НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І тарау НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Еңбек нарығы: мәні, мағынасы және құрылымы
Нарық экономиканың қалыптасуы мен дамуында жетекші ролді еңбек нарығы
атқарады. Еңбек нарығы арқылы өте манызды ұлттық ресурс – еңбек аймақтар,
салалар және фирмалар бойынша бөлінеді. Дәл осы жерде оның бағасы
анықталады.
Еңбек нарығы - жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыс күшінің
мүдделерін үлесімді қоғамдық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығының қызмет
етуінде бір қатар принципиалды жағдайларды белгілеу керек. Біріншіден,
еңбек нарығындағы еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы
экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы. Екіншіден, түрлі экономикалық және
әлеуметтік мүдделер мен қызметтердің қиылысу орны. Үшіншіден,
кәсіпорындар көзқарасынан – оның қызметкерлерінің қарым-қатынастар алаңы,
яғни потенциалды немесе нақты жұмысшылар, бірақ фирма ішінде жаңа жұмыс
орнына өтуді көздейтін тұлға.
Еңбек нарығының мәні мен құрылымын қарастыру үшін, нарықта не
сатылатынын және не сатып алынатынын анықтау қажет. Ол еңбек күші мен
еңбек.
Еңбек – материалды және мәдени құндылықтарды жасауға бағытталған
адамдардың мақсатты әрекеті. Еңбек адамдардың өмір сүруінің негізі мен алғы
шарты. Қоршаған ортаға ықпал ету, өзгерту және оны өз қажеттіліктеріне
бейімдеу арқылы адамдар өзінің өмір сүруімен қатар қоғамның дамуы мен
прогресіне жағдай жасайды.
Еңбек процесі – күрделі және көп аспектілі құбылыс. Оны іске асыру
формалары ретінде адам энергиясын пайдалануы, жұмысшының өндіріс
құралдарымен байланысы (еңбек заттар мен еңбек құралдары), жұмысшылардың
өндірістік өзара байланысы (горизонталды - жалпы еңбек процессіне қатысу,
вертикалды – бастық пен қызметкер байланысы) қарастырылады. Қоғам мен
адамның дамуында еңбектің ролі тек қана адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған рухани және материалды байлықтарды өндіруде
емес, сонымен қатар жұмысшылардың білімін жетілдірумен, қабілеттерін
дамытумен, тәжірибені жинаумен анықталатын жұмысшылардың өздерін дамытады.
Еңбектің шығармашылық сипаты қажеттіліктердің дамуына әкелетін энергия,
материалдар, өнімнің жаңа түрлері, жетілген және жоғары өндіріс еңбек
құралдары, прогрессивті технология, жаңа идеялармен анықталады.
Сонымен, еңбек процесінің нәтижесінде тек қана өнімдер өндіріліп,
қызметтер көрсетіліп мәдени құндылықтар жасалмайды, сонымен бірге
болашақта қанағаттандырылатын жаңа қажеттіліктер де қалыптасады (сурет1).
Сурет 1. Қоғам мен адамның дамуындағы еңбектің рөлі.
Прпррпрпоо
Қоғамның дамуы мен жағдайы негізінен халықтың саны және құрылымымен
анықталады. Халық дегеніміз белгілі территорияда , ауданда, қалада,
аймақта, елде тұратын адамдар жиынтығы.
Еңбек күші материалды игіліктер өндіруге немесе қызметтер көрсетуге
бағытталған еңбек әрекетіне физикалық және интеллектуалды қабілеті бар
халықтың еңбекке жарамды бөлігі, яғни еңбек күшіне, бір жағынан экономикада
жұмыс істейтін, басқа жағынан жұмыс істемейтін, бірақ еңбекке жарамды
адамдар жатады. Сонымен, еңбек күші нақты және потенциалды жұмысшылардан
тұрады.
Қажетті физикалық және интеллектуалды қабілеттер адамдардың жас
шамасына байланысты. Жастар мен ерексектерде олар енді қалыптасып көбейеді,
ал қарттарда жоғала бастайды. Адамның жас шамасы жалпы халықтың ішінен
еңбек күшіне жататындарды анықтауға көмек ететін критерий ретінде
қарастырылады.
Еңбек ресурстарын зерттеудің түрлі бағыттардың негізгі түсініктерін
қарастыру алдында, халықтың саны мен құрылымын, сан өзгерісін анықтау
қажет.7
Еңбек күшінің жас шама шегі мен әлеуметтік-демографиялық құрылымы
мемлекеттік заңдылықтар мен актілер жүйесімен анықталады. Қазақстан
Республикасында еңбекке қабілетті жас шамасы ерлер үшін 18 жастан 63 жасқа
дейін, әйелдер үшін 18 жастан 58 жасқа дейін анықталады.
1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы халық құрылымының анықтауда
халықаралық жіктеу жүйесін пайдаланады. Бұл жіктеуге сәйкес еңбек күшінің
құрылымы сурет 2 көрселген.
Сурет 2. Еңбек күшінің жіктеуі
Экономикалық белсенді халық- тауарлар мен қызметтер өндірісін жұмыс
күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Экономикалық белсенді
санын есеп мерзіміндегі жұмысбастылар мен жұмыссыздар санымен анықталады.
Экономикалық белсенді халықты анықтау үшін оның деңгейін қарастырады:
Дэб= ҮэбСх
Мұнда, Дэб-экономикалық белсенді халықтың деңгейі,
Үэб- экономикалық белсенді халық санының үлесі,
Cх- халықтың жалпы саны
Экономикалық белсенді емес халық – экономикалық белсенді халықты
анықтауға жас шамасына кірмейтін және жұмыс күшіне жатпайтын халық жатады.
Экономикалық белсенді емес халықтың көлемі зерттеліп жатқан мерзімге
сәйкес анықталады және оған төмендегі категориядағылар кіреді:
• Кіндізгі бөлім студенттері мен оқушылар, курсанттар мен курс
тыңдаушылар (күндізгі бөлім аспиранттар мен доктаранттар);
• Зейнеткерлік және мүгедектік бойынша зейнет ақы мен басқа түрдегі
жәрдем ақы алатын тұлғалар;
• 1,2,3 топ мүгедектігі бойынша зейнет ақы алатын тұлғалар;
• Ауруға қарайтын, үй шаруашылығымен айналысатын тұлғалар;
• Жұмыс орнын іздеуден үміт үзген, жұмысқа жарамды тұлғалар;
• Жұмыс істеуді қажет етпейтін тұлғалар.
Еңбек ресурстарының құрылымы көп түрлі. Оған еңбек ресурсының барлық
жақтарын сипаттайтын компаненттер кіреді (сурет 3)
Сурет 3. Еңбек ресурстарының құрылымы
Жоғарыда анықталған жұмыс күші немесе еңбек сатыла ма немесе
осымен байланысты бір қатар теориялар бар. Марксистік нарық қатынастар
теориясын қолдаушылары еңбек нарығында еңбек күші, яғни жұмыс беруші
пайдаланатын, еңбекке деген қабілет сатылады. Қазіргі заманның экономикалық
теориясы еңбек нарығында сатылатын және сатып алынатын еңбек деп
дәлелдейді және жалақы сол еңбектің төлем ақысы. Үшінші теорияны
жақтаушылар еңбек нарығын ресурс нарығы ретінде қарастырады. Сауда
саттықтың негізгі субъектісі ретінде жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы,
сондай-ақ заңды тұрғыдан ерікті және қорғалған меншік иесі – еңбек
ресурсты сатушысы. Соңғысы еңбек күшінің, яғни еңбек әрекетінің белгілі
түріне өзінің қабілеттер жиынтығының иесі және оның өзі болып табылады.
Бұл еңбек нарығындағы сауда-саттық объектісінің сипатын анықтайтын меншік
иесінің физикалық бөлінбеуімен ерекшеленетін айрықша ресурс. Мұнда нарықтық
келісім-шарт объектісі белгіленген уақыт мерзімде белгіленген жағдайда
нақты сипаты бар еңбек ресурсының құқығы.
Еңбек нарығында еңбек бағасы жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшылар
арасында жасалатын келісім-шартта белгіленетін жалақы ставкасы. Бұның
негізінде еңбек ресурсының бірлігінің нарықтық бағасы еңбек нарығында
сұраныс пен ұсыныс қатынасымен анықталады. Нәтижесінде еңбек бағасы
жалақының тепе-тең ставкасы анықталады.
Еңбек нарығының бір қатар ерекшеліктері оның қызмет етуін қамтамасыз
етеді:
1. Тауар мен оның иесінің мүліктік құқығының бірлігі. Еңбек жұмыс күшінің
жұмсау процесі, оның сауда-саттық процесінде ерекше қатынастар пайда
болады.
2. Сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың ұзақтығы. Еңбек
нарығында жасалатын келісім-шарттар сатушы мен сатып алушы арасында
ұзақ мерзімді қатынастардың басталуын талап етеді.
3. Келісім-шарттың ақшасыз әрекеттілігі. Бұл ең алдымен еңбек шарттары,
ұжымдағы микроклимат, қызмет бойынша болашағы мен кәсіби дәрежесінің
артуы.
4. Ерекше түрлі институционалды құрылымдардың көп саны болуы. Оларға:
еңбек заңдылығының жүйесі, жұмысбастылыұты реттеу қызметтері мен түрлі
ұйымдар, еңбек және жұмысбастылық саласындағы мемлекеттік
бағдарламалары.
5. Келісім-шарттарының жоғары деңгейінің жекелестілігі. Олар көп түрге
бөлінеді, себебі әр бір жұмысшы ерекше болады, ал әр бір жұмыс орны
бір бірінен ерекшеленеді және талапкерлерге өзінің арнайы талаптарын
қояды.
Еңбек нарығының маңызды бөліктері барлық жалдамалы жұмыс күшін қамтитын
жиынтық ұсынысы мен экономикалық жалдамалы жұмыс күшіне жалпы
қажеттілігі ретінде қарастырылатын жиынтық сұранысы. Олар жиынтық
нарықты құрайды (сурет4).
Сурет 4. Жиынтық еңбек нарығы
Сонымен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың қиылысу аумағы
еңбектің қамтамасыз етілген сұранысы. Қиылыспаған аумақтар еңбектің ағымдық
нарығына сәйкес келеді:
АН=ЖН-ҚС
Мұнда, АН- ағымдық еңбек нарығы
ЖН- жиынтық еңбек нарығы
ҚС- қамтамасыз етілген еңбек нарығы
Ағымдық еңбек нарығы жұмыс күші мен жұмыс орындарының (жаңа
орындарын ашу мен ескі жұмыс орындарын жабылу) табиғи және механикалық
қозғалысы есебінен қалыптасады. Ол жеке элементтерден тұрады.4
Ашық еңбек нарығы жұмыс іздеп жатқан, оқу мен қайта оқытуды талап
ететін белсенді халық, сондай-ақ экономиканың барлық секторларында барлық
бос жұмыс орындары.
Жасырын еңбек нарығы – формалды түрде экономикада әрекет ететін
сонымен бірге өндірістің қысқаруы немесе құрылымдық өзгерістерде жұмыстан
босатылған тұлғалар.
Жасырын және ашық еңбек нарықтарын талдау жұмыссыздық пен
жұмысбастылық құбылыстарымен байланысты.
Еңбек нарығының анықтамасы мен сипатына қарағанда оның негізгі
элементтерін анықтауға болады: еңбек нарығының субъектілері, еңбек
нарығының субъектілерінің қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер,
нарық коньюнктурасы, халықты жұмыспен қамту қызметтері, еңбек нарығының
инфрақұрылымы, әлеуметтік қорғау жүйесі т.б..
Еңбек нарығының негізгі субъектілеріне жұмыс берушілер мен жалдамалы
жұмысшылар жатады.
Жұмыс беруші – меншік қатынастарының заңды құрылымына байланысты
тұрлі тұлға ретінде бола алатын жалдаушы. Оларға мемлекеттік
кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, қоғамдық ұйымдар, жеке кәсіпорындар,
шаруашылық ассоциациялар, кооперативтер, біріккен кәсіпорындар, жеке
жалдаушылар т.б. жатады.
Жалдамалы жұмысшылар – жеке ұдайы өндіріспен өмір сүру құралдар
маңызды көздері болып табылатын жалдамалы жұмысында қызмет ететін
азаматтар. Жұмыс берушілер үшін олардың жынысы, жасы, кәсібі, мамандығы
әлеуметтік статусы бір қатар әлеуметтік ерекшеліктер (жауапкершілік,
тәртіптік, іскерлік т.б.) бойынша түрлі құндылықтары бар.9
Еңбек нарығындағы қатынастар жүйесі үш негізгі компаненттен тұрады
(сурет 5):
Сурет 5. Еңбек нарығындағы қатынастар жүйесі
• Жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы қатынастар;
• Еңбек нарығының субъектілері мен өкілді ұйымдары (кәсіподақтар, жұмыс
беруші ассоциациясы, жұмыспен қамту қызметтері) арасындағы қатынастар;
• Еңбек нарығының субъектілері мен мемлекет арасындағы қатынастар.
Еңбек нарығының барлық элементтерінің қарым-қатынастары оның қызмет
етуін қамтамасыз етеді. Еңбек нарығы бір қатар қызметтер атқарады:
- жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар кездесулерін ұйымдастыру;
- жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасында бәсекені қамтамасыз
ету;
- еңбек ақының тепе-тең ставкаларын бекіту;
- халықтың жұмысбастылық мәселелерін шешу;
- халық шаруашылығының салалары мен өндіріс орталар арасында жұмыс күшін
қайта бөлу арқылы жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету және
жұмыссыздарды жұмыспен қамту.
Нарық коньюнтурасы – еңбек нарығының барлық құрылымдық
бөлімшелерінде сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас. Нарық
коньюнтурасы экономиканың жағдайынан (жандану немесе құлдырау);
шаруашылықтың салалық құрылымынан; техникалық базасының даму деңгейінен ,
халықтың әл-ахуалынан (халықтың табыс деңгейі); тауарлар, қызметтер,
тұрғын үй, бағалы қағаздар нарығының дамуынан; өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымның жағдайынан; көпукладты экономиканың даму деңгейінен;
интеграциялық байланыстардың (салалық және территориалды) даму дәрежесінен
тәуелді. Одан басқа оған демографиялық , саяси, экологиялық , этно-
әлеуметтік, т.б. факторлар әсер етеді.
Сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынасқа байланысты еңбек
нарығының коьюнктурасының үш түрге бөледі:
• еңбек тапшылды, еңбек нарығында еңбек ұсынысы аз болғанда;
• еңбек молшылды, еңбек нарығында жұмыссыздар саны және сәйкесінше еңбек
ұсынысы артық болса;
• тепе-теңдік,еңбек сұранысы мен еңбек ұсынысы тең болғанда.
Қазақстанда еңбек нарығындағы ағымдық коньюнктурасы жұмысшылардың
кәсіпорындар мен экономика секторлары арасындағы жылжуы еңбек сұранысы мен
еңбек ұсынысының диспропорцияларымен сипатталады.
Бәсеке – еңбек нарығындағы тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың
көп саны және олардың нарыққа кіруі мен шығуына еркін мүмкіндігі, кез
келген нарықтың механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. Таза бәсекелі
нарықта нақты еңбек түрін жалдауға байланысты бәсекеге түсетін сатып
алушылар (фирмалар) саны көп болады; көп деген жұмысшылар бір біріне
тәуелсіз еңбегін ұсынады; еңбек ақы ставкасына не фирмалар, не жұмысшылар
әсер ете алмайды.
Еңбек нарығының жақсы қызмет етуіне дамыған инфрақұрылым қажет. Еңбек
нарығының инфрақұрылымы – еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс қарым-
қатынасының тиімділігін камтамасыз ететін мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік
құрылымдар, қоғамдық ұйымдар мен қорлар, т.б.. Инфрақұрылым еңбек күшінің
бағасы, еңбек жағдайы, жұмысшылардың дайындығы мен қайта дайындығына
байланысты жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы қатынастарды реттейді
және олардың еңбек нарығындағы құқықтарын қорғау үрдісін ұйымдастырып
реттейді.
1.2. Жұмыссыздық: мазмұны, формалары және қалыптасу жағдайлары

Еңбек нарығында жұмыс күші жалдамалы еңбек ретінде қарастырылады.
Жалдамалы жұмысшылар жұмысбастылардың басымды бөлігін құрайды, оның ішінде
менеджерлер мен басқарушыларды да атап кетуге болады. Басқа
жұмысбастыларды өзін жұмыспен қамтығандар – меншік иелері, кәсіпкерлер,
яғни түрлі меншік формасында қызмет ететін категория болып табылады.
Әдетте халықты белсенді және белсенді емес халыққа бөледі.
Халықаралық Еңбек Ұйымының құжаттарында жұмыс істей алатын және істегісі
келетін, белсенді түрде жұмыс іздеумен айналысқан, бірақ оны жұмыс
орындарының жоқ болуына немесе кәсіби дайындығының жоқтығына байланысты
таба алмаған адам жұмыссыз болып есептеледі.
Экономикалық белсенді халыққа белгілі себептерге байланысты жұмыс
істемейтін немесе жұмысқа жалданудан үміт үзгендер жатады. Бұл категорияға
күндізгі бөлім оқушылары жатады.
Қазақстандық еңбек нарығындағы жағдайды еңбек молшылығымен
сипатталады, еңбек ұсынысы сұраныстан артқанда байқалады. Нарықтық жүйеде
сұраныс пен ұсыныстың теңділігіне жету өте қиын, себебі бір жағынан келісім-
шарттар мен қарым-қатынастар өте көп, екінші жағынан нарық жүйесін
ұйымдастыру принциптері мен ерекшеліктеріне байланысты. Сұраныс пен
ұсыныстың теңсіздігінің нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады.
Жұмыссыздық - нарық процессінің табиғи құбылысы, еңбек нарығының
дамуы мен қызмет етуінің объективті салдары болып табылады. Жұмыссыздық -
ол экономикалық белсенді халықтың белгілі бөлігінің тауарлар мен қызметтер
өндірісіне қатыспағандағы, әлеуметтік- экономикалық құбылыс. Экономикалық
жағынан жұмыссыздық жұмыс күшіне деген салыстырмалы жоғары ұсынысы мен
салыстырмалы төмен сұранысының сәйкессіздігін анықтайды.
Экономикалық теорияда жұмыссыздықты түсіндіретін үш негізгі бағыт
анықталған:
1. Жоғары жалақы дәрежесі.
Кәсіподақтардың талаптарын қанағаттандыру нәтижесінен жалақы дәрежесі
теңділік дәрежесінен жоғары дәрежеде белгіленуі мүмкін. Оның нәтижесінде
бұл еңбек нарығындағы еңбек күшіне деген сұраныс төмендейді, ал ұсыныс
жоғарлайды. Сұраныс пен ұсыныстың айырмашылығы жұмыссыздық көлемін
анықтайды. Экономистер бұл жағдайдан шығу жолы ретінде жалақыны қысқартуды
ұсынады.
2. Тиімсіз сұраныс.
Дж. Кейнс және оның жалғастырушылары мәжбүрлі жұмыссыздықтың себептеріне
өнімді тиімді өткізуді қамтамасыз етпейтін тауарларға сұраныстың аз болуын
жатқызады. Өнімге деген тімді сұраныстың төмен болуы еңбек сұранысының
төмендеуіне әкеледі. Оның нәтижесінде еңбек күшін сатушылар оны төмен баға
бойынша да сата алмайды және олар жұмыссыздарға айналады. Экономикалық тепе-
теңдікті орнату үшін ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеу концепциясы
ұсынылады (икемді ақша-несе саясаты, салық саясаты, нвестицияларды ұлғайту,
мемлекеттік шығындарды кеңейту және т.б.).
3. Еңбек нарығының икемді болмауы.
Неоконсерваторлар мен монетаристер жұмыссыздықты еңбек сатушыларының
мерзімді және басқа қысқа уақытты ауытқулар әсерінен нарықтың талаптарына
өте жәй бейімделуінің нәтижесі болып есептейді.
Институционалды бағыттың өкілдері жұмыссыздықты нарықтың
институцияларымен түсіндіреді, яғни сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін саяси,
моральды, нормативті, психологиялық факторлармен түсіндіреді. Бұл мәселелер
еңбек нарығында икемді саясат жүргізу жолымен шешілуі мүмкін (еңбек
биржасының белсенді жұмысы, әлеуметтік бақылауды күшейту,ұжымдық келісім-
шарттарды жасау тәжиребесін жетілдіру және т.б.)
Жұмыссыздық – еңбек нарығымен органикалық байланысы бар құбылыс.
Халықаралық еңбек ұжымының анықтамасы бойынша – қазіргі уақытта жұмысы жоқ,
жұмыс іздеп жатқан және жұмысқа шығуға дайын кез келген тұлғаны жұмыссыз
деп анықтайды.
Жұмыссыздық мәселесі ілгеріден зерттеліп келеді, бірақ жұмыссыздар
ортасымен, жұмыссыздық көрсеткішімен, жұмыссыздыққа әсер ететін
факторлармен байланысты өте көп мәселелер әлі күнге дейін қарастырылуда.
Нарық экономикасына өту жағдайында бұл мәселелер күрделенеді, себебі
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен экономикалық дағдарыс әсерінен
адамдардың жүріс-тұрысының ерекшеліктері күрт өзгерген.
Халықаралық еңбек ұжымының әдістемесі бойынша есептелген Қазақстандағы
жұмыссыздық деңгейі ешкімді шатастырмайды. Барлығымыз да ол өте жоғары
екенін түсінеміз. Мүмкін осыған байланысты Қазақстанның статистикалық
органдары екі көрсеткіш еңгізген: жалпы жұмыссыздық деңгейі және ресми
жұмыссыздық деңгейі. Бірақ екі көрсеткіш те жұмыссыздықты нақты
бейнелемейді.
Жұмыссыздық мәселесін талдау үшін жұмыссыздың нақты анықтамасын беру
тиіс. Адамдарды жұмыссыз деп есептеу критериялары өкіметтік құжаттар және
заң арқылы орнатылады, олар әр түрлі елдерде ерекшеленуі мүмкін. Әдетте
барлық анықтамаларда жалпы критериялары болады. Олар:
1. Еңбекке қабілетті жас шама, яғни заң бойынша жалдамалы жұмысқа
рұқсат берілетін минималды жас шамадан үлкен, бірақ зейнеткерлік жастан
жас адамдар;
2. Белгілі уақыт мерзімінде адамдарда тұрақты табыс көздерінің
болмауы;
3. Дәлелденген еңбекпен қамту қызметтерінде тіркеу туралы
куәлігі.
Қазақстандағы жұмыссыздарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы
аумағында 6 айдан астам өмір сүру, табыс көздерінің болмауы, еңбекпен
қамту қызметінде тіркелуі, сәйкес келетін жұмысқа дайын болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Жұмысбастылық туралы заңына сәйкес
еңбекке қабілетті жастағы еңбек әрекетімен айналыспайтын, тәуелсіз
себептерге байланысты жалақы және басқа табыс көздері жоқ, ресми жұмыссыз
статусы берілгені туралы шешімі бар, еңбекке дайын және еңбекпен қамту
органдарымен қолайлы жұмыс ұсынылмаған азаматтар жұмыссыздар болып
есептеледі.
Статистикалық жинақтарда жұмыссыздарға 16 жастан үлкен және қарастырылып
жатқан мерзімде жұмысы жоқ, жұмысбастылық қызметтерінің көмегімен және
дербес түрде жұмыс іздеумен айналысқан, заңнамамен анықталған мерзімі мен
дәл қазіргі уақытта жұмысқа түсуге дайын тұлғаларды жатқызады.11
Екі анықтамада да жұмыссыздықтың және жұмысбастылықтың нақты жағдайын
бағалауға мүмкіндік бермейтін кемшіліктер бар. Жұмыссыздардың барлық
критерияларына сай келетін көптеген тұлғалар бар, бірақ түсініксіз
себептерге байланысты жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген. Еңбекпен
қамту қызметтеріне сенімсіздік білдіру немесе азаматтардың жұмысбастылық
саласында өз құқықтарын білмеуі осыған себеп болуы мүмкін. Басқа жағынан,
халық жұмысбастылығын сипаттайтын сандардың ауытқуын жұмысшының белгілі
мерзімде еңбек демалысында болуы, науқас болуына байланысты ұзақ мерзім
жұмыс орнында болмауы, сондай-ақ әкімшілік шешімдері бойынша өндірістің
тоқтауы түсіндіреді. Жұмысшылар жұмыссыз бола отырып, кәсіпорынның
жұмысшылары тізімінде жұмысбастылық статусында тіркелінуі мүмкін. Жалпы
жұмыссыздық деңгейінің көрсеткішін есептеу барысында экономканың жасырын
секторындағы жұмысбастылар басымды саны есептелмейді. Жұмыссыздықтың
жоғары деңгейі экономикалық шығындарға, әлеуметтік жағдайдың төмендеуіне,
халықтың тұрмысының нашарлауына әкеледі. Жұмыссыздықтың күшеюіне әсер
ететін себептер:
Біріншіден адам – ерекше типтегі экономикалық ресурс. Жоғалтылған
жұмыс орнын қалпына келтіру мүмкін емес, және жұмыссыздық салдарынан
шығарылмай қалған игіліктер көлемінде болашақта қалпына келтіру мүмкін
емес.
Екіншіден, адам жұмыс істемесе де, тұтынуын тоқтатпайды және ол
бәрібір де өз жанұясын қамтамасыз ету керек. Сондықтан қоғам жұмыссыздардың
аштан өлмейтін қаражатпен қамтамасыз етуді көздейді. Бірақ оған бөлінген
қаражат жаңа игіліктер өндірісі үшін төленбейді, сондақтан елдің барлық
азаматтарынан әл-ауқатын арттырмайды.
Үшіншіден, жұмыссыздықтың өсуі, ішкі нарықтағы тауарларға деген
сұранысын қысқартады. Адамдар жалақы алмағаннан соң тек минимальды
қажеттіліктерін ғана қамтамасыз етеді. Оның нәтижесінде елдің ішкі
нарығында тауарлардың өтуі қысқарады. Сонымен жұмыссыздық елдің
экономикалық мәселелерін күшейтеді және жұмысбастылықтың қысқаруына
әкеледі.
Төртіншіден,жұмыссыздық елдегі саяси жағдайды нашарлатады. Оның
негізгі себептеріне жұмыс іздеуден безер болып халықтың наразылығы мен
ашуларының өсуі, жанұяларын жақсы деңгейде қамтамасыз ете алмауы т.б.
Қазіргі уақытта жұмыссыздықтың бес түрін ажыратады: фрикционды,
құрылымдық, маусымдық, жасырын, циклдық.
Әдетте, жалпы теориялық аспектіде жұмыссыздық экономикадағы жұмыс
күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі, оның сандық және
құрылымдық (аумақтық, кәсіби мамандануы, т.б.) сәйкессіздігі. Бұл еңбек
нарығының қалыптасуы мен дамуының жағдайында әлеуметтік- экономикалық
өмірдің тұрақты және маңызды сипатының бірі. Оны локальды құбылыс ретінде
қарастыруға болмайды, яғни еңбек нарығындағы тұлғалардың жүріс-тұрысының
ерекшеліктерімен анықталатын құбылыс емес нарық экономикадығы ішкі қарама-
қайшылықтар ретінде қарастырады.
Жұмыссыздықтың барлық формаларын біздің пікірімізше екі топқа бөлуге
болады:
• Табиғи жұмыссыздықтар.
• Мәжбүрлі жұмыссыздықтар.
Табиғи жұмыссыздық жойылуы қиын және ұзақ мерзім уақыт бойы жұмыс күші
нарығында тепе-теңдікпен қатар жүреді, ал мәжбүрлі жұмыссыздыққа табиғи
жұмыссыздық түрінен басқа жалпы жұмыссыздықтың деңгейін күшейтетін
формалары жатады. Түрлі авторлар жұмыссыздық табиғи деңгейін әр түрлі
анықтайды, мысалы әр елдің қалыптасқан табиғи жағдайына, елдегі
экономикалық цмклдың фазасына және мемлекеттік жұмысбастылық саясатына
байланысты анықтамалар беріледі. Батыс елдерінде бұл көрсеткіш 4-6%,
бұрыңғы Кеңес одағының және Қазақстан ғалымдары оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz