Өзбекстан Республикасының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі


Өзбекстан Республикасының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
Өзбекстан Республикасында экспорттық күшті кеңейту экономикалық дамудың маңызды басымдықтарының бірі болып келеді. Өзбектанның 2018-2021 жылдарға арналаған жаңа стратегиясында экспорттық қызметті дамыту тұжырымдамасын әзірлеу арқылы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылады.
Өзбекстан Республикасы - Орталық Азия аймағының индустриалды дамыған республикаларының бірі болып келеді. ЖІӨ-нің 24 %-ы өнеркәсіпте, 8%-ы ауыл шаруашылығында өндіріледі. Өзбекстан Республикасы аймақтағы ең әртараптандырылған экономикаға ие.
Көптеген мамандардың пікірінше, Өзбекстан өзінің экспорттық күшін арттыруға және одан әрі әлемдік экономикада лайықты орынға орналасу үшін барлық мүмкіншіліктерге ие болып отыр. Оған аграрлық сектордағы, туризм және басқа да салаларда үлкен өндірістік және минералдық-шикізат әлеуеті, сондай-ақ жоғары білікті кадрлық ресурстардың болуы жақсы әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда Өзбекстан экспортты ынталандыру және кеңейту бойынша жүйелі шараларды қолдана отырып, әлемдік нарықта отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Егер, 1990 жылы мақта талшығының жалпы экспорт көлеміндегі үлесі 6%-ды құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 5% деңгейінде болды. Сонымен қатар, қызметтердің үлесі айтарлықтай өсті. 2000 жылы олар экспорттың жалпы көлемінің 13, 8 %-ын құраса, ал 2016 жылы - 25, 5%-ды құраған. Тауарлар мен қызметтер экспорты аясында шағын бизнестің рөлі тұрақты өсуде. 2016 жылдың соңына қарай бұл сектор 28, 5%-ды құраған.
Өзбекстан Республикасындағы әуе кемелерінің құрылыс индустриясы тоқтатылды. 1991 жылы 300-ден астам Өзбекстан астанасында жұмыс істейтін «Ташсельмаш», «Ташхиммаш» өнеркәсіп кәсіпорындары, зауыттары, Алгоритм, Зенит, Миконд, Юлдуз және басқа да өнеркәсіптік бірлестіктер ұмытылды. Индустриалды дамыған Жапония және Оңтүстік Корея секілді елдер қатарына қосылу үшін, Өзбекстанға автокөлік өнеркәсібі сиақты жаңа өндіріс саласын дамыту қажет. Алайда бұл сала қиын жағдайда тұр.
Экономикалық дағдарыс, сонымен қатар Ресей мен Қазақстан нарығындағы автокөлік нарығын қорғау, өзбек көліктерін экспорттаудың төмендеуіне әкелді. 2011 жылы шыңы 92, 8 мың бірліктен кейін олардың көлемі төмендей бастады. Еуропалық кәсіпкерлер қауымдастығының ақпараттары бойынша 2013 жылы GM Uzbekistan автокөлігі 60, 8 мың нан 20, 5 мыңға құлдырады. 2015-2016 жылдары бұл көрсеткіш 10, 4 мыңды құрады. Мысалы, өткен жылы Өзбекстаннан Қазақстанға 400-ден кем автокөлік сатылды. 2013 жылы Қазақстандықтар «УзДэу» автокөлігінің ең жақсы 13 мың түрін сатып алған болатын. Өзбекстанда 2016 жылы автокөліктер өндірісі 88152 бірлікті құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 52, 5% -ға аз. Биылғы жылы автомобильдер шығаруды қысқарту жоспарланып отыр. Себебі өзбек көліктеріне деген қызығушылық тез төмендеп келеді.
Ташкенттің ресми риторикасына, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында ондаған жаңа өндірістік нысандар енгізілгеніне қарамастан, елде өнеркәсіптік қуаттылықтың кеңестік деңгейінен (ЖІӨ-де 26%-дан астам) асып кете алмайтындығын атап өткен жөн. Сарапшылардың пікірінше, нақты өндірістің дамуы бизнеске, сыбайлас жемқорлыққа, инфрақұрылымды дамытуға, несиелік және қаржылық саясатқа қатысты әкімшілік қысыммен кедергі келтіреді.
Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетіне сәйкес, Орталық Азия елдері шығарған түпкілікті өнімнің үлесінде, Өзбекстанның мемлекеттік минералды тыңайтқыштардың 80%-ын, химиялық талшықтардың 94%-ын, табиғи газдың 54%-ын, цементтің 59%-ын және мақта шикізатының 65%-дық үлесін құрайды. Өзбекстан «экономиканың отарлық жүйесінен» құтылғаннан бері, өнеркәсіп өндірісінің көлемі бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсті және әлі де өсіп келеді. 2015 жылы өсім 8%-құрады.
Өзбекстан жедел дамуға дайын ел. Оны мына төрт жақтан көруге болады. Бірінші, адам саны. Өзбекстанда қазір 32 миллион халық бар. Енді 15 жылда 40 миллионға жететіні анық. Бұл көрсеткіш көп салаға тиімділік алып келетіні анық. Мәселен, экономикалық тұрақтылыққа кепіл болады. Екінші, ауыл шаруашылығы қуатты. Ауыл шаруашылығының түрі көп, бидайдан басқа барлық өніммен өзін-өзі қамдауға жеткілікті. Үшіншіден, Өзбекстан халқы негізгі кәсіп салаларына бейім. Сыртқа шығаратын еңбек күштерінің бәрі өзіне сай маманданған. Төртіншіден, елде осыған дейін жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп орындары бар. Нақтырақ айтсақ, резина, тұрмыстық жабдықтар, автокөлік қосалқы бөлшектерімен қоса, көмір, табиғи газ, мұнай, уран сынды қазба байлықтар өндіреді.
Жұмыспен қамту бойынша, ауыл шаруашылығында 44%-ды, өнеркәсіпте 20%-ды, қызмет көрсетуде 36%-ды құрайды.
Өзбекстанның агроөнеркәсіптік кешенінің басты саласы мақта өсіру болып табылады. Өзбекстан мақта өсіруден дүниежүзі бойынша өзіндік орны бар мемлекет. Өзбекстан Республикасында жылына 4 млн тонна мақта жиналады және оның басым бөлігі сыртқа экспортталады.
2015 жылы Өзбекстанның ЖІӨ көлемі 8%-ды құраған, жан басына шаққанда ЖІӨ 6 АҚШ долларын құрайды. Тәуелсіздік жылдары елдің ЖІӨ-і үш есе артып, халықтың табысы 10 есе өскен.
Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, ал мақта талшықтарын әлемдік экспортқа шығару жөнінен 6-орында.
Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т. б. өнімдерді сырттан алады.
Қуатты жылу электр станциялары әлі күнге дейін елдің энергетикалық секторының негізін құрайды. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы республиканың басты жетістіктерінің бірі деп айтуға болады. 2018 жылға дейін тоқыма қызметкерлерін мүлік салығынан босату қарастырылған. Бұл кәсіпорындардың одан әрі дамуына мүмкіндік береді.
Өзбекстан экономикасындағы ең маңызды рөлді жеңіл өнеркәсіп атқарады. Атап айтқанда, тоқыма өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісінің төрттен бір бөлігін құрайды және өнеркәсіптегі жұмыс орындарының үштен біріне тиесілі.
Жеңіл өнеркәсіптің негізгі 19 бөлігі тоқыма, жүн тоқыма, тігін өнеркәсібінің 90-нан астам ірі кәсіпорындарын біріктіретін мемлекеттік «Узбекглпром» акционерлік қоғамында шоғырланған.
Тек мақтаның шетелде сатылуынан түсетін табыс елдің барлық экспорттық түсімінің оннан бір бөлігін құрайды. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының алғашқы экспорты 1994 жылы басталды.
Мақта талшығын экспорттаудан Өзбекстан әлемде бірінші орында. Жылына 1 млн тонна мақта талшығын экспорттайды. 1 млн мақта талшығы 3, 5 млн мақта шикізатынан өндіріледі. Кезінде Өзбекстан 5-5, 5 млн тонна шикізат мақтасын өндірген. Мақта егу алқаптары екі есе қысқарып, орнына бидай егілді.
Соңғы екі жылда, Өзбекстан жыл сайын өндірілетін мақта талшығының шамамен 50% -ын экспорттайтын, әлемдік мақта талшығының нарығындағы 7% үлесін сақтап келеді. Бүгінгі таңда тоқыма өнімдері 50-ге жуық елге экспортталады, жеткізу көлемі 7 миллион доллардан 1 миллиард долларға дейін артты.
Қазіргі таңда, Өзбестан Республикасы әлемнің 50-ге жуық еліне тоқыма өнімдерін экспорттайды. Халықаралық мақта консультативтік комитетінің деректері бойынша, Өзбекстан әлемде өндірілген барлық мақтаның 4%-ын және әлемдік экспорттың 10%-ын құрайды. Құқық қорғау ұйымдарының ақпараты бойынша, мақта жинау үшін бір миллионнан бес миллионға жуық адам жұмылдырылады. Олардың қатарына «тәрбиеге ықпал ету мақсатында әлеуметтік пайдалы жұмысқа» тарту үшін дәрігерлер, оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, тіпті есірткіге тәуелділер де жұмылдырылады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында, Өзбекстанда мақтаны терең өңдеу үшін технологиялар мен жабдықтар болмаған еді, сондай ақ дайын тоқыма бұйымдарын халықаралық стандарттар деңгейінде өндіру мүмкіндігі болмаған. Өзбестан Республикасында тек бір ғана жол болды, ол индустрияны қарқынды дамыту үшін, қаржы ресурстарын инвестициялауға дайын шетелдік инвесторларды тарту және олардың тәжірибесі негізінде жоғары технологиялық заманауи қондырғыларды құру болды. Осы мақсатта Өзбекстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту үшін тиімді заңнамалық база құрылды. Ол «Шетелдік инвестициялар туралы», «Инвестициялық қызмет туралы», «Шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау кепілдіктері мен шаралары туралы», сондай-ақ мемлекет басшысының және Үкімет қаулыларының бірқатар қаулылары мен заңдары болды.
Егер саланы дамытуға назар аударатын болсақ, 1994 жылы жеңіл өнеркәсіпке тартылған шетелдік инвестициялар көлемі небәрі 5, 2 млн долларды құраған. 2001 жылы бұл көрсеткіш 649, 6 миллион доллар, 2010 жылы 1, 8 миллиард доллар, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша - 2, 4 миллиард долларды құрады. Осылайша, тәуелсіздік жылдарында саладағы шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2, 5 млрд доллардан асты, соның арқасында 290-нан астам ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz