Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі

Елдер әлемдік нарықта өздерінің қатысуын кеңейтуді қалайтындықтан, бір-бірімен бәсекеге түседі. Елдердің бәсекелестігі - заңдар, әкімшілік процедуралар, салықтар, сондай-ақ ақшалай, қаржы, сауда, құқықтық, білім беру, әлеуметтік, экологиялық және сот жүйесі. Әрбір сала үнемі жақсарып, жаңартылып отырады. Елдердің бір-бірімен бәсекелесуінің классикалық анықтамасы Давид Рикардоға тиесілі. Ол Адам Смиттің абсолютті артықшылығын ары қарай дамытып, салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасын жасады.
Дегенмен, жаһандану және интеграция үрдістерін дамыта отырып, елдің экспорттық құрылымы мен импортын өндіріс факторлары негізінде түсіндіруге болмайды. Майкл Портер өзінің жасаған парадигмасында елдің бәсекеге қабілеттілігі атты жаңа теориясын енгізеді. М.Портердің ойынша, ұлттық бәсекеқабілеттілік өндірістің нақты салаларындағы табыстылығын немесе табыссыздығын, сондай-ақ елдің әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орнын анықтайды.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік - ел экономикасының жайын және оның даму перспективаларын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту, экономиканың дамуына ықпал етеді.
Ұлттық бәсекелестік артықшылықтарды анықтайтын негізгі факторларға білім беру, денсаулық сақтау, ғылымды дамыту, ақпараттық ортаны дамыту, әр адамның шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасау үшін мемлекеттік басқару арқылы қамтамасыз ету, қоршаған ортаның тазалығы мен өмір сүрудің жоғары сапасы жатады.
Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты жиынтық көрсеткіш бойынша бағаланады. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі үш факторына байланысты болады, олар табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капитал. Өндіріс пен техникалық прогрестің дамуымен байланысты бәсекеге қабілеттілікті бірінші кезекте, жоғарғы деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар анықтай бастайды. Бірінші кезекте елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторы, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде заңдардың сақталу деңгейі және т.б анықталуы тиіс. Тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым, ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары болады.
Қазіргі уақытта бәсекеге қабілеттілік мәселесімен көптеген танымал экономистер және 100-ден астам әлем елдерінің ұлттық институттары көмектесетін ірі халықаралық институттар айналысады.
Елдер арасындағы бәсекелестік күрестің өршуі әлемдік экономикаға көптеген өзгерістер әкелді. Жыл өткен сайын әлемдік шаруашылық қатынастар бірыңғай геоэкономикалық жүйе ретінде көптеп қарастырылуда. Бұл жағдайларда кез келген елдің күші мен қуаты оның өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Ұлттық нарықта неғұрлым бәсекелестік күшті, әрі оның формалары алуан болса, соғұрлым әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары болмақ.
Қазақстан екінші жыл қатарынан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде өз ұстанымын жоғалтып жатыр. Басты мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлық пен қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Сурет-1. Қазақстаннын физикалық көлем индексі ЖІӨ мен өнеркісіптің физикалық көлем индексінің өсу динамикасы.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі.

Диаграммада көрсетілгендей, екі көрсеткіш арасындағы корреляция коэффициенті 0,99 құрады. Белгіленген өзара байланыс нәтижесінде ЖІӨ-нің 100,4%,-дық өсімінде физикалық көлемнің индексі 98,3%,-ды құрауы тиіс. Бұл негізінен нақты көрсеткішке (97,9%) өте жақын.

Сурет-2. Соңғы пайдалану әдісімен ЖІӨ-нің өсуінің ыдырауы.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі.

Үй шаруашылықтарын түпкілікті тұтыну шығыны: 2016 жылдың бірінші жартысында үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстар көрсеткіші 101,2%-ға өсті. 9 айдағы сауда динамикасы, тұтынушылық шығындардың қысқарылу мүмкіндігін көрсетеді. Сондай-ақ, халықтың нақты табысы мен жалақысының өсу ықтималдығын арттыруға септігін тигізетін, инфляция деңгейінің төмендеуі байқалады. Бұл халықтың тұтынушылық модель үлгісін күшейте алады.
Негізгі капиталды қалыптастыру. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,1%-ды құра отырып, экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне ие болды.
Эконометрикалық есептеулер ЖІӨ-нің өсуі мен негізгі құралдарға салынған инвестициялардың арасындағы тығыз корреляцияны көрсетті.
Таза экспорт. Көріп отырғанымыздай, теріс аймақта таза экспорттың өсуі ғана байқалды. Шынында да, таза экспорт экономикалық өсуге елеулі үлес қосады.
Мемлекеттің шығындары. Бұл құралдар негізгі құралдарға салынған инвестицияларға, халықтың жалақысы мен табыстарының өсуіне қосымша оң әсер етеді. Бұдан басқа, олар экономиканың басқа секторларына мультипликативті әсер етеді.
Бүкіләлемдік экономикалық форум ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру тетіктері
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының теориялық моделін
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Пәндер