Ұлы Дала — ұлы Перзенттерімен көрікті
Наурыз – халық мейрамы
1.Наурыз! Жыл басы. Наурызды тойлау бізде жақсы үрдіс ала бастап еді, Кеңес
дәуірінде ұмыт қалған осы мейрам жалпыхалықтық той ретінде Тәуелсіздік
алған елімізде жаңа сипатпен мерекеленетін дәстүр енген. Әрине, ниет түзу,
қазір де Наурыз келгенде бір дүрлігеміз. Несін жасырамыз, бірақ осы мейрам
бүгінде аяқастылау болып барады. Наурыз тойын кім қалай, қай кезде өткізем
десе өз еркіне айналып, біреу ерте, біреу кеш, үздік-создық тойлайтын
болды. Рас, ауа райына да байланысты шығар, бірақ Наурыз тойы киіз үй
тігіп, тек сол күні ұлттық киім киюімізбен, әндеткенімізбен, қазан-қазан
көже пісіргенімізбен қызық па? Осылай жасап, бір ізді Наурыз тойын
атағаннан да біз Наурыздың қадірін білмей жүрміз, мәні түсіп кеткенін
байқай бермейміз. Бұлай атап өтуіміз, көктем мейрамының қадірін кетіруіміз
есті халықтың мінезіне жараспайтын қылық. Әйтпесе, Наурыз тойы апталап,
айлап тойланады деген рет жоқ, бұрын-соңды ондай ғұрып болмаған. Енді
былайғы жерде осыны әдетке айналдырсақ – мазаққа ұшырармыз. Бұл –
жараспайтын іс! Содан кейін, Наурыз мұсылмандар ғана атап өтетін мейрам деу
қате, Наурыз Шығыс халықтарының жаңа жылды қарсы алу тойы – төл басы –
көктем тойы, демек, халықтық той! Осы реттен Наурыз тойы белгілі бір күнде
22 Наурыз күні тойлануы керек. Және бір айта кетерлік жәйт, республика
жұрты Жаңа жыл тойымен шатасып болды. Бүгінде бізде баяғыша 1 қаңтар
календарь бойынша Жаңа жыл болып есептеледі — үлкен той! Дүбірлетіп өткізіп
жүрміз. Сонда Наурыз қай жаңа жыл? Қазақтардың жаңа жылы ма? Халық қай
календармен жүруі керек? Осының ара-жігін ашатын кез жетті.
2. Жыл сайынғы он төртінші ақпан “Махаббат күні” — “Қасиетті Валентин күні”
делінеді, католиктер мейрамы. Ертеде бұл күні Еуропа елдерінде ғашықтар бір-
біріне гүл, түрлі бағалы сыйлықтар сыйлайды екен. Жасы да, кәрісі де. Еш
әбестігі жоқ, жақсы дәстүр. Гүл ұсыну, түрлі сыйлықтар беруге қарсы
болмағанымызбен, дәл осы күні біздің ағайындардың желігуі жөн бе? Әр ұлт-
ұлыстың өз дәстүрі, салты, ғұрпы бар, оған ешкім де қарсылық жасамайды,
дамысын, өрбісе игі. Бірақ “Қасиетті Валентин” күніне қазақтың жасының да,
жасамысының да елігуі ерсі жәйт. Біреудің атына мінгесе кету қай мәдениетке
жатады, ойласайық, ағайын! Енді бізге АҚШ-тағы “Хелоуин” тойы да келіп
жетті. Жылда 31 қазан күні жастарымыз бастарына әзірейілдей көрінетін
қорқынышты маска киіп, беттерін бояп, үстеріне әлем-жәлем бір пәле киім
киіп алып, сарнайтынды шығарды. Бұл не ғажап? Текті жұрттың тектілік мінезі
қайда? Мерекенің де мерекесі бар, абайлайық!
3. Жүрек тітіркенетін хабар — “адам сатылады” деген хабарды есту. Қазаққа
жат сөз. Бүгінде осындай сөздер жиі айтылып, жиі жазылады. Әсіресе балалар
жайында осындай сөзді естігенде тұла-бой түршігеді. Бұл не сөз? Қандай
сауда?
Шет ел бізден бала асырап алып кетіп жатыр дегенге де қосылмаймын. Баланы
шет ел азаматтарына асырап алуға беру деген сөз кісінің басына сыймайтын
сөз! Аш болайық, тоқ болайық, сыртқа бала беру — қылмыс! Кешірілмейтін
күнә! Қазақ топырағында дүниеге келген сәби қазақ жерінде өсіп-өнсін,
қалған несібесі өзіне байланысты, тағдыры біледі. Біздің мемлекет осы жайға
қатты назар аударуы керек, адам құқын қорғайтын заң осы тұста қатаң жұмыс
істемесе, көп нәрседен ұтыламыз. Бұл жағынан араб елдерінен үйренер тәлім
көп, мұсылмандықтың бір парызы – ұлды ұяға, қызды қияға қондыру! Туған жер,
алтын бесікте тербетіліп өскен сәби — төл Перзент! “Өзіңнен тумай ұл
болмайды” деген сөз рас сөз!
4. Неге қылмыс көбейіп барады? Қылмыс қай жерде де жетеді. Ресейдің “Зона”
дейтін көп сериялы (50 серия) фильмі қылмыстың небір сырын әшкере еткен.
Өкінішке орай, “Қазақфильм” мұндай сюжетке баруды әлі ойластыра алмай жүр.
Тақырып ауқымы кең, тәлімі орасан. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек.
Біздегі студияда балама жоқ, бәсеке болмаған жерде өсу болмайды, ізденіс
аз. Өнер осындайдан ақсайды. Сымбатты өнер жоқта, мағыналы тірлік кемшін.
5. Ауыл! Әркімнің туған ауылы бар. Ауыл қандай ыстық! Бұл жай еміренген сөз
емес, ауыл есіме түссе еміренемін. Кімнің де кіндік кесіп, кір жуған өңірі
өзіне ғана тәтті, басы жұмыр пенде сол Ауылын өмір бақи аңсап, бар
сағынышын Ауылына арнап өтетініне сенемін. Туған жер қымбат!
Әттең, сол Ауыл бүгіндері жоқ. Жер-суы қалпында болғанымен, ажары мүлдем
бөлек, табиғаты өзгерген, бұрынғыдай ыстық тартпайды. Неге деп жүруші едім
— бақсам, бәрі өзгеріп кетіпті. Салт-дәстүр басқаша, адамдарын танымайсың,
ұрпақ ауысқан...
Жер-суы деймін, жер-суы да өзгерген. Көп көл тартылған, бұрынғыдай қамыс-
құрақ жоқ, шабындықтар орны қу тақыр, тіпті өзендерге дейін арнасын бұрған.
Бұл ненің салдары — ойлап-ойлап тапқаным, бәрі кешегі социализм тұсындағы
аста-төк техниканың әсері-ау деймін, бұрынғы жалғыз аяқ жолға шейін
бұзылған ғой, айқыш-ұйқыш қазып тастаған алып К700-дің іздері — жер бейне
бір жаралы жандай ойдым-ойдым шұқырақ сай. Енді бәрі тым-тырыс, Жер-Ана
өзін-өзі емдеп жатқандай... Алаңдайтыным, көп жер жекенің қолына өткен...
Бірақ, иесі көрінбейді.
Ауылдың сәні бауырмал адамдарында екен ғой! Сол адамдары бүгін сиреген,
дүниеден өтіп кеткендері қаншама? Мәселен, менің ескі ауылымда шамалы ғана
жұрт отыр. Ауылға бір барғанымда, қонағасылық ас үшін мал бауыздайтын кісі
табылмады. Таңданасың, қатар отырған екі үй шақырмаса біріне-бірі кірмейді.
О, ғажап!
Ауылды көтеруге үндеу тастап жатырмыз, бірақ мынандай жағдайда ауыл қалай
көтерілер? Әр қырқаның астындағы аз елді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz