жылы 37,4%-дан 2008 жылы 48,4%-ға үлес
салмағының өскенін, ал өсімдік шаруашылығының, керісінше, бұл жылдарда үлес
салмағының 62,6% мен 51,6% төмендегенін байқаймыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы негізінде мақта, көкөніс пен бақша, жеміс-
жидек пен жүзім өндіруге жалпы осы өнімдерге деген отандық сұраныс көлемін
қанағаттандыратын деңгейде облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарын
мамандандыру және оларда өндірісті шоғырландыру қажет.
2008 жылы облыста 715,9 мың ipi қapa, яғни 2005 жылмен салыстырғанда
17,8%; 3415,5 мың қой мен ешкi - 14,7%; 144,0 мың жылқы - 19,8%; 15,1 мың
түйе - 4,9%; 32,9 мың шошқа - 11,5%; 2125,2 мың құстың барлық түрлерi -
1,5% артты. Бұл негізінен үй шаруашылықтары мен шаруа (фермер)
қожалықтарындағы мал мен құс санының көбеюі есебінен орын алды, ал ауыл
шаруашылық кәсіпорындарында соңғы үш жылдың ішінде мал санының шамалы артуы
байқалады.
2008 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндiрушiлердiң күшiмен 152,1 мың
тонна ет, 2005 жылға қapaғaндa 16,4% артық; 608,3 мың тонна сүт немесе
22,7%, 246,9 млн. дана жұмыртқа немесе 20,8% артық өндiрiлдi.
Облыс деңгейінде аудандар бойынша егістік көлемінің оңтайлы құрылымын
қалыптастыру үшін төменгілерді іс-жүзіне асыру қажет:
- тұрақты және бәсекеге қабілетті егін шаруашылығын қалыптастыруда,
ауыл шаруашылық дақылдарын егуде аймақтық мамандандыру мен егін
шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген қағидаларын есепке алу қажет;
- оңтүстік өңірдің ғылыми негізделген даму стратегиясына сәйкес
кластерлік жанасу бойынша жүзімдіктер мен жеміс-жидек, көкөніс пен бақша
дақылдарының егін көлемін ұлғайту кажет;
- ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұкымдық жүйелерін қайта
қалпына келтіру және қалыптастыру;
- көкөніс, жүзім-шарапты өңдеу бойынша өңдеуші өнеркәсіп ұйымдардың
өндірістік қуатын ұлғайту;
- ауыл шаруашылық айналымына дағдарыс себебінен пайдаланбай жатқан
тың жерлерді қайта пайдалану және ендіру;
- ауыл шаруашылық өндірісінің өсімін және экономикалық қызмет
саласының өрісін кеңейту;
- облыстық ақпараттық-маркетингтік жүйені дамыту.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданының индустриалды-
инновациялық дамуының аймақтық бағдарламасы негізінде Мерхаф жүйесі
бойынша жеміс-жидектерді өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл ауданда қазақтандық-
израильдік біріккен Принир компаниясы 19 млн. теңге көлемінде шетелдік
инвестициялар жұмсап, өсімдіктерді суарудың жаңа технологиясын – тамшылатып
суару іс-жүзіне асты. Израильдік тамшылатып суару әдісі мен қызанақтарды
өсірудің қытай әдісі – ұрықтарды тікелей себу әдісі де қолдануда. Әдістің
артықшылығы суды үнемдеп, жұмыстардың толық механикаландыруы жағдайында
ұрықтардың жүз пайыз шығуын қамтамасыз етеді. Бұл инновациялық екі әдіс те
аз шығын жұмсау арқылы табысты және сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдарда макроэкономикалық жағдайдағы оң өзгерістер ауыл
шаруашылығы саланы қаржылық қолдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. 2008
жылы ел ішінде агроөнеркәсіп саласына 120,0 млрд. теңге инвестиция құйылып,
инвестиция салымы бірінші кезекте, дақылдардың сапасын жақсартуға, жаңа
қазіргі заманғы агротехнологияларды ендіруге, саланың техникалық жаңаруына
бағытталды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық дақылдарын өндіруге қажетті
фосфор, азот, калийлік тыңайтқыштарды сатып алу толық субсидиялануда.
Шаруаларға сатылатын элиталық ұрықтардың құны 50 пайызға дейін
арзандатылып, себілетін тұқымдардың сапасын тексеру толығымен қамтамасыз
етілуде.
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымның
қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар жүйесін талдау оны жетілдіру
тетігін кешенді тұрғыда қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дамыған елдерде техниканы сатып алуға берілетін тікелей дотациялар
қазіргі кезеңде өте сирек кездеседі. Бірақ, жеке дағдарыс кезеңдерінде ауыл
шаруашылығының дамуында олар кеңінен қолданылды. Батыс Еуропа елдерінде
фермерлер қажетті техниканың бір бөлігіне ие, ал кейбіреулерінің иелігінде
олар тіпті жоқ. Яғни ауыл шаруашылығында мердігерлердің (МТБ, машиналық
рингтер және т.б.) техникасын пайдаланады.
Индустриалды-инновациялық даму сипатындағы ауыл шаруашылығы саласында
жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестиция көздері республикалық және
жергілікті бюджет құралы, сол сияқты мемлекет бақылауындағы кәсіпорындар
(ұлттық компания, мемлекеттік кәсіпорындар) арасынан индустриалды-
инновациялық даму үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негізін
құрайтын сала ғана қалуы қажет.
Келешекте ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуды жетілдіру бойынша
инновациялық іс-шараларды жүзеге асыра отырып, өзіндік құны төмен, жоғары
сапалы өнім өндіру арқылы ғана әлемде бәсекелестікте өз орнымызды ала
отырып, төмендегі нәтижеге ие боламыз:
- техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және олардың
тиімділігі артады;
- зиянкестермен күрес жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді;
- агротехникалық іс-шараларды жүргізгенде қуатты, өнімділігі жоғары
техникаларды кеңінен пайдалану мүмкіндігін арттырады;
- минералды тыңайтқыштар жүйелі түрде пайдаланылады;
- өндірілген өнімді тиімді бағамен сатуға және нарықтық жағдайда
бәсекелестігі жоғары өнім өндіруге ықпалы тиеді.
Бұл үшін ауыл шаруашылық саласында инвестиция тартудың тетіктерін
жетілдіру бойынша мына бағыттар ұсынылады:
- ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуда ең алдымен аймақтық
ерекшеліктерін зерттей отырып, ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіруді
ынталандыру мақсатында мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер, жанар-
жағар май, субсидия беру тетіктерінің құқықтық базасын дайындау;
- аймақтардың ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту тетіктерін
жетілдіру мақсатында шет елдердің тәжірибесін зерттеп, оны жүзеге асыру
қажет.
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына құйылған
инвестиция көлемі мен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі арасындағы
байланысты көрсететін корреляциялық теңдеу жалпы өнімнің өсіңкілік
серпініне қарай сызықты және параболалық тренд үлгілері және детерминация
коэффициенттерінің мәндері төменде берілген (Сурет 1).
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі мен оған әсер ететін
таңдалған төрт фактордың арасындағы корреляциялық-регрессиялық
байланыстың математикалық үлгісі төмендегі формула бойынша анықталды:
(1)
Мұнда, - ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялар, млн. теңге; - ауыл шаруашылық кәсіпорындары, бірлік;
- ауыл шаруашылығында қызмет атқаратын
жұмысшылардың орташа айлық жалақысы, теңге; - облыстағы егілген егін
көлемі, мың гектар.
Детерминация коэффициенті тең. Ол жалпы өнімнің ауытқуының 96,82%
зерттелетін фактормен болып отырғандығын көрсетеді. Ал қалған (3,18%) басқа
факторларға байланысты болып келеді. Демек, жалпы өнім мен зерттелінген
факторлар арасындағы байланыс өте тығыз.
Ескерту - автордың зерттеуі бойынша компьютерде жасалған
Сурет 1 - Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемінің жалпы өнім
көлеміне әсерінің тренд үлгілері
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының қазіргі инвестициялық жағдайы күрделі
қаржы салымының төмендеуімен ғана емес, сондай-ақ негізгі капиталдың ұдайы
өндірістегі құрылымдық өзгерісімен анықталады. Келешекте ауыл шаруашылығы
саласын дамыту және оның экономикалық тиімділігін арттыру, бұл салаға
инвестицияны тартуға тікелей байланысты екендігін талдаудан байқалады.
Ауыл шаруашылығы өңдірісінің қарқынды өсуі, ондағы агрохимиялық
қызметтердің толық қызмет атқаруына тікелей байланысты. Оңтүстік Қазақстан
облысының шаруашылықтарының барлық санаттарында 2008 жылы ауыл шаруашылық
дақылдарына 100% қоректік заттар есебімен енгізілген минералды тыңайтқыштар
көлемі 140,4 мың центнер құрады, бұл 2005 жылдың 76,0% құраса, органикалық
тыңайтқыш – 138,2 мың тоннаға немесе 26,7% артық ендірілді. Облыстағы
минералды тыңайтқыштың едәуір бөлігі шитті-мақтаға 63,0%, көкөніс - 9,2%
және органикалық тыңайтқыштар - картопқа 42,7%, көкөніске - 54,0%
енгізілді (Кесте 3).
Қазiргi таңда облыста ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарындағы
өндірісті тұрақтандыру мен қайта қалыптастыру, ауыл шаруашылық өнiмдерiн
сататын көтерме сауда ашу, ауыл шаруашылығы өнiмдерін өндiретiн
құрылымдарын кооперациялық байланыс негізінде мамандандыру және
шоғырландыру, сонымен бiрге ауыл шаруашылығын машина-тракторлық бекеттердің
қызметтерін пайдалану бойынша жұмысты жүзеге асыру үшiн iс-шаралар
жүргiзiлуде.
Кесте 3 - Оңтүстік Қазақстан облысында минералды тыңайтқыштарды пайдалану
көлемі және серпіні, теңге
Көрсеткіштер 2000ж. 2005ж. 2006ж. 2007ж. 2008ж. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz