Наурыз сөзінің этимологиялық негіздері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
2- деңгей
1. Наурыз сөзінің этимологиялық негіздері. Қазақ арасында тараған Наурыз
атының шығуы туралы аңыздарға тоқталыңыз.

*Наурыз сөзінің шығу этимологиясы да әртүрлі. Оның негізгі түбірі парсы
тілінен алынған. Нау парсы тілінен аударғанда жаңа деген мағына береді.
*Л.Будагов: Парсы тілінде ноу (көне түрік. нэвъ деп айтылады), нау (ноу)
түбір тұлғасынан жаңа, жаңалау, бүгінгі, балауса, алғашқы жеміс, жаңару
дегенді білдіреді. Ал   “наурыз” жаңа күн немесе жаңа жыл. Парсыларда 9
наурызда тойланатын жаңа жыл басы. Бұл күннің қой белгісіне түсуі, 
көктемгі тепе-теңдік, күзгі тепе-теңдік – дейді. 
*В.Радлов: Наурыз. - 1) жаңа жылдың бірінші күні (наурыз айы);
2) қырғыз есімі.  Науруз – бай,  Кені - Сары ақылдасты - деп жазады.
*Л.Рүстемов: Жаңа күн. Наурыз: парсының күн тізбесі бойынша жаңа жыл күні,
күннің торпақ белгісіне  түсуі – 21 наурыз - дейді.  Л.Будагов пен
Л.Рүстемовтың жазбасында алшақтық бар. Бірі - күннің қой белгісіне
түсуімен, екіншісі - күннің торпақ белгісіне түсуімен түсіндіреді.
*М.Ысқақов: Наурыз атауы қазақ тіліне Соғда мен Хорезм арқылы ежелгі парсы
тілінен келген. Бұл айды соғдалықтар наусарыз, хорезмдіктер наусарджи... -
деген. Парсы аңызы бойынша, адам бұдан сегіз мыңдай жыл бұрын, фервердин
айының бірі күні (хұрмұз күні) жаралған. Ол уақытта күн жазғытұрғы күн мен
түннің теңелу нүктесінде болған. Осы аңыз бойынша, ежелгі парсылар бірінші
фервердинді жыл басы деп есептеп, оны жаңа жыл күн-наурыз (нау-жаңа, руз-
күн деген сөз) деп атаған. Сондықтан Иранда бірінші айдың бірінші күні
наурыз - деп аталады да, қалған 11 айдың бірінші күндері хұрмұз - деп
жазған. 
 Аңыздар не дейді?
Қазақ арасында тараған Наурыз атының шығуы туралы аңыз көпке белгілі.
Солардың бірі қазақтың бабасының аты  Наурыз екен. Оның баласы болмаған.
Өлер алдында Наурыз өзінің атын қалдыратын ешкімі болмағанын өкінішпен
Әбдірайымға айтады. Әбдірайым оның атын Наурыз көжеге береді. Наурыз сол
кісінің туған және өлген күні екен. Енді бір аңызда Наурыз өзінің атын
ешкімге қалдыра алмайтыны туралы айтады. Ақсақалдар ақылдаса келе, жыл
сайын Наурыз көже дайындап, құран оқып, дұға қайырады. Енді бірде  Наурыз
жылда өлетін жаман бейне ретінде көрінеді. Оның өлгеніне қуанған жұрт
наурыз көже дайындайды. Бұл ислам діні иелерінің тілділерге қарсы жасаған
әрекеті болса керек. Көптеген түркі халқының, оның ішінде қазақ елі
Наурызды мифологиялық кейіпкермен байланыстырады.
Жалпы, осы аңыз жайында Д.Кармышеваның  Земледельческая обрядность -
деген кітабында да жақсы жазылған. Б.Уахатовтың Наурыз халық өлеңдерінде де
кеңінен орын алған деген ойына біз де қосыламыз.
Мәшһүр Жүсіп Нұх Наурыз тарихы - деген жазбасында Нұх пайғамбар дарақтан
кеме пішкен, Ол кеменің тақтайын тышқан тескен - дейді.  Топан судың
қаптағаны айдан анық екендігін айта келіп, әуеде құстан басқаның ұшқанын,
суда балықтан басқаның жүзгенін көрдіңдер ме? – деп, міне, енді бұл күнде
адамзат аэроплан жасап алып, құстай ұшпай ма, су астымен жүретұғын кеме
жасап алып, дариялардан балықтай жүзбей ме?! Бұл уақыт өткен сайын,
адамзаттың ақыл-ойы артылып, ғылым-білімнің күшейгені деп жазады. Топан
судың болғандығын, үйіліп, төбе-төбе болып қалған құмдар: Қызылқұм, Қар
құм, Жеті қоңырдың құмы т.б. айтады. Су астынан ең алғаш қылтиып көрінген
тау - ол Ұлытау, тау тұңғышы болғандықтан Ұлытау атанған. Одан кейін
тарбайып-тарбайып, адыр-бұдыр болып көрінген мен едім дейді – Тарбағатай
мен Шыңғыс таулары. Ал су астынан көп жыл көрінбей тұншығып шыққан кенже
тау – Баянаула. Баянауланың ұзындығы жиырма бес шақырым, көлденеңі – он бес
шақырым. Бір өзінде жеті көл бар –дейді Мәшһүр Жүсіп.

2. Ауызекі сөйлеу тілінде, түсіндірме сөздіктерде кездесетін этимологиялық
мәселелерге сипаттама беріңіз.
Этимологиялық Сөздік(грек. etymon – ақиқат, logos –сөз), белгілі бір
тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен
мағынасын анықтайды. Сөз тарихы, мағынасы тіл тарихымен, сол тілді жасаушы,
қолданушы халық тарихымен, өткендегі тұрмыс-салтымен, мәдени-рухани
өмірімен, өзге елдерге қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Орыс тілі
бойынша А.Преображенский, М.Фасмер,  Н.М. Шанский, В.В. Иванов, Т.В.
Шанская, т.б. Этимологиялық сөздіктері бар. Түркітануда Этимологиялық
сөздіктің тарихы А.Вамберидің “Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі”
(Лейпциг, 1878) еңбегінен басталады. 1969 ж. Хельсинкиде шыққан
М.Рясяненнің “Түркі сөздерінің этимологиялық сөздік тәжірибесі”, 1972 ж.
Лондонда шыққан ағылшын ғалымы Дж. Клосонның “13 ғасырға дейінгі түркі
тілдерінің этимологиялық сөздігі”, қазақ тілінің қысқаша Этимологиялық
сөздікі (1966), т.б. жарық көрген. Этимологиялық сөздіктің анықтамасы
этимологияның 2 түрлі негізіне сүйенеді: 1) ғыл. этимология – сөз төркінін,
морфемалардың даму тарихын дәл анықтап, ғыл. негізде түсіндіру; 2) халықтық
этимология – кейбір адамдардың жеке сөз мағынасын тұспалдап, топшылау.
Этимологиялық сөздіктегі ғыл. этимология 5 түрлі принципке (генеалог.,
фонет., морфол., семантик., этимол.) сүйенеді. Этимологиялық сөздікте
материал түбірлес сөздердің ұясында, солардың бәріне ортақ негіз болған
түбірден тараған сөздердің тобына беріледі. Ал кірме сөз болса, қай тілден
қандай себеппен кіргені, егер төл сөз болса, сөзжасам процесінің тәртібі
беріледі. Этимол. талдаудың мақсаты – сөздің байырғы, алғашқы түрінің,
мағынасының тарихи даму, өзгеруін көрсету. Этимологиялық сөздікте
қолданылатын этимол. зерттеулердің негізгі әдістері: салыстырмалы-тарихи,
семант.-лингвист. география, морфемалық жіктеу тәсілі, т.б. Этимологиялық
сөздіктің анықтамалары мен тұжырымдары, зерттеулері сөздің бастапқы түрін
қалпына келтіруге, алғашқы уәжді анықтауға қатысты номинация мәселесімен,
тіл даму тарихындағы ремектілі құбылыстарды анықтауға этнолингвистикамен,
лексикологиямен, тарихи морфологиямен, т.б. тығыз байланысты. Мыс., ағайын
сөзі тарихи тұрғыдан аға-іні деген екі сөзден тұрады. Қолқа сөзінің тарихи
түбірі ескі түркі тілінде бар, яғни “қол – өтіну, тілеу, сұрау” деген
етістік. Көптеген сөздердің мағынасы қолданыс тарихына байланысты өзгеріп
кеткен. Осы бағытта қазіргі тілімізде мағынасы түсініксіз немесе тұлғасы о
бастағы түрінің өзгеріп кеткен көптеген сөздердің сыры осы қатыста ашылып,
сөздердің түп-төркіні, сыры белгілі болды. Ж. Манкеева[1]

3. Көне мұраларда кездесетін этимологиялық ерекшеліктерді ашыңыз.

ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілін қазіргі қазақ
тілімен салыстырып зерттеу және оны әрі қарай дамыту – этимологиялық
мәселелердің бірі. Этимологиялық тұрғыдан әдеби тілдің қалыптасу, даму
тарихын жалпы халықтық тілмен, диалектілермен және көне жазба мұралар
тілімен байланыстыра зерттеудің маңызды екені ертеден айтылып жүр. Олардың
ішінде әдеби тіл тарихының тереңдігін көрсететін бірден - бір айғақ көне
жазба ескерткіштеріміз болып табылады. Қазақ тіл білімі саласында осы
бағытта Ә.Қайдар, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Р.Сыздықова,
Б.Әбілқасымов, Б.Қалиұлы, Ә.Төлеуов, М.Серғалиев, Б.Сағындықұлы сынды
ғалымдарымыздың ықпалымен біршама жұмыстар атқарылып жүр.

ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба ескерткіштер – біздің заманымызға келіп
жеткен жәдігерліктердің бір бөлігі ғана. Орта ғасыр жазба ескерткіштер
тіліне қазіргі тіліміздің қаншалықты қатысы бар екенін анықтау негізгі
міндеттердің қатарына жатады. Бұл екінші бір жағынан белгілі бір тілдің
өзгеру, даму, қалыптасу жолдарын айқындауға да қолғабыс жасайды. “Қазақ
тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” 1966 жылы жарық көрді. Мұнда 333
сөздің арғы түп-төркіні, ең алғашқы мағынасы түсіндірілген.Шығу тегі шет
тілдік сөздердіқ қай тілден ауысқандығы, қандай формада айтылғандығы
көрсетілген. Мәселен, ^такелаж деген орыс сөзі өзгере келе каталажка, ал
қазақ тілінде әуелі каталашка, одан кейін кәтелешке болып кет-кендігі
түсіндірілген.Сөздікте реестрге алынган сөзден кейін әдеби шығармалар-дын
түрлі нұсқалар-ынан мысалдар кслтірілген. Сонымен қатар біраз сөздерге
түсініктеме беріліп отырган. Сөздік мақалаларда әр автордың берген
талдауларынан басқа, жеке сөздін этимологиясы жаиында бұрынды соңды
антылған зерттсушілердін өзіндік пікірлері қоса қамтылған. Сөздіктен
бірнеше мақалаларды келтірейік.

Артель. Содан кейін артель ұйымдасты да, мен мүшесінін біреуі болып кірдім

(С. Мұқанов). Бұл сөз тілімізге орыс тілінен енгенмен, оның төркіні түркі
тілдерімен байланысты. А. Г. Преображенский, Н. В. Горяевтардың талдауы
бойынша, артель сөзі ‘татар тіліндегі ортақ және ел деген дербес сөздерден
құралып, “бірлестік, ортақтық” деген мағынаны білдіретін болган1.
Басқалардың айтуына карағанда, артель сөзінің түбірі түркі тілдерінлегі
орта, орталай, деген сөздермен байланысты 2. Сөйтіп, кезінде түркі
тілдерінен орыс тіліне кірме сөз ретінде енген артель сөзі казір өзгерілген
түрінде, жаңа мағынада түркі тілдеріне кері ауысып, қолданылып жүр. (Н.
Қ.).

Барымта. Мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады (С. Мұқанов). Қейбір
тілдердің фактілері бізді бұл сөздің этимологиясын ашуға жақындата түседі:
туваша — барымдаа — 1) негіз; 2) себеп. Монғолша — баримт1 негіз, дәлел,
себеп, ар-гумент; 2) факт, жагдай; 3) есеп. Тіліміздегі барымта зат
есімінің шығу төркіні “себеп, негіз дәлел, есеп” мағыналарына келіп
ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше,
түркі тілдеріндегі барымта сөзі монғолдың “негіз, факті, себеп, дәлел”
мағынасындағы бармит сөзінен шыққан болуы керек. Баримт түркі тілдерінің
артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оньвд мағынасында
абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымта сөзінен
барымталасу сиякты туынды етістіктер жасалған. (Ж. Б.).

Монша. Біз шақтадан кас қарая шыгып едік, моншаға түсіп шыкқанымызша түн
болып кетіпті (Ә. Әбішев) . Монша сөзі орыс тілінің мыться деген сөзінен
ауысып, татар тіліне мунча (Радлов. Опыт сл. I — IV.) болып енген. Қазақ
тілінің фонетика-лык ерекшеліктеріне сай мунча сөзі монша болып өзгерген. Ұ
дыбысы о-га, ч дыбысы ш-ға ауысқан. Сөйтіп, монша қазақ тіліне көршілес
татар тілі арқылы орыс тілінен ауысқан сөз.

4. Тұрмыс-салттағы қазақ сөздерінің этимологиясына мысал келтіріңіз.

Келін түсіру, қыз ұзату ғұрыптары.

Қазақтар өмірінің сан ғасырлық тарихы әдетте ана тілімен
тығыз байланысты. Мысалы, құда түсу рәсімдері, үйлену тойы, ас беру тағы
басқа толып жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып үлгілерінің атаулары тілде
сақталмаған болса, онда рухани мәдениет үлгілерінің мазмұны да кеми бермек.
Әдет-ғұрып, салт-сананы айтқанда, әдетте олар туралы халықтың көрнекті де,
көрікті ойлары тілімізге оралады. Сөз мәні, сөз сыры, ішкі-сыртқы
мағыналары салтпен, дәстүрмен астарлас жатқандығын байқаймыз. Ол мағыналар,
мәндер, сырлар астарында небір тарихи ұғым жатады немесе онда салт-
дәстүрлерге сай түрлі наным сақталады. Келін түсіру, қыз ұзату ғұрыптарымен
байланысты жұмыста ұрын бару, бауыздау құдалық, ит ырылдатар, табалдырық
аттар, түндік ашар, отқа май құю, оң жақ, жаушы, сәукеле, боғжама, сыңсу,
босаға, беташар тәрізді бірсыпыра идиоэтникалық бірліктердің тілдік
сараптамасы берілген. Мысалы, ұрын бару дәстүрі де, сөздің өзі де бұл күнде
қолданылмайды. Күйеу жігіттің қалыңдығымен алғаш кездесуге баруын ұрын
бару, осыған орай ұйымдастырылған той-думан ұрын той деп аталады. Тойдың
мақсаты – екі жастың оңаша кездесуіне, еркін сырласып, махаббат жайлы сыр
шертуге мүмкіндік туғызу. Жаңа ортаға келгенде қызының басына түсетін іс-
әрекеттерді, ұрын барғанда және қыз алуға келгенде, жігіттің де басынан
кешіріп, келген құда-құдағилардың да жауапкершіліктерін арттыратын тәлім
мен тәрбие деп түсінген жөн. Қайын жұртына келгенде бірінші болып, әдет пен
тәртіптің түрлерін күйеу жігіттің басынан кешіруі, ертең қалыңдығы өз
шаңырағына келгенде оған түсіністікпен көмек көрсетудің сабағы тәрізді.
Бұл туралы профессор Е.Жанпейісов: Ұрын бару ұрын келу деген
тіркестердегі ұрын сөзі түркологияда, негізінен, ұрлану, ұрланып бару
мағынасымен байланыстырылатынын, бірақ ұрын сөзінің ұрланып келу мағынасы
Б.Базылхан сөздігінде қарастырылмағанын, ал қырғыз тілінде баш урун
тіркесіндегі урун сөзі бас ию, қалыңдықтың ата-анасының алдында тағзым
ету (қалыңдық үйіне құда түсіп келгеннен кейін) мағынасын беретінін атап
көрсетеді [ЮСЛ: 807]. Е.Жанпейісовтың пікірінше, осы урун бару мен баш урун
тіркестеріндегі урун сөзі омонимдес, урум сөзінің мағынасы ұрпақ және
Абай жолы эпопеясы негізінде ұрын келу (ұрын бару ұрын кету ұрын
жіберу) ғұрпы күйеудің қыз аулына ұрланып емес, керісінше, жұрттың көзінше,
салтанатты түрде келуін білдіреді [2, 86-87]. М.Рясянен, Г.Вамбери, В.Банг
еңбектеріне сүйеніп, Э.В.Севортян уркачы ұрғашы, әйел, урлуқ ұрық,
ұрпақ уру туыс, ру, урым-путақ ұрпақ, урууғ тайпа, ру, буын, урғуқ
күшік, uraγ ұрық, uruk өскін ағаштың түбірі, оруқ вĕр сал
күйеуге беру дегендердегі ур ~ үр түбірі тұқым, ұрық, туу, ұрпақ әкелу,
тұқым беру, өнім, ұрпақ дегенді білдіретінін айтады [ЭСТЯ: 603-606].
Академик Ә.Қайдар ур ~ үр ~ өр түбірінен тараған ұран, ұрағат, ұру, ұрпақ,
ұрық, үрім, өрен сөздерінің жасалғанын көрсеткен [3, 294-296]. Біздіңше,
урун сөзінің шығу төркіні ру мағынасын білдіретін урук ~ уру ~ ру деген
сөз. Яғни ұрын бару деген тіркес ру, туыс болу деген мағынаны білдіреді
деп жорамалдаймыз. н дегеннен шыққан деушілер де бар.

5. Киіз үйге байланысты этимологиялық ерекшеліктерді түсіндіріңіз.

Көшпенділердің мифтік космографиясында киіз үй - бұл дүние бейнесі.
Жалпытүрік тіліндегі jurt (юрта - орыс тілінде ) деген сөзі жұрт
деген мағынаны басымырақ білдіріп және де – жайылым, жайлау деген
мағынаны да білдіреді. Қырғыз және қазақ тілдерінде Ата-Жұрт сөзі
атамекен - синонимі Отан, сөзбе-сөз айтқанында: Әке үйі дегенді
білдіреді. Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып,
тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы
жақынрақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған.
Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шаменен
алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй
ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің
көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған.

6. Қазақ этимологиясы пәнінің пайда болу себептерін түсіндіріңіз.

Қазақ этимология пәні қазақ тіліндегі сөздердің осы заманы даму қалпын,
олардың келіп шыққан арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердіц
экспрессивті-стилистикалық мәнін, қолданылу аясын тексереді. Сөздсрд актив
және пассив топтарын қарастырады. Ана тіліміздегі сөз байлығының басынан
кешкен ұзақ тарихы бар. Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты
заңдылықтарды тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологиянын бір
саласы — этимология. Сондықтан этимология пән ретінде сездердің шығу
өркінін, олардың ең алгашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы
Қазақ халқы ерте заманда қандай халық-тармен канпіалықты қарьім–қатынаста
болғандығын айқындауызға болады. Ана тілінің лекспкасының даму, өзгеру
заңдылықтарын туыстас тілдердің лексикасыи тарихи тұргыдан тексеріп
салыстыра зерттегенде ғана дұрыс танып білуімізге болады. Сөздердің мағына
жарынан дамуын семасиология тексереді,_ Семасиологияның мәнді қызметі
эсіресе түспідірме сөздіктерді жаса- ғанда айқын байқалады. Мұнда сөздің
негізгі, қосымша және туынды мағыналары тарихи даму турғысынан алып
сараланады

7. Қазақ этимологиясына анықтама беріңіз.

Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін
зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір
саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі
жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық
зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-
дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде
дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. мағынасы айқын
сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты
мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың
ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік
талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен
сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы
туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің
қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап
айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Сөз
төркінін дұрыс та дәл анықтаудың нәтижелі тәсілі болып саналатын бұл
принцип-критерийлер жалпы түрде емес, нақтылы тілдердің өзіндік
ерекшеліктері мен сол тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтары негізінде
қолданылады. Осы орайда синхронды және диахронды бағыттағы Этимологиялық
зерттеуге қойылатын тағы бір шарт – тарихи факторлармен санасу. Фонет.
принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне
тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық
сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы,
дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы,
орын алмастыру мен апокопа, элизия мен парагогия, флексия мен фузия, т.б.)
сан алуан фонет. заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфол. принцип
– сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді.
Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, түркі
тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір,
туынды түбір және граммат. тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады.
Сондай-ақ морфол. принцип-критерий сөзжасам процесіне негіз болушы көптеген
модель-үлгілер мен сан алуан граммат. тұлғалардың ішінен Этимологиясы
анықталуға тиісті лексиканың табиғатын тап басып тану үшін, өзіне ұқсас
басқа сөздерден айыру үшін қажет. Семант. принцип – сөздердің мағынасын
анықтауда Этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады.
Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық
не морфол. тұлғасына да тікелей қатысты. Сөз мағыналарының көнеруі,
күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті
біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семант. заңдылықтар –
Этимологиялық принцип. Тарихи принцип – Этимологияның тарихи
лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы.
Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі
бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын
анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т.б. рухани-
материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимол. принцип-критерийлер өзара
тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады. Этимологияның түрлері үш топқа
(ғыл., қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғыл. Этимология – жоғарыдағы аталған
төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп
жасалған. Қызықты Этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге
тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген,
сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен
қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың
бұқара арасына тез тарап кететін Этимологиялар жатады. Халықтық Этимология
– сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, түрлену, даму,
жасалу, т.б. заңдылықтарымен, Этимологияның ғыл. принциптерімен санаспай,
табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым алыс
ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім тұрады. Этимологиялық
зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және пайдалануға қолайлысы
– Этимологиялық сөздіктер. Мамандардың пікірінше, түркі тілдері бойынша
жарық көрген әр деңгейдегі Этимологиялық сөздіктердің 7 түрі бар. Солардың
ішінде жалпы түркі тілдерінің Этимологиясына бағытталған іргелі еңбектердің
қатарына А.Вамбери және Э.В. Севортянның сөздіктерін айтуға болады. Жеке
түркі тілдері бойынша шыққан сөздіктердің қазақ ғалымдары түзген “Қазақ
тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1958) жатқызуға болады. Әдеб.:
Введенская П.А., Колесников Н.П., Этимология и ее виды, Ростов, 1986;
Қайдаров Ә., Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен
міндеттері Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері, А., 1988. Ә.
Қайдар

8. Қазақ этнолингвистикасы мен этимологияның байланысын анықтаңыз.

Этнолингвистика және этимология. Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете
зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың
да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе, мағынасы
күңгірттенген бірліктердін мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс
шеңберін айкындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура
келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында
мұндай фактілерді халықтық этимология (оны жалған этимология деп те
атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай жағдайда бұл тәрізді
еркін жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру қажет тәрізді.Кейде
этнолингвистикалык түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де этиимологиялык бір
деректін өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмін. Мысалы, көне де байырғы бөрі
сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарышқыр сөзін үлкен ғылыми
этимологияға бармай-ақ, кырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып
қалуына байланысты қарышқыр деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.

Айта кету керек, этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық
факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше,
этнолингвистикалык деректер этимологияның негізгі үш— фонетикалық,
семантикалық және морфологиялык, — принципіне қосымша дәйектеме ретінде
пайдаланылып, этимология обьектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи
дәлдігі түрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.

Бұл — лингвистикалық пәндердің этнолингвистика аясында болатын өзара
табиғи байланысы. Дәл осы тәрізді астарлас байланысты біз этнолингвистика
мен қазақ диалектологиясы арасынан да айкын көреміз. Өйткені
этнолингвистика әдеби тіл аукымымен ғана шектелмей, жалпыхалықтық тіл
фактілерін мүмкін болғанша түгел қамтуды мақсат етеді. Міне, осыған
байланысты этнолингвистика жергілікті (жанды, ауызекі, жаргон т. б.) тіл
ерекшеліктерін зерттейтін диалектологиямен де мүдделес. Бұл — этнолингвист
ғалымдар этнос болмысын танып-білуге қатысты жарияланған
диалектологиялықматериалдарды да, өз тұсынан жинаған фактілерді де
пайдаланады деген сөз.

9. Қазақ сөзіне ең алғаш дұрыс түсініктеме берілген тақырыптар.Тарихшы-
жазушы Қойшығара Салғариннің Қазақ сөзіне байланысты пікірін талдаңыз.

Қазақ сөзі жеке сөз ретінде де сараланып, төркіні анықталған жоқ. Тек
толып жатқан топшылаулар мен болжамдар ғана. Бұл бұл ма керек десеңіз,
қазақ сөзінің қай халықтың тілдік қорының қазынасы екені де белгісіз.
Әйтеуір бәріміз үйренген, әркімнен естіген түрік сөзі дейміз. Жазушы
Қойшығара Салғара ағамыздың айтуы бойынша ғалымдардың бір тобы қазақ
сөзінің төркінін халықтық этимологиядан іздейді. Ондағы нұсқалар да
әркелкі. Аңыздардағы бір желісіне тоқталған ғалым, Тізбектелген түйелі
көші қайтқан қазға ұқсап тізіліп бара жатқан жұртты көріп, көршілері
мыналар қалай қаздай тізіледі, қазақ екен деп таңданыпты-мыс. Содан кейін
олар осы жұртты қазақ деп атап кетіпті. Қайтқан қазға ұқсап тізіліп,
көшіп бара жатқан кім, оған таңданып қаз-ақ екен деп таңданып тұрғандар
кім? Аңызда оған жауап жоқ. Енді біреулері қас және сақ деген екі
сөздің қосылып, бірігуінен пайда болған дейді. Қазақ сөзінің шығу
төркінін қазақ жерінде V-VIII ғасырларда өмір сүрген аз деп аталатын
тайпа атымен қиюластыратын ғалымдар да табылды деп тұжырымдайды ғалым
Қойшығара Салғара.

10. Қазақ сөзіне ең алғаш дұрыс түсініктеме берілген тақырыптар. Белгілі
жазушы Әнес Сарайдың пікірін толықтырыңыз..

Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі, бір күндік немесе бір жылдық оқиға
ретінде алып қарастыратын тарихи акті емес, сондықтан да зерттеушілер мұны
процесс ретінде зерттеп, жаңа хандықтың құрылуының басы мен қалыптасу
кезеңін көрсетуге, дәлірек ашып беруге тырысуы − обьективті мәселе.

С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтанов Қазақ хандығының құрылуына байланысты
пікірлерін: Оның құрылу тарихы Орыс ханның ұрпақтарының – бас имейтін
сұлтандарының бастауымен Моғолстан шегіндегі Өзбек ұлысының халқының бір
бөлігінің 1458 және 1462 жылдар аралығында көтеріле көшіп кетуімен және
1468 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін көшпелі өзбек деп
аталынатын мемлекеттің ыдырауымен байланысты,− деп жазды.

М.Х.Дулатидың Тарих-и Рашиди атты атақты классикалық еңбегінен біз
көптеген жайттарға қанығамыз, сұрақтарға жауап таба аламыз. Ең алдымен
Қазақ хандығының құрылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
МАУСЫМДЫҚ ҒҰРЫПТАР ФОЛЬКЛОРЫНА ҚАТЫСТЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКА
Өлшем мәнді тұрақты сөз тіркестері
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика туралы
Түс концептісін (қызыл) ағылшын және қазақ мәдениеттерінде салыстырмалы түрде талдау
Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінен мысалдар жинақтау
Лиро-эпостық жырдағы көнерген сөздердің лингво-танымдық мәнін ашу
ЭТИМОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
Пәндер