Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
 
русский                   english

 
   
 


 Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру бойынша  
Самұрық-Қазына қорының қызметі
Самұрық-Қазына ҰӘҚ-қа кіретін компаниялар 2010 жылы іске асыратын
жобалар туралы ақпарат
Самұрық-Қазына қоры 404 еншілес және тәуелді ұйымдар мен
аффилиирленген заңды тұлғаларды біріктірді
Бұл жерден сіз Қордағы және Қордың тобына кіретін компаниялардағы сатып
алу туралы ақпаратты таба аласыз


   


БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ БАҚ біз туралы


 Үкімет тұрғын үй нарығындағы проблемаларды шешу үшін қосымша тетіктерді іске қосқалы
отыр
ҚазАқпарат агенттігі, 17.02.2009
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. Ернұр Ақанбай - Үкімет еліміздің тұрғын үй құрылысы нарығындағы
қордаланған проблемаларды түбегейлі шешу үшін қосымша тағы екі тетікті іске қосқалы отыр.
Бірінші тетік бойынша, Самұрық-Қазына қорының жүйесінде Жалға беретін тұрғын үй қоры
құрылып, осы жаңа институт арқылы халықтың сұранысын тудырмаған нысандардағы пәтерлер
сатып алынады және олар ұзақ мерзімге адамдарға жалға беріледі. Екінші тетікке сәйкес,
жылжымайтын мүлік нарығындағы түйткілді мәселелерді шешуге Тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі атсалысатын болады. Мұндай механизмдер не үшін жасалып отыр?
Бұл сұраққа толыққанды жауап беру үшін әңгімені сәл әріден бастаған жөн сияқты. Есте
болса, еліміздің жылжымайтын мүлік нарығында біршама проблемалардың қордаланып қалғаны
2007 жылдың қоңыр күзінде, яғни әлемдік қаржы дағдарысының алғашқы толқыны Қазақстанға
әсер ете бастағанда белгілі болған еді. Сол кезде еліміздегі екінші деңгейлі банктердің
сырттан алатын қарыздарының көзі жабылып, тиісінше бұл үдеріс бірнеше жыл қатарынан
қарқынды дамыған құрылыс нарығындағы жағдайға біртіндеп теріс әсер етті. Нәтижесінде,
көптеген құрылыс компаниялары қаржы тапшылығына ұшырап, бастаған нысандарын аяқтауға
қауқарсыздық танытты. Бұдан бөлек кейбір компаниялардың қарапайым халықтың қаржысын
жымқырып, алаяқтықпен айналысқандары да сол кездерде анықтала бастады. Осындай сан қилы
себептерден келіп елімізде бұрын-соңды болмаған үлескерлердің проблемасы күн тәртібіне
шықты. Осы тұста нарық заңына қайшы келсе де мемлекет үлескерлердің мүддесін қорғау үшін
іске араласты. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2007 жылдың қыркүйек айында елімізде 63 мың
проблемалы үлескер болған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкімет жүйелі жұмыс
жүргізіп, бір жарым жылдың ішінде 20 мыңнан астам үлескердің мәселесін шешті. Қалған 43
мың үлескердің мәселесін біржақты ету үшін соңғы екі айдың көлемінде екі бағытта жұмыс
жүргізіліп жатыр. Бірінші бағыт бойынша, дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында банктерге
берілген қаржының есебінен құрылысы аяқталған тұрғын үйлердегі пәтерлер жеке тұлғаларға
бекітілген баға бойынша ипотекалық несиелеу арқылы сатылады. Екінші бағытқа сәйкес,
пәтерлер жеке тұлғаларға ипотекалық несиелеу арқылы еркін бағамен сатылады. Бұл жерде
ескеретін бір мәселе бар: пәтердің бағасын құрылыс компаниясы белгілейді. Бұл ретте
құрылыс компаниялары банктермен бірлесіп сатылмаған пәтерлердің кем дегенде 30 пайызын
алуға келісімін берген пәтер сатып алушылардың тобын жасайды.
Самұрық-Қазына қорының жасаған сараптамасы жылжымайтын мүлік нарығында әлі де болса
шешімін таппаған кешенді мәселелердің бетін ашқан. Қ. Келімбетовтың айтуынша, Қордың
сараптамасы 2007-2008 жылдардағы тұрғын үй нарығын мемлекеттік қолдау шаралары аясында
нарықтың 20 пайызы қамтылғанын көрсеткен. Ал, Үкіметтің 2009-2010 жылдарға арналған
дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында тұрғын үй нарығының қалған бөлігі жоғарыда айтып
өткен бекітілген баға және еркін баға бойынша қамтылмақ. Алайда, осындай ауқымды
жұмыстарға қарамастан, сараптама барысында нарықта төлемпаздық кепілдігінің жоқтығынан
мемлекет тарапынан қолдау таппаған, құрылысы бітпеген нысандардың бары белгілі болып
отыр. Яғни, кейбір құрылысы бітпеген тұрғын үйлердегі пәтерлерді әлі күнге дейін ешкім
сатып алмаған. Бір сөзбен айтқанда оларға тұтынушылар тарапынан сұраныс жоқ. Сондықтан
халық тарапынан мұндай пәтерлерге сұранысты тудыру үшін Қазақстан нарығында жалдамалы
тұрғын үй нарығын құру қажет болып отыр. Осы мақсатта Самұрық-Қазынаның жүйесінде Жалға
берілетін тұрғын үй қоры құрылатын болады. Бұл біз материалдың басында айтқан жаңашыл екі
механизмнің алғашқысы.
Қордың негізгі қызметі мынадай: банктер немесе Даму қоры бітпеген тұрғын үй
нысандарының құрылысын аяқтау үшін несие береді, өз кезегінде Қор халық тарапынан
сұранысқа ие болмаған дайын пәтерлерді, ең алдымен екінші деңгейлі банктер және Даму
қоры қаржыландырылатын пәтерлерді құрылыс компанияларынан аукцион арқылы төмендетілетін
бағамен сатып алады. Көрсетілген шаралар құрылыс компанияларына несиелерді қайтаруға
мүмкіндік береді. Өз кезегінде Қордың сатып алған пәтерлері халыққа халыққа 20 жылдың
ішінде бөліп-бөліп төлеп, сатып алу құқығымен немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің
тұрғын үй жинақ заемдарын тарту жолымен жалға беріледі. Тұрақты ақша ағымдарының ағылуына
себепкер болып жатса Қор келешекте Қазақстан қор биржасына шығарылуы мүмкін. Осылайша,
елімізде жалға берілетін тұрғын үйдің өркениетті, ашық және реттелетін нарығын құрылатын
болады. Бұл ең алдымен Астана мен Алматы қалаларына қатысты. Жалға берілетін тұрғын үй
қоры Даму кәсіпкерлікті дамыту қорымен, Қазақстандық ипотекалық компаниямен және
Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен тығыз ынтымақтасып жұмыс істемек. Бұлардың басқару
органдарында Жалға берілетін тұрғын үй қорының өкілдері болады және барлық шешімдер
Қормен үйлестіріледі. Жаңа қор тұрғын үйлердегі пәтерлерді алдағы наурыздан бастап сатып
алуды жоспарлап отыр. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін Қорды мемлекет қаржыландыратын
болады.
Ал енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құрылыс нарығындағы мәселелерді шешуге қалай
атсалысатынына тоқталсақ. Бұл банк Үкіметтің тұрақтандыру жоспары аясында құрылысы
бітетін тұрғын үй нысандарындағы пәтерлерді өзінің жүйесі арқылы сатып алуды ұсынып отыр.
Банктің басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның айтуынша, азаматтар пәтерлерді алдын-ала
тұрғын үй заемы есебінен сатып ала алады. Алдын-ала тұрғын үй заемы халыққа
Самұрық-Қазына қорының банкке 10 жылға беретін қаржысы есебінен беріледі. Осы кезеңде
(10 жылда) бір мезгілде тұрғын үй заемын пайдалана отырып, азамат банкте жеке қаржысын
жинақтап, сақтауы қажет. Яғни, баспаналы болғысы келген адам 10 жылдың ішінде пәтердің
жалпы құнының тең жарымын жинауы тиіс. Қаржы жиналып болғаннан кейін банк жеке қаржысы
есебінен азаматқа 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге негізгі тұрғын үй заемын береді.
Осылайша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі заемдарды 15 пен 20 жылдың аралығын қамтиды. Осы
тұста айта кетерлігі, бағдарлама қатысушы азаматқа несие таңдаған тұрғын үйі мен
пәтерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін, және сату-сатып алу
келісімшарты жасалғаннан соң бірден беріледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелеу
бағдарламасының басты өзгешелігі мынада: егер екінші деңгейлі банктер ипотекалық несиені
жылдық ставкасы - 10,5 пайызбен беретін болса, бұл банк Самұрық-Қазына қоры беретін
қаржының есебінен мұндай несиелерді 10 жылға жылдық ставкасы - 8,5 пайызбен береді.
Несиелеу бағдарламаының екінші кезеңінде, яғни 10 жылдан кейін, жылдық ставка 5 пайызға
дейін төмендейтін болады. Бұл кезде банк қарыз алушыны несиелеу үшін өзінің жеке қаржысын
тартатын болады.
Осылайша, Үкімет жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды жоғарыдағы төрт тетік арқылы
шешуді көздеп отыр. Бұлардың қаншалықты тиімді болатынын әрине уақыт көрсетеді. Дегенмен,
үлескерлердің проблемасын шешудегі Үкіметтің ұмтылысы, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын
үй нарығын дамытудағы қадамы құптарлық. Бұл үйсіз-күйсіз жүрген талай адамдардың
проблемасын шешуге септігін тигізері сөзсіз.







Сайттағы жаңа енгізілімдер




01.09.2010 Жаңалықтар

Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры және Жылжымайтын мүлік қоры Астана қаласындағы
құрылыс нысандарының инспекциясын жүргізді





Начало формы

 
Конец формы





Жаңалықтарға жазылу


Начало формы


 

жазылудан бас тарту


Конец формы






НЕГІЗГІ БЕТКЕ




ҚОР ТУРАЛЫ




ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ




ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ




КОМПАНИЯ ТОПТАРЫНЫҢ САТЫП АЛУЫ




БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ




ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ




СҰРАҚ-ЖАУАП




БАЙЛАНЫС




САЙТТЫҢ КАРТАСЫ











Copyright © 2009 "Самрук-Қазына"           All Rights Reserved
Development by Interactive Systems Design


(жалғасы)
Дамудың жаңа кезеңі
Қорыта айтсақ, алдымыздағы онжылдық ел шаруашылығын индустриялық деңгейге
көтеретін өте бір маңызды кезең болғалы тұр. Осы стратегия Елбасының
тікелей басшылығымен жасалды. Одан біздер стратегиялық болжау
мүмкіндігіміздің өскенін, күрделі проблемаларды шешу барысында ұтымды
тәжірибелер жиналғанын байқаймыз.
Қазіргі стратегиямыздан әлем елдерінде бұрын болмаған үлкен дағдарысқа
байланысты мемлекет пен нарықтың ара қатынасы туралы қалыптасқан тұжырымның
өзгере бастағаны да байқалады. Батыс елдері осыған дейін нарық экономикасы
тетіктерін негізгі дамыту күштері деп санап, мемлекетке осы саланың тек
“түнгі күзетшісі” міндетін ғана бөліп беріп келді. Ал әлемдегі экономика-
қаржы дағдарысына тірелгенде күйзеліске ұшыраған шаруашылық салаларына,
банктерге, компанияларға көмекке келетін мемлекеттен басқа ешкім табылмады.
Либералдық экономика қоғамның тұрақты дамуын барлық уақытта қамтамасыз ете
алмайтыны әлем елдеріне белгілі бола бастады. Сондықтан да нарық
қатынастарын дамыта отырып, мемлекеттік реттеу шараларын да қолдану керек.
Бұл тек қалыптасқан пікір ғана емес, әлем елдерінде әртүрлі деңгейде қазір
қолданылып жатқан, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан реттеу шаралары.
Қазақстанда да осындай деректі шаралар жүргізіле бастады. Стратегиялық
жоспарлау, оны экономиканы басқару жүйесіне енгізу тетіктері туралы
Елбасының арнайы Жарлығы қабылданды. Алдымыздағы стратегиялық даму жолымыз
тиянақты деуіміз осы ұзақ мерзімге жасалған жоспарларымыздан туып отыр.
Индустриялық-инновациялық даму ісі, оны ұйымдастыру, қолдау, бақылау
бұрынғыдан да көбірек мемлекетке жүктеліп отыр. Осындай бізде болып жатқан
өзгерістер әлем елдерінде экономика саласында мемлекеттің рөлін көтеру
шараларымен үндес. Бұл да Президенттің әлем елдерінде болып жатқан
өзгерістерді өз назарында ұстап отырғандығының, оларды терең
түсінгендігінің айқын көрінісі.
Жалпы Қазақстандағы реформалар әлем елдерінде болып жатқан аталмыш саладағы
реформалармен, оның озық үлгілерімен сабақтас. Шетел сарапшылары Назарбаев
реформаларын екінші жаһан соғысында ойраны шық-қан Германияны аяғынан
тұрғызған Людвиг Эрхардтың реформаларымен салыстырады. Оның “баршаға жақсы
тұрмыс” (благосостояние для всех) атақты даму тұжырымдамасымен Нұрсұлтан
Назарбаевтың жүргізген “алдымен – экономика” саясатындағы бір-біріне
ұқсастық, сабақтастық, үндестік бар екенін атап айтады. Сарапшылар біздегі
экономикалық даму Малайзия еліндегі реформаларға да үндес екенін көрсетеді.
Малайзияның “2020-көзқарас” бағдарламасы, мемлекет пен жекеменшік
секторының осы елді дамытуға үйлесімді атсалысуы әлемдегі жақсы дамыған
елдердің қатарына қосудың бірден-бір себебі еді. Қазір Малайзия қоғамның
постиндустриялық сатысын аттап өтіп, бірден инновациялық сатыға жету
қамында. Аталмыш елдегідей мемлекет пен жеке сектордың тығыз әріптестігі,
байланысы, алысты көздеген стратегиялық жоспарлар, заманауи ақпараттық
технологиялар қалыптасып, даму үстінде. Президент жасампаз басшы ретінде
әлем елдерінде көрген озық үлгілерін өз елінің шаруашылық немесе басқару
жүйесіне енгізуге ерекше көңіл бөлуде. Корпоративті басқару жүйесін
жақсарту мақсатымен Сингапурдегі холдингтер тәжірибесін, Оңтүстік Кореядағы
ірі компаниялардың жұмыс тәжірибесін, ислам банктерінің кәсіпкерлерге несие
беру озық үлгісін, Қытайдағы арнаулы экономикалық аймақтар құру жобасын
біздің өмірімізге де енгізіп қолдануды алғаш ұсынған Елбасы болатын.
Әлемдегі экономиканың тиімділік деңгейіне, әлем өркениетінің басқалар
жеткен көкжиегіне жету жолында Елбасының Қазақстан халқына әр жылдағы
арнаулы жолдауларының маңызы өте зор. “Бәсекелестігі жоғары Қазақстан үшін,
бәсекелестігі жоғары экономика, бәсекелестігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағаны тұрақтандырудың модельдері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының баға жүйесі
Дағдарыстың қазіргі кезеңдегі жалпы жағдайы Дағдарыстан шығудың Қазақстандық тәжірибесі және оны реттеу тетіктері
Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу
Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері
Баға құрылымы
ҚР Ұлттық қоры; қалыптасу мен пайдаланудың өзіндік ерекшелігі
Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу
Пәндер