Философия ұғымы, мақсаты және міндеті



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Философия ұғымы, мақсаты және міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Философияның негізгі мәселесі мен функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 6
3. Ғылым түсінігі, құрылымы және атқаратын функциялары ... ... ... ... .7
4. Ғылым мен философияның ара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
5. Қортыныды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
6. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Кіріспе

Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болыптабылды. Адазат ойының дамуы архайкалық, фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірулеріне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қаладығквадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары жердің шар тәрізді екендігін, оның өз өсінен айналу туралы ойларын айтты, матиматиктері он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді, өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядағы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Ғылым сағасының көзге көрінер анық кезін ХІХ -- ХХІ ғасырыда десек, алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.т. жатқызамыз. Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарстырылып, метофизика саласын бөліп шығарды. Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді. Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенімен олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында, бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны дамытады.
1. Философия ұғымы, мақсаты және міндеті

Пәлсапа немесе философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, философия терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
* Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
* Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
* Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
1. Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
2. Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).
3. Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философия пәні, оның мақсаты -- қазіргі логиканың идеяларын, әдістері мен апаратарын ғылыми тануға қолдану . Ғылыми таным логикасы -- ғылыми теориалардың олардың компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың, ұғымдардың, заңдардың логикалық құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды, теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы туралы ғылыми болжамдардың қалыптасуы, оларды тексерудің әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның қорыту, түсіндіру, абстракция , идеалдандыру сияқты әдістерінің логикалық аспектілеріне талдау жасайды.
Бұрыннан белгілі проблемаларда басқа жаңадан пайда болған ғылыми білімдерге көңіл бөледі, оның қалыптасу процестерңн қарастырады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі мөлшерде тәжірибеден тәуеліз, жеке, дербес екендігін мойындап, жаңа ғылыми білім алуда, тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндігі болмайтын дүниеге көзқарастың, методологиялық принциптердің бар екендігін мойындайды. Бірақ ғылымның даму заңдылығын оның функцияларын дұрыс түсіндіре білетін тек ғана диалектикалық көзқарас.
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары - философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім; Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология - адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.

1. Философияның негізгі мәселесі мен функциясы

Философияның дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, мәселені нақтылай түсіп келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз керек. Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол шынында сол кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның алғашқы деректері мен тұжырымдамаларын өз бойын сіңірді. Қорыта келе мына пікірді айтуға болады. Философия өзінің тарихи бастауынан бастап, осы заманға дейін - 2,5 мыңжылдық шеңберінде - өзінің пәнін, айналысатын мәселелерін өзгерткен жоқ. Философия пәнінің қайнар көзі - жеке адам ия болмаса әлеуметтік топ, қоғамның дүние мен адам және олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда homo sapіens саналы адам дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын көреміз. ХVI-ХVII ғ.ғ.,Батыс Еуропадағы философия натурфилософиялық атқа ие болды. Өйткені, ондағы метафизикалық бағыт философиядан бөлінген, нақты ғылымдардың (физика, химия, астрономия т.б.) шығуына алып келді. Содан, философия жаңа сипатқа ие болып, қарастыратын мәселелері және салалары пайда болды. Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр-сырын 9 атап өтуіміз керек ontos - грек сөзі, барлық, болу; logos - ілім, болмыс пен мән туралы ілім. Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері - ол оның гносеологиялық жақтары gnosіs - грек сөзі, -тану, білу, таным туралы ілім. Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі, ол оның аксиологиялық жақтары (axіos - грек сөзі, -құндылық), яғни құндылық туралы ілім еді. Философия пәнінің келесі жағы - ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері praktіcos - грек сөзі - белсенді, іс-әрекетшіл; pragmatos - грек сөзі, -іс-қимыл туралы ілім, логикалық мәселелері (logos - грек сөзі, -ойлау) қисынды ойлау және ойлау заңдылықтары туралы ілім Өйткені адам дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, оны өз іс- әрекеттерімен түйістіріп, дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады.
Философия - Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі. Философияның келесі функциясы - оның методологиялық қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады (methodos - грек сөзі, -зерттеу жолы). Философия тілі- ол категориялар, ұғымдар (Табиғат, материя, болмыс т.с.с). Еркін ойлау- философияның ақиқаттық қағидасы, обьективтік принципі. Философияда екі түрлі ойлау әдісі қолданылады: 1) Диалектикалық- ол дүниеде бәрі ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда әрдайым қалыптасуы үстінде деп түсінеді. 2) 11 Метафизикалық- бұл оған қарама-қарсы, дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын тұрақты құбылыс деп түсінетін біржақты, сыңаржақты ұғым. Бірақ, ол 16-17 ғ.ғ. тарихи жағынан өзін ақтады (нақты ғылымлар: физика, химия т.б. пайда болуына себебін тигізді). Сонымен философия дегеніміз- материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой- санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы.

2. Ғылым түсінігі, құрылымы және атқаратын функциялары

Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша Sсіеnііа сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы білім дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.
Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады
Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.
Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы - физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.
Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс классикалық философиясының пайда болуы
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Әлеуметтік философияның функциялары
Философиялық мәселелер табиғаты
Этика. Құндылықтар философиясы туралы
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
Құқық философиясы пәнi
ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары
Пәндер