Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология
негізінде жетілдіру әдістемесі
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. ҚР білім беру жүйесінің дамуы – жаңа
ақпараттық технологиялар мен компьютерлердің қолданылу деңгейіне,
шығармашыл білімнің қалай қалыптастырылатындығына, оның әлеуеттік
мүмкіндігінің күшеюіне байланысты.
Ал бұл міндеттің іске асырылуы мектептегі оқу үдерісіне жаңа
технологиялар мен ақпараттық құралдардың қаншалықты, сонымен қатар қандай
негізде енгізілуіне тәуелді екені түсінікті. Жалпы орта білім берудің
математика пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бұл
пәннің саласында онымен іргелес өзге де ғылым салаларындағыдай жаңалықтар
мен жаңа білім көлемі жедел қарқынмен жыл сайын артып отырғаны айтылып, осы
нормативтік құжаттың мақсат-міндеттерін анықтауда ескерілген қоғамдық
өзгерістің бірінде былай делінген: ... Қоғамның жоғары деңгейде
ақпараттандырылуы, ақпараттық техника мен технологиялардың кеңінен
қолданылуы математиканы оқыту барысында оқушылардың алгоритмдік мәдениетін
дамуды талап етеді.
Бұл мәселені шешудегі басты міндет мектепке, әсіресе, математиканы
оқытуға жүктеледі.
Жалпы, геометрияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдар Н.М.Бескин,
В.Г.Чичигин, А.Н.Колмогоров, В.А.Гусев. Геометрия есептерін шығару мен
теоремаларды дәлелдеуді оқып үйретуге Д.Пойа, М.Б.Волович, К.С.Богушевский,
Л.С.Карнацевич, мектеп геометриясы оқулығындағы тарауларды оқытуға
Т.М.Мищенко, Ю.М.Колягин, Г.Л.Луканкин, С.Е.Ляпин, В.А.Оганесян, А.Я.Блох,
И.Ф.Тесленко т.б. еңбектері бар.
Осы еңбектерге жүргізілген талдау қоғамның ақпараттануына байланысты
геометрия саласындағы бар жетістіктерді компьютермен ұштастырудың қажет
екенін көрсетті.
Қоғамды ақпараттандыру мәселесiне, оның негiзгi белгiлерi мен
сипаттамаларын анықтауға бірқатар философтар мен психологтардың (В.Г.
Афанасьев, В.В. Давыдов, Е.И. Машбиц т.б.) және педагог ғалымдардың
еңбектерi (С.И. Архангельский, Е.Ы. Бидайбеков, Ж.А. Қараев т.б.) арналған.
Білімді ақпараттандырудың проблемалары мен оларды шешу жолдарын,
дамытудың түрлі деңгейлерін И.В. Роберт, В.И. Гриценко, Ю.С. Завальский,
Б.Г. Киселев, С.С. Ландо, В.В. Рубцов, т.б. талқылаған.
Оқытудың техникалық құралдарын орта мектепте пайдалана отырып оқу
үдерісін жетілдіру, оқушылардың білім-білік, дағдыларын қалыптастыру
мәселелерімен А.И. Маркушевич, Н.Ф. Талызина, Н.И. Тихонов,
М.Ә. Құдайқұлов, Н.В. Кузмина, К.К. Платонов, т.б. ғалымдар
айналысқан.
О.П. Таркаев, А.В. Иващенко, В.К. Цонева, В.П. Пустовойтовтардың
зерттеулерiнде компьютерді оқу үдерісінде пайдаланудың жалпыпедагогикалық
аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық
шарттары анықталған. Ақпараттық технологиялардың оқыту үдерісіне тигiзер
әсерiнiң психология-педагогикалық негiзi Н.Ф. Талызина, Б.С. Гершунский,
В.А. Новиков, В.М. Монахов, А.Я. Савельев, О.К. Тихомиров және т.б.
ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнген.
Орта мектепте математика пәнiн оқытуда компьютерлiк технологияны
пайдалану Е. Баранова, Р.Б. Бекмолдаева, С.С. Дайырбеков, В.С. Свиридовтар,
диссертацияларының зерттеу пәніне енген.
Соңғы кезде электрондық оқулық басылымдармен жұмыс мәселелерi
зерттелiнiп, (Г.К. Нургалиева, Ж. Қайдасов, В.В. Гриншкун т.б.) тура және
керi байланысты іске асыратын автоматтандырылған кешен түрiндегi жүйелер
ұсынылуда.
Компьютер арқылы оқу материалдарын көрнекі ұсынып оқытатын Живая
геометрия бағдарламасы Ресейде қолданысқа еніп, оқушылардың қызығушылығын
арттыруға тиімді пайдаланылуда.
Келтірілген қысқаша шолу қазіргі бiлiм саласында жаңа, ақпараттық
парадигманың қалыптаса бастағанын көрсетеді.
Алайда геометрия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану
мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстарын талдау біз қарастырып отырған
мәселелердің толық қамтылмағанын көрсетті. Негізгі мектепте планиметрия
курсын оқыту барысында оқушылардың іс-әрекеттерін ақпараттық технология
арқылы ұйымдастыру мен басқару, теоремаларды дәлелдеу мен есептер шығару
кезінде ұғымдар арасындағы байланыстарды бекітетін іс-әрекеттерді
ақпараттық технология қолдауымен жүргізу, бағдарламалық кұрал-жабдықтың
көмегімен оқушылардың білім-білік, дағдыларын тиянақтау мен бекіту, есте
сақтау ерекшеліктері мен табиғаты психология-дидактикалық және әдістемелік
зерттеулерде тиісті аспектілер тұрғысынан талқыға салынған.
Негізгі мектептегі планиметрия курсын оқытуда оқушылардың тиісті ұғымды
нәтижелі қалыптастыру, есептер шығару мен теоремаларды дәлелдеу біліктерін
игерту қызметін ақпараттық технология мүмкіндігімен жетілдіру қажеттілігі
мен оның іс жүзінде әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі арасында қарама-
қайшылық туындайды. Осыған орай, мектепте планиметрия курсын оқыту сапасын
жетілдіру үшін ақпараттық технологияны пайдалану жолдарын анықтау осы
курсты оқыту әдістемесіндегі көкейкесті мәселе болып табылады.
Мәселенің ауқымдылығы, оның жеткіліксіз зерттелінуі, ғылыми-
практикалық мәнділігі ескеріле келе, диссертациялық жұмыстың атауы Негізгі
мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдаланып
жетілдіру әдістемесі болып таңдалды.
Зерттеу мақсаты – негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық
технологияны пайдаланып жетілдірудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу,
эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеу нысаны – 7–9-сыныптарда геометрия пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық
технологияны қолдану негізінде жетілдіру әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер планиметрия ұғымдарын қалыптастыруда,
теоремаларды дәлелдеуде, есеп шығаруда ақпараттық технологияны қолдану
мүмкіндіктері айқындалып, оның негiзiнде оқыту әдiстемесі жасалынса, онда
планиметрия курсын оқыту және оқушылардың оқып-үйрену жұмыстары жетілдіріле
түседі, өйткені олар өздеріне қажетті ақпаратты іздеуге, тауып алып, дұрыс
пайдалануға дағдыланады.
Зерттеудің мақсаты, ұсынылған болжамды жүзеге асыру төмендегідей
міндеттерді шешуді талап етеді:
– негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып
оқытудың дидактика-әдістемелік негіздерін айқындау;

оқытудың әдістемесін жасау;

оқыту жөніндегі тәжірибелік-экспериментін жұмысы ұйымдастыру, нәтижелерін
талдау.
Зерттеудің жетекші идеясы – планиметрия курсы ақпараттық технологияны
пайдалану негізінде оқытылса, онда оқудың мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартының талаптарында қарастырылған нәтижелерге қол
жеткізуге кепілдік берілетіндіктен, оқу үдерісінің тиімділігі артады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін оқытудағы іс-әрекеттік
көзқарас, ақыл-ой іс-әрекетін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы,
дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясы, білім берудегі технологияық
көзқарас, оқытудың философиялық, педагогикалық, психологиялық және
дидактикалық тұжырымдамалары құрайды.
Зерттеудің көздері: ҚР Конституциясы, Білім туралы Заңы, жалпы орта
білім берудің мемлекеттiк жалпыға міндетті стандарттары, математика пәнінің
оқу бағдарламасы, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, шетелдік
және отандық философтар, психологтар, педагогтар және математика
мұғалімдері мен әдіскерлердің еңбектері.
Зерттеу әдістері:
– мектептердің жұмыс бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу құралдарын,
психология-педагогикалық, математикалық және әдiстемелiк әдебиеттерді
талдау;
– негізгі мектептегі оқу үдерісін ақпараттық технологияны пайдалануға
қатысты елімізде және әлем елдерінде жинақталған тәжiрибелердi зерттеу,
жалпылау;
– математика пәнiнің мұғалiмдерiмен пiкiр алмасу, мұғалімдер арасында
сауалнама жүргізу;
– негізгі мектепте тәжiрибелiк-эксперименттік жұмыс жүргiзу және оның
нәтижелерiн математика-статистикалық әдістер арқылы өңдеп-талдау.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:
– негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны
пайдалану арқылы жетілдірудің дидактика-әдістемелік тұрғыда айқындалуы.
– негізгі мектепте планиметрия курсының ерекшелігіне сәйкес ақпараттық
технологияны пайдаланып оқыту әдістемесі.
Зерттеудiң теориялық маңыздылығы – планиметрия курсын ақпараттық
технологияны пайдаланып оқытудың ғылыми негізделген әдістемесінің
жасалынуында; алынған теориялық нәтижелердің бұл саладағы болашақ зерттеу
жұмыстары үшін базалық негіз бола алатындығында.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы – планиметрия курсын оқытуды
ақпараттық технология негізінде жетілдіру үшін диссертацияда жасақталған
компьютерлік бағдарламаны, дидактикалық құралдар жүйесін, негізгі мектеп-
лицейлерде, гимназияларда пайдалануға болатындығында. Планиметрия курсын
оқытудың ұсынылған технологиясын педагог кадрлардың білімін жетілдіру және
қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
– ақпараттық технологияның даму жағдайындағы мектептің оқу пәні
ретінде геометрия курсының құрылымын, мазмұнын және рөлін анықтау;
– негізгі мектептің планиметрия курсын заманауи ақпараттық
технологиямен интеграциялау арқылы оқытудың әдістемелік жолдары;
– Негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны
пайдаланып оқыту атты арнайы курс бағдарламасы;
– зерттеу жұмыстары барысында біздің қол жеткізген жетістіктер негізінде
ақпараттық технологияны қолданып планиметрия курсын оқытуды жетілдіру
жөніндегі ұсыныстар.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2000–2002 жж.) педагогикалық іс-тәжірибелерді зерделеу,
негізгі мектептегі мемлекеттік емтихан және мемлекеттік бақылау
нәтижелерін, планиметрия курсын оқытудың қазіргі жағдайын талдау арқылы
оқушылардың математикалық біліміндегі олқылықтардың себептері анықталды.
Екінші кезеңде (2002–2004 жж.) ақпараттық технология дидактикалық
бірліктерді ірілендіру мен ақыл-ой іс-әрекетін кезең-кезеңмен қалыптастыру
теориялары және алгоритмдік әдіс тұрғысынан қарастырылып, оның планиметрия
курсын оқытуды жетілдіру мүмкіндіктері анықталды. Оқушылардың оқу
материалын игеру деңгейін тексеруге қатысты тест сұрақтарының жүйелері,
компьютерлік бағдарлама құрылды.
Үшінші кезеңде (2004–2007 жж.) 7–9-сыныптарда геометрия сабақтары
ақпараттық технологияны пайдалана отырып өткізіліп, нәтижелері талданды.
Зерттеу барысында тұжырымдалған негізгі қағидалар нақтыланып, түзетілді.
Алынған нәтижелерді жалпылап талдау жұмыстың қорытындысында келтірілген
тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік берді.
Зерттеу базасы. Зерттеу Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің Шымкент институтында орындалды. Негізгі мектепте
планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру
жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысының
Мақтарал ауданы Жаңа дала орта мектебінде, Шымкент қаласындағы №75
көпсалалы мектеп-гимназиясында, №60 орта мектебінде, М.О. Әуезов атындағы
№32 орта мектебінде жүргізіліп, нәтижелері оқу үдерісіне енгізілген.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігін зерттеу тақырыбы
бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын, оқыту әдістерін, жан-
жақты талдау; талдау нәтижелерін зерттеу барысында негізге алу; тәжірибелік-
эксперименттік жұмысқа қатысқан оқушылар санының жеткілікті болуы,
эксперимент нәтижелерінің математика-статистикалық тәсілдермен өңделуі
қамтамасыз етті.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеу жұмысының
негізгі қағидалары, нәтижелері мен қорытындылары:
– келесі республикалық, және халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларда жарық көрген: Физиканы, математиканы және информатиканы
инновациялық оқыту: өзекті мәселелері және болашағы (Шымкент, 2004),
Педагог мамандарды кәсіби дайындаудағы қазіргі білім беру технологиялары
(Шымкент, 2004), Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы
өзекті мәселелері (Шымкент, 2007), Wyksztalcenie I Nauka bez
granic–2008;
– М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының семинарларында,
университеттің ғылыми-әдістемелік семинарларында талқыланып, ғылыми есеп
түрінде баяндалды;
– отандық мерзімді басылымдарда жарияланған: Ізденіс–Поиск
республикалық ғылыми-әдiстемелiк журналында (№3, Алматы, 2005); Ұлт
тағылымы журналында (№1, Алматы, 2008); Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ
Хабаршысында (№4, Алматы, 2008); Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университетінің Хабаршысында (Түркістан, 2008);
– жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында геометрия пәнін
оқытуда кеңінен пайдаланылды;
– оқу-әдістемелік құралда көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы зерттеу қисынымен анықталады. Бұл жұмыс
кіріспеден, екі бөлімнен, бөлімдер бойынша қорытындыдан, жалпы
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны
пайдаланып жетілдірудің психология-дидактикалық негіздері атты бірінші
бөлімде мектепте геометрияны оқытудың бүгінгі жай-күйіне талдау жасау
арқылы, оның ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, планиметрия курсын
оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдірудің дидактика-
әдістемелік мүмкіндіктері көрсетілді.
Жалпы орта білім беретін мектептерде математиканы оқытудың теориясы мен
әдістемесін дамытудағы өзекті мәселелер, солардың ішінде оқушылардың
логика-әдіснамалық білім-біліктерін жетілдіру жұмысының ғылыми әдістемелік
негіздеріне (Д. Рахымбек), математика есептерінің классификациясы мен
оқушыларды есеп шығаруға үйретудің әдіс-тәсілдеріне (А. Әбілқасымова,
И. Бекбоев, М. Есмұқан т.б.), алгебра және геометрия курстарының өзара
байланысын нығайту негізінде геометрияны оқытудың әдістемелік
ерекшеліктеріне (Ә. Қағазбаева, Қ. Жұбаев, Ә. Бидосов және т.б.),
математика ұғымдарын оқыту негіздеріне (Қ. Қожабаев, Ә. Кенеш т.б.)
арналған ғылыми еңбектерде оқушылардың логикалық ойлауының дидактика-
әдістемелік ерекшеліктері, ойлауды дамыту мен оқытудың тығыз
байланыстылығы, білімнің логикалық құрылымы, оларды оқушыларға түсіндіре
білу мәселелері жан-жақты зерттелінген.
Мектеп пәндерінің ішінде оқушылардың логикасын дамытуға мүмкіндік
беретін бірден-бір пән – геометрия. Біз оны оқытуда оқушыларда логикалық
пайымдау, өз тұжырымын дәлелдеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру біліктерін
қалыптастыруды мақсат етіп қойдық.
Іс-әрекет әрдайым психиканың қатысуымен міндетті түрде түзілетін
субъектінің объектімен байланысы болып табылады. Қандай да бір іс-әрекетті
орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде сақтауы, ойлауы, оған
зейін аударуы қажет, әрекет желісінде қандай да бір көңіл күй шарпулары
туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет-ұстанымдары мен қатынастары
қалыптасады.
Психологтар (П.А. Шеварев, Б. Инельдер, Ж. Пиаже) оқу материалының бiр-
бiрiмен байланысы шамалы болған сайын оқушылардың жадына салмақ
түсiретiндiгiн, ал ойластыра ұйымдастырылған іс-әрекет нәтижесiнде олардың
оқу материалын игеруi мен есте сақтауы жеңiлдетілетiндiгiн, бiлiмдердi
тереңдей түсетiндiгiн анықтаған.
Іс-әрекеттің ұғымды игерту үдерісі ұғымның мазмұнын, оның көлемiн,
басқа да ұғымдармен және дәйектермен маңызды байланысын игерудi қамтиды.
Сондықтан да планиметрия курсында ұғымдарды игеруге бағытталған тапсырмалар
жүйесi ұғымның барлық маңызды қасиеттерiн (ұғымның мазмұны мен көлемін)
ашатындай тапсырмалардан тұруы керек.
П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс-әрекеттерін сатылай қалыптастыру теориясы
бойынша, іс-әрекет жолдары, өзіне пара-пар ізденіс өрісімен қамтамасыз
етілген жағдайдағы операциялар деңгейінде ғана игеріледі.
Л.С. Выготский білім оқушының өз жасаған іс-әрекеті арқылы ғана
игеріледі десе, ал А.Н. Леонтьев оқушының жаңа материалды игеруіне кепілдік
беру үшін іс-әрекет оқып-үйренілетін материалға сайма-сай жасалынуы қажет
екендігін атап көрсетті.
Геометриялық білімді жедел қабылдату мен меңгерту әр алуан көрнекі және
техникалық құралдарды (модельдерді, кестелерді, сызбалар мен суреттерді,
арнайы диа-кинофильмдерді) тиімді пайдалану арқылы іске асырылып келгені
белгілі. Көрнекі құралдар оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктері мен
конструктивтік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Әдістемелік әдебиеттерде
математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше екендігі айтылған.
Көрнекілік сызбанұсқалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала
алмайды. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамуы кезінде
көрнекіліктердің барлық түрлерін ақпараттық технология алмастырды.
Нәтижесінде оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру, компьютерлік
оқыту технологиясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, электронды-
коммуникативті жүйелер, қашықтан оқыту, электрондық оқулық деген термин
сөздер пайда болды; білім беру іс-әрекетінде саралап және жеке тұлғаға
бағытталған оқыту түрлерін ақпараттық технологиялардың қолдауымен жүзеге
асыра алатын мүмкіндіктері анықталды.
Психология-педагогикалық әдебиеттерде ақпараттық технология негiзiнде
оқытуды жалпылама былай түсіндіреді: компьютерді оқу процесін әдiстемелiк
басқаруға пайдалану.
Математиктер мен әдіскерлер математика сабақтарында компьютерді қолдану
оқытудың басқа техникалық құралдармен салыстырғанда жетiлдiрiлген тиімді
оқыту әдістерінің бірі деп есептейді.
Бағдарламалап оқытудың дидактикалық мүмкiндiктерiн ескере келе
И.И. Мархель 1990 жылы қандай оқу материалдарына компьютердi қолдану және
оны оқытудың дәстүрлi әдiсiмен байланыстыру керектiгi туралы зерттеу
мәселесін ұсынды.
Сонымен қатар зерттеулерге талдау оқу үдерісінде жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу ісі математика курсын толығымен компьютерлік негізге
ауыстыруға болмайтындығын да көрсетуде. Біз математиканың абстрактілі
сипаты мен оқушылардың абстрактілі ойлау қабілетін дамыту шаралары
ақпараттық технологиямен оқытуды дәстүрлі оқыту әдістерімен тығыз
байланыста жүзеге асырылуға тиіс деп есептейміз. Бұдан пән мазмұнында
ұғымдар арасындағы байланысты ескере отырып дидактикалық бірліктерді
ірілендіріп беру, пән мазмұнын өзгерту қажеттілігі, яғни мазмұнды
ақпараттандыру қажеттілігі туындайды.
Ал оқыту ісінде электрондық оқулық басылымдарды пайдалану, көрнекілік
ретінде демонстрация-мультимедиалық бағдарламаларды пайдалану ақпараттық
кеңістіктен қажетті ақпаратты іздеу мүмкіндіктерін қолдану оқудың
ақпараттануына алып келеді.
Ақпараттық технология бойынша оқытуды ұйымдастыру әртүрлі әдістермен
іске асуда. Мысалы, қазіргі кезде өзін-өзі тексеруде, ағымдық және
қорытынды бақылауларда компьютерлік тестілеу кеңінен қолданыс табуда.
Компьютер арқылы бақылау ісін де тестілеу әдісі сияқты оқытудың
ақпараттануына жатқызуға болады.
Компьютердi оқыту барысында тиімді қолданудың бiр жағы оқушының оқу
белсенділігін басқарумен сипатталады. Оқушы компьютерден алған қажетті
ақпаратты саналы түйсініп, бiлiмге алмастырады. Оны оқу мен еңбекте қолдану
оқушының iс-әрекет құралына айналады. Бұл жерде мұғалiмнiң iс-әрекетi
жоспарлы түрде оқушының танымдық iс-әрекеттерiн жетілдіруге бағытталады.
Көптеген дидакт, психолог ғалымдардың зерттеулерiнде танымдық іс-
әрекеттерді белсендіре отырып оқытудың артықшылықтары көрсетiлген.
Диссертациялық жұмыстың 2-бөлімінде планиметрия курсын оқытуда
ақпараттық технологияны қолдану мәселелері жан-жақты талданған.
Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін
анықтау, келесі деңгейге өткізу сияқты жұмыстарды мұғалім орнына
компьютердің басқару мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оқушылардың дайындық
деңгейлерін компьютер анықтап, егерде оқушы білімі қанағаттандырса, келесі
тапсырмаға өтуге рұқсат береді, яғни мұнда оқытуды тікелей компьютер
басқарады. Ақпараттық технология негізінде оқушы білімді ақпараттық
кеңістіктен іздеп, өз бетімен білім алып, өзін-өзі дамыта алады.
Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген
оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарында ақпараттық
технологияны қолдану моделін жасадық(1-сурет).
1-сурет – Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуда ақпараттық
технологияны қолданудың моделі
Осы модельдегі тәртіпті сақтау арқылы оқушының жаңа әдісті қабылдауға
деген дайындығын; әрбiр жаңа жағдайға байланысты iс-әрекеттердi дұрыс
орындай алуын; әрбiр орындалған iс-әрекеттiң мақсатын айқындай отырып,
орындалған iс-әрекеттер тiзбегiнiң дұрыстығына көз жеткiзуін; қоршаған
ортаның геометриялық сипатын түсiнуін; көзқарастар мен тұжырымдардың
көпбейнелiлiгiне түсiнiстiкпен қарауын; өз пiкiрiн тұжырымдап қорғай алуын;
өз қызметiн өткен кезеңдердегі тәжiрибелерiн ескере отырып, орындалатын
тапсырмаға бағдарлай алу түрiндегi жалпы қасиеттерге ие болуын қамтамасыз
етуге қол жеткiзiлуi тиiс.
Негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып
жетілдіру әдістемесі атты екінші бөлімде планиметрия курсы материалдарын
ақпараттық технология негізінде жетілдіру арқылы оқыту тиімділігін
жоғарылату жолдары және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері
баяндалады.
Бiз планиметрия курсын оқыту мәселесiн ғылыми-әдiстемелiк және
психология-дидактикалық тұрғыдан талдай отырып, мектеп оқушыларына
планиметрия ұғымдарын қалыптастыруды, теоремаларды дәлеледеуді, есептерді
шығаруды функционалды-графикалық тұрғыдан ақпараттық технологияны қолданып
оқыту әдiстемесiн ұсынамыз. Жоспарланған оқыту нәтижелерiне жету мақсатында
оқушыларға ақпараттық технология көмегiмен педагогикалық әсерлер жасау,
яғни оқу ақпаратын түсiндiру, теореманы дәлелдеу мен есептердің шығарылу
үлгiлерiн көрсету, қосымша сұрақтар және нұсқаулар, анықтамалар беру
ұйымдастырылады.
Планиметрия курсының ұғымдарын қалыптастыруды ұсынылып отырған
Macromedia Flash технологиясымен жасақталған компьютерлік бағдарламада
фигуралар (бұрыштар, көпбұрыштар, геометриялық салулар) анимация арқылы
демонстрацияланады. Бұл фигураларды мұғалім жаңа тақырыпты өту барысында
компьютер, интерактивті тақта немесе бейнепроектордың көмегімен көрсете
алады.
Мысалы, нүкте, түзу, сәуле, бұрыш және көпбұрыштар тақырыбын
демонстрациялау терезелерін сипаттайық (2–5-суреттер).
2-сурет ( Кесінді және оның ұзындығын демонстрациялау терезесі
3-сурет ( Сүйір бұрышты демонстрациялау терезесі
Бұл демонстрациялау терезелері арқылы бұрыштардың түрлерін таныстырып,
оларды бір-бірімен салыстырып, айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін
көрнекі түрде оқытуға болатындығын байқау қиын емес.
Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаның келесі режімінде таныстырылған
фигуралар туралы ұғымдарды, олардың түрлерін, айырмашылықтарын бекіту
мақсатында келесі терезелер ұсынылады. Бұрыш түрлері бағдарламасы бойынша
навигациялау үшін пайдаланатын батырмалар ұсынылған.
4-сурет ( Тестілеу терезелері
Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол келесі сұраққа өтеді.
Планиметрия сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруға
ерекше мән беріледі. Осыған орай, оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыратын Delphi ортасында компьютерлік бағдарлама дайындалды.
Бағдарлама бірнеше режімдерден тұрады. Осы режімдерді атап, олардың
кезеңдерін атап өтейік.
Оқуға тіркелу режімі: 1. Аты жөнін тіркеу; 2. Оқуға тіркелу.
Оқыту режімі: 1. Негізгі ұғымдар; 2. Теоремалар; 3. Есептер; 4.
Анықтама.
Нәтиже және тапсырма құру режімі: 1. Тапсырма құру; 2. Журнал.
Теория: 1. Теориялық материалдар; 2. Анықтама.
Енді, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасы терезелерінің
сипаттамаларын келтірейік.
Тіркелуде оқушының қай уақытта қаншалықты жұмыс істегені компьютерлік
бағдарламада сақталып қалады. Мұғалім сол арқылы оқушының қаншалықты
еңбектенгенін біледі.
Бағдарламаның оқыту режімінде тестілеудің түрлерін (таңдау, толықтыру,
сәйкестікті анықтау, дұрыс тізбек құру) қолдану арқылы оқушыны өтілген
тақырыптардағы материалдарды толыққанды оқуға әкелетін тәсілі қолданылды.
Мұнда оқушы өзін-өзі бақылайды және жауап бере алмаған жағдайда тестілеуден
шығып теориялық материалдар тармағынан немесе кітаптардан жауабын іздеп
тауып, тестілеуді ары қарай жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы
оқыту режімінде материалдар қарапайымнан күрделіге қарай Негізгі ұғымдар,
Теоремалар және Есептер болып жүйеленген (5-сурет).
5-сурет ( Оқыту режіміндегі негізгі ұғымдарды игертуге арналған
сәйкестікті анықтау тестісінің терезесі.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер дидактикалық құралға
айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық
технологияны пайдалану, электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға
пайдалану-өзекті мәселелер.
Жалпы, математиканы оқыту жүйесінде есеп шығарудың маңызы ерекше. Есеп
шығару әуелі оқушыларда геометриялық ұғымдарды қалыптастыруда, олардың оқу
бағдарламасы бойынша теориялық білімді игеруде мәні зор.
Есептер оқушыларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар
білімдерін пайдалану үдерісінде пысықтала түсетін нақтылы материал болып
табылады. Білімді қалыптастыруға арналған нақтылы материал рөлін атқара
отырып есептер теорияны практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға
мүмкіндік береді. Есептерді шығара отырып, оқушы көптеген геометриялық
ұғымдардың (бұрыштар, параллельдік, перпендикулярлық, аудан және көлем
т.б.) негізгі тамыры шын өмірде адамдардың практикасында екендігіне көзі
жеткізеді.
Есеп шығару үдерісінің өзі мектеп оқушыларының ақыл-ойының дамуына игі
ықпалын тигізеді өйткені ол талдау, жинақтау, нақтылау, абстрактілеу,
салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін іс-әрекетті талап етеді.
Мысалы, кез келген есепті шығарғанда оқушы талдайды: сұрақты шарттан,
берілген және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz