Экономикалық тиімділіктің теориялық негіздері


І-тарау. Нарықтық қатынаста ауылшаруашылығының экономикалық тиімділігін анықтаудың методологиялық негіздері.
1. 1. Экономикалық тиімділіктің теориялық негіздері.
Экономика ѓылымыныњ негізгі маќсаты - ќоѓамдыќ тұтыну мөлшерініњ ќұнын уаќыт аѓымына сәйкес ењ жоѓарѓы дењгейге жеткізуді зерттеу.
АЌШ экономист-ѓалымы Н. Грегори Мэнкьюдіњ пікірі бойынша: «Әдетте экономика дұрыс жұмыс жасап жатыр деп баға беру үшін, қолда бар шектеулі ресурстарды толық пайдалана отырып, мүмкін болған ең жоғарғы соңғы нәтижеге жетуі керек» (№31) . Осы анықтамаға байланысты “өндірістік мүмкіндіктердің шегі” анықталады және ол өндірістің жоғарғы деңгейіне тең болуы керек. Бұл деңгейден өндірісті артттыру үшін балама шығындардың есебінен өндірістің басқа түрі азайтылады. Соның есебінен артық өндірілген тауар тиімді алмастыру мүмкіндігіне ие балама болуы қажет.
Дұрыс экономикалық шешім қабылдау үшін балама құн концепциясы қолданылады. Экономикалық талдаулардың, ізденістердің мәні - баламалар табу және оларға дұрыс баға беру.
Нарықтық қатынас экономикалық теориясында тікелей экономикалық тиімділікке байланысты бірнеше түсініктер бар. Олар, статистикалық, динамикалық және бөліс тиімділігі.
Статистикалық тиімділік толық қамту шарттарымен байланысты, мұндай жағдайда экономика өзінің ресурстарын толық пайдалану арқылы “дұрыс” комбинацияда дайын өнім шығарады және кіріс ресурстарын (шикізат, материалдар, жабдықтар және т. б) “дұрыс” комбинацияда пайдалануға қол жеткізе алады.
“Дұрыс” комбинация барлық жағдайда рыноктың төлем қабілетін дайын өнім бірлігіне және өндірістің кіріс ресурстарына сәйкес болуы, сонымен қатар шекті сұраныс бағасында.
Бұл тұжырымның өндірістік ресурстарын (кіріс) және тұтыну тауарларына (шығыс) тікелей қатысы бар.
Кіріс ресурстарына сұраныс сол ресурсты пайдалану жолымен өндірілетін тауарлардың сұранысына тікелей байланысты.
Кіріс ресурстарының бағасы және оның оңтайлы комбинациясы тұтынушылардың төлемге дайындығымен айқындалады.
Неоклассикалық экономикалық модель бойынша қоғамның ағымдағы тұтыну құны ең жоғарғы деңгейге жету үшін статистикалық тиімділікке байланысты үш шарт орындалуы керек:
- Ұлттық ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз ету
- Тауар өндірісінің “дұрыс” комбинациясы
- Кіріс ресурстарының пайдаланудың “дұрыс” комбинациясы
Динамикалық тиімділік экономикалық “дұрыс” қарқынды дамуына байланысты. Ал, “дұрыс” қарқын қоғамның қор жинауға немесе инвестиция жасауға мүмкіндігімен анықталады, яғни қоғамның ағымдағы және боолжаудағы тұтыну төлем қабілетімен.
Қаржы рыногы дұрыс дамыған ағымдағы және болжамдағы тұтынуларды таңдау және капиталдың бағасы салымдардың пайыздық санатымен анықталады.
Статистикалық және динамикалық тиімділіктер бір-бірімен өзара байланыста қарастырылады, оның себебі жоғарыда аталған статистикалық тиімділіктің үш аспектісіне байланысты.
Біріншісі, өндірілетін тауарлардың “дұрыс” комбинациясы тұтыну тауарлары мен инвестициялық тауарлардың өзара ара қатынасының сақталуын қамтамасыз ету мәселесі.
Екіншіден, “дұрыс” комбинация түсінігіне байланысты өндірістің кіріс элементтеріне жұмсалған шығындардың экономикалық құны туралы. Мысалға жабдықтардың өндірісте өндірілмеген кіріс элементтерінің мысалға еңбектің, экономикалық құнына қатынасы.
Бөліс тиімділікті түсінігі қоғамның жалпы өндіріс (тұтыну) оңтайлы бөлінгендігіне сезімталдығын білдіреді.
Неоклассикалық тәсіл бойынша тиімділікті бағалаудың бағыттары статистикалық және динамикалық тиімділіктер.
Ресурстар шектеулі болғандықтан қойылған мақсаттың ең жоғарғы деңгейіне жету үшін түрлі талдаулар арқылы балама таңдау қажет. Ресурстардың шектеулі деңгейі таңдау жолын пайдалануға мәжбүр етеді, сонымен қатар балама құн шектеулі ресурстардың экономикалық құндылығының негізгі анықтаушысы екендігін дәлелдейді.
Өндірістік ресурстар мөлшері тұрақты мәнге ие қоғамда, оларды өндірісте тиімді етіп бөлудің маңызы бар. Яғни, бірде-бір қосымша тауар бірлігін басқа тауар өндірісін қысқартпастан өндіру мүмкіндігі болмауы керек. Мысалы, экономикада тек 2 түрлі тауар-мақта және жүгері өндіріледі делік, мұндай жағдайда жүгері өндіруді қысқартпастан, мақта өндірісін арттыру үшін ресурстарды қайта бөлу тиімсіз болады. Екінші жағынан мақта өндірісін дамыту үшін жүгері өндірісін қысқарту керек болады. Мұндай жағдайда ресурстарды бөлу тиімді.
Бірегей фирманың екі түрлі кіріс ресурстары бар делік К (капитал) және Е (еңбек), осы ресурстарды пайдаланып екі түрлі өнімдерді (Х және У) өндіруі керек. Фирманың кіріс ресурстары: капитал мен еңбек тұрақты мөлшерлерге ие. Осы ресурстарды Х және У тауарларын өндіру үшін қалай бөлінсе тиімді болатынын анықтайық.
Фирманың өндірісі тиімді болуы үшін Х тауарын арттыру У тауарын азайтпай жүзеге асырылмауы керек, сондықтан ресурстарды қайта бөлудің мүмкіндігі болмайды. Осылайша ресурстарды тиімді бөлу өнімдерді алмастырудың тиімділігіне ұқсайды. Осындай жағдайдан соң фирманың техникалық алмастыру деңгейі (ТАД) түсінігін ендірудің қажеттілігі туындайды. ТАД- і арқылы фирма ресурсты, айталық, еңбекті басқа өндірістік ресурстармен, яғни капиталмен алмастыра алады. Ал, өндірістің деңгейі тұрақты болып қала береді.
Ресурстарды бөлудің бірінші ережесі. Өндірістік ресурстары тұрақты мөлшердегі фирма тиімді бөлуді қамтамасыз ету үшін оларды толық пайдалануы керек. Сондай-ақ кіріс ресурстарының арасында ТАД-і өндірілген өнімнің әрбір түріне бірдей болуы қажет.
Осы ереже бойынша мысал келтіріп, талдау жасайық. Ереженің бірінші талабы бойынша егер фирма қолда бар ресурстың бір бөлігін толық пайдаланбаса, онда оның жұмысы тиімді болмайды.
Пайдаланылмаған факторлардың жұмыс істейтінін ескерсек, фирма басқа жерлерде өндірісті төмендетпей, өз өндірісін арттыруы мүмкін. Бірақ барлық ресурстарды толық пайдаланған жағдайдың өзінде кейде фирма тиімді жұмыс атқармауы мүмкін. Себебі фирма өз ресурстарын бөлуде кіріс ресурстарының (ТАД) арақатынасын барлық шығарылған өнімдерге бірдей бөлінуді қамтамасыз ету қажет. Айталық, жүк және жеңіл автомәшинелер өндірісін ұйымдастыруы үшін 100 еңбек-сағаты мен 100 мәшине- сағаты бағыттауға берілген. Фирма ерікті түрде осы ресурстардың жартысын жүк мәшинесіне, екінші жартысын жеңіл мәшине өндірісіне бөлген. (50 К, 50 Z) . Мұндай жағдайда ТАД-і 2-ге тең болуы мүмкін. Дәл осындай соңғы нәтижеге ресурстарды 48 К және 51 Z арақатынасында бөліп қол жеткізуге болады. Бұған керісінше, жүк мәшине өндірісінің ТАД-і 1-ге тең деп алсақ, жүк мәшинесінің сол санын өндіру үшін 51К және 49 Z пайдалануға болады.
Ресурстарды балама әдіспен бөлудің нәтижесі бастапқы тепе-тең бөлуден тиімді екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Себебі 100 еңбек-сағат толық пайдаланылады: (51 жеңіл автокөлік, 49 жүк автокөліктер өндірісіне) бірақ тек 99 мәшине-сағат пайдаланылады (тиісінше 48 және 51 мәшине-сағат) .
Бұл жағдайда ресурстарды қайта бөлуден соң жүк және жеңіл автокөліктер өндірісі бастапқыдай тұрақты болып, тек 1 мәшине-сағат үнемделген. Қалдықта қалған 1 мәшине-сағат жеңіл немесе жүк автокөлігін өндіру үшін қосымша жұмсалып, олардың санын арттырудың мүмкіндігі жасалады. Бұдан шығаратын қорытынды сол, әртүрлі ТАД-і мен ресурстарды бастапқы бөлу тиімді емес.
Осы ой-тұжырымдар мен келтірілген нақты мысалдардан “Өндіріс мүмкіндігінің шегі” (ӨМШ) деген түсінігі пайда болады. Бұл түсінік бойынша тұрақты ресурстар мөлшерін тиімді пайдалану арқылы екі түрлі өнімнің баламалы комбинациялар мөлшерінде өндірісті ұйымдастыруға болады. Өндіріс мүмкіндігінің шегі өндіріс тиімділігін зерттеудің қолданыстағы бірегей маңызды экономикалық құралы болып саналады. Мұндай талдаулар өнім түрлерін өндірудің бірнеше тиімді жолдары бар екендігін көрсетеді және бірыңғай тауар өндірісін арттыру үшін өндірістің өзге түрінің мөлшері біршама қысқаратындығы анықталған. Экономистер балама құн деп атап жүрген түсінік осыдан шығады. Х тауарын көбірек өндіру үшін өндіріс құнын У тауар өндірісінің қысқарту мөлшерімен бағаланады.
Жоғарыда бір фирманың кәсіпкерлік іс-әрекетіне талдау жасадық. Дегенмен бұл тұжырымның барлық фирмалар үшін де жалпылама сипаты бар. Қоғам тұрақты ресурстар қорына ие болған жағдайда ол фирмалар мен салалар арасында дұрыс бөлініп, жалпы өндірістің тиімділігі артуы керек. Олардың ең тиімді пайдалана алатын фирмалар мен салаларға бөлінуі негізгі қағида болып табылады.
Бөлудің екінші ережесі . Егер өндіріс тиімді болсын десек, ресурстарды солай етіп бөлу керек. Сол ресурстардан алынған физикалық шегі бар. Соңғы өнімді қандай фирма өндіргеніне бірдей тәуелді емес.
Ресурстар фирманың ішінде немесе бірнеше фирмалар арасында тиімді бөлінген жағдайда, өндірістің тиімділігін арттыру жолдары бар. Ол фирмалар тиімді комбинацияда тауар өндіруі қажет. Әрбір фирма өзінің шеберлігін, іскерлігін көрсете алатын тауарды өндіргені жөн.
Бөлудің үшінші ережесі . Егер екі немесе одан да көп фирмалар бірдей тауар өндіретін болса олар өздерінің өндірістік мүмкіндіктер шегіне қарай іс-қимыл жасайды. Яғни, сол арадағы өнімді трансформация жасаудың деңгейлері тауарды алмастыру деңгейіне кері немесе тең болуы қажет. ТАД-не қарап бір тауар өндірісін қаншаға қысқартып, ал екінші тауар бірлігін қаншаға арттыруға болатындығы анықталады. Бұл тәсіл негізінен халықаралық сауда проблемаларын зерттеуде қолданылады. Оның негізі - “салыстырмалы” артықшылық теориясы. Бұл теорияны алғаш ұсынған ғалым Рикардоның пікірі бойынша, әр ел тауарды тиімді өндіретін болса, соған мамандандырылғаны дұрыс. Сонда олар өзге елдермен сауда-саттық орнатып, өзіне қажетті тауарды алады. Осылайша жалпы әлемдік өндіріс қарқынды дамиды.
Жоғарыда келтірілген ресурстарды бөлудің үш ережесі жалпылама, Лернер ережесі деп аталады.
А фирмасы кіріс ресурстары мен өндірілген өнімнің арасындағы техникалық байланысты сақтай отырып, трансформациялық жұмыстарды атқарады.
Бұл функцияны төмендегідей етіп жазуға болады:
Т а (х а 1 , х 2 а , …х n а ) = 0 (1)
Бұл жерде: Х-кіріс ресурстары және дайын өнімдер.
Теңдеуден көрініп тұрғандай, кіріс ресурстары мен дайын өнімдердің арасында біршама функционалдық тәуелділік бар.
Тиісінше кез-келген В фирмасының ресурстары мен дайын өнімдерін байланыстыратын трансформациялық функциясы болуы мүмкін.
Т в (х 1 в , х 2 в , … х n в ) ) = 0 (2)
А мен В фирмаларының арасында кез-келген х-тердің, ол х 1 немесе х 2 бола ма тиімді бөлінген жағдайда басқа х-тердің деңгейі әрбір фирма үшін тұрақты көрсеткіш болады. Лернер ережесі бойынша тауарлар тиімді бөлінген жағдайда х 1 және х 2 қатынасының мөлшері екі фирма үшін де бірдей болады. Бұл қатынасты математикалық әдіспен төмендегідей етіп жазуға болады.
dх 1 а = dх 1 в (3)
dх 2 а dх 2 в
1, 2. 3 бөлу әдістері 3-ші теңдеудің жеке көріністері болып табылады.
Мысалы, егер х 1 -дайын өнім, ал, х 2 -сол өнімді шығару үшін пайдаланылған өнім деп қарастырсақ, жоғарыда келтірілген теңдеу бойынша шектеулі соңғы физикалық өнім х 2 х 1 , тауарларын өндіру үшін жұмыс істеген екі фирмаға бірдей мөлшерде болады. Бұл түсінік 2-ші ережеге сәйкес келеді.
Егер х 1 және х 2 дайын өнім деп қарастырсақ, 3-ші теңдеу бойынша ТАД (х 1 х 2 шін ) басқа кез-келген өнімді өндіру үшін екі фирма арасында бірдей мөлшерде болады.
Осыған қарағанда 1-ші ереже қарапайым және жалпылама болжамдардың жеке бөлек көрінісі екендігін көрсетеді. Осы тұжырымдарды қорытындыласақ, Лернер ережесін тиімді бөлу ережелерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Белгілі жәйт, экономикалық жүйенің мақсаты- адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы тұрғыдан алғанда өндірісі тиімді бола тұра өндірілген тауардың қажеттілігі төмен болуы мүмкін. Осыған байланысты жалпы тиімділікті анықтау үшін Паретонның анықтамасын пайдалануды ұсынамыз:
Фирмалар және жеке тұлғалар арасындағы тауарлар мен ресурстар бөлінісінің тиімді нәтиже беруі, бірінің жағдайы жақсарып, екіншісінің төмендеуі табиғи заңдылық болуы керек. Бұдан шығатын қорытынды сол, бөліну тиімділігі мен өндіріс тиімділігінің шарттары өз алдарына жалпы экономикадағы тиімділікке негіз қалайды. Мысалы, егер өндіріс тиімсіз болса, тауар құрамы да солай қалыптасады, оның өндірісін арттыру үшін басқа түрдегі тауардың көлемін қысқарту қажет емес. Мұндай жағдайда қосымша өндірілген тауар жеке тұлғаның тұтынуын арттырады, яғни бастапқы жағдай тиімді болмайды. Осылайша 1, 2, 3 ережелер барлық бөлінулер үшін сақталып, жалпылама мәнде тиімді болады. Егер сызбамен көрсететін болсақ, біздер экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің шегінде болуымыз қажет. Қарапайым тілде айтсақ, өндірілген тауарлар тиімді алмастырылуы керек. Егер олай болмаған жағдайда екі жеке тұлға өзара тауар саудасын ұйымдастыру арқылы пайда табуы мүмкін. Өндіріс пен бөлудің тиімділіктеріне қол жеткізу жалпы тиімділікке қол жеткізуге жеткілікті шарты бола алмайды. Сондықтан өндірілген тауарлар құрамы дұрыс таңдалуы тиіс, қажетсіз тауар өндіруші экономикада тиімділікке қол жеткізе алмайды. Жалпы тиімділікке жету үшін өндірістік мүмкіндіктер мен қажетті тауарлар байланыста болады. Тауарларды өндірудің шарттары төмендегідей.
Екі тауарды алмастыру деңгейлерінің жоғарылығы (бөлініс тиімді болған жағдайда бұл деңгейлер барлық жеке тұлғалар үшін бірдей сәйкес болады) екі тауар өнімінің трансформация деңгейлеріне (үшінші бөлініс бойынша бұл деңгейлер екі фирма үшін бірдей сәйкес болады) тең болады.
Қарапайым сөзбен айтсақ, екі тауар арақатынасының физикалық деңгейлері олардың өндірістік дамуын салыстыруға болатын деңгейіне тең болады.
Балама құн экономиканы басқару мен реттеудің ең қолайлы концепциясы болып табылады. Экономикалық талдаудың негізгі маңызы - балама табу мен бағалау. Ресурстардың шектеулі екендігіне байланысты жоғарғы деңгейдегі мақсатқа қол жеткізу үшін балама таңдаудың маңызы зор. Ресурстардың шектеулі мөлшері балама таңдауға мәжбүрлейді және балама құн түсінігі арқылы салыстырмалы деңгейдегі ресурстардың тапшылығы экономикалық құндылықтардың негізін қалайды.
Экономикада бағаны белгілеуде басшылыққа алынатын негізгі принциптің бірі - балама құнды стандарт етіп алып, салыстырмалы әдісті пайдалану. Егер жетілдірілген бәсекелестік моделінің қатаң заңдары тұрақты болса, нарықтық қатынастағы баға балама құнға ықпал етеді. Осындай ортада ресурстарды бөлу тиімді болады және сол ресурстар арқылы жоғарғы деңгейдегі әлеуметтік жағдайға негіз қаланады. Сондықтан осы модель арқылы балама құнның тиімді боларына көз жеткіземіз.
Нарықтық қатынастың қатаң шарттары мен талаптары төмендегідей:
- Жеткізіп берушілер мен тұтынушылар бағаны өздері белгілейді. Олар өздігінен нарықтық қатынастың күшіне ие бола алмайды, сату және сатып алуда баға белгілеуге, басқа шарттарға ықпал жасауға мүмкіндігі жоқ.
- Нарықтық қатынас жүйесінде өзіндік еркіндігі бар жеке тұлғалардың рынокқа енуі мен шығуына заңнамалық немесе басқа да кедергілер жоқ.
- Қалыптасқан қолайлы мүмкіндіктерді пайдалану үшін тиімді ақпараттық, сондай-ақ өзге де ресурстарды қосу мүмкіндігі болады. Осындай нарықтық қатынасқа тән бәсекелестік қалыптасқан ортада сатушылар артықша пайда таба алмайды, сондықтан аз шығынды өндірісті ұйымдастыру тәсілі көбірек қолданылады. Мұндай модельдің ең маңызды көрсеткіші балама құн мен тиімділіктің арасындағы байланыс. Балама құн арқылы баға белгілеу тәсілі- ресурстарды тиімді пайдаланудың алғы шарты.
- Тиімділіктің үш түрлі концепциясы бар. Соның ішіндегі маңыздысы және бірей түсінікке иесі қолда бар ресурстардың құрамымен мол өнім алып, әл-ауқатты жақсартуға мүмкіндік бола бермейді.
Үш түрлі концепция төмендегілер:
- техникалық немесе инженерлік тиімділік - кіріс ресурстарының комбинациясын таңдап, озық технологияны пайдалану арқылы ең жоғарғы өндірістік қызметтерді атқаруға қол жеткізу;
- экономикалық тиімділік- қолда бар кіріс ресурстарының түрлерін пайдаланып, кіріс ресурстары мен дайын өнімге ағымдағы бағада ең жоғарғы мөлшерде өнім алу;
- әлеуметтік тиімділік- өнімді қайта бөлу мүмкіндігінің жоқтығы. Осы қағиданың негізінде кейбіреулердің әл-ауқатын жақсартумен қатар өзгелерінің төмендеуіне жол беріледі.
Басқаша айтқанда, қоғам Парето оптимумының нүктесіне келгенде қоғамның кейбір мүшелерінің әл-ауқаты жақсарып, басқаларының әл-ауқаты нашарлайды. Техникалық және экономикалық тиімділіктердің негізгі айырмашылығы сол, бірішісінде кіріс пен шығыс ресурстарының өзара арақатынасы техникалық сипатқа ие.
Техникалық және экономикалық тиімділіктердің негізгі ерекшеліктері сол, біріншісінде кіріс пен шығыс ресурстарының өзара қатынасы техникалық мәнге ие. Ал, экономикалық тиімділікте кіріс пен шығыс ресурстарының элементерінде баға аралық қатынасы орын алған. Экономикалық тиімділікке техникалық тиімділік арқылы негіз қалауға болады. Бірақ мұның керісі болмайды.
Әлеуметтік тиімділікте бірғана кіріс пен шығыс арасындағы қатынас барлық кіріс пен шығыс элементтерінің құрылымын кеңейтеді. Сондай-ақ сол құрылымды бір-біріне байланысты әл-ауқатының жағдайына тиемелді етеді.
Ресурстарды жоғарғы тиімділікпен пайдалану дегеніміз- өзгенің ресурстарымен салыстыру арқылы артық өнім өндіру, жоғарғы әл-ауқатты жағдайға қол жеткізу. Тиімділікті жоғарылату дегеніміз- шығыс пен артықша шығындарды қысқарту.
Егер жұмыс жоғарғы деңгейдегі бәсекелестік модельді ортада ұйымдастырылса, қолда бар ресурстарды дұрыс пайдаланып, нарықтық қатынастағы баға белгілеу жолымен кең жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге жетіп, әл-ауқатты қол жетімді деңгейіне көтеруге болады.
Осындай моделдегі ортада нарықтық қатынастағы бағаның шешуші рөлі артады. Ол жеке тұлғалардың жеке меншік сезімін құлшындырып қызықтырады, яғни жекеменшік және қоғамдық мүдделерді алға жылжытады. Бірақ бұл модель қол жете бермейтін “аса дұрыс” абстракция ретінде келтіріліп отыр. Көптеген рыноктар мұндай мүмкіндікке ие емес. Бәсекелестіктің үлгілі ортасы мен өмірдегі шынайы түрінің арасындағы айырмашылығы осы теорияны пайдаланып қолданбалы ұсыныстар жасауда күрделі мәселелер туындатады.
Баға белгілеуде балама құн тиімділік стандарты ретінде қолданылып, байқауда тұрған бағалардың балама құнынан айырмасы болса, мұндай жағдайда көрсеткіштер нысанаға бағытталмайды және олар ресурстарды тиімсіз пайдаланудың алғы шарт болады.
Байқаудағы баға мен балама құн негізінде белгіленген бағаның ауытқулары өндірісті тиімсіз жағдайға алып келеді. Созылмалы баға ауытқулары тиімсіздік жағдайын орнықты етуі мүмкін.
Егер ішкі рынокта бәсеке болмаса ондағы бағалар ресурстардың салыстырмалы шектеулі мөлшерде екендігін көрсетеді, сонымен қатар тиімділік көрсеткіші қызметін атқаруы мүмкін. Рынокта баға тұрақсыздығының орын алуы және оның дұрыс шешімін табу рыноктың немесе үкіметтің баға белгіленуіне байланысты емес. Бұл мәселеде маңызды шешім қабылдау ресурстар мен тауарларды пайдаланудың тағы бір балама рыногын табу қажеттілігі туындайды. Мұндай балама стандарттық құндылыққа ие, тартымды балама рыногы халықаралық немесе ішкі рыноктардан табылуы мүмкін.
Сауда-саттық тауардың баламалы құны бұл шекарадағы баға, экспорттың немесе импорттық шикізаттың ұлттық валютаға конвертация жасалған бағасы, сол уақыттағы айырбас бағамы бойынша эспортқа шығарылатын тауар үшін шекаралық баға экспорт бекетіндегі жерлгілікті бағаға тең, ФОБ бағасы - Free on Board of Carrier.
Импорт бойынша алып келінетін тауар үшін шекаралық баға ұлттық шекарадағы жергілікті бағаға тең. Бұл бағаға тауардың құны, сақтандыру және тасымалдау шығындары, яғни СИФ бағасы кіреді.
Салыстырмалы бағалау үшін шекаралық бағаны тиімділік стандарты ретінде қолдану халықаралық рыноктардың бәсекелестік деңгейіне байланысты емес. Халықаралық бағалар ресурстарды тиімді пайдалану тиімділігіне әлем деңгейінде ықпалы болмауы керек.
Белгілі бір елдің әлемдік бағалармен тоғысуы демпингтің немесе картельдің басқа нарықтық қатынастың күштерінің қарекетінің нәтижесінде болады. Осындай жағдай қалыптасқанда сыртқы саудамен айналысатын ел қандай төлем жасап, қандай алым алу керектігін тиісінше көрсетеді. Мұндай жағдайдың ерекшелігі сыртқы рыноктың бәсекелестік қабілетінің деңгейінде емес, сол тоғысқан бағалар елдің рыноктағы мүдделердің уақыт мерзімінің мөлшерінде болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz