НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
Тарау 1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК
ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ . . . 5
- Коммерциялық банктердің нарықтық экономикадағы рөлі:
қызметтері мен операциялары . . . 5
1. 2. Банктің меншікті капиталының көздері мен атқаратын қызметтері . . . 14
1. 3. Банктердің тартылған қаражылары және оның түрлері . . . 24
Тарау 2. Қазақстандағы коммерциялық банктердің жалпы қаржылық
жағдайын талдау . . . 29
2. 1. Қазақстан Халық Банкінің экономикада алатын орны мен
оның ресурстарына сипаттама . . . 29
2. 2. Халық Банкінің тартылған ресурстарын қаржылық талдау . . . 34
Тарау 3. Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыруда
онымен жүргізілетін операцияларды жетілдіру жолдары . . . 43
- . Банктердің ресурстарын қалыптастыру көздерін ұлғайтудың жолдары
және онымен жүргізілетін операциялардың тәуекелдерін басқару . . . 43
3. 2. Коммерциялық банктер ресурстарының тұрақтылығын басқару . . . 47
Қорытынды . . . 53
Қолданылған әдебиеттер . . . 57
Кіріспе.
Қоммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылады. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатады. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекешеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде, жалпы нарықтық экономика жағдайындағы банктердің мәні мен даму бағыттары, олардың экономикада алатын орны туралы зерттелген. Сондай-ақ, коммерциялық банктердің ресурстарының түрлері, онымен жүргізілетін операциялар толық қарастырылған.
Екінші тарауда Халық Банктің жалпы қаржылық ресурстарын талдай отырып, оның ішінде тартылған ресурстарға көп мән беріліп қарастырылған.
Үшінші тарауда коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыруда онымен жүргізілетін операцияларды жетілдіру жолдары, оны қалыптастыру шаралары мен қаржыны басқару қарастырылған.
Қорытындыда жалпы жұмыстың нәтижелері, ұсыныстары мен қорытындылары келтірілген.
Жалпы дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру арқылы онымен жүргізілетін операцияларды тиімді ұйымдастыру мен көздерін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мына мәселені зерттеу міндеті болып табылады:
- банк ресурстарының мәні мен маңызы;
- банк ресурстарының түрлері мен атқаратын міндеті;
- банк тәжірибесінде банк ресурстарын қалыптастыру көздері.
Тарау 1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ .
- Коммерциялық банктердің нарықтық экономикадағы рөлі: қызметтері мен операциялары.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүйесіне қатысады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісіне босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Әртүрлі көздерді ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттардың “тобын” құрайды және де олармен жұмыс істей тұра капиталға айналдырып, әртүрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық - несиелік, қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нарықты басқарады. Олар тек делдалдық қызметпен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе “ертедегідей күшке” ие бола отырып “нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы” мүмкін. К. Маркс «банк мекемелерінің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екенін ескереді.
Банк жүйесінің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісіне және банк ісін ұйымдастыруды жалпы қағидаларды сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару үрдісінде банктер негізін басқарудың экономикалық қатынастарын ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы факторы болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әр түрлі буындардың қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма - қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларымен жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін - айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін - өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министрліктер, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономиканы басқару органы ретінде болып табылатындықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта болады. Банктердің экономикалық жауапкершілігі ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствалық тәуелсіздігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында қандай да бір банкті өздеріне таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипатта жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсететін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті күтпей - ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Банк жүйесінде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшалары және т. б. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етеді. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Банк жүйесінің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін жоғарылату және сауықтыру, банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз. Банк жүйесінің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Жоғарыда айта кететін, коммерциялық банктердің нарықтық экономикадағы қызметтеріне назар аударсақ, нақтырақ айтқанда шаруашылық құрылымдардың дамуында, мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде, экономиканы жалпы басқаруда, ақша қорларының қалыптасуында және т. б. экономикалық қызметтерде бүгінгі күнде коммерциялық банктердің нарықтық экономикадағы рөлі болып келмек.
Банк қызметін - банкттің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Қазіргі таңда банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің көп қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктер желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп-айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы заң» бойынша банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарту;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заң көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттар, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі, олардың агенттіктері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімді операциялары (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүргізу.
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде, шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың бос ақшалай қаржыларын тарту, ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету. Осы операцияларды топтай отырып, мынадай негізгі қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік салымдар) ;
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметтер;
- клиенттерге басқалай қаржылық операциялар көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаржыларды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі базалық қызметі. Бұл банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының 10 пайызын құрайды.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрін жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, банктерге тартылған депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде ораналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Несиелік операциялар - бұл несиені беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастырады. Банктің несиелік операциялары активті және пассивті болады. Активтік несиелік операциялар банктер мен қарыз алушы рөлінде, ал клиенттер - несие беруші рөлінде болғанда пайда болады: қарыздық және депозиттер. Банктің активтік операциялары дегеніміз табыс табу үшін тартылған және меншік құралдарын өз атынан қолдану. Активті операциялардың негізгі түрлері келесілер:
- әртүрлі шартқа және мерзімге заңды және жеке тұлғаларға несиелер беру;
- өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу;
- инвестициялау;
- репо операциялар;
- валюталық дилингтік операциялар;
- коммерциялық банктің дәстүрлі емес операциялары.
Коммерциялық банктің активті операцияларын банктің өтімділігін қажетті деңгейде сақтай отырып және жекелеген операциялар бойынша тәуекелділіктерді оңтайлы тарата отырып, пайда түсіру мақсатында жүргізеді. Банктің активті операциялары төрт топқа бөлінеді:
- Есептік қарыздық операция. Осы операциялар негізінде банктің несиелік портфелі қалыптасады. Қарыздық операциялар банк қызметінің ресурстық базаны ораналастыруында негізін құрайды. Бұл операциялар банк табысының айтарылқтай бөлігінен тұрады. Банктер несиені келесідей қағидаламен береді: қамтамассыздық, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік.
- Инвестициялық портфельді қалыптастыру үшін негіз құрушы инвестициялық операциялар. Бұл жағдайларда банк инвестор ретінде жүреді. Яғни өз ресурстарын бағалы қағаздарға салады және біріккен шаруашылық қызмет бойынша құықтарды сатып алады.
- Банктің өз клиенттеріне көрсететін қызмет түрінің бірі болып табылатын кассалық есеп айырысу операциясы. Басқа да активті операциялар (ғимарат, құрал-жабдықтар, материалдық емес активтер және т. б. ) орындалатын міндеті бойынша 2 топқа бөлінеді: банк өтімділігін белгілі деңгейде сақтауға бағытталатын операциялар және банктік пайданы табуға бағытталатын операциялар.
Банк активтерінің сапасы оның өтімділігіне тәуелді активтер көлемінде табыс әкелуші активтер көлеміне байланысты анықталады. Банктің активтері өтімділік дәрежесіне қарай келесі топқа бөлінеді:
- жоғары өтімді активтер. Оған мыналар жатады: қолма-қол ақша, құнды металдар, ұлттық банктегі құралдар, басқа банктегі құралдар, талап етілгенге дейін депозиттер, ұлттық банкте ораналастырылған депозит мемлекеттік қарыздық міндеттемелерге салынған салымдар, ұлттық банк облигацияларына салынған салымдар, дамыған елдер тобына кіретін банк бейрезиденттерге ашылған корреспонденциялық шоттардағы құралдар, депозиттер;
- өтімді активтер. Бұған мыналар жатады: табиғи құнды тастар, несиелік ұйымдарда шоттарда жоғары айналымды валютада салынған құралдар, депозиттер;
- ұзақ мерзімді өтімді активтер: банктердің барлық несилері, мерзімі өтіп кеткен несиелер, орналастырылған депозиттер мен құралдар (мерзімі 1 жылдан жоғары) .
Пассивті операцияларға коммерциялық банктің ресурстарын қалыптастыруға байланысты операциялар жатады. Пассивтік операцияның мәні активтік операцияларды қаржыландыру үшін ссудалар қабылдау. Бұл операциялардың нәтижелері банктің балансының пассивінде көрінеді.
Коммерциялық банктер басқа да қаржылық операциялар түрлерін ұсына алады. Банктердің инвестициясы деп ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Банктердің инвестициялық қызметі банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы бар: біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады; екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде несие берушіден болады; үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялар нарықта міндетті қызметті қарастырады.
Лизингтік бизнестің дамуы лизингте беретін арнайы лизинг компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал жабдық сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады. Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы бұл операцияны жүзеге асыруда олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізу тиімді, себебі ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.
Факторингік операциялар - клиентпен қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқық басқаға беру. Факторингтің мәні - банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Мұндай мәміле келісім шартпен сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдімелерге, депозиттерге және басқада табысты активтерге орналастырады. Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстар басқа ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктің ресурстық базасы банктің сәтті қызмет етуіне ықпал ететіндіктен өте маңызды фактор болып табылады, алайда ол тек банк операцияларының нәтижелерінен пайда болады. Сондықтан жоғарыда аталып өткен операциялар нәтижелері банктің болашақ қызметін белсенді атқару үшін өте маңызды.
1. 2. Банктің меншікті капиталының көздері мен атқаратын қызметтері.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz