Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезең
1.1. Нарықтың ұғымы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ...9
1.3.Нарықтың пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10

ІІ.Тарау. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен
дамуының мәселелері
2.1.Нарық механизмінің мәні және
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..13
2.2. Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық
моделі ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...30

Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - Нарықтық экономика: мәні, қызметтері,
қажеттігі. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп - оның бүгінгі қоғамдағы
экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық
тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде
әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны
математикамен ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа
ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Нарықтық қатынастардың
құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль
атқарады. Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық
байланыстар аркылы өндірістің қан айналымы жүзеге асады. Оның өміршеңді
өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты ,
дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы
өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етеді. Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық
айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде
“нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық
сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті.Нарық
мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор
мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым
әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған
байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық ұдайы
өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу
ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз
байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы
ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған
теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік
қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға
әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы
біріктіреді”. Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан шаруашылықтың
жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы
айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен
бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық,
реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы
кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін
бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас aбағдарланған нарыққа
көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып
отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық
тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып,
қызмет етуін талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша
қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да
әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау
шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға
ынталандырады.

І. Тарау. Нарық ұғымы ,мәні, пайда болуы мен даму кезеңдері.
1.1. Нарық ұғымы мен мәні.
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық
шаруашылығының әкономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы
өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы
қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі
өндірістің табиғатына, әкономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты,
дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы
өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар
толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген
терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық
қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп
кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты әкономиканы барлық
ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.
Саяси әкономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін
әкономикалық категория деп қарайды. Ол әкономикалық қатынастар жүйесінде
ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік
қиындығы көп. Нарық бұрын – соңды біздің елде терең зерттелмеген,
сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі.
Себебі нұсқау – бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында
нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар
бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген
әкономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық
көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және
Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ.
Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір
бөлігі немесе жүйесі.(Кулигин П. Соңиалистік әкономикадағы нарық –“Вопросы
әкономики”, 1990ж.).
Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және
қызмет көрсету проңесіне байланысты қалыптасатын әкономикалық
қатынастардың жиынтығы. (Журавлева Ғ.Соңиализімнің әкономикалық жүйесіндеғі
нарық- “әкономические науки”, 1990ж.№7)
Нарық- тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын
әкономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси әкономия-Алматы, “Ана тілі”
,1991).
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың
арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі заманғы нарық:
табиғаты және дамуы Э.П.Дунаев, И.Е. Рудакова редакциясымен –М, МГУ,
1992ж. ).
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді,
бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе-
ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың
субъектісі-өндірушілер мен тұтұнушылар емес , сатушылар мен сатып алушылар
деп көрсетілуі. Шын мәнәнде тауар–ақша, нарықтық байланыстар сату
сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс
саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті
болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға
айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда
болатынын көрсететін әкономикалық байланыстар пайда болады.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт
бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі
нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың әкономикалық
әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. әкономикалық өмірде
шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді
қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы
шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы,
Венгрияда 1988 жылдың өзінде әкономикалық реформа барысында өндіріс
құрал –жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе –теңдігі
қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты
өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да
нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік -тұрмыс дәрежесін
жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне
орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс
(жоспарлыұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, әкономикалық
тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық
ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық
реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен
тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.
Нарық түралы ілім.
Ағылшын әкономисі А.Смит әкономика түралы бір ғана еңбек жазғанымен,
оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның
еңбегі Халық байлығы 1776 ж. Жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм
алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін оқырмандар
саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған
кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.
А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге әкономистердің
түсінігінше ,-алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз –
еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым
адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің
еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында
дамуда.
А.Смиттің нарық түралы ілімі Австрияның әкономисі, Нобель силығының
лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі
бойынша, нарық деген ұғым –ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік
тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде
бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік
мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында
қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік
бермейді.
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі
және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің әкономикалық
мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы
ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В.И. Ленин,-“адамдарды
нарық арқылы біріктіреді”. В.И.Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық
еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да соңиализм
орнатуда және соңалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым-
қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігі түралы В.И. Лениннің
көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең
бастылары:
В.И.Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін
бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу
барысында атқаратын ролі;
Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері
түралы жалпы теорияның айқындала түсуі;
Өтпелі дәуір кезеңіндегі әкономиканы мемлекет тарапынан басқару
механизмнің дамуы;
1.2. Нарықтың пайда болу себептері.
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін
тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі
олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір
қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп,
белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған
атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және
т.б тән нәсе –олардың сиректігі немесе шектеулігі. әкономикалық теорияда
бұл феномен шамасы “ Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу
мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе
ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты
көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу
үшін өз еңбек өнімдерін бір –бірімен айырбастауға деген табиғи
қажеттіліғінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты
А. Смиттің зерттеғен “Көрінбейтін” қол деген теориясына назар аударайық.
Бұл теория бойынша, адамдардың әкономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі
біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте
ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама
пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек ғана өз мүддесін ойлайды
және оның басты мақсаты-өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір
көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап
отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам
мүдесіне де пайдалы әрекетжасайды.

1.3.Нарық қатынастарының даму кезеңдері
Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу
құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас
пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының
дамуын мынадай неғізгі кезеңдерге бөлуге болады:
Ø нарық әлемнің пайда болуы;
Ø натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
Ø тауар болмасы кезеңінің нарығы;
Ø тауар емес балама кезеңінің нарығы;

1. Кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда
саттық көріністерде кездейсоқ болады.
2.Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т1-т2 көруге
болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының
нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның
субстанңиясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп
кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иленушісі болып бірнеше тауарлар
көрінуі мүмкін.
3.Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т1-
т2
болама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі
тән.
Ол ерекше тұтұну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып
шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір
заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз
өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады.
Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін
алатын атқара бастайды.
4.Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:
Т1-тауар емес балама –Т2 .
Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иленушілері-
несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда ,
құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы –қазіргі замандағы нарықты
сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық,
монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық
-капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен
сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы
нарықтың идеологы, әлемдік әкономикалық теорияның негізін қалаушы А.
Смит (і723-і790 ж.) өзінің “ Халықтар байлығының табиғаты мен себептері
түралы зерттеу” (і776ж.) деген басты еңбегінде-жеке меншік иелерінің
байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық
қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған
болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсәпкер немесе саудагердің
арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп
көрсетті. Оның пікірінше , мемлекет мұндай даулы мәселерерді шешуге
араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі
күзетшінің” ролін атқару қажет. Мемлекет “ мейлі өзінен өзі жүрсін”
саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит
осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке
капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек
қоятын “ жаман әдеттеріне” мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана
бағаны төмендету және өндіріс өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады,
нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит
нарықты әкономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен
нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше , жеке мүддені
қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық
өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады.
Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы
кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық ХіХ ғсырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы
кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
әкономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің
баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына , ал түптеп келгенде,
қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына
негізделген бұрынғы КСРО-ның әкономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным
мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік -әміршілдік тәсілмен шешілетін,
тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі
қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән
болып отыр .Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар ,
еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге
мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы
несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен
топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктүрасын зерттейтін
маркетингтік қызметті енгізу , өндірістің көлемін тікелей шарт жасау
негізінде реттеп отыру, әр түрл кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама
ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап
көрсету керек .
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі,
әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танылып өттік.

ІІ.Тарау Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен
дамуының мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасындағы нарықтың қызмет істеу механизмі
Өтпелі кезеңде қандай негізгі мәселелер шешілуі керек? Бұл –
жекешелндіру, макроэкономикалық тұрақтандыру, кәсіпкерлікке ынталандыру,
шекараларды импорт үшін ашу. Ең негізгісі – халықтың тұрмысы төмен топтарын
қорғауға бағытталған әлеуметтік саясат ұстану. Нарықтық құрылымдарды
қалыптастыру. Нарық қоғам дамуының өзіндік мақсаты емес, тек қана құралы.
Елімізде нарықты дамытуға байланысты мақсат-мүдделеріміз қандай?
Бірінші мақсат – тауарлар мен қызмет көрсету нарығын дамыту. Мұнда
өндірістік тауарлар, қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар
тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан
қарағанда, мұндай нарық жаңалық емес. Бірақ нағыз нарық – жай сатып алу мен
сату ғана емес, ол – тауар өндіру мен қызмет көрсетуде - таңдау мүмкіндігі.
Соңғысы тек қана өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын
алады, әр адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін
есепке алғанда ғана нәтиже болады. Таңдау мәселесін шешу – тауарлар мен
қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл
шарттар қажет, бірақ жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсолютті
емес. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керекті тауарды
таңдау үшін білімі мен мәдениет деңгеиі болуы керек, әртүрлі ақпараттарға,
жаргамаларға зер салып отыруы тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің
бірі – таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, нарықтық
қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей
байланысты.
Екінші мақсат – финанс-қаржы нарығын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын
болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар нарығы (акция, облигация
т.б.) туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған сондай
бағалы қағаз нарығының мәніне, сол елдердің тәжірибесіне сүйенбей баға беру
қиын. Негізінде финанс нарығы – бұл нарық ұрылымының биік деңгейі, оны
реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі. Өтпелі кезең
осындай нарықты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация) үшін керек,
өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсыз нарықтық
эканомиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардың щығарылуы мен еркін
айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін куәландырып,
олардың табысқа құқығын көрсету – зауыт, фабрикалар-ға, материалдық
иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жою-дың қажет шарттары. Басқаша
айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай,
меншік иесі де болып табыла-ды. Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп
қана қоймай, қоғамдағы әр түрлі топтарының жақындастырылуына себеп болады.
Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз ету
қосымша қызмет атқарады.
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған
қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде
республиканың әлеуметтік-экономи-калық дамуында өзіне тән бірқатар
ерекшеліктер бар еді.
Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылымындағы қайшылықтар да
болады. Мұнда терілмеген мол мүмкіншіліктер бола тұра өнеркәсіптің дәрежесі
өте төмен болды. Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салалардың үлесі
Қазақстанда кем еді. Ол өнім-дердің 60% республикаға сырттан әкелініп
тұратын.
Орталықтан басқару қатаң жүргізіліп тұрғанда Қазақстанның эконо-микасы
иемдене басқарылып, өндіріс пен мекемелерді алыптандыру бағытында
жүргізілді. Мысалы, Қазақстан өнеркәсібінің 93%-ын одақ-тық министрліктер
мен түрлі иеліктер басқарды. Күрделі қаржы-ның 70% дейіні А тобындағы
өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалды. Мұның өзі эканомиканы қайта құру
барысында шаруашылықты мемле-кет меншігінен алуды және жекешелендіруді
қиындата түсті.
Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды.
Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен болды. Эко-номиканы қайта
құра бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша, тұрмыс дәрежесі төмен 5-6
млн. Адам болды, ал мұның өзі Қазақстан халқының 13-ден астамы.
Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып, ал мұнда қоршаған
ортаның экалогиялық былғанышы ғана қалдырылды., экало-гиялық жүдеулік жер-
жерде қоюлана түсті. Қазақстанның барлық эко-номикалық аудандарында
Ұзақ жылдар бойы тауар-ақша қатынасын елемеу, экономиканың
монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және тауарлардың
жеткіліктілігіне қарамастан тапшылыққа, тауар-ақша тепе – теңдігінің
бұзылуына, қайта-қайта бөле берудің тууына, мамлекетке арқа сүйеушілікке
әкеп соқты.
Нарыққа көшудің қиындығы да, күрделілігі де, ұзаққа созылатындығы да осы
себептерден болып отыр. Сондықтан республика ерекшелікте-рін ескере отырып,
нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды. Нарықты қалыптастырып орнықтыру соңғы
жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, күрделі де қайшылықты жағдайларға
соқтырды.
1990 жылдың желтоқсан айының аяғында Қазақ КСР-ның экконо-микасын
тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы қабылдан-ды. Бұл бағдарламада
нарықтық құрылымдар құруды жеделдету, экономиканы нарыққа сәйкес реттеу,
республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын
қалыптастыру, шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралған.
Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды тереңдете
жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы екінші бағдарламада (1992-
1995 жж.) алғашқы кезеңге мынадай міндеттер қойылды:
- мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу;
- тұтыну нарығын тауарлармен қанықтыру;
- республиканың әлем шаруашылығына енуі.
Мұнда күштің басым жағын ұлт мүддесінің тәуелсіздігіне деген
экономикалық саясатты белсене ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Нарық және иерархия туралы
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
Нарық және иерархия
Нарық: мәні, құрылымы, кеңесітік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі
Қазіргі кездегі жер салығының жағдайы және оның динамикасы
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат
Пәндер