Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім.

1 Тарау. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің

теориялық негіздері . . . 5 бет

а) Нарықтық экономика жағдайында мемлекет

тарапынан реттеудің теориялық негіздері . . . 5 бет

ә) Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері мен

обектісі . . . 15 бет

2 Тарау. Экономиканың өрлеу жағдайындағы өнеркәсіпті

дамытудағы мемлекеттің рөлі . . . 20 бет

а) Өнеркәсіпті жандандыруда мемлекеттің ұтымды

бағытын қалыптастыруы . . . 20 бет

ә) Өнеркәсіптік саясат - экономиканы мемлекеттік реттеудің

құрамдас бөлігі . . . 33 бет

3 Тарау. Өнекісіпті дамытудағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары . . . 48 бет

а) Өнеркәсіптің-технологиялық базаны жетілдіруде

мемлекеттің ролі . . . 48 бет

ә) Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін

көтерудегі мемлекеттің ролі . . . 57 бет

ІІІ. Қортынды . . . 73 бет

Қосымша

IV Пайдаланылған әдебиеті . . . 74 бет


Кіріспе

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.

Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды- тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері" болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, оз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау жоне табиғи шикізатты (өсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.

Мемлекеттік реттеудің рөлі қарастырып отырған салада адамның тіршілік әрекетінің табиғи ортасын сақтау барынша келелі, күрделі мәселе болып отырғандығына байланысты үздіксіз артатындығын ерекше атап өту керек. Біздің жағдайымызда оның ролінің артуы шаруашылық жүйесінің нарықтық үлгісіне өтудің алғашқы кезеңінде ерікті кәсіпкерлікке қатысушылардың өндірістік қызметінің сыртқы нәтижесін төмендету мүмкіндігіне үміт арта алмайтындығынызбен де түсіндіріледі. Оның үстіне экологияның кең ауқымды мәселелерін шешу көптеген мемлекеттер күш-жігерін біріктіру негізінде мүмкін болатындығын атап өтуге тура келеді.

Ал бұл - әрбір мемлекеттің, олардың экономикалық интеграциясына да жауап беретін орталық басқару органдарының міндеті.

Дипломдық жұмыстың мәндеттері мен мақсаттары: Еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің жетілдіру жолдарын ұсыну.

- нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің мен ролін, мемлекет тарапынан реттеудің қажеттілігін, мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесін негіздеу.

- мемлекеттік реттеудің әсер ету механизімдерін, тетіктеріне сонымен қатар өнеркәсіп саласын талдау зерттеу жасау.

- мемелекеттің нарықтық экономика жағдайындағы атқаратын қызметтері, нарықтық экономикада алатын орны, оны ілімде өнеркәсіп саласын экономикасының ерекшелігіне байланысты жан - жақты кешенді түрде анықтау.

- өнеркәсіптік саясаты экономикалық мемлекетті реттеудің құрамдас бөлігі ретінде қарастырдым.

- қазақстан өнеркәсібі қайшы құруда, өнеркәсіптік саласының құрылымымен жетілдіруде, техника - технологияның базасын жетілдіруде мемлекеттің ролі смен қызметтерәне баға беру.

- қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің мемлекеттің экономикалық механізімді жетлілдіру жолдарын қарастыру.

Диплом жұмысы кіріспеден ІІІ тараудан, қортындыдан, 75 беттен,

5 суреттен, 4 кестеден тұрады.

ІІ Негізгі бөлім.

1 тарау. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

а) Нарықтық экономика жарғдайында мемлекет тарапынан реттеудің теориялық негіздері

1. 1 Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің реттеу туралы теориялық қонцепциялардың қалыптасуы КСРО тарап, экономикалық өзгерістер басталған кезде экономикада шиеленіскен теңсіздікгі игеру мен сұраныс пен ұсыныс теңдігіне қол жеткізетін жағдайды қалыптастырудағы нарықтың кұтқарушы ролін суреттейтін жаңа теориялық бағалаулар кезеңі келді.

Нарықтық қатынастарға өту көп адамдарда мемлекет өзінің экономикадағы реттеуші ролінен бас тартуы қажет деген түсінікті тудырды. Бүкіл шаруашылық кешенін, оның ішінде ауыл шаруашылығы бүкіл халық шаруашылығы теңсіздігін үйлестіре алуы мумкін нарықтық күштер ерігіне берілуі керек деп ойлады.

Мемлекет пен нарық ұзақ уақыт бойы экономикалық әдебиетте бір-бірімен аз үйлесетш екі нақты түсінік ретінде суреттеліп келді. Осыған байланысты бірнеше пікірлерді келтірейік.

Нарық - бұл сатып алушылар мен нақтылы тауар немесе қызмет сатушыларды тоғыстыратын механизм; басқаша айтқанда, дербес шешім қабылдайтын жекелеген экономикалық субьектілер арасындағы байланыстар, өзара қатынастар түрі [1] .

Мемлекеттік реттеу - бұл шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін тұрақтандыруға ықпал-әсер тигізу мақсатында мемлекеттің экономиката тжелей де жанама араласуы.

Нарық нақты бір тауар немесе қызмет көрсетуді, сатып алушылар мен сатушыларды бір жерде тоғыстыратын механизм. Басқаша айтқанда, бұл шешімді - дербес қабылдайтын жекелеген экономикалық субьектілер арасындағы өзара қарым-қатынас, байланыс нысаны.

Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындаға үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді [2] .

Нарықтық экономика - бұл пайда табу жолында және қажетін дәрежесінде аз көлемде мемлекет тарапынан реттелуге негізделінген, өзін-өзі басқаратын іскерлер меншік иелері - өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы еркін, өзін өзі реттейтін экономикалық қатынас [3]

Нарықтық экономика дегеніміз - ерікті, өзінен өзі реттелетін, кәсіпкерлер мен меншік иелері және өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы экономикалық қатынастар. Олар өзара тиімділікке негізделеді және ең соңғы деңгейде болса да мемлекет тарапынан реттеледі [4],

Нарықтық қатынастар өңдірушілер мен тұтынушылар арасында олардың қызметін реттейтін ешқандай аралық басқарушы, жоспарлаушы немесе әкімшілік мекемелер болмайтын халық шаруашылығын ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайды [7] . Нарықтық қатынастарға негізделінген экономикалық жүйеге өту ғана елдің ондаған жылдар бойы жинақталған өткір проблемаларын шешуге, экономиканы әлемдік шаруашылыққа үйлесімді қосуға, еңбекшілер мүқгаждығына сөйкес өндіріс өсуін қамтамасыз етуге, сол арқылы экономиканың әлеуметтік бағытын анықтауға, тапшылықғы жоюға мүмкіндік беріп, азаматтарға әлемдік өркениетті жетістіктерінің бәріне қол жеткізуге жол ашады. Қазіргі әлемдік экономикалық әдебиеттердегі (кесте) қойылымдарды жинақтай отырып, нарық сипаттамасын мынандай етіп, шоғырландырып беруге болады: сатып алушылар мен сатушылардың нарықта абсолютті кедергісіз етуі мен дәл солай шығуы бәсекеге қатысушылардың шексіз санына тепе-тең; әр бәсекелесте ресурстардың кез-келген түрлерінің абсолютті жьщцамдығы (еңбек, материалдық, қаржылық және т. б. ) ; бірдей өнімдердің абсолютті біртектілігі, айыруға қиындығы (сауда маркалары жоқ, тауар сапасының кез-келген жеке сипаттамасы) ; кез келген бәсекелестің басқа қатысушылар шешіміне өсер ете алмаушылығы Көрсетілген белгілерге ие осындай экономикалық жүйе ешқашан және ешқай жерде өлемде болған емес және принципиалды түрде тіршілік ете алмайтыны белгілі еді: абсолютті бәсекелес кеңістік ретінде еркін нарық абстракция, нарықтың зандылықгарын ғылыми зерттеу мақсаттарына қажет теориялық құрылым болып табылады. Кесте 1- Бәсеке түрлері мен нарық нысандары

Нарық типтері
Нарық типтері: Жетілмеген еркін бәсеке
Жетілген еркін бәсеке
Таза толық монопол
Нарық типтері: Біртектес өнім өндіретін көп тауар өндірушілер санымен, ешқандай қиындықсыз салаға кіруге мүмкіндігі бар, бағаны тауар өндірушілер тарапынан бақлау дәрежесі жоқ

Монополистік

бәсеке

олигополия
Жалғыз тауар өндіруші баға тауар өндіруші тарапынан бақлау дәрежесі едәуір бірақ мемлекеттен тән бақланады
Нарық типтері: Әртектес өнім өндіретін тауар өндірушілер саны көп, бағаны тауар өндірірушілер тарапынан бақлау дәрежесі орташа
Тауар өндірушілер саны көп емес, бағаны тауар өндірушілер тарапынан бақлау дәрежесі орташа

Классиктер нарықтық бесеке механизмі қол жеткізуінен тыс орналасқан сфералар бар екенін түсіне отырып, мемлекеттің дәстүрлі қызметтерді орындау қажеттігі туралы тезистен шықты.

Бұл алдымен қоғамдық тауарлар деп аталатындарға қатысты болды, яғни ұжымдық түрде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер (ұлттық қорғаныс, білім, көлік жуйесі және т. б. ) туралы болды. Сондықтан мемлекет Оларды өндіру туралы міндетті өзіне алып, азаматтардың осы өнімге бірлесе ақы төлеуін ұйымдастыруы керек. Басқа нарықтық проблема - жұыссыздықа мемлекеттің араласуын талап етеді. Егер оны болдырмау мүмкін болмаса, онда оның салдарын қысқарту немесе атқару үшін күш қажет. Жоғары аталған және басқа факторлардың жағымсыз әрекеттері тек нарықғық өзін-өзі күйге келтіруге ғана үміт арттыру, жүйе өзінің тіршілік етуіне күмән келтіре бастауына әкеледі. Бұны әсіресе 1929-1933 ж. ж. Ұлы депрессия" кезеңінен анық көруге болады[ 11] . Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролін теориялық түсінудегі маңызды кезең атақғы ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің атымен байланысты. "Кейнстік революция" кезінде ұсынылған идеялар, нарықтық экономикаға деген классикалық көзқарастарда төңкеріс жасады. Олар экономикалық құлдыраудың өзін-өзі емдеуі мүмкін еместігін, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теңестіруге экономикалық дағдарыс, жағдайдан шығаруға қабілетті құрал ретіндегі мемлекеттік саясатының қажеттігін дәлелдейді. Кейнсианстіктің негізгі алғы шарты - монополия үстем жағдайда нарықтық шаруашылықтың өзін-өзі тиімді реттеуінің жоқтыға. Осыдан тұрақтандыруға қол жеткізу үшін экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттігі туындайды. «Біздің түпкі мақсатымыз, - деп жазды Кейнс, - орталық өкімет тарапынан өзіміз өмір сүретін шаруашылық жүйе шеңберінде ойластырылған бақылау немесе басқаруға болатын ауыспалы шамаларды тандау болуы мүмкін. Мемлекет әсер етуі керек негізгі ауыспалыларды анықтау, экономикалық дағдарыс басталуын болдырмау үшін Кейнс қысқа мерзімді кезеңде циклдік дағдарыстар себептерін анықтайды[12] .

Дж. М. Кейнс өзінің "Общая теория занятости, процента и денег" деген атақғы еңбегін жариялады[13] . Нео- кейнсианстік бағыттың өкілдеріне Э. Хайсен, Д. Хикс, П. Самуэльсон жатады. Олар экономикалық циклдардың екі полюстері мен дағдарыстың жағымсыз ндбылыстарын жұмсарту жолдарын ұсынған.

Келесі бір бағыт неолиберализм - халықты әлеуметтік қорғау саясатын негізге ала отырып, табысты бөлу, жұмыспен қамтуды ынталандыруда экономикалық өсуді мемлекеттің ролінің маңыздылығын көрсетті.

70-жылдардың 2-ші жартысында батыс экономикалық ойының жетекші ағыны болған кейнсиандық дағдарысқа ұшырады. Оның барлық қүрылымында күрделі өзгерістер болды. Экономикаға мемлекеттің араласпауын желеу ететін либерализм идеологиясы пайда болды. Ғылыми-техникалық революция мен экономиканың интернационал дамуының жаңа кезеңі әсерінен бір жагьшан икемді, тәуекелге дайындығын және орта кәсіпкерлік қызметінің сферасы кеңейсе, басқа жағынан транснационалдық корпорациялардың ролі кұшейді. Нәтижесінде 50-70-жылдары қалыптасқан материалдық өзгерістің көптеген салаларына тараған масштабты мемлекеттік сектордың шаруашылық типі (Еуропада) (нормативті реттеудің тармақғы жүйесі бар бюджеттік жүйе арқылы ұлттық табысты қайта бөлудің өсіңкілігімен) мемлекеттің экономикаға араласуының консервативті принциптеріне негізделген басқа типіне орнын берді. Монетаристік теорияның ең көрнекті өкілі американ ғалымы М. Фрндман болып табылады. [14] . Монетаризмнің көш басшысы өзінің кейнсиандық теорияға деген шабуылын 50-жылдарда-ақ бастаған еді. Ол және оны қолдаушылар кейнсиандық теорияға қарсы ұлттық табыс деңгейін анықтаудың монетарлық теориясы мен экономикалық циклдің монетарлық теориясын ұсынды. Кейнсиандық модельдің негізгі факторлары - инвестиция мен тұтынуға, монетаристер, олардың пікірінше ұлттық табыс динамикасы мен оның циклдік ауытқуларын қалыптастыруда шешуші роль аткаратын ақша факторын қарама-қарсы қойды. Бұл кезде ақша сұранысы мен оның ұсынысы арасында алшақтық болғаны маңызды болады. Осы сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық пен ақша ұсынысының тұрақсыздығынан монетаристер экономиканың циклдік ауытқуларының тұрақсыздығының себебін көреді. Монтаристер пікірінше дағдарыс емес инфляция рыноктық жүйенің негізгі қырсығы болып табылады. Ол табысты құнсыздандырып, экономикалық қатынастарда белгісіздік тудырып, жинақтау мен инвестициялауға ұмтылуды төмендетеді.

П. Самуэльсонның жаңа классикалық синтез теориясы (economics) экономика жағдайына байланысты не монетарлық, не кейнсиандық ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді. Олардың екеуінің де экономиканы несие-ақша саясаты көмегімен реттеуді ұсынатынын айтуымыз керек. Монетаристер ақша шығаруды реттеу, ал кейнсиандықгар пайыздық мөлшерлемені реттеу арқылы сөз қозғайды және бүтан біз толық тоқгалып өттік. Мысалы, бұрынғы социалистік елдерде монетаризм мен кейнсиандықтың үйлесуін талқылап қана қоймай, іске асырып та отыр. Мұның себебін тепе-теңдіктің жалпы теориясы, макроэкономикалық саясатқа негізделген стандартты қабылдамайтын өтпелі экономиканың екі жақты сипатында болып отыр.

"Ұзақ жылдар бойы, - дейді бір танымал батыс оқулығында, - монетаристер мен кейнсиандықтар арасындағы айтыстар ақша теориясына деген екі түрлі нақты жолдармен көрсетілген тартысты айқын көрсету мақсатыңда жүргізілгендей болып -келді. Бірақ бүгінгі құні теориялық модельдер екі модельге ортақ элементтерді қамтитын синтетикалық нысандарға ие болды.

Олардың пікірінше мемлекеттің араласуы тек қана ақша жұйесінде ғана болуы мүмкін. Фридмен ақша айналысы теориясына сүйене отырып, қаржы-несие түрақғылығы, адам белсенділігі мен іскерлігі арқасында нарық өзін-өзі реттейді деп есептеді. ТО-жылдардан бастап FTP-ға байланысты өндіргіш күштерінің дамуының жаңа зандылықгары белең ала бастады. Олар мемлекеттік реттеуде кейнстік үлгінің іс-әрекет механизмінің шектеулі екенін көрсетті. Сонымен қатар, Кейнстің мемлекеттік реттеу үлгісі жаңа замандағы FTP талаптарына сай келе бермеді.

Дж. Гелбрейт (АҚШ) өзінің «Жаңа индустриалды қоғам» кітабында былай деді: Өндіріс бағасы және шығындарымен қатар, тұтынушылық сұраныс та басқару объектісі болып табылады. Экономикалық ортаны реттеу жүйесіндегі тағы бір маңызды қосымша кез осьшдай" .

Ағылшын экономисі А. Медиссон "Батыс елдеріндегі экономикалық мұра" атты еңбегінде: «Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі үкімет ролі сұранысты жай талдаумен ғана шектелмейді. Үкімет сонымен қатар елдің экономикалық потенциалының өсуіне түрлі тәсілдермен әсер ете алады. Ол күрделі салымдарда пайдаланылатын ресурстар үлесінің өсуі жөніңде шаралар қабылдап, білім мен зерттеу арқылы біліктілік пен білім деңгейін арттырып, ең үздік технологиялық процестерді тарата алады және экономикалық даму - ұзақ мерзімді болжау арқылы перспектива мен бағыттар ұсына алады. Ол бәсекені ынталандырып, төменгі кедергілерді жоя отырып, ресурстарды бөлуді жақсарта алады" Экономикада мемлекеттік әсер етудің зор мәнін белгілі американдық ғалым П. Самуэльсон да атап өтеді [15] . Өз кезінде Дж. Кейнстің "Жалпы теория" еңбегіне баға бере отырып, ол оны "дананың жұмысы" деп атады. Монетаризм, рационалды күту теориясы мен ұсыныс «теориясын жақгаушылар -жаңа практикалық ұсыныстар жасады. Осы теориялар нарықтық экономика өндірістің потенциалды көлемі кезінде тепе-теңдікке автоматты қол жеткізеді деген классиктер идеясын жаңа деңгейде қайта тудырады.

Осы теорияларды жақтаушылар макроэкономикалық деңгейде мемлекет фискальды-бюджеттік саясат арқылы экономикаға тікелей араласып қана қоймай, нарықтың дұрыс қызмет істеуі үшін қаржы жағдайын тудыруы керек. Басқаша айтқанда, ақылды ақша-несие саясаты негізінде жанама әсер ету шаралары ұсынылады. Көптеген дамыған елдерде 80-зсылдарда лсүргізілген жаңа экономикалық бағыт осы идеяларды көрсетеді. Англиядағы "тетчеризмы" мен АҚШ-тағы "рейтаномика" үлгілері оның ізбасарлары болып табылады. Рсйтан президент болған кездегі АҚШ жүргізген экономикалық саясатты ары қарай талдау оның табысы көп жағдаида ұсынысқа әсер етуден гері сұраныс кеңеюімен байланысты екенін көрсетті. Яғни кейнсиандық "рецепт" әрекет еткенін көруге болады. Осы кезде бірқатар дамыған елдерде мемлекеттік корпоративтік басқарулар күшеюі, мемлекеттік реттеудің терендеу процесі жүрді.

Экономикаға мемлекеттік әсер етудің шекаралары мен бағыттары басқарушы партиялардың саяси және әлеуметтік бағдарламаларымен анықталынатынын атап өтуіміз керек. Әдетте, консервативті және либералдық партиялар басқаршн кезде экономикадағы мемлекет қызметінің сферасы қысқарады. Ал сол бағыттағы партиялар өкімет басына келгенде экономикадағы мемлекет қызметі кеңірек суреттеледі. Қоғамдық-экономикалық жүйелердің барлық ұлттық модельдерінде мемлекет экономиканы реттейді. Әрине, қазіргі нарықтық экономикадағы реттеу деңгейі экономиканы орталықтандырылған реттеу жағдайына қарағанда азырақ масштабта іске асырылады. Қандай да бір экономикалық жүйе шеңберінде жекелеген елдер мен аймақтардың экономикалық дамуының көп қырлы үлгілері әрекет етеді. Бұл көп қырлылық экономистер экономикалық модельдер деп атағандай сипатқа ие болады. Әрқайсысы элементтердің белгілі бір үйлесуін көрсететін экономикалық модельдердің бірнеше варианттары бар. Модельдерді іске асыру мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді шаралары мен осы шараларды дайындап, іске асыратын мемлекеттік сәйкес институттар арқылы жүргізіледі. Экономикалық саясаттың түрлі бағыттары арасында үйлестіруші шараларды іске асыру қажет етеді. Түрлі шаралардың өзара әрекетін ескермеу нақты шаралардың тиімділігін елеулі шектейді.

Континенталды (немесе германдык) деп аталатын модель үшін бюджеттік жүйе арқылы қайта бөлінетін ЖІӨ жоғары көлемі (50 %) тән болып келеді. Осы модельді дамытушы елдердің тобына ГФР, Франция, Австрияны жатқызуға болады. Бұл елдерде әлеуметтік бағыттағы шығындардың елеулі бөлігі сақтандыру жарналары есебінен қарзсыландырылады. Бұл кезде сақтандыру қорларын қалыптастыру іс жұзінде кәсіпкерлерге жүктеледі.

Басқа вариант скандинавтық (Швеция, Норвегия, Финляндия және басқа бірқатар елдер) деп аталады. Бұл модельде әлеуметтік саясатқа мемлекеттің экономикалық қызметінің мақса. ты ретіндс қарау тән болады. Бюджеттік жүйе арқылы қайта бөлінетін ЖІӨ жоғары деңгейі (50 %-дан астам), салық салудың дүние жүзіндегі ең жоғарғы деңгейі, әлеуметтік саясатты іске асырудағы тендік пен бірлік идеясының басым болуы осы модельден көрінеді. Бұл кезде үкімет (орталықпен қатар аумақ пен муниципалитет деңгейінде) оюджеттің жалпы салық табысы есебінен әлеуметтік шығындарды қарасыландыруда басты роль атқарады.

Тағы бір модельді шартты түрде ағылшын-саксондық (Ұлыбритания, Ирландия, Канада және т. б. ) деп атауға болады. Әлеуметтік саясат бұл топта мемлекеттік басымдылық жүйесінің қүрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, мемлекет әлеуметтік шығындарды қаржыландыруда басты роль атқарады, скандинавтық елдерге қарағанда төмендеу болса да салық салу деңгейі өте жоғары, бюджеттік жүйе арқылы қайта бөлінетін ЖІӨ көлемі 50 %-дан азырақ (бірақ 40 %-дан көбірек) мемлекеттің еңбек рыноғы жөніндегі саясаты көп жағдайда баяу болады.

Ары қарай экономикалық әдебиеттер кеңінен белгілі бірқатар модельдерді келтірейік. ,

Американдық модель халықтың белсенді бөлігін байыта отырып, кәсіпкерлік белсенділікті мүмкіндігінше ынталандыратын жүйеге кұрылған. Әл-ауқаты нашар топтарға жеке жеңілдіктер мен жәрдемақылар есебінен өмірдің қажетті деңгейі жасалған. Әлеуметтік тепе-тендік міндеті тіпті қойылмайды. Бұл модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі мен жеке табысқа қол жеткізуге жаппай үмтылуға негізделген. Жалпы алғанда американдық модельге түрақты конъюнктура мен экономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған мемлекеттік әсер ету тән болады.

Швед моделі халықтың аз қамтылған бөлігі пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу есебінен мүліктік теңсіздікті қысқартуға бағытталған күшті саясатымен ереішіеленеді. Бұл жерде мемлекет қолында негізгі қорлардың 4% ғана шоғырланған, бірақ 90-жылдардағы мемлекеттік шығындар үлесі жалпы ішкі өнімнің 70%-ын құрады және осы шығындардың жартысы әлеуметтік мүқгаждықгарға бағытталады. Осындай 'модель "функционалды мамандандыру" деп аталынады. Бұл кезде өндіріс қызметі бәсекелес рыноктық негізде әрекет етуші жеке көсіпорындарға, ал өмірдің жоғары деңгейін қамтамасыз етуші қызмет (жұмыс бастылық, білім, әлеуметтік сақтандыру) және инфрақүрылымның көптеген элементтері (көлік, НИОКР) мемлекетке жұктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Құқықтық мемлекеттің экономикасы
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен түрлері
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Бұланды ауданы салық комитетінің мысалында экономиканы мемлекеттік реттеу
Экономиканы реттеудің теориялық мәселелерін қарастыру
Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық ас – пектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz