Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы

Жоспары:
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім:Математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану
II.1.Деңгейлеп оқытудың математика сабағында тиімділігі
II.2.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
II.3.Математика сабағында деңгейлік есептер шығару арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
III.Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңа технологияны қолдануда:
Мұғалім нені білу керек?
* Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
* Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
* Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
* Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
* Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
Не істей алу керек ?
* Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
* Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
* Әр сабақты жоспарлау.
* Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
* Оқу модулын құрастыру.
* Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
* Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?
* Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
* Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
* Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
* Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Жаңа технологиялар:
1. Ойын технологиясы.
2. Проблемалы оқыту технологиясы.
3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
4. Деңгейлік саралау технологиясы.
5. Жекелеп оқыту технологиясы.
6. Оқытудың компьютерлік технологиясы.
7. Презентациялар технологиясы.
8. Кезеңдеп оқыту технологиясы.
9. Жеке пәндік педагогикалық технология.
10. Альтернативті технологиялар.
11. Өзіндік дамыту технологиясы
12. Дамыта оқыту технологиялары
13. Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары.
14.Модульдік оқыту технологиясы.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты - жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Міндеттері:
1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
Бірінші деңгей-үйренушілік.( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей-алгоритмдік. Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей - эвристикалық. Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
Төртінші деңгей-шығармашылық, Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл - ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады. Сабақ барысында топтағы барлық оқушылардың білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы - оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады.Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Оқытушы білімі төмендерге көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы ирформатика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.

Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі бағыт Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, нәтижеге қарай білім беру болып табылады.
Білім беру жүйесінің басты - міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, оны орындауға барлығы міндетті. 2- 3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
Әрбір оқушы деңгейлеп оқыту технологиясының мақсатында өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады
Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
1-деңгей: міндетті, оқушылық;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық - өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.
1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.
2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.
3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық - ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу пәнге қызығушылығын арттыру. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Қорыта келгенде, оқушылардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, жаңа технологияларды пайдалану негізінде одан әрі дамытылуда. Оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой өрісі кеңейе түседі. Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады. Математика пәнінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі қажеттілігі туады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыны үнемі тапсырма орындайды, үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы;
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
Оқушы белсенділігінің оянуы;
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі
Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы;
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы.
Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды сатысы бойынша оқушының информатика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
* Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
* Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
* Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
* Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
* Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
Деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі Білім берудің қазіргі жағдайында оқытудың жаңа мазмұны мен қалыптарын іздестіру - өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мұғалімдердің тәжірибесіне енгізілуде. Ана тілімізді ұлттық құндылық ретінде дәріптеуде осы пәнді үйретуші әрбір ұстазды оқытудың жаңа үрдістері мен өзекті мәселелері ойландырмай қоймайды. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген технологияларының бірі - Ж.А.Қараевтың саралап - даралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясы - нәтижеге бағытталған білім беру құралы. Саралап білім беру - қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды.Оқу пәні ретінде орыс сыныптарында қазақ тілін саралап оқытудың өзіндік ерекшелігі және маңызы бар.Себебі ,обьективті түрде өзге тілді оқушы үшін қазақ тілі мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі қиындарының бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл ретінде саралап оқыту-ол тек мықты оқушылардың ғана емес, бұл пән қиынға соғатын оқушылардың да мүмүкіндігін қанағаттандыруы тиіс. Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын қабілетті және қабілетсіз деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан , жұмысын оқушылық, міндетті бірінші деңгейдің,ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай , өз білігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ: -барлық оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.Бұл өз кезегінде,мемлекеттік стандарттың орындалуына кепілдік береді. Нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде оқушылық деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемде байқадым.Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап өткізбесе келесі деңгейге көшпейді. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ,өзіне өзінің сенімі артады. Оқушылардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып ,өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты: жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу; - дарынды оқушылардың мүмкіндігін анықтау; әр оқушы өзін-өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге өзі жеткізе алады, материалды толық меңгереді. Бұл технологияның тағы да бір тиімділігі - оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс оқушының әр сабақта жинаған ұпайларын "Даму мониторингі" кестесінде белгілеп отыру арқылы тарау бойынша оқушы біліміне талдау жасап отыруға мүмкіндік туады. Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) - білімнің минималдық шегі, жаттап алуға лайықталған болуы керек. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді пысықтау, сұрақтарға түсініп жауап беру. Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей)- өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар.Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі. Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) - танымдық-іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.Өздігімен мысалдар құрастыру, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.Материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр - түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді. Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.Олимпиадалық тапсырмалар,берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.Өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады.

Деңгейлеп - саралап оқытудың басты мақсаты - сынып оқушыларын қабілетті,қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы сабақтарында қандай оқушы болмасын, жақсы оқитына қарамастан, жұмысты І деңгейден бастап орындайды, І деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік стандарты талаптарының орындауына кепілдік береді. І деңгей тапсырмаларын орындаған оқушы сынақ - есепке алу жүйесіне сай білім сапасын көрсетіп, 5 балдық жүйесінде 3 бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Әдетте І деңгейлі орындаған оқушы одан жоғары деңгейлерді орындауға ұмтылады, өзіне-өзі сенім білдіріп бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге іздене талаптана отырып, өз білімін толықтырып жетілдіреді, себебі 4 және 5 бағаларын алу үшін неғұрлым жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажет.
Деңгейлеп - саралап оқыту деңгейлеп оқыту технологиясы екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдынылатын рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг ұпай - балл жинау әдісімен бағаланады.
Мысалы: І деңгейдегі 5 сұрақ х 2 ұпай - 10 ұпай; ІІ деңгейдегі 4 сұрақ х 3 ұпай - 12 ұпай; ІІІ деңгейдегі 3 сұрақ х 5 ұпай - 15 ұпай; ІV деңгейдегі 1 сұрақ х 10 ұпай - 10 ұпай;
Оқушылардың жинаған ұпайларына қарай төмендегідей баға мониторингі белгілінеді. Мысалы: І деңгейден 8 - 10 ұпай жинаса 3 баға; І-ІІ деңгейден 11-12 ұпай жинаса 4 баға; І-ІІ-ІІІ деңгейден 27-37 ұпай жинаса 5 баға; ІV- олимпиадалық деңгейде қосымша жұмыстың орындалу нәтежесіне қарай 4 немесе 5- пен бағаланады.
Дәстүрлі 5 балдық жүйедегі 2 баға алудан, деңгейлеп - саралап оқыту технологиясыдағы сынақ - есепке алу жүйесі оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Оқушы бір деғгейден екінші деғгейге көтерілуге, көбірек ұпай жинауға ұмтылады.
Осы тұрғыдын үлгерімі төмен, баяу қимылдайтын оқушы жақсы оқитын оқушылырға ілісе алмай, І деңгейден аса алмай қалған жағдайда не істеуге болады деген сұрақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz