Науқастрды жалпы тексерудің принциптері санасын, жағдайын, тері және тері асты май талшықтарын, сүйек буын жүйесін бағалау


Тақырыбы: Науқастрды жалпы тексерудің принциптері: санасын, жағдайын, тері және тері асты май талшықтарын, сүйек буын жүйесін бағалау.
Дәрістің мақсаты : Студенттерді ңауқастрды клиникалық зерттеу тәсілдерімен таныстыру.
Дәріс жоспары :
- Клиникалық зерттеу тәсілдері
- Сұқпаттасу
- Жалпы қарау
- Науқастың есін бағалау тәсілі
- Науқастың жағдайын бағалау
- Тері және тері асты май қабатын бағалау ережесі
- Сүйек-буын жүйесін бағалау тәсілі
Дәріс тезисі:
Жалпы қарау
Наукас адаммен іш тартып сұкбаттасудың нөгізгі мақсаты - сұрак қою арқылы оның ауруға байланысты ішкі сезімін есіне түсіртіп, дерек жинау. Бұл қарапайым тәсіл. Дегенмен, ауруды анықтау процесінің басты, әрі қиын бөлімі болып есептеледі. Дәрігер жас шамасы, мамандығы, ой-өрісі әр түрлі наукастармен көздөсөді. Сондықтан ол наукастың ниетін өзіне бұрып, сендіру үшін оның ішкі дүниесін, рухани мүдесін, қасіретін сөзіне білуі керек. Бұл жұмыс медицина қызметкөрлерінен ерекше мәдениеттілікті, әдептілікті, жауапкершіліқ пен адамгершілікті талап етеді. Науқаспен сұкбаттасқанда дәрігер алдымен оның аты-жөнін сұрап, сыпайылык, сабырлылық байқатқаны абзал.
Сұқбаттасу тәсілі төрт бөлімнен кұралады:
- Жалпы малімет жинау
- Шағым жинау
- Аурудың даму тарихы (гр. : anamnesis morbi)
- Науқас адамның өмір тарихы (гр. : anamnesis vitae)
Жалпы мәлімет жинау науқастың аты-жөні, жас шамасы, жынысы, мамандығы, мекен жайы, жұмыс орны, ауруханаға түскен күні, айы, жылы жайлы деректерді қамтиды. Бұл деректердің аурудың даму себебін талдап анықтауға септігі мол.
Науқастың шағымын жинау. Науқаспен сұқбаттасқанда әр сөзіне зер салып, ауруына байланысты сезімін анықтап, әнгімесін сабырлылықпен тындаған жөн. Сұрак беріп, айтқанын талдай отырып, ауруды анықтауға қажетті негізгі деректерді ажыратып алуға тырысу көрек. Науқастың әңгімесінде ұшырасқан қосымша шағымдарға көңіл аударылады. Наустың шағымын жинау тәсілі тәсілі әр түрлі ағзалар (органдар) ауруларың белгілерін айқындауға көмектеседі.
Ұқыпты жиналған шағымынан науқастың көңіл-күйін аңғарып, аурудың кейбір белгілерін байқап, оның ауруын анықтау процесінде қолданылатын негізгі тәсілдерді алдын ала белгілеп алуға болады.
Аурудың даму тарихы. Науқаспен сұқбаттаса отырып, оның ауруының даму тарихын толық қамти білу үшін мына мәселерге: аурудың басталу себебі мен уақытына; бұрын қолданылған зерттеу, емдеу тәсілдері мен олардан туындаған қорытындыға:созылмалы аурудың даму барысында байқалған өзгерістерге, оның қайталану себептері мен косымша анықтау тәсілдеріне; науқастың көңіл - күйіне; ауруға әсерін байқау үшін қолданылған емнің түрлеріне, әрі оның салдарынан пайда болған жаңа белгілерге; науқасты ауруханаға келуге мәжбүр еткен себепкө, яғни аурының қайталану немесе қайта көрініс беру себептеріне зер салған жөн.
Осы деректерге сүйеніп, аурудың жедел немесе созылмалы ағымдылығын, оның ерекшеліктерін анықтауға болады.
Науқастың өмір тарихымен танысу аурудың даму сөбебі мен пайда болуына әсер еткен жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл - наукас адамның өмірбаянымен танысу арқылы, оның дамып жетілу кезеңдерін (нәрестелік, балалык, жасөспірімдік, ержеткен, қарттық шақтарын) медициналык тұрғыдан сараптау. Ол үшін мына мәліметтер қажет: туып өскен жерінің ерекшеліктері; ата-анасының денсаулығымен туған отабсына байланысты деректер; нешінші бала болып туылғаны, қандай жағдайда, қалай өсіп жетілгені; өмірінің әр кезеңінде денсаулығында, дене құрылысының қалыптасу барысында байқалған ерекшеліктер; ата-анасының денсаулығы мен туған отбасына байланысты деректері; нешінші бала болып туылғаны, қандай жағдайда, қалай өсіп жетілгені; өмірінің әр кезеңінде денсаулығында, дене құрылысының қалыптасу барысында байқалған ерекшеліктер; білімінің деңгейі; еңбекке кіріскен жасы, жұмыс орнында әсер өтетін зиянды факторлар; әйел адамның етеккірінің басталған кезі, оның ерекшеліктері; жыныстық қатнаста, жүктілік пен босанғанда байқалған ерекше жағдайлар; өзінің отбасының жағдайы (неше балалы, тұрғын үйінің жайі, тамақтану, дем алу ерекшеліктері) т. с. с. Сондай-ақ, науқастың өзінде, ата-анасы мен туыстумаларында байқалған ауруларға, әсіресе туберкулез, жыныс ағзаларының жұқпалы ауруларына, кейбір әйел немесе ер адамдарға тән ауруларға, басқа да жиі кездесетін сырқаттармен ауырған-ауырмағанына көңіл аударылады. Темекі шегу, нашақорлық, араққұмарлық сияқты зиянды әдеттердің науқас адамға қатысы бар-жоқтығына да зер салынады.
Аталған деректер әдетте аурудың ағымының сипатын, себептерін айқындай түседі.
Жалпы шолудың реті
1. Науқастың жалпы хал-жайын анықтау. Ол қанағаттанарлық, орташа, ауыр және өте ауыр болуы мүмкін.
2. Науқастың ес-санасының күйін анықтағанда байқалатын өзгерістөрдің түрлері:
а) Дұрыс ес. Мысалы, қойылған сұракқа анық жауап беріп, төңірегіндегі кұбылыстарды толық аңғарса, науқастың санасының дұрыс болғаны.
Б) Абыржу (помрачнение) . Оған науқастың өз жағдайын дұрыс бағаламай, немкұрайдылықпен қарап, тынышы кетіп, мазасыздануы, сұраққа көшеуілдеп селқос жауап беруі сияқты белгілер тән.
В) Мелшию (ступор) - қойылған сұраққа қолмен сілкілегенде ғана, онда да дұрыс жауап бермей, ұйқылы-ояу жағдайда қатып қалу.
Г) Топастану (сопор) . Науқас адам есінен танғанымен, нервталшықтарын тітіркендіргөнде жауап беру қабілеті сақталады.
Д) Естен тану (кома) - тынысалу мен қанайналымы ағзаларының қызметі сақталған науқас адамның тітіркендіргіштердің әсеріне жауап бермей, терең ұйқыда болуы.
Ес-сананың осы аталған өзгерістері қансырағанда, қандағы қанттың мөлшері артып немесе кемігенде, миға қан құйғанда, бүйрек немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен, арақпен уланғанда, т. б. себептерден байқалады. Ауыр ағымды инфекциялық аурулармен сырқат адамдардың денесі 40-41 о С-ға дейін қызса, олар сандырақтап, тымқозып, галлюцинациялық (түрлі өлес) жағдайына ұшырауы мүмкін.
Науқастың төсектегі күй қалпының түрлері
- Жеңіл күй қалып- науқастың өзін өзі күту (жуынып-тарануға, төсегін жинап, өз бетімен тамақтануға, т. б. іс әрекетті еркін орындауға) мүмкіндігінің сақталуы.
- Амалсыз күй қалып- сырқаты меңдап, халі нашарлаған қастық денесінің белгісі бір қалыпта (үнемі бір қырына, яғни сау жағына жатуға; басын биіктетіп ұстауға; ұйқы безі зақымдалған адамның етпетінен жатуға, т. с. с күйде) ұстауға мәжбүр болды.
- Енжар күй-қалып, әдетте, арықтап әлсіреген немесе ессіз халдегі науқастарда байқалады; оларға медицина қызметкерлерінің немесе туыстарының күтімі қажет (жатқан, отырған қалпын өзгерту, жуындыру, тамақтандыру) .
Теріні қарау
Тері - дененің сыртқы жабыны. Ол ішкі ортаны қорғап, тынысалу, заталмасу, т. б. процестерге қатысады. Көптеген аурулардың белгілерін теріден көруге болады. Теріні қарап зерттегенде оның түсіне, ылғалдылығына, серпімділігіне зер салып, қабыршықтану, берту, жара-жарақат, тыртық, қантамырларының білеуленіп, тарамдануы, сусінділену сияқты өзгерістердің бар-жоқтығына көңіл аударған жөн.
Терінің түсі түрлі сырқаттарда әр түрлі: ақшыл, сары, қола түсті, т. с. с.
Ақшыл түс қаны азайып, қансыраған, бүйрек ауруларымен, аорта ақауларымен сырқат немесе қанында темір немесе фолий қышқылы тапшы адамдарда байқалса, безгекпен сырқат адамдардың терісі бозғылтсары түсті, ал рак ауруына шалдыққандардың - бозғылт болады. Аддисон ауруынан тері қоңыр ренденсе, алмаспен немесе қорғасынмен уланғандардың терісі ағарады.
Тері дененің қызуы тым көтерілгенде, арақты мөлшерсіз ішкенде, қанда эритроциттердің немесе гемоглобиннің мөлшері тым көбейгенде, морфинмен уланғанда қызарады. Бір есте ұстарлық жай - бауыр ауруларымен сырқат адамдардың алақаны ғана қызаратыны.
Терінің көгеруі гемоглобиннің құрамында оттегі тапшы болғанда байқалуы мүмкін. Бұндай өзгерістер өкпе мен жүрек ауруларында орын алады. Көк денені түгел немесе жеке ағзалар мен оның беліктерін ғана қамтып, жалпы немесе жергілікті түрде болады.
Сары түс өт жолдары таспен бітеліп, ісікпен немесе жалқықпен қасылғанда, эритроциттер тым көп мөлшерде ыдырап, билирубин көп түзілгенде байқалады. Сары түстің ақшылсарыдан қонырқай жасылға дейінгі әр түрлі реңін тек күн жарық кезде ғана қарап ажыратуға болады. Аталған себептерден сарғаю пайда болған науқастың денесі қышып, онда тырнақтың сызаттары, ұсақ жаралар болуы мүмкін. Дене акрихин, пикрин қышқылы сияқты дәрілерден де сарғаяды.
Кейде терінің пигменті азайып, ақтаңдақ пайда болады. Ал ыстықтағанда, қызу көтерілгенде, тер бездері зақымдалғанда, сұйықтықты көп ішкенде терінің ылғалдылығы артады.
Организнен сұйықтық көп бөлініл шығарылса, тері құрғайды. Оның себептері көп: витаминдердің жеткіліксіздігі, жиі-жиі іш өту, ішек-қарын, инфекциялық аурулар т. с. с. Терінің ылғал-құрғақтығы қолмен сипап анықталады.
Терінің серпілділігін анықтау үшін оны қапсыра ұстап, жоғары қарай тартып, жіберіп қалу керек. Серпімділігі жақсы тері тез калпына келеді. Арық немесе кәрі адамның терісінің, кұрғақ терінің серпімділігі, әдетте, төмен.
Теріде түрлі-түрлі бертпелер, есекжем, жалак, ісік, іріндік, темреткі, тыртық сияқты көптеген аурулардың белгілері жиі ұшырасады.
Ұсақ тамырлыр кеңейгендіктен пайда болып, саусақпен басқанда жойылып, жібергенде қайта көрінетін ақшыл-қызыл түсті дақ -қызыл бөртпе (розеола) сүзекте, грипте, сифилисте байқалады. Жекелеген қызғылт дақтар дәрі-дәрмектердің әсеріне, кейбір ірінді ауруларға тән.
Есекжем - теріде қалыптасатын қышымалы, ақшыл түсті, күлбіреген ошақ. Ол организмнің сөзімталдығын күрт арттыратын сөбептерден, көбінесе дәрі-дәрмектердің әсерінен қалыптасады.
Қанталау - қан тамырлары зақымдалғандықтан, тері мен оның шел май қабатына құйылған қанның ірілі-ұсақты ошақтары. Бұл гемофилия, Верльгоф ауруы, лейкоз сияқты қан жүйесінің сырқаттарында жиі байқалатын белгі.
Ұшық (герпес) - ішінде сұйықтық болатын, жарылғанда қабыршақтанып кететін, диаметрі 0, 5-1 см көпіршік; көбінесе вирусты инфекцияларда кездеседі.
Кейбір аурулардан, хирургиялық операциялардан, жара-жарақаттардан кейін денеде тыртықтар қалады. Олардың да диагностикалық мәні зор.
Денедегі шаш пен түктің түр-сипатының өзгеруі де аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, ішкі-секреция бездері ауруларының кейбіреуінде шаш өспей немесе түсіп қалса, енді біреуінде, керісінше, тіпті әйелдердің бетіне түк қаулап кетеді.
Түрлі аурулардың салдарынан тырнақта қалыптасатын өзгерістен де бірсыпыра. Тырнақтың сынғыштығы кебір витаминдердердің организмде жеткіліксіздігін көрсетсе, өкпенің созылмалы ағымды ірінді сырқаттарына тырнақтың сағат шынысы сияқтанып, ойыстануы тән.
Науқасты қарап зерттегенде оның бүкіл денесінің немесе кейбір мүшелерінің сусінділеніп, ісінгенін көруге болады. Ол жерлерді саусақпен басып байқағанда, шұңғыл із қалады. Сусінділенудің (отек) жергілікті түрі веналарға қан іркілгенде дамыса, оның жалпы түрі - анасарка - жүрек немесе бүйрек ауруларында, аллергеннің әсерінен жедел түрде сезімталдық артқанда (Квинке сусінділенуі) байқалады. Сусінділенудің даму барысы оның себебіне байланысты. Жүрек ауруларында сусінділену аяқтан басталса, бүрек ауруларында беттен өрбиді. Жүрек ауруынан ісінген науқас ентігіп, беті көгереді; ол басын жоғары көтеріп, үнемі жастыққа сүйеніп, аяғын төсектен салбыратып, екі қолын тізесіне тіреп отыруға мәжбүр болады (ортопноэ) .
Бүйрек ауруынан сусінділену жылдам өрістейді. Ол науқастың төсектегі қалпына әсер етпейді. Бүйрек сусіңділенуінің ісігі жұмсақ әрі қайтымды. Науқастың беті ағарады.
Перкуссия (лат. : percussio-выстукивание- тықылдату) - тықылды тыңдап зерттеу- қалыпты ағзалар мен зақымдалған ағзаларды тықылдатып соққанда естілетін дыбыстың өзгешелігіне негізделген зерттеу тәсілі. Бұл тәсілді дәрігер Леопольд Ауэнбурггер сау өкпе мен кеуде қуысына ірің жиналғанда байқалынатын дыбыс айырмашылығын анықтап барып, бірінші болып 1761 жылы ұсынылған. 1808 жылы француз дәрігері Корвизар перкуссияны жүректі тексерту үшін қолданылған.
Перкуссия тәсілі бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Ф. К. Яновский денені үш саусақтың ішкі бетімен тікелей қағып зерттелген еді. Бұл әдіс дыбысты ғана емес, зерттелген жердің саусаққа әсерін сезінуге де мүмкіндік береді. В. М. Образцов дыбысты қатты шығару үшін ортаншы саусақтың үстіне қойылған сұқ саусақпен сырғыта қағу әдісін ұсынған.
Перкуссияны түрлі құралдарды қолданып жүргізуге де болады. Ондай перкуссия жанама (опосредованная) перкуссия деп аталады. 1826-27 жылдары француз дәрігері Пирри темірден, шыныдан (кейін пластмассадан жасалатын болды) жасалған жұқа қалақша (плессиметр) арқылы денені саусақпен тықылдатып зерттесе, 1841 жылы Винтерих, бұрынырақ Барри, саусақтың орнына кішкентай балға қолданған. Аталған әдістердің өзіндік кемшіліктері де бар: тікелей тықылдың дыбысы төмен, көмескі болса, қалақша суық, әрі дененің кейбір жерлеріне қоюға ыңғайсыз. Сондықтан перкуссия тәсілі біртіндеп жетілдірілтіп отырған. 1935 жылы Г. И. Сокольский саусақты саусақпен тықылдату тәсілін қолданған (сезу әдісі) . Бұл әдіс былай орындалады: денеге қойылған бір қолдың ортаншы саусағы қалақшаның, ал екінші қолдың ортаншы саусағы балға қызметін атқарады. Сонымен, перкуссияны орындату әдістері екі топқа бөлінеді: тікелей және жанама.
Тықылды тыңдау арқылы зерттеу физикалық құбылыстарға негізделген. Бір затты екінші затпен соққанда оның тыныштық қалпы бұзылып, жиілігі, ұзындығы әр түрлі дыбыс толқындары пайда болады. Егер толқынның ырғағы біртекті болса, таза, ал оған қосымша ырғақтар қосылса, күй әуеніне ұқсас, күрделі дыбыс естіледі. Қалыптасатын дыбыстың түрі оны түзген затқа байланысты. Сондай-ақ адамның түрлі мүше-ағзаларын тықылдатып қаққанда да әр түрлі дыбыс шығады. Ауалы, кеуек мүшелерден (өкпе, ауыз қуысы, ішек) ұяң (ашық) дыбыс шықса, бауыр, жүрек, сүйек, бұлшықет сияқты тығыз мүшелердің тұсынан қатаң (ақырын) дыбыс естіледі.
Соныме, перкуссиялағанда естілетін дыбыстар күшіне (анықтығына, ашықтығына), биіктігі мен реңіне қарай жіктеледі. Олар: күшіне қарай күшті (анық) және төмен; реңіне қарай - дабылды (тимпаникалы), дабылсыз (тимпаникалық емес) және металл реңді болды.
Дыбыстың күші (ашықтығы) дыбыс толқынының амплитудасына байланысты. Неғұрлым қаттырақ тықылдатылса, дыбыс сол ғұрлым күштірек шығады. Сондықтан перкуссияланғанда біркелкі тықылдату керек. Сондай-ақ, тықылдың қаттылығы бірдей болғанымен өкпе, асқазан, ішек сияқты іші ауалы немесе газды ағзалардың тұсынан шығатын дыбыстың күштірек (ашық) болатынын ескерген жөн.
Ал бауыр, жүрек, талақ, бұлшықеттәрізді ауасыз ағзаларда ақырын (қатаңдау немесе қатаң) дыбыс туындайды. Осы ағзаларды тықылдатқанда естілетін дыбыс реңіне қарай жүректе туындаған дыбыс реңіне қарай жүректе туындаған дыбыс жүректің дыбысы , бауырда - бауырдың дыбысы , ал сан бұлшықеттерінен шығатын дыбыс- бұлшықеттің немесе санның дыбысы деп аталады.
Дабылды (тимпаникалы) дыбыс дабыл күй аспабын қаққанда шығатын ұқсас (tympanon- барабан- дабыл) . Дабылды дыбыстың дабылсыздан айырмашылығы - оның толқынының дұрыс ырғақтылығында. Сондықтан ол белгілі бір үнге (тон) жуық, ал дыбыстар шу (шум) тәріздес. Қалыпты жағдайда дабылды дыбыс асқазан немесе ішек пайда болғанда байқалады.
Перкуссия оны қолдану мақсатына қарай екі түрлі: а) салыстырмалы және
б) топографиялық.
Салыстырмалы әдіс дененің бірдей екі бөлігін кезек қаға отырып, дыбыс айырмашылығын ажыратуға мүмкіндік береді.
Топографиялық әдіс мүшелерінің шекарасын анықтау үшін қолданылады.
Қолданылатын тықылдың күшіне қарай перкуссия тәсілі қатты немесе ақырын қағыс әдісімен жүргізілуі мүмкін. Мысалы, жүрек пен төссүйегінің артындағы тамырлар шоғырын ажырату үшін осы екі тәсіл кезек қолданылады.
Перкуссияны дұрыс орындаудың шарттары:
1. Хал-күйі көтерсе, науқас түрегеп тұрып немесе отырып, денесін қатайтпай еркін ұстап, басын ептеп алға қарай иіп, қолдарын төмен түсіріп немесе тізесіне қоюы керек. Бөлме жылы болуға тиісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz