Халық айтса -анық айтады


Халық айтса -анық айтады
Наурыз - Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мындаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрыкша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмұт Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә. Фердоуси, Ә. Науаи, О. Хаямнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін - бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі өнегелік, сән-салтанаттылық, мәрт-жомарттық, қадыр-қасиеттілік нышан белгілер мен таным ұғымдарының үлгі-түрлері ете көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізеттілік пен білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек. Осы ұлы күнге байланысты халықтың ет-ғұрыптары мен жол-жоралары бар.
Наурыз күні. Наурыз - ежелгі мәдениет дамыған елдің бірі парсының нау - жаңа, уз -құн, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн себі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар да бұл күн жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, құрылыс, не басқа бір іс бастайды, ешкімді ренжітпейді, ренжімейді, дауыс көтермейді, әбес сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды. Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды.
Наурыз күн - яғни наурыз айының 22 жұлдызы мереке, демалыс күні.
Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Григоркан күн есебінде де, жылдың алғашқы айы есебінде де, күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған. Сонымен бірге қыстың соңы, көктемнің басы. Күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды. Сондықтан жылдың құт мезгілі есебінде де наурызды бүкіл халық аса құрметпен қарап, оны есте қаларлық қасиетті ай есебінде бағалаған.
Наурызнама - шат-шадыманды, ойын-сауық тойы.
«Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен» (Абай) .
Кей жерлерде наурыз ойы деп те аталады. Бұл үлкен болсын, кіші бол-сын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары хекінен қолданылатын сыбағасына тиген жалғыз мейрамы - Наурызнама. Ол күні қожаларға оқытатұғын наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол кітаптың атын «Салдама» дейді (Мәшһүр Жүсіп) . Наурызнамада қыз-жігітгер жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды. Бұл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арнап жылы-жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады. Бұлардың соңы, келер күні «наурыз көже» жалғасады.
Наурыз көже. Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, күрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
Наурыз жыры - Наурыз мерекесінде айтылған халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Жыр-өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады. Оның түрлері халық арасыңда өте көп тараған. Наурызға арналған бұрынғы, соңғы ақындардың шығармалары да көптеп саналады.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар . . .
Ұлыстың ұлы күнінде,
Бай шығады балбырап,
Қасында жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып.
Күндігі баста кайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі кезі жаудырап.
Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы да басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, кепшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі.
Мысалы:
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың - оңға, қызың - қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқына қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан!
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған батаның орны бөлек.
Наурыз жұмбақ. Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осындай атпен аталған. Онда ақындар, қыз-жігіттер осы тақырыптарға ғана тән құбылыстарды жұмбақтап, өлеңдетіп айтысатын болған.
Мысалы:
Ұшарқар Айдай туып, Күндей батар
Туғанда Шабансары таң соңда атар.
Аспаннан жұлдыз тарап, Шолпан туып,
Таң райы Күнменен манауратар.
Шығыстан Үркер туса егініңді ор,
Батса көктен, егісп егетін бол.
Қырық күн, қырық түн сол Үркер көктеи безіп.
Жоғалып қараңғыда шегеді жол.
Наурыз тілек. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.
Мысалы:
Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Тілек - достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.
Наурыз төл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызкөк . Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдін, бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурыз есім. Наурыз күнінде немесе айында туғандарды халық. бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы: қазақхалқында Наурызбай, Құтпанбайұлы (1706 - 1781), Наурызбай Қасымұлы (1822 - 1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын Ордада Наурыз есімді хан (1359 -1360) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген аттар да жиі кездеседі.
Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсемесімдік (шөп) . Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.
Наурызша. Наурыз айында жұп-жүқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды.
Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар.
Бірінші, аңызға әйгілі астроном (1394 - 1449) обсерваториясындағы дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді.
Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бүл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады сияқты бұл күннің әлемге жылулық сәтін де бейнелеп айтқан.
Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында, яғни, 22 наурыз күні жер көкті жарып ерекше бір гүл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақта; қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында да ерекше сезім, қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.
Наурыз қай жағынан алып қарағанда да бүкіл халық үшін ерекше мерекелі құн қатарында аталып өтеді.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала неңі білсе жастан, ұядап
Өле өлгенше соны таңыр қияда
Өнер-білім берем, десең басынан
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата-анадан әсіп ұрпақ, тараған
Жақсы, жаман болса, бала-солардан.
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ!
Наурыз ққтты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Құт-береке мейрамы Наурыз жасасын!
Ұлыс күні алдына келсе, атаңның құнын кеш.
Жақсылыққа жақсылық - жай адамның ісі,
Жамандыққа жақсылық - ер жігіттің ісі.
Жыл басы - Наурыз.
Мол болсын дәм-тұз.
І-бастауніы: Уа, қадірменді халайық! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Халқымыз Ұлыс күнді "жыл басы" деп санайды. Тілімізде наурызға қатысты "жер бетіне жақсылық ұялаған құм", "ұзақ ұшып келген күн", "жыл басы", "жылқыны торғай (нәурізек) келген күн", '"көк құт көзін (өсімдік) атқан құн «жылдың жерге түскен күні», "Самарқанның көк тасы еріген күн" деген сияқты бейнелі сөздер сақталып келеді.
2-бастаушы: Халқымыздың айтуынша, 21 наурыз түні даланы Қызыр ата арапайды екен. Қызыр - аламдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін қиял-ғажайып адам. Татымдық әңгімемізді әлі де жалғастырармыз, құрбы-құрдастаррымызға кезек берейік.
Осыдан кейін барлық оқушылар қосиып наурыз туралы ән орындайды. Күй тартылады, өлең жолдары айтылады.
1 - оқушы:
Қауышып қайта оралған Наурызға,
Ерніміз әрең тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
2-оқушы:
Қақ жарып әділдіктің қара қылын,
Келдің бе гүлге оранған Жаңа жылым.
«Ақтабан шұбырынды - Алқакөлмен»
Жалғашы Арал, Семей аралығын.
3-оқушы:
Ұлтының мерекесін ұмытқан жұрт,
Жоғалмай басымыздан кіріптарлық.
Намысын Наурызында жанып алсын,
Өте алмай өліарада тұрып қалдық.
4-оқушы:
Жуанның жіңішкерген бұл шағында,
Қазағым, көп кежеге сусадың ба?
Іңгәлап Наурызым ұзақ жатты-ау,
Толғатқан Тарих-Ана құрсағында.
5-оқушы:
Ардақтап аталардың зиялы атын,
Күн келді дәстүр үшін ту алатын.
Қашан да ата жолын ұмытқандар.
Ұлыстың ұлы күні ұяласын.
6-оқушы:
Заманның зауалындай ғасыр өтті,
Жанардың жылай-жылай жасы кепті.
О, Наурыз, өзің ғана жеңілдетер,
Халықтың басындағы қасіретті.
7-оқушы:
Ұмытып қалған өнім тәрізді,
Санамда қайта жаңғырдың.
Беу, Наурыз, енді жарылқа бізді,
Мұрымдай алтын жаңбырдың.
8-оқушы:
Есімде менің есіркегенің -
Былтырғы жиын, былтырғы ән . . .
Төсіне қырдың өсір көк егін,
Түлкідей түлем құлпырған.
9-оқушы:
Ортамызға келіп Шәкәрім ақын,
Міржақып қайта тірілді.
Қаһарлы күндер қапа қылатын,
Серпідік ескі ұғымды.
10-оқушы:
Айтсам да қалай рахметімді,
Сабырым қалмас сіл менің.
Жүсіпбек, Мағжан, Ахметімді,
Қайтардың, жанды өшкенім.
11-оқушы:
Жеңгелер мәз, жыл көже құйып,
Ағалар да мәз ат мініп.
Ән мен жырға біз мезет ұйып,
Қарындастар да шат күліп.
12-оқушы:
Тарады даусым әлемге менің,
Оянды дала әніммен.
Бас иіп, күнге сәлем беремін,
Қарсы алып Наурыз таңын мен!. .
Оқушылар өлеңдерін аяқтай бергенде есік ашылып, өңі алау-далау алқынып бір бала кіреді. Басында кепеш үстінде жамау-жасқаулы ескі шапан, аяғында қазақы шоқайма етік.
Бала: Ау, амансыңдар ма, балалар, қадірменді аға, әпкелер. Ұлыстарың оң болсын, қуаныштарың мол болсын!
1-бастаушы: Айтсын. Рахмет тілегіңе. Бірақ кім екеніңді танымай тұрғанымыз. "Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл" деген бар, құрдас. Атыңды, нәпсіңді айт, қайдан келесің?
Тазша бала: Аиналайын-ай! Баяғыда Әйтеке би:
Әкемді сұрасаңыз - жетесіз,
Шешемді сұрасаңыз - некесіз.
Туа салған бір баламын,
Тегімді сұрап нетесіз? - деген екен. Сол айтқандай, түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Кәдімгі, есер ханды мүдірмей қырық өтірік айтып, тәубесіне келтіріп, жарты патшалығын алып байып, қызын алып, күйеу болған шонжарың мен. Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді. Халқымыз Наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауында шыдап жата алмай жеткенім ғой бұл. Бай қалпымда келсем танымай қалар деп өзімнің сүйікті киімдерімді киіп шығып едім.
2-бастаушы: Оу, Тазша бала, жо-жоқ, баба, жортқаңда жолыңыз болсын, жолдасыңыз Қыдыр болсын. Әйтсе де сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісіз?
Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын. Халқыма асыққан мен ғана емес екенмін. Ел билеген хандар, байрақ ұстаған батырлар, аузы дуалы билер, ертегілер еліндегі өздеріңе таныс кейіпкерлер бірігіп жолға шығыпты. Өздеріңе құт мекен болған бүгінгі даланың, сол далада мекен еткен үрім-бұтағының тіршілігін көрмек. Зеулім шаһарларға беттеп бара жатқан кештен жырылып, сендерге соға кеткелі келгенмін.
Оқушылар: Апыр-ай, сізден өзге ешкім келмес пе екен бізге?
Тазша бала: (Жымың етіп) Асаларына таянып үш абыз емпеңдеп келе жатыр еді артымнан, ендігі табалдырыққа жеткен шығар . . .
Есікті үйсін Төле би, арғын Қаз дауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке би ашып кіріп келеді. Оқушылар мәз болып, қол қусырып қарсы алады. Амандық-саулықтан кейін балалар өнерін көрсетеді. Соңынан үш жүзге билігін жүргізген көнекөз билер кетуге рұқсат сұрайды.
1-бастаушы: Ақылы дария, көңілі көл бабалар! Сәтті жол сіздерге де тілейміз. Мына ұрпақтарыңызға ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет айтпас па екенсіздер.
... жалғасыТөле би:
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы . . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz