Нарықтық экономикадағы өндіріс және шығындар



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №8
Нарықтық экономикадағы өндіріс және шығындар.
1.Нарықты экономикалық фирмалар.
2.Өндірістік функция және изокванта.
3.Өндірістік шығындар және олардың түрлері.
І.Фирма- бұл өндірістік рессурстар иелерінің шешімдерін реттеуге
арналған нарықтық экономиканың институционалдық құрылымы.Фирманың
мемлекеттік аралас және жеке түрлі болады.Ұйымдастырушылық құқықтық формасы
бойынша кәсіпорындар 4 түрге жіктеледі:
1.Серіктестіктер.
2.Акционерлік қоғамдар.
3.Өндірістік кооперативтер ұжымдары.
4.Мемлекеттік кәсіпорындар.
Өндіріс процесін талдау үшін өндірістік функция қолданылады.
ІІ.Өндірістік функция-бұл қолданылатын ресурс көлемінің мәнін
қабылдайтын тәуелсіз айнымалы және шығарған өнім көлемінің мәнін
қабылдайтын тәуелді айнымалылары бар функция.
Өндірістік функцияда көбінесе екі ресурс қолданылады.Ол еңбек және
капитал.(еңбек )- L
(капитал)-(к)
Сонда екі өндірістік функция келесідей болады.Q =f(L,K)
Өндірістік функцияны талдау үшін графикте изокванта сызығы
пайдаланылады.Изокванта-бұл белгілі бір өнім көлемін көптеген технологиялық
жолдармен алуға болатынын көрсететін қисық. Изаквонта тұтыну теориясындағы
талғамсыздық қисығына ұқсас болып келеді.
Бұл графиктегі изокванталар Кобба-Дугластың өндірістік функциясының
изокванталары.Кобба Дуглас өндірістік функциясы капитал мен еңбектің
жұмсалуы дәрежелік функциясы.
Кобба Дуглас
Леонтьевтың өндірістік функциясының изоквонтасы жұмсалатын ресурстары
тұрақты арақатынасы мен өндірістік процесс моделінде қолданылады.Оның
формуласы.
ІІІ.Өндіріс процесінде белгілі бір өнімді өндіру үшін көптеген
шығындардың түрлері болады.Оларға жататындар:
1.Тұрақты шығындар FC fixed cost
2.Өзгермелі шығындар VC variable cost
3.Жалпы шығындар TC total cost
4.Шекті шығындар MC marginаl cost
5.Орташа шығындар AC averige cost
Тұрақты шығындар FC-өнім көлемі не байланыссыз өзгермейтін шығындар
М:аренда, жалақы.
Өзгермелі шығындар VC-өнім көлеміне тікелей байланысты шығындар
М:шикізат, отын.
Жалпы шығындар ТС-өнім өндіруге кететін барлық шығындарды қамтиды және
ол тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысына тең.
ТС= FC+ VC
Шекті шығындар МС-қосымша бір дана өнімді өнідіру нәтежиесінде жалпы
шығындардың өзгеруі.
Орташа шығындар АС-бұл бір өнім бірлігіне кеткен орташа шығындар.Оның
үш түрі бар.
1. Орташа тұрақты шығындар АFC бұл тұрақты шығындар өндірген өнім
көлеміне болу арқылы анықталады
2. Орташа өзгермелі шығындар АVC бұл өзгермелі шығындарды фирманың
өндірген өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады немесе бұл бір өнімге
шаққандағы өзгермелі шығындар
3. Орташа жалпы шығындар АТС-бұл жалпы шығындарды фирманың өндірген
өнім көлеміне бөлуі арқылы анықталады және =

Қысқа мерзім кезінде фирманың барлық өндіріс шығындары кездеседі.Ал
ұзақ мерзімді көлемде барлық шығындар өзгермелі болып келеді.Тұрақты
шығындар болмайды. Фирманың пайдасы бұл өнімді өткізуден түскен түсімдерден
барлық шығындарды алып тастағанға тең.
Пайда=TR-TC.
TR жалпы түсім totаl renue – бұл өнімді өткізуден түсетін барлық
түсімдер .AR.-орташа түсім averige renue - бұл бір өнімге шаққанда
жалпы түсімдер . МR-шекті түсім marginol renue – бұл әр бір келесі
өнімді түсетін қосымша түсімдер
Өнімнің түрлері.
Жалпы өнім ТР- total product
Орташа өнім АР- averige product
немесе х, х-ресурс фактор
Капиталдың орташа өнімі

Еңбектің орташа өнімділігі

Капиталдың шекті өнімділігі

Еңбектің шекті өнімділігі

Лекция №9
Жетілген бәсеке нарығы. Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирма және сала.
1.Жетілген бәсекелі нарықтың шарттары
2.Жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың жүріс тұрысы
3.Ұзақ мерзімді периодтағы фирмалар мен нарық

Тұтынушылардің бір-бірімен байланысын, фирмалардың бір-бірімен
байланысын талдау үшін нарықтың түрлерін бәсеке бойынша ажыратып алуымыз
тиіс. Осындай өзара әрекет сипаты нарық құрылымымен анықталады.Жетілген
бәсеке құрылымы өте қарапайым.Мұнда көптеген сатушылар мен сатып
алушылардың нарықтық іс-әрекеті нарықтық тепе-теңдік жағдайына
бейімделеді.Жетілген бәсекелі нарықтың шарттары:
1.Сатушылар бағаны берілген күйінде қабылдап және оған әсер ете
алмайды.
2.Жаңа сатушылардың салаға кіруі еркін.
3.Сатушылар жиынтық стратегияны жасамайды.
4.Сатып алушылар бағаға әсер ете алмайды
5.Сауданың барлық мүшелеріне толық нарық ақпаратына жетуіне болады
Алғашқы төрт шарт орындалатын нарық құрылымын кейде таза бәсеке деп
атайды.
Егер негізгі шарттардың біреуі орындалмаса онда ол жетілмеген бәсекеге
алып келеді.Оған жататындар монополия, олигополия және монополистік бәсеке.
Егер фирма жетілген бәсеке жағдайында жұмыс жасаса, онда ол нарықтық
бағаға әсер ете алмайды, яғни бағаны берілген күйінде қабылдайды және оның
сұраныс қисығы бағаға тең болып горизонталь сызық болып келеді.
ІІ.Табыс пен шығынды салыстыра отырып, фирма пайданы масимилизациялауға
ұмтылған жағдайда шекті шығарылым мен жабылу ережесіне сүйену қажет. Шекті
шығарылым ережесі бойынша фирма шекті шығындар шекті табысқа теңескен
кездегі МС=MR өндіру деңгейін ұстап тұруы қажет.
Жабылу ережесі бойынша егер экономикалық пайда кез келген өндіріс
көлемінде нөлден кіші болса фирма жабылады.Жетілген бәсекелі фирманың жүріс-
тұрысының 3 жағдайын қарастырайық.
1.Пайданы мейлінше арттыру
2.Фирманың зиянын мейлінше азайту
3.Фирманың қызметін тоқтатуы
1-ші жағдайда баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен
жоғары делік, яғни Р=AC min, мұнда фирма экономикалық пайда алады.
Пайда яғни немесе , өйткені .
Меилінше көп пайда мынадай теңдік орындалғанда Р =МС шығарылатын өнім
көлеміне сәйкес келеді.

Р-АС=Q
көлемінде АВСД
ауданы пайда болып
табылады.

ІІ-ші жағдайда фирманың шығындары меилінше азайтуды қарастырайық. Мұнда
баға орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары ал орташа
жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен төмен деп есептейік.Яғни бұл
жағдайда фирма зиян шегуде және ол өндірісті тоқтату және шығынды азайту
жөнінде шешім қабылдады.Бұл жағдайда фирма орташа тұрақты шығындардың (АFС)
орнын жауып фирма қызметін жалғастыра беруі тиімді.
ІІІ.жағдайда фирманың жабылуы баға орташа өзгермелі шығындардың төмен
деңгейінен де аз болса фирма қызметін тоқтатады.Яғни

жетілген бәсекелі фирманың пайданы максимилизациялау шарты
Лекция №11
Өндіріс факторының бәсекелік нарықтары. Еңбек нарығы.
1. Бәсекелес фирма және сала тарапынан өндіріс факторына сұраныс. Еңбек
нарығы.
2. Өндіріс факторларының ұсынысы.
3. Факторлар нарығындағы тепе-тендік
Экономикалық теорияда 4 өндіріс факторын ажыратады.Ол:
1.Еңбек
2.Жер
3.Капитал
4.Кәсіпкершілік
Фирма өндіріс процесінде неғұрлым көп ресурстарды қолданса, ол
соғұрлым көп өнім өндіеді.Ресурстың шекті өнімі МР-бұл берілген ресурстың
қосымша бірлігін қолдану нәтежиесінде өндірілген өнімнің қосымша
саны.Мысалы:Егер фирма еңбектің қосымша бір сағатын қолданса онда оның
өндіріс көлемі МР-бірлікке артады.

Фирма қосымша ресурстарды қолданып, шығарған өнімнен түскен табысты,
шығындардың арту шамасымен салыстырады.Қосымша түсімдер көлемі тауардың
бағасына (еңбектің бағасы-жалақы W) қосымша түсімдер және ресурстардың
шекті өніміне байланысты.Қосымша ресурсбірлігі сатып алуға шығындар оның
бағасына тең.
Яғни, еңбектің қосымша бірлігін қолданудан пайданың өзгеруі келесідей
болады:
Пайда =Табыс-Шығын=
Фирманың ресурсына сұранысы
Теңдігі мен анықталады=
Мұндағы WP – бұл ресурстың өндірілген өнім бірліктерімен берілген
нақты бағасы.(нақты еңбек ақы) фирма жұмысшыларды нақты еңбек ақысы
еңбектің шекті өніміне тең болғанша жалдай береді.
Еңбек нарығы дегеніміз-бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұысынысты
білдіреді.Кез келген жұмысшының өзінің үміттенетін жалақысы болады.Егер
үміттенетін жалақысы фирманың жалақысымен сай келсе онда жұмыс күші өз-өзін
ұсынады.
Жұмыс күшінің ұсынысына әсер ететін факторлар
1.Жалақы деңгейі
2.Үй мен жұмыс орнының ара қашықтығы
3.Еңбек жағдайы
4.Жұмыстың беделі мамандыққа сай келуі
5.Жұмыс орындағы ұжымның атмосферасы
ІІ.Салалық нарықтағы ресурс немесе фактор ұсынысы меншік иелерінің
шешімдеріне байланысты егер оның бағасы альтернативті табыстардан жоғары
болса онда фактор нарықта сатылады, салынатын табыстардың альтермативті
шығындардан (табыстардан) алып кетуі ресурс иелерінің экономикалық рентасын
құрайды.Ресурс сатушылардың альтернативті шығындары берілген салалқ нарықта
ресурс ұсынысының минималды бағасын анықтайды:Егер баға ұсыныстың менималды
бағасынан төмен түссе, онда ресурс иелері оны басқа нарытарда ұсынады және
оны сатудан бас тартады. Оны бас тарту бағасы деп атайды.

Лекция № 12
Капитал нарығы.
1.Қарыз капиталы және процент
2.Капитал нарығының құрылымы мен рөлі
3.Капитал нарығының тепе-теңдігі
І.Өзінің өндірістік қызметінде фирмалар әр-түрлі капитал ресурстарын
пайдаланады.(құрал-жабдық, ғимарат және т.б.) Олардың толықтырылуы және
жаңаруы үшін (инвестицыялау) процесі қаржы құралдары қажет. Ақша өздігінен
экономикалық ресурс бола алмайды, бірақ олардың көмегімен аталған
ресурстарды сатып алуға болады. Инвестициялау кезінде фирмалар тек өзінің
ғана емес, сонымен қатар қарыз капиталын да пайдаланады.Қарыз % дегеніміз
– бұл белгілі бір период арасындағы ақшаны пайдаланғаны үшін оның несіне
төленетін баға болып табылады.
ІІ.Капитал туралы сөз еткенде өндірістегі берілген периодта пайда
болатын жаңа капиталдың ағымын ескереміз.Капитал қорының қажетті өзгерісі
жоспарланатын инвестициялар болып табылады. Инвестицияға сұраныс бұл бос
ақша қаражаттарына сұраныс, ал қарыз проценті осы қарыз қаражатының бағасы
болады.Біз капитал нарығы туралы сөз еткенде ақша капиталының нарығын
айтамыз.
Капитал нарығының құралдары ретінде тікелей несиелік ресурстар және
бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, вексильдер) және әр-түрлі
өндірістік кантрактілер болады.
ІІІ.Ақша капиталына сұраныс шамасы процент вставкасының өсуімен
төмендейді.Тепе-теңдік жағдайында инвестицияланған капиталдың өнімділік
шегі уақытша басымдылықтың шектелген нормасына тең болады.Яғни, өзінің
еркін қаржыларын пайдаланған тез арада бас тартудан иневестордың жоғалтқан
көрсеткіші.Болашақта жүзеге асырылатын жобада қосымша пайда беретін жұмысты
атқаруға жұмсалған капиталды салыстыру қажет болғанда болашақ кірістердің
құндылықтарын есептеу керек.
Бірдей (алғашқы) уақыттың кезіңінде келтірілген операцияны дисконттау
дейміз. Яғни, болашақта түсетін кірістердің тиімділігін бүгінгі бағамен
бағалау.
Дисконттық вставка мөлщері нешеге берілген капиталды нарықтан алуға
болатын процент.Инвестицыяға сұраныс жұмсалған капиталдың ұтысымен
анықталады: мұндағы i-диспонттық вставка, Т-болашақтағы кезеннің
реттік нөмірі
Таза келтірілген құн мынаған тең:

Шығындарды инвестиция деп алсақ:

Егер инвестиция тиімді
инвестиция тиімсіз
Қарыз капиталынан болатын тәуекелді азайту үшін диверсификация және
сақтандыру компанияларының қызметін қолдану әртүрлі кепілдік алу жолымен
азайтуға болады.
Диверсификацыя бұл тәуелділіктен ішінара құтылуға мүмкіндік беретін
капиталды бір уақытта әртүрлі жобаларға салу.
Лекцыя № 13
Жалпы экономикалық тепе-теңдік және әл-ауқат.
1.Жалпы тепе-теңдік және тиімділік
2.Нарықтық тепе-теңдік және әл-ауқат
3.Рыноктор және әлеуметтік мақсаттар
І.Нарықты экономиканың маңызды ерекшеліктерінің бірі ол бір нарықтағы
тепе-теңдік басқа көптеген нарықтардағы тепе-теңдік байланысты болады.Еркін
бәсеке жағдайында тауарларға жиынттық бағалар жалпы тепе-теңдік жағдайында
сай келеді, егер келесі үш шарт орындалса:
1.Берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Баға теориясы. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Нарықтық экономиканың үлгілері
Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
Пайда түрі мен есептелуі
Қазақстанның экономикасы
Ұлттық табыс:өндіру, бөлісу, тұтыну
Табыс түрлері, факторлары және қалыптасуы
Пәндер