НАУРЫЗ — КӨКТЕМ МЕН ЕҢБЕКПЕН ХАЛЫҚТЫҚ МЕЙРАМЫ


«НАУРЫЗ» - КӨКТЕМ МЕН ЕҢБЕКПЕН ХАЛЫҚТЫҚ
МЕЙРАМЫ
1-бастаушы:
Тындаңыздар, Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мына біз бар!
Естімеген естіңдер, тыңдамаған тыңдаңдар!
«Наурыз» тойы басталды.
2-бастаушы:
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңін оқиды - Наурыз
Сәлем бердік! Жас наурыз-жылдың басы!
Жұрттың күткен мінекей ықыласы!
Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әкім барынша қонақасы!
Келгенің құттықтап бірін-бірі,
Қуанышта көрісіп кәрі-жасы
Көңлі түгіл адамның, сен келген соң
Самарқанның елжіреп түр көк тасы
Күйін көрген қуанған, мұңсыз деме!
Толып жатқан көбінің бар мүддесі.
Табақ, тартып «Әмин!» деп, қол жайды жұрт,
Батаңды бер жарылқар, жыл мырзасы!
Бүгін Наурыз қазақтың білім ордасының кара шаңырағы, Қазақ педагогика институтының үлкен ауылы - педагогика аулына да келіп жетті. 2-бастаушы:
Жиналыппыз наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен, - кіші жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге,
1-бастаушы:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден,
Құтты болсын, наурыз!
2-бастаушы:
-Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мейрамында жәрмеңкелер, әртүрлі концерттер, спорттық жарыстар, алтыбақан, ұлттық салт-дәстүрлер негінде қыз ұзату, келін түсіру, бесікке бала болеу, тұсау кесу рәсімі де көрсетіліп, сонымен бірге ұлттық Ойын-сауықтарға да ерекше ден қойылғаны дұрыс.
Тағы бір ерекше айтып өтетін жайт-қазақ бейнелеу өнірінің көрмесі, ұлттық тағамдар конкурсы, ертегі аңыздардағы кейіпкерлер Ер Төстік, Қожа-Нәсір, Жиренше-шешен, Алдар-Көсе бейнесі театрландырылған күйде көрсетілгені дұрыс болар еді.
Мейрамның программасындағы ең әсерлі сән - халқымыздың фольклорлық-этнографнялық салт-сана, дәстүрлердің, үрдістердің қайта жаңғыртылуы. Мейрамда, әсіресе, фольклорлық туындыларға ерекше назар аударылуы қажет. Қолөнершілер творчествосына да барынша көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар есте болатын жағдай - өткізілетін мерекелік шараларының қауіпсіздігін, санитарлық-техникалық жабдықтау (өрт шығу, су басу, үй құлау т. б. ) жағына мұқият болу қажет.
Мүмкіндігінше, әр факультеттің мамандық дайындау ерекшелігіне байланысты өз алдына белгіленген «Наурыз» алаңына басқұр, желбаулармен безендірілген он екі қанат, я болмаса алты қанат кигіз үй тігіледі. Кигіз үйдің ту сыртын ала, мысалы «Табиғат аясындағы ауыл» (жаратылыс тану факультеті), «Атамекен ауылы» (тарих-география факультеттері), «Шебер қолдар ауылы», «Жас келін отауы», «Наурыздың ойын-сауық үйі» т. б. деп өрнекті сөздермен безендіріледі.
Әрбір қазақы үйдің жиһазы ұлттық салт-санаға сай калыптасқан, әдептілікпен, сәнді жиналады. Мысалы, түс-киіз, оюлы-текемет, құрақ-көрпелер, жерге төселген алаша, төрде ілінген үкілі домбыра, қыл қобыз, аңшы мылтық, күміс белбеу, керегенің біріне ілінген түлкі терісі, төсектің жанына қойылған нәрестенің қазақи бесігі, қасқыр ішік, түлкі тымақ, кәмшат бөрік, пұшпақ тақия, оқалы камзол, үйдің ортасына қойған дөңгелек қазақи стол, кіре берісте күміс жүген, тобылғы сапты қамшы, ер тоқым т. б. Сонымен қатар үй шаруасына қажетті ыдыстар болғаны жөн, мысалы самауыр, қазан, шара, тостаған, ожау, қасықтар, кеселер, күбі, келі. саба, торсық тағы басқа бұйымдармен әр кигіз үй-ішін мүмкіндігінше жинауға болар еді.
«Алты қанат ақ үйдің болғанына, ақ дастарханың, болсын» деген аталы сөзге сай, кигіз үйдің ішінде мерекелік «Наурыз» дастарханы дайындалғаны жөн. Мұнда студент-жастар мен педагог коллективі өз ынта-ықыластарымен, адал пейілдерімен, қуаныш сезіммен ұлттық тағамдарды дайындайды, қала берді, дастархан сайысы ұйымдастырылады. Қазақтық ұлттық бас тағамы: бас, жамбас, қазы-карта, жал-жая, өкне-бауыр, қуырдақ, кұрт пен май, бауырсақ пен шелпек, балқаймақ, тары-талқап, жент пен ірімшік, қаймақ құйған қою шай, көкөнісі тағы бар дастархан жаюлы тұрса орынды болар еді.
Наурыз халықтық мейрам болғантықтан, ондағы ойын-сауықтар да ұлттық нақышта өткен орынды.
Мерекелік ойын-сауық өткізілетін алаң алдын-ала белгіленіп, мерзімі тағайындалып, арнайы дайындалуы шарт. Оның кең әрі биіктелген сахнасы көрнектілеу жерге орналастырылып, радиоландырылып, күшейткіштермен жабдықталуы керек. «Наурыз» мерекесінің шартты белгісі (символы) қызғалдақты үрлеген шарлар алаңның үстінде аспандата ккөтеріліп тұрғаны жөн. Алаңның айналасы көрнекі қанатты көз, ақжармалар, тілектер, тәрбиелік мәні бар арнайы ұрандар жазылған плакаттармен безендірілген болуы қажет. Сонымен қатар студент-жастардың «Наурыз» көрмесіне арнайы дайындалған студенттер творчествосы, қазақ бейнелеу өнрінің көрмелері ұйымдастырылады қолөнер заттары, сән үлгілері т. б. қойылуы керек.
«НАУРЫЗ» МЕЙРАМЫН КАЛАЙ ӨТКІЗУІН БОЛАДЫ?
Наурыз - жыл басы. Шығыс елдерінде халық наурызды ерте замандардан-ақ тойлап келеді. Иран, Ирак, Туркияда, Ауғанстанда бұл сол кездерден бері үзілмей жалғасып келе жатқан үлкен мейрам.
Наурыз шежіресі туралы деректер мен дәйектер, оны тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері болған. Буұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гулхархон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», татарлар «Нардиган», буряттар «Сагаан Сара», согдалықтар «Наусарыз», хорезімдіктер «Наусарджи», т. б. атаған.
Совет өкіметінің алғашқы жылдарында, 1920 жылы жас Кеңес өкіметі наурызды халыққа кайта тарту етті. Мысалы, 1920 жылы 22 наурыз күні «Еңбекші қазақ» газеті бұқара халықты наурыз мейрамымен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен:
Қыс өтіп, кқар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын бұл Наурыз!- деп жазды. Бірақ осы мереке 1926 жылы күрт тоқтатылды. Бұл үзіліс алпыс жылдан астам уақытқа созылды. Халықтық ұлттық қана емес, интерноционалдық мейрам. Наурыздың қайта оралып, жаңғырып, халқымен қауышуына бүгінгі қайта құру кезеңі, демократия мен жариялылық замыны сана мүмкіндік болып отыр.
Наурыз -«Ұлыстың ұлы күні» деп тегін айталмаған. Өйткені, ол табиғатынан бірлікті, туысқандықты , достықты, қайырымдылық пен ақпейілділікті уағыздайын, ел мен елді жұрт пен жұртты табыстыратын мереке. Бұл мереке дүйім жұрт бір-біріне «Амансың ба, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын» деп тілек білдірген.
Наурызға байланысты үміт, сенім де, ак пейіл, адал көңіл де, парасатты қарым-қатынастар да өзінің жалғасын тауып жатса керек. Ренжіскен жандар татуласып, араздардың да амандығы жарасып, өкпелерін тарқатуға да тайлы қазан наурыз көжелер себеп болғандай.
Бұл мереке - көктем мерекес, еңбек мерекесі, жер қыс құрсауынан босанып, көктем көгере бастайды, мал төлдеп, табиғат жаңарып, ал қызыл бәйшешектер шыға бастайды. Әдетте жұрт бар жақсыларын мейрам күні көрсетеді. Жақсысып киеді, дәмдісін, тәттісін дастарханға қояды, көңіл-күйін, ән-биін, өнерін көрсетеді.
Наурыз мейрамына дайындық кезінде студент жастар, оқушылар жатақханаларын, үйлерін шаң-тозаңдарын сүртіп, сыпырып, әктеп, аудитория, кластарын, бөлмелерін тап-тұйнақтапй етіп жинап, тәртіпке келтіріп, ойын ауласын көң-қоқыс, кір заттан тазартады.
Бұл мерекенің жастарды енбекке баулу жөнінде тәрбиелік мәні зор, студенттер, оқушылар ойын-сауықтарып еңбекпен ұштастыра жүргізеді, тал егеді, арық-атыздарды, көшелерді, парк, скиерлерді тазалайды. Сөйтіп, ерікті еңбек етеді. Соңынан бұл той-тамашаға ұласады.
Мерекенің, бас белгісі (эмблемасы) «Наурыз» деген жазуы бар плакат ілінеді. Бұл белгі жылдың өзіндік ерекшелігіне қарай алынады. Мәселен, 1989 жылы жылан жылы болғандықтан, эмблемаға жылан суреті белгіленсе, 1990 жылы жылқы жылы, соған орай «Ақ боз ат», «Көк боз ат» бейнесі алынады. Мұнымен қатар олардың мерекеге қатысушылардың омырауына қадалатын белгілер де «значектері до» болуы керек. 1991 жылы қой жылы болғандықтан, «Қошқар мүйіз» ою-өрнегін алуға болады.
НАУРЫЗ ТАРИХЫНАН
НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
«Наурыз» - парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген сөз. Неліктен бұған жаңа күн деп ат қойған? Әрбір өткен кешегі күн ескі болып, әрбір үстіміздегі бүгінгі күн жаңа болмақшы емес пе? 9-шы март күнін «Жаңа күн» деп атаудың мәнісі неде? Оның мәнісі мынау: 9-шы мартта күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Күн жылыға айналғаны - жазға айналғаны. Сондықтан 9-шы март жаз басы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш, шөп жасарып, жапырақтанып, гүлденіп, жаңа бұтақтар жаяды, мал, мақұлықтар балалап, төлденіп, жаңа ұрпақтар жаяды. Жылдық төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны - жаз. Сол тоқсанның басы - 9-шы март болғандықтан бұл күн «Наурыз» яғни «жана күн» деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz