Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Б. С. Мырзалиев, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Нарық жағдайындағы бәсеке қабілеттілік

Түркістан - 2007

Кіріспе

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. Қазақстан экономикасының көрсеткіштері елде нарықтық экономиканың негіздері құрылғандығын және экономикалық өсудің негізі қаланғандығын көрсетеді. Өсудің негізгі шарты экономиканың бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.

Біздің елімізде көптеген жылдар бойы өндірушілердің жоғары монополизация жағдайында өнім өндіруді реттеуші нақты сұраныс емес, керісінше өндіру мен бөлудің әкімшіл-әміршіл механизмі тұтынуды реттеу арқылы тұтынушылардың қажеттіліктері мен талғамдарын қалыптастырды. Мұндай жағдайда өндірушілерде іс жүзінде тауардың бәсекеге қабілеттілігі мәселесі болған жоқ, ол болған жағдайдың өзінде сыртқы нарықта сатылатын өнімге қатысты шешілетін еді. Нарықтық механизм дамуымен байланысты бұл мәселе біздің елімізде өткірлене түсті және де оның шешімі өндірілетін және тұтынылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары мен әдістерін белсенді түрде іздеу нарықтың барлық субъектілерінен талап етілді. Осымен байланысты қазіргі заман экономикасында әрбір өндірушінің қаржылық-экономикалық және өндірістік-өткізу стратегияларының басты бағыттары жоғарғы пайда алу мақсатында нарықта өзінің позициясын нығайту үшін өндіретін тауарларының бәсекеге қабілеттілігін көтеру болып табылады.

Республиканың, сондай-ақ ауыл шаруашылығының перспективті дамуының басты міндеттері 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында баяндалған. 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік азық-түлік бағдарламасында да ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды шаралар қарастырылған. Республика Президенті ауыл шаруашылығын онан әрі дамыту бағыттарын дайындау, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуды қолдау, ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестігін арттыру бағытында нақты міндеттер қойды. Бұл жөнінде Президенттің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында да баяндалады. Ол бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятындығын атап айтқан.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру бір-бірімен байланысты күрделі мәселелерді шешумен байланысты. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі ең алдымен өнімнің бағасы және сапасымен анықталатынын ескерсек сапаны көтеру мәселесін шешудің маңыздылығы келіп шығады. Сондықтан да отандық өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру үшін баға мен өндіріс шығындарын азайту, өнім сапасын арттыру қажет. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру проблемасы Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруімен өткірлене түседі. Сондықтан да бұл мәселе жүйеле түрде шешуді талап етеді.

Бұл мәселелер бойынша зерттеу жұмыстары көптеген ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Атап айтсақ, В. В. Григорук, Т. Есіркепов, О. Есқараев, Х. Ертазин, Р. Каренов Ғ. Қалиев, Ж. Қорғасбаев, Р. Куватов, А. Сатыбалдин, М. Сигарев сынды ғалымдардың еңбектері арналған. Алайда аталған тақырып дербес зерттеу объектісі ретінде әлі де өз дәрежесінде зерттеуді талап етеді. Жұмыстың өзектілігі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру проблемалары мен оларды шешудің жолдарын қарастыру диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау және мақсаты мен міндеттерін айқындауды алдын-ала анықтады.

Бірінші тарауда бәсекелік қабілеттілікті арттырудың теориялық негіздері және оған ықпал ететін факторлар қарастырылған.

Екінші тарауда Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі жағдайы мен шаруашылық формаларының дамуына талдау жасалынған және бәсекелік қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктері талданған.

Үшінші тарауда бәсекелік қабылеттілікті арттырудың жолдары ретінде ауыл шаруашылығындағы маркетинг жүйесін дамыту, өндірісті мамандандыру және инновациялық даму негізінде бәсекелік қабілеттілікті арттыру мәселелері зерттелген.

  1. Нарықтық экономика жағдайындағы өнімнің бәсекелік қабілеттілігінің теориялық негіздеріБәсекелік қабілеттілікті арттырудың теориялық негіздері және оған ықпал ететін факторлар

Соңғы онжылда бәсекенің күшеюі бүкіл әлемде байқалып отыр. Бұған дейін бұл процесс өз дәрежесінде дамымай, үкіметтің тікелей араласуымен шектелініп отырды. Кез-келген тауардың немесе қызмет нарығының өз ерекшеліктері бар. Құбылыс ретінде бәсеке жаңа ұғым емес, бірақ оның көрінісінің алуан түрлілігі оның қарқындылығы мен динамикасын бағалауды қоса алғанда тұрақты дамуды талап етеді /1/. Қазіргі кезде бірде-бір кәсіпорын бәсекесіз дами алмайды. Бәсекелік күрестің алуан түрлі тәсілдері мен формаларының болуына қарамастан әрбір фирма нарықтық табысқа қол жеткізу үшін өзінің бәсекелік стратегиясын жасауға тырысады. Бәсекелік күрестің шеберлілігін меңгеріп, түсіну қажет.

Бәсеке - нарықтың белгілі бір сегментін жаулап алу, өнімді өткізу үшін тауарлар мен қызметтер өндірушілері арасындағы жарыс. Бұл мақсатқа жету үшін әрбір фирма өз стратегиясы мен тактикасын қолданады. Нарықтық экономика үшін негізін қалаушы мәнге ие, өндіріс тиімділігінің өсуі, дамудың қозғаушы күші болып табылады. Шаруашылық процестердің реттеушісі, нарықта тепе-теңдік бағаны белгілеу тәсілі, өндіріс пен өткізу шығындарын азайтуды ынталандырады /2/.

Бәсекелікқабілеттілік - бірнеше деңгейде қарастыруға болатын көпжоспарлы экономикалық категория. Бұл тауарлардың, тауарөндірушілердің, салалардың, елдің . Барлық осы деңгейлер арасында өзара тығыз байланыс бар, яғни елдік және салалық бәсекелікқабілеттілік соңғы қорытындысында нақты өндірушілердің бәсекелік қабілетті тауарлар шығару қабілетіне тәуелді. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін бағалау бірнеше процестерден тұрады: (схема 1)

  1. зерттелінетін тауар нарығының конъюктурасын анықтау;
  2. бәсекелестер мен олардың өндіретін тауарлары жөнінде мәліметтерді жинау және талдау;
  3. потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу;
  4. салыстыру үшін ұқсас тауарларды таңдау;
  5. тауардың бәсекелік қабілеттілігі критерийлерінің номенклатурасын таңдау;
  6. зерттелінетін тауар мен ұқсас тауарлар критерийлерін салыстырмалы талдау
  7. факторлық талдау

Тауардың бәсекелік қабілеттілігі - тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тауардың сапалық және құндық сипаттамасы. Бәсекелік қабілетті тауар - өзіне көптеген процестерді қамтитын синтетикалық көрсеткіш. Бәсекелік қабілеттілік пен сапа, бәсекелік қабілеттілік пен техникалық деңгей түсініктері арасында өзара тығыз байланыс бар. Бірақ олардың арасына тепе-теңдік белгісін қою дұрыс емес. Өз өмірінде тауар бір-біріне икемді өтетін бірнеше кезеңдерді басынан өткізеді. Біріншіден, бұл енгізу кезеңі, яғни тауардың нарықта жаңадан пайда болуы. Тұтынушыны тауардың жетістіктеріне сендіру үшін белгілі бір уақыт пен едәуір ақшалай шығындар талап етілетін кезең. Екіншіден, өсу кезеңі, тауарды нарықта тану оған деген сұраныстың ұлғаюымен қатар жүреді. Үшіншіден, жетілу кезеңі, тауарды сату көлемі өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, бірте-бірте төмендей бастайды. Төртіншіден, құлдырау кезеңі - бұл нарықта тауарға сұраныс төмендейтін кезең. Тауардың жоғарыда аталған өмірлік циклінің кезеңдерін ескеру тауардың бәсекелік қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді, бұл әсіресе ұқсас тауарларды жасағанда және жаңа тауарларды шығарғанда ерекше маңызды /3/.

Өнімнің бәсекелік қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары.

Бәсекелік қабілеттілік критерийі - тауардың бәсекелік қабілеттілігін бағалау үшін негіз болатын өнімнің сандық және сапалық сипаттамасы. Бәсекелік қабілеттіліктің бірлік критерийі бәсекелік қабілеттілікті анықтайтын қарапайым сипаттамалардың біріне жатқызылады. Мысал ретінде сату бағасы, құралды автоматтандыру дәрежесін айтуға болады. Бәсекелік қабілеттіліктің кешенді критерийі бәсекелік қабілеттілікті анықтайтын жиынтық сипаттамаларға жатады. Олардың түрлеріне топтық және жалпылама критерийлерді жатқызуға болады. Топтық критерийге жататындар: сапа деңгейі, имидж, жаңалық деңгейі, тұтыну бағасы, тауардың ақпараттылығы. Бәсекелік қабілеттіліктің жалпылама критерийі - өнімнің бәсекелік қабілеттілігін бағалау нәтижелері жөнінде шешім қабылданатын бәсекелік қабілеттіліктің кешенді критерийі. Мысал ретінде бәсекелік қабілеттілік деңгейі, тауар рейтингін айтуға болады. Бәсекелік қабілеттілік факторы - бәсекелік қабілеттіліктің бір немесе бірнеше критерийлерін өзгерту үшін қажетті және жеткілікті болатын тікелей себептер. Өнімнің бәсекелік қабелеттілігінің жекелеген критерийлерінің мәнінің төмендеу себептерін талдау және бәсекелік қабілеттілікті арттыратын факторларды белгілеу, яғни факторлық талдау кәсіпорын қызметіндегі маңызды сәт. Факторлық талдау жаңа өнімді игеруде жүргізілетін бәсекелік қабілеттілікті бағалаудың жалпы схемасының бір бөлігі болып табылады (схема2) .

Бәсекелік қабілеттілікті қалыптастыру - тауарды жасау мен оны тұтынушыға қозғалысының барлық кезеңдерінде оның бәсекелік қабілеттілігінің қажетті деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету және қолдау. Тауардың қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін келесі факторларға ықпал етіледі:

  • өндірістік факторлар (шикізат, құрастыру, технология) ;
  • өткізу факторлары (тасымалдау шарты, сақтау) ;
  • сервистік факторлар (тауарды таңдауда көмек беру, тауарды қажетті орынға жеткізу қызметі) .

Тауар бағасының қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін де өндірістік, өткізу және сервистік факторларға ықпал етеді /3/.

Схема1. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін бағалаудың жалпы схемасы

Тауардың бәсекелік қабілеттілігінің макроэкономикалық ]

факторлары

Бәсеке бес негізгі күштермен сипатталады (схема3) . Нарық бөлігі үшін жарыста бәсекеде тек ғана негізгі ойыншылар қатыспайды. Барлығы бәсекелес бола алады (тұтынушылар, жеткізушілер, жаңа қатысушылар, ауыстырғыш тауарлар) . Аталған саладағы бәсекелік күштерді толық талдау және зерттеу кәсіпорынға бірқатар маңызды сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:

- әлсіз және күшті жақтарын анықтау;

- жаңа қатысушыларды дер кезінде байқау;

- ауыстырғыш тауарлардың пайда болу уақытын анықтау.

Қорытындысында кәсіпорын оптимальды бәсекелік стратегияны таңдап, салада тиімді орынды иелене алады, сондай-ақ бәсекелестерден қорғану үшін дұрыс позицияға ие бола алады /4/.

Схема-3. Бәсекенің бес күші

Бәсекенің қозғаушы күштерінің негізгі типтері:

  1. Ұзақ мерзімді сұраныс масштабының динамикасы

Ұзақ мерзімді сұраныстың ұлғаюы немесе азаюы әрекет етуші фирмалардың өндірістің қуатын ұлғайту үшін инвестициялау бойынша шешімдер қабылдауда маңызды фактор болып табылады. Ұзақ мерзімді сұраныстың өсуі нарыққа жаңа фирмаларды тартады, ал сұраныстың төмендеуі керісінше әсер етеді.

  1. Сұраныс құрылымының динамикасы.

Бұл өзгерістер тұтынушылардың сервиске, өткізудің басқа каналдарын құруға, шығарылатын өнім ассортиментінің өзгеруіне талаптарының өзгеру себептерін көрсетеді.

  1. Өнімнің жаңаруы.

Тауарды жаңарту нарықты кеңейтеді, сұраныстың өсуін ынталандырады. Нарық жаңа тауарлардың кең таралуымен сипатталғанда сала өнімінің жаңаруы басты қозғаушы күш болып табылады - өндіріс тәсілдеріне, өнім шығымының ауқымды деңгейіне, маркетингтік шығындарға, тарату каналдарына ықпал етеді.

  1. Технологиялық инновация.

Жеке технологиялық жаңалықтар өндіріс тәсілдерінде өндірістің бірлік шығындарын, инвестиция мөлшерін өзгертеді, тауардың өмірлік циклінің мәнін ұлғайтады. Жоғарыда аталғандар нарықта табысты әрекет етуші фирмалардың саны мен мөлшеріне деген талаптарды елеулі өзгертеді.

  1. Маркетингтік инновация.

Фирмалар кезеңділікпен жаңа жолдар мен тәсілдерді қолдана отырып, тұтынушылық мүддені ұлғайта, өнім бірлігіне келетін шығындарды азайта отырып, өз өнімдерін нарыққа ұсынады. Осылайша олар бәсеке шарты мен қарсылас фирмалардың позициясын өзгертетін жаңа күштерді қозғалысқа келтіреді.

  1. Лидерлік динамикасы.

Бәсекеге ірі фирмалардың енуін немесе шығуын білдіреді, яғни бәсекелік күрестің жаңа кезеңі: рольдердің қайта бөлінуі, жаңа ойыншылардың бөлініп шығуы, нарық құрылымының өзгерісі.

  1. Тиімділік динамикасы.

Өнім бірлігіне келетін шығындарды азайтатын салада өндірістің жаңа тиімді масштабтары пайда болғанда ірі фирмалар басқа компаниялардың стратегиясын өзгертеді.

  1. Тұтынушылық талғам.

Өспелі тұтынушылар саны төменгі бағалар бойынша жаппай тұтыну тауарлары таңдау мүмкіндігін беретін жоғарғы бағадағы тауарлар сияқты олардың талғамы мен таңдауын толық қанағаттандыратынын шешеді.

  1. Нарықты мемлекеттік реттеу.

Экономикалық қатынастарды реттеуді қоса алғанда мемлекеттің өз институттары арқылы іс-әрекеті, сондай-ақ мемлекеттік саясаттағы өзгерістер нарық пен бәсекелік шарттарға ықпал ете алады.

1. 2 Ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігі және оны дамыту кезеңдері

Ұлттың бәсекелік қабілеттілігі өндіріске жаңалықтарды ендіру қабілетіне тәуелді болады. Нарық талаптары мен көрсететін қысым нәтижесінде кәсіпорындар әлемдік нарықта әрекет етуші күшті бәсекелестермен күресте өздерінің артықшылықтарын ұлғайтады. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда бәсеке әлемдік масштабта кеңейген тұста мемлекеттің ролі күшейе түспек. Ұлттық құндылықтар, мәдениет, экономиканың құрылымындағы айырмашылықтар - бұның барлығы табысты бәсекелік қабілеттілікке қол жеткізуге үлесін қосады. Әрбір ел үшін бәсекелік қабілеттілік құрылымында өте елеулі айырмашылықтар бар. Өйткені бір мемлекет барлық жағынан бәсекелік қабілетті бола алмайды.

Бәсекелік қабілеттілікті анықтайтын маңызды факторлар мыналар:

  • экономиканың даму деңгейі;
  • проценттік ставка;
  • валюта курсы;
  • жұмыс күшінің құны.

Елдің бәсекелік артықшылығы үшін ереже төрт жағдайды қамтиды (схема-4) .

Схема-4. Бәсекелік артықшылық жағдайлар

  1. Факторлар үшін шарттар. Аталған салада бәсекелік күрес жүргізу үшін қажетті квалификациялы күштердің болуы немесе инфрақұрылым сияқты өндіріс факторларындағы елдің позициясы.
  2. Сұраныс жағдайы. Салалық өнім немесе қызмет үшін ішкі нарықтағы сұраныс сипаты.

3. . Туыстық және қолдаушы салалар. Аталған елде жеткізуші салалардың немесе әлемдік деңгейде бәсекелік қабілетті басқа да сәйкес салалардың бары немесе жоқтығы.

4. Тұрақты стратегия, құрылым және бақталастық. Елде қалыптасқан кәсіпорында құру, ұйымдастыру және басқару, сондай-ақ ішкі бәсеке сипаты.

Бұл факторлар компанияның пайда болатын және бәсекелесуге үйренетін ұлттық ортасын қалыптастырады. Келтірілген әрбір фактор және олардың бүтіндей жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеде табысқа қол жеткізу үшін елеулі құраушыларды сипаттайды. Ресурстардың жеткіліктілігі және квалификациялы жұмыс күші салада бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Елдің ішіндегі жағдай тиімді ақпарат ағыны мен өндіріс процесі мен белгілі бір өнімге қажеттілікті қамтамасыз еткенде компания бәсекелік артықшылыққа ие болады. Егер елдің ішіндегі жағдай компанияны тұрақты жаңарту мен инвестициялауға мәжүр ететін болса, компания тек ғана бәсекелік артықшылыққа ие болмайды, сондай-ақ уақыт өте келе өз артықшылықтарын өсіреді /5/.

Салада бәсекелік қабілеттіліктің болуы басқару практикасы мен ұйымдастыру моделінде алдыңғы қатарлы қызмет ететін компаниялардың бірігуінің нәтижесі болып табылады. Әртүрлі елдер компаниялар немесе жекелеген тұлғалар қол жеткізуге талпынатын мақсаттар тұрғысынан да елеулі ажыратылады.

М. Портердің «Халықаралық бәсеке» атты еңбегінде қарастырылған теориялық жағдайларға сәйкес төрт негізі күштер мен ынталарға сәйкес келетін ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігінің төрт негізгі кезеңдері ажыратылады (схема-5) /1/.

Схема-5. Ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігінің даму кезеңдері

Өндіріс факторларының негізінде бәсекенің дамуы. Аталған кезеңде барлық ұлттық салалар әлемдік нарықта табысты әрекет етеді, тек өндірістің негізгі факторларының (табиғи ресурстар, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін табиғи жағдайлар, жұмыс күші) арқасында бәсекелік күресте өздерінің артықшылықтарына қол жеткізеді. Мұндай экономикада ел ішінде фирмалар арасында бәсеке өнімге бағаны түсіру негізінде жүргізіледі. Өндіріс факторларына сүйенетін экономикада ішкі рынокқа бағдар алатын салалар шеңбері импорттық тауарлардың отандық ауыстырғыштарын құру жолымен кеңейеді. Алайда ауыстырғыш тауарлар өндіруші отандық салалардың бәсекелік қабілеттілігі әлемдік нарыққа шығу үшін жеткілікті емес, ал кейбір импорттық шектеулерде экономиканың тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Инвестиция негізінде бәсекенің дамуы. Аталған кезеңде экономиканың бәсекелік артықшылығы ұлттық фирмалардың агрессивті түрде инвестициялауға дайындығы мен қабілеттілігіне негізделеді. Фирмалар қаржыларын қазіргі заманғы тиімді әлемдік нарықта сатып алуға болатын қондырғыларға, жақсы технологияға салады. Инвестиция көлемінің өсуі жаңа факторлардың құрылуы мен қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамуына алып келеді. Бұл кезеңге қол жеткізудің шарты ұлттық фирмалардың тәуекелмен байланысты іс-әрекеттерді жеңіл шешетіндігі болып табылады. Инвестиция негізінде бәсекелік қабілеттіліктің жоғарылауы әдетте жоғарғы капитал сыйымдылығы, өндіріс ауқымы есебінен елеулі үнемдеу, өнімнің стандарттылығы тән белгілі бір кластағы салаларда мүмкін. Бұл кезеңде мемлекет инвестицияны бағыттауда алдыңғы роль ойнайды және фирмалардың белсенділігі де бұл сферада өсуі тиіс.

Жаңалықтар негізінде бәсекенің дамуы. Бұл кезеңде факторлық шығындар есебінен ұлттық экономиканың бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ету сирек құбылысқа айналады. Енді факторлары иемдену емес, керісінше олардың жетіспеушілігі жаңа технологияны ендіруді ынталандыра отырып, бәсекелік қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз етеді. Ғылыми мекемелер мен ұйымдардың құрылымы күрделеніп, олардың саны өседі. Едәуір дәрежеде нақты саланың қажеттілігіне бағытталған өндіріс факторларын қалыптастыру мен жетілдірудің жаңа механизмдері пайда болады. Аталған кезеңде фирмаларды ауқымды стратегияларды жасайды, халықаралық жеткізіп беру мен қызмет көрсетудің меншікті өз жүйесін құрады. Өндірісті шетелге өткізу мүмкіндігі пайда болады. Дамыған елдерден Ұлыбритания жаңалықтар кезеңіне ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қол жеткізді, АҚШ, Германия және Швеция ХІХ-ХХ ғасырлардың бірнеше онжылдықтары шегінде, Италия мен Жапония бұл кезеңге тек ХХ-ғасырдың 70-ші жылдарында ғана қол жеткізді.

Байлық негізіндегі бәсеке. Бұл кезеңдегі бәсекенің алғашқы үшеуінен айырмашылығы соңғы қорытындысында өндірістің құлдырауына алып келеді. Экономиканың қозғаушы күші қол жеткізілген артықшылық болып табылады. Басты проблема бұрын қалыптасқан байлықпен қозғалысқа келтірілген экономика қол жеткен арытқшылықтар мен позицияны ұстап тұру қабілетін бірте-бірте жоғалтады. Бұл кезеңде фирмалар әлемдік бәсекеде өз позицияларын ұстап тұра алмайды. Бұл олардың көп көңілді өздерінің бұрыңғы позицияларын сақтауға бөлгендігінен болады, инвестицияны өсіруге компаниялардың қызығушылығы төмендейді. Экономика сферасы алдымен базистік салалар мен дайын өнім өндірісінде, одан кейін құрастырмалы бұйымдар шығаратын салаларда, соңында машина жасауда бәсекелік артықшылықтарын жоғалту есебінен тарылады. Жаңалықтар стадиясы салалардың салыстырмалы көп санында бәсекелік қабілеттіліктің тұрақты өсуі үшін жағдайлар құратын болса, байлық стадиясы керісінше салалар шеңберін қысады.

Ұлттық өндіргіш күштер жүйесін қалыптастырудың маңызды аспектісі экономиканың бәсекелік қабілеттілігінің дамуы болып табылады. Экономикалық өсудің мүмкіндіктері мен перспективасы және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету осы жағдаймен байланысты.

Әлемде барлық жағынан бәсекелік қабілетті және барлық жағдайда артықшылықты кепілдендіретін бірде-бір мемлекет жоқ. Табысқа қол жеткізген көптеген елдер бәсекелік қабілеттілік потенциалын жинақтаудың бірқатар кезеңдерінен өтті. Осы жолды Қазақстан да қайталап отыр. Алғашқы кезеңде елде алдыңғы қатарлы салалар негізінен өндірістің базалық факторлары мен ресурстары есебінен артықшылыққа ие болады. Осы шеңбер бойынша потенциалды бәсекелік қабілетті салалар жеткілікті тар, бәсекелік артықшылыққа төменгі бағалар есебінен қол жеткізіледі, технологияның көзі импорт болып табылады. Қазіргі заманғы технология мен өнім түрлері тікелей шетелдік фирмалармен немесе біріккен кәсіпорындармен пайда болады. Сыртқы нарыққа шығу шетелдік кәсіпорындардың біріккен күшімен орындалады. Бұл кезеңде елдің экономикасы әлемдік нарық конъюктурасының ауытқуларын сезімтал келеді /6/.

Екінші кезеңде табыс потенциалы экономиканы инвестициялау мүмкіндігіне, оны жаңартуға тәуелді болады. Қолданылатын технология әлемдік өлшем бойынша алдыңғы қатарлы емес, бірақ жеткілікті дамыған. Бәсекелік қабілеттіліктің факторлар жиынтығы алдыңғы кезеңдегідей, бірақ күрделі техниканы игеру мен қолдану процесі бұл факторларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кезең арқылы өз уақытында көптеген дамыған және жаңа индустриалды елдер жүріп өтті.

Үшінші кезеңде экономиканың негізгі қозғалысы жаңалықтарды ендірумен анықталады. Фирмалар мен салалардың көптеген саны жаңалықтарды жәй ғана қолданып қоймай, оларды тұрақты түрде құрады және таратады. Бұл кезеңдегі елдің қол жеткізген көрсеткіштері - ғылыми сыйымды өндірістерде бәсекелік қабілеттілікті кеңейту, қызмет жүйесінің дамуы, салалық құрылым трансформациясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық өндірісі
Тамақ өнеркәсібі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Ауыл шаруашылығының экономикадағы ролі
Ауыл шаруашылық саласын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Аграрлық саланы дамытуға байланысты туындаған экономикадағы теориялар
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz