Әбу Ханифа және оның ханафиліктің құрылуындағы рөлі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

ӘБУ ХАНИФА

Хазіреті Пайғамбарымыз (са. у. ) қайтыс болғаннан кейін қоғамдық өмірде, саяси қатынастарда, діни қажеттіліктерде маңызды өзгерістер ортаға шықты. Қоғамдық өзгерістерден туындаған діни мәселелерді шешу үшін фикхшылар әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданды және бір-бірінен өзгеше әртүрлі нәтижелерге қол жеткізді. Тақырыптарға тереңдей түскен және шешімін табуға тырысқан фикхшылар мазхаб құру мақсатында пайда болған жоқ. Бірақ көзқарастары қоғамдық мұқтаждықтарға жауап бергендігі үшін халық тарапынан ұстанылды. Осылайша алғашқы кезеңдерде Исламды түсінуге және ұстануға бағытталған бір-бірінен өзгеше фикхтық жүйелер қалыптасты. Фикхшылардың атымен байланыстырылған көптеген фикх мазхабы қалыптасты. Әрбір фикх ғалымы өзінің көзқарастарын еркін ортаға қоя білді. Кейінірек бұл көзқарастарды ұстанушылар көбейе түсіп, мазхабқа айналды. Бұлардың бір бөлігі, қоғамдық негізінен осы күнге дейін жетті. Кейбіреулері болса, мазхаб имамы болып қабылданған адамдардың өлімінен кейін-ақ немесе бірнеше ғасырдан кейін ізсіз жоғалып кетті. Сүннетті қолданатын топтарда болса қазіргі таңға дейін жеткен фикх топтардан хадисшілер мен рей (ой-пікір) жақтастары болып табылады. Ой-пікір (рай) жақтастары ханафилер, хадисшілер болса маликилер, шафиғилер және ханбалилер тарапынан ұстанды. Үш мазхабтың құрушы да хадисшілердің бастаушысы болып саналды. Біріншілері болса, мәселелерді шешуде ақылға және ақылмен шешу жолдарына көбірек мән берді. Ал екіншілері болса, мәжбүр болмайынша ақылға салып шешуді қолданудан ұзақ тұрды. Ақылға салып шешуді хадис немесе жазулы мәтін ретінде қолдануды жоғары бағалады. Осы секілді жағдайлар шиалар арасында да болды. Шиалық жағфарилер арасында да ақылға сүйенген шешімдер шығаратын әдістер және имамдардан келген риуаяттарға сүйенген шешімдерді үйрететін ахбарилер пайда болды.

Ханафилік Куфадағы ақыл-ой (рай) мектебінің бастаушыларының бірі болып табылатын Имам Ағзам Әбу Ханифаға байланыстырылады және ахли сүннет шеңберінде алғашқы жүйеге келген фикхтық мазхаб.

Ханафия не болмаса ханафилік болып аталған мазхабтың есімі мектептің әдісшісі, әрі негізгі көзқарастарының қалыптасуына маңызды үлес қосқан Әбу Ханифаның есімімен тығыз байланысты. Әбу Ханифа және шәкірттері сенім және фикхтық тақырыптарда мәселелердің шешімін табуда ақыл мен ойды көбірек қолдануларына байланысты қарсыластары оларды ақыл мен ой жақтастары, иман тақырыбындағы көзқарастарына байланысты Куфа мүржиясы немесе фукаһа мүржиясы деп те атаған.

Әбу Ханифа және оның ханафиліктің құрылуындағы рөлі

Мазхабтың негізін қалаған Әбу Ханифа Нұғман ибн Сабит (150/767) сахаба және табиғин нәсілінен көптеген ғалымдар қызмет еткен білім орталықтарының бірі болған Куфа қаласында өсіп жетілген. Ол ұстазы Хаммад ибн Әби Сүлеймен (120/737) арқылы Ибраһим ән-Наһаий (92/710), Шағби (105/724), Әлхама ибн Қайыс, Қади Шурайх және Әсауттың білім мұрасын, әрі олардың жәрдемімен де Абдулла ибн Масғуд, Хазіреті Али және Хазіреті Омар секілді сахабалардың дін мен білімге қатысты түсініктері жайлы өте кең ауқымды түрде үйренді. Осындай ғылыми орта оның ақайд, жәдәл (тартысу), фикх және хадис ілімінде тереңдей түсінуіне әрі атақты ғалым болып қалыптасуына жол ашты. Әбу Ханифа ұстазы Хаммад қайтыс болғанынан кейін оның білім беру мұрасын жалғастырып, дәріс беруді өз қолына алды. Шәкірттеріне жүйелі түрде фикх сабақтарын беру және халық арасында кең таралған сұрақтарға жауап беру, яғни пәтуалар беру оның ең көп айналысқан екі негізгі жұмыстары болатын. Әбу Ханифа дәріс сағаттарында мәселелерді жеке-жеке талқылап, шәкірттерінің көзқарастарын білгеннен кейін, әрі тақырыптың сипатына қарай пікірталастар ұзаққа созылатын. Күн тәртібінде орын алған сұрақ жайында барынша көп ізденістер мен зерттеулерді орындағандардың ойлары мен пікірлері ортаға салғаннан кейін ғанапікірталас және ақылдасу тоқтатылатын. Әбу Ханифа осы сәттерде мәселені қайта қарастырып, кейін өз дәлелдерін және бұған байланысты ой-пікірін, пәтуасын түсіндіретін. Бұл үдерісте қателік жіберілген болса дұрысталып мәжілісте шығарылған шешім жинақталып жазылатын. Зерттеулерге негізделген ғылыми түсінік мен еркін ойлаудың символы болған пікірталас мәжілістерінде ортаға салынған бұл соңғы сөйлемдер кейінірек фикхтық қағидаларға айналып, мазхабтың ғылыми дәстүрінің орнығуына үлес қосты (Хатиб Бағдади, 5 том, 408) .

Әбу Ханифа фикхтық тақырыптарда маңызды орынға ие болғандығы секілді, сенімдік тақырыптарда да маңызды болып табылатын қайнар көз бола білді. Оған негізделіп жазылған сенімге байланысты тақырыптарды қолға алған қазіргі таңға дейін жеткен кітаптары сахихтық дәрежесіне қарай Рисала ила Осман әл-Баттий, Китабул алим уал-мутааллим, Әл-фикх ул -Абсад, Әл-фикх ул-Акбар және Әл-Уасая деп аталады. Әбу Ханифаның ғылыми қызметіне орталық ретінде таңдаған Куфа қаласы, Ислам мен басқа да көптеген діндердің топтары мен дүниетанымдық жүйелері орналасқан орталық болып табылатын. Бұл мәселе әртүрлі сенімдермен байланысты қызу қанды тартысулардың әрі қалалыққа негізделіудің өзімен бірге әкелген жағдайлары күн тәртібіне шығып отырады. Әбу Ханифа мен шәкірттері ой-пікір және ақылды алға әдістерімен қоғамда ортаға шыққан мәселелерге шешім тауып отырды. Осы іскерліктерінің нәтижесінде мазхаб құрыла бастады. Әбу Ханифа Әмауи және Аббаси дәуірлеріне куә болумен қатар, аһли бәйтке деген жақындығына байланысты сабақтарында саяси терминдік сөздерге де орын беріп ашықтап айтып өткен. Халық алдындағы абыройына байланысты жоғарғы билік иелерінің назарын өзіне аудара білген Әмауилер кезеңінде Уәли ибн Хубайра, Аббаси кезеңінде халифа Әбу Жағфар Мансур оған қазылық қызметін ұсынған. Әбу Ханифа болса бұл екі ұсынысты да қабыл етпеген. Ғылым саласындағы абыройы, халық арасындағы беделі мен мемлекет адамдары арасындағы орнына қарамастан Имам Әбу Ханифаның мазхаб құру ниетінің болмағандығы және ғылыми мектебі ол дүниеден өткеннен кейін, негізгі қағидалар қалыптасқаннан кейін құрылғандығы белгілі.

Ханафия мазхабының құрылуы және дамуы

Ханафия мазхабының құрылуы, жайылуы және мазхаб фикхының жинақталуы барысында мазхаб имамы шәкірттерінің үлесі мен мазхаб ғалымдарының қазылық қызметтерінде жүзеге асырған әдіс-тәсілдерінің алар орны зор болды. Әбу Ханифаның таңдаулы шәкірттері Әбу Юсуф (187/798), Зуфар ибн Хузайл (158/774) және Имам Мұхаммед (189/804) ханафия мазхабының жүйеге түсуі мен жайылуына үлес қосқан ең маңызды кісілер болып табылады. Әсіресе Харун Рашид (193/809) кезеңінде бас қазылық қызметіне тағайындалып ұзақ жылдар бойы осы қызметті жүргізген Әбу Юсуф, ханафиліктің ресми мазхабқа айналуына және тәжірибе жүзінде қолданылуына көп үлес қосты. Ол салық және мемлекет құқықығына қатысты «Китабул Хараж» атты кітабымен мектептің мемлекет құзырында күшке қол жеткізуіне, тағайындаған ханафи қазылары дәнекерлігімен бұл мазхабтың кең ауқатты түрде жайылуына және ханафи мазхабына деген қызығушылықтың артуы үшін барынша белсенді рөл атқарды (Ибн Нәдим, 1998, 25, 256) . Әбу Юсуфпен бірге мазхабтың алғашқы мужтаһидтері Хорезм, Батыс Түркістан, Хорасан мен Мауреннахрға барып, жаңадан мұсылман болған халықтарға Әбу Ханифаның көзқарастарын үйретіп, әрі оны ұстануды қамтамасыз ететін ортаны қалыптастырды. Әбу Ханифаның көптеген шәкірттерінің қазылық, бас қазылық пен муфтилік секілді ресми қызметтерінің арқасында оның сенімге байланысты және фикхтық көзқарастары Куфа мен Бағдадтан кейін Хорасанда -Бәлх, Рей, Мәру, Нисабур, Жузжам, Журжан, Саракс және Гератта; Мауреннахрда болса Термез, Бұқара, Нәсәф және Самарқанд қалаларында жайыла бастаған болатын (Кутлу, 2001, 217-296) . Әбу Ханифаның дәрістерінде қалыптасқан ғибадат, қарым -қатынас (муамалат) және жазаларға (укубат) байланысты үкімдер, пәтуалар және ижтихаттар қайта қаралып, тақырыптарына қарай бөлімдерге бөлініп және жинақталып жазылды. Осы жинақталып жазылуы негізінде Әбу Ханифаның көптеген шәкірттерінің қызмет еткендігі риуаят етілген. Бұл жинақтау әрекетінің ең маңызды жемісі Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбани (189/805) тарапынан қаламға алынған «Заһирур -Риуая» атты туынды болып табылады. Бұл кітапта ол Әбу Ханифа, Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің көзқарастарын жинақтаған. Ханафи мазхабының негіздерін қалыптастырғандығы үшін оған «Масаили -методика» деп те ат берілген. Алты кітаптан тұратын «Заһирур-Риуая» кітаптары мектептің көзқарасы мен түсінігін кейінгі ғалымдарға яғни буындарға жеткізген. Бұл кітаптармен оларда жазылған фикхтық қағидалар Ислам құқығының бірден бір қайнар көзі болды. Осы себепті бұл кітаптарға байланысты қазіргі таңға дейін көптеген түсіндірмелер жазылды.

Ханафи мазхабаның методикасы мен фикхының қалыптасуында алғашқы ғалымдардың, яғни мутақаддимин болып танылған Әбу Ханифа және шәкірттерінің зор үлесі болғандығы анық. Мазхабтың ішінде топқа бөлінушіліктер болса шейхтардың немесе кейінгі дәуір ғалымдарының кезеңінде қалыптаса бастады. Осы кезеңде алдыңғы кезеңге қарағанда көптеген кітаптардың жазылғандығы назар аудартады. Әсіресе жазалау құқығы, қорлар, айлалар, шарттар және кітапшалар секілді кейінгі сатыдағы әрі жүзеге асыруға бағытталған тақырыптарда кітаптар жазылды. Бұл кезеңде үлес қосқан ханафи ғұламаларының арасында бағдадтық фикх ғалымы Хассаф (261/875), Мысыр қазысы Баққар ибн Кутайба (270/884), Шам, Бағдад және Куфада қазылық қызметте болған Әбу Қазим әл-Қадидің (292/905) алар орны ерекше. Ханафи фикхын ашықтаған кейбір кітаптар да шейхтар кезеңінің екінші жартысында жазылған. Мәселен бұлардың арасында Тахауйдің (321/933) «Әл-Мухтасафы», Хаким аш-Шахид әл-Маруазидің (334/945) «Әл-Кафиі» және Керхидің (240/952) «Әл-Мухтасаф» атты кітаптарын айта аламыз. Мазхаб фикхын, методикасын және фикхын жинақтауға, нығайтуға бағытталған бұл кітаптар ханафи мазхабының дамуына маңызды үлес қоса білді (Бардакоглы, 1997, 16, 9-10) . ХI және XII ғасырларда болса мазхабтың жайылуының кең ауқымды түрде орнығып мешіт, кітапхана және медресе секілді ұйымдарда мазхабтың көзқарастары жайлы білім беріліп, үйретіле бастады. Әрі мазхабтар арасы ғылыми тартысулардың құрылуы, кітап жазып шығару жұмыстарының ілгерлеп, мазхаб жүйесінің орныққан және мазхаб мәдениетінің кеңінен жайылған кезең болып табылады. Қудури (428/1037), Халуани, Фахрул исләм әл-Паздауи осы кезеңнің назар аудартар ханафи ғұламалары болатын. Осы дәуірден бастап ханафи мазхабының көз қөзқарастарын кеңінен талқыланып, ашықтайтын және дамуын қамтамасыз еткен көптеген кітаптар жазылды. Атап айтар болсақ Әс-Сарахсидың «Әл-Мабсуты», Әл -Хасанидің (587/1191) «Бадаюс -Санай фи-тартибиш -ширайы» атты кітабы, Әл-Марғинанидің (593/1197) «Әл-Хидая» атты кітаптары бұлардың тек бірнешеуі ғана. Кейінгі кезеңдерде бұл кітаптарға жазылған түсініктемелердің жазылуы назар аудартарлық. Османылар кезеңінде болса Молла Хусреудің (885/1480) «Әд-Дурары», Әл-Халабидің (956/1549) «Әл-Мухтақал-әбхур», Тимурташидің (1004/1595) «Тануйрул -Абсары» жазылған. Ретке келтіру кезеңінде Ахмед Жевдет Паша басшылығындағы комиссиялық топ тарапынан дайындалған «Мәжаллаһ» атты кітап та азаматтық құқық саласы бойынша маңызды еңбек болатын (Бардакоглы, 1997, 16, 10-12)

Хорезм шах кезеңінде де ханафилік мемлекеттің ресми мазхабы болды. Ханафилікті алғашқы кезеңдерде тек қана суннилер ғана емес, муғтазила өкілдері де ұстанды. Тіпті, Бағдаттағы муғтазила пікірін ұстанушылар ханафи фикхына маңызды қолғабыстар жасады. Тағы басқа да Табаристан зәйдиялары фикхта белгілі бір мерзімге дейін ханафилікті ұстанды. Африкада көп жайылмаған ханафиліктің Сицилияда белсенділігі анық байқалады. Осман мемлекетінің құрылуымен бірге мазхаб қайтадан өздерін жаңалай түсіп, күшті әрі белсенді дәрежеге дейін жоғарылады. Мемлекеттің заңдары мен патуаларына байланысты істерде бұл мазхабтың әдісі мен көзқарастары негізге алынды. Императорлықтың орталығы Стамбулдан ханафи әкімдерінің өзге қалаларға тағайындалуы мазхабтың ресми дәрежеге жетуіне және айрықша айтар болсақ түріктердің арасында кеңінен жайылуына себеп болды. Үлкен дәрежеге жеткендігі соншалықты Осман басшылығы қармағындағы мемлекеттерде өмір сүріп жатқан язидилер, дурзиялер және нусайрилер муамалатқа байланысты тақырыптарда ханафи мазхабының көзқарастарына мойынсұнуды таңдады. Ханафилік қазіргі таңда Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, түркі мемлекеттері, Албания және Сарай Босния секілді Балқан өлкелерінде кең таралған. Мұнымен бірге Болгария, Румыния, Қытай, Манчжурия, Жапония, Хижаз, Сирия және Иемендегі мұсылмандардың көпшілігі ханафи мазхабын ұстанушылар болып табылады.

Ханафи мазхабы Куфада дүниге келіп, астанасы Бағдадта дамыды. Аббасилер дәуірінде қазылардың көпшілігі ханафи мазхабын ұстанған кісілер болғанына байланысты ең көп қолданыстағы фикхтық мазхаб һәліне келген болатын. Мазхабтың көзқарастары шығысқа қарай жайыла түсуі, айрықша айтар болсақ Хорасан мен Мауренахрда кең жайылып, дамуы назар аудартады. Ханафи мазхабын ұстанатын көптеген ғалымдар осы өлкелерде жетіліп шығып, ғылыми еңбектерін жазып шығарды. Бұл жағдай мазхабтың жайылу алаңының кеңейуіне көп әсері болды. Аббасилер дәуіренен бастап Хорасан мен Мауренахрда маңыздылығы өте зор ханафи мазхабының мәдени ошақтары құрылды. Ханафилердің арасында бұлардың көзқарасатрына Бәлх ғалымдары, Бұхара ғалымдары, Самарқант ғалымдары және Ферғана ғалымдары болуы назар аудартады. Қарахандықтар мен селчуктылар кезеңінде Орта Азияда қоғамдық әрі діни өмір осы екі бірдей мемлекеттің ресми мазхабы болып табылатын ханафи фикхына қарай басқарылатын. ХI-XIV ғасырларда көптеген ханафи ғалымдары жетіліп шығып, әр бірі маңыздылығ өте зор кітаптар жазып қалдырды. Ханафилік Матуруди ақидасымен бірлесіп, жаңа бір кезеңді бастады. Матурудилік пен ханафилік ет пен сүйек секілді ажырамас бір бүтін хәліне келді. Мұның нәтижесінде бұл екі мазхаб түркі халықтарының ұстанатын бірі фикхта, келесісі итиқадта ұлттық мазхабы дәрежесіне жеткен болатын. Хорезм шах кезеңінде де ханафи мазхабы мемлекеттің ресми мазхабы сипатына ие болатын. Ханафи мазхабын алғашқы кезеңдерде тек қана суннилер тарапынан емес, муғтазилалықтар да ұстанды. Тіпті Бағдадтағы муғтазилалықтар ханафи фикхына маңызды бір үлестерін қосты. Мұнымен бірге айтар болсақ Табаристан зәйдиялары фикхта белгілі бір кезеңге дейін ханафилікті иемденді. Африакада көп жайылмаған ханафилік, Сижилияда ықпалдылығы бар екендігі байқалады. Османлы дәулетінің құрылуымен бірге мазхаб жаңадан күшті әрі ықпалдылығы мол дәрежесіне жетті. Мемлекеттің жарғылары мен пәтуаларына байланысты істерде осы мазхабтың дәсі-тәсілі және көзқарастары негізге алынды. Османлы дәулетінің орталығы болған Стамбул қаласынан ханафи әкімдерді өзге қалаларға тағайындалуы мазхабтың ресми хәлге жетуіне, әрі айрықша айтар болсақ түркі халықтарының арасында кеңінен жайылуына себеп болды. Тіпті Османлы билігінің қол астындағы өлкелерде өмір сүріп жатқан дурзилер, язидилер және нусайрилер қарым-қатынасқа байланысты кейбір тақырыптарда ханафи мазхабының көзқарастарын ұстанды. Ханафи мазхабы қазіргі таңда Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, түркі мемлекеттері және Түркістан секілді Орта Азия мемлекеттерінде; Албания және Босния-Герсогиния секілді Балкан мемлекеттерінде барынша кең жайылған. Мұнымен бірге Балгария және Румыния мұсылмандары, Қытай, Манчурия және Жапония мұсылмандары, Хижаз, Сирия және Йемендегі кейбір мұсылмандар да ханафи мазхабын ұстанады.

Әбу Ханифаның методикасы мен көзқарастары

Ханафи мазхабы мәселелерді шешуде және ижтихатта қолданған әдіс, мәселелердің үкімдерін Құран, сүннет, сахаба сөзі, ижма, қияс, истихсан және әдет-ғұрып дәлелдерінің біріне байланыстырады деп қорытындылай аламыз. Әбу Ханифа фикхты «Кісінің жақсы мен жаманды білуі» деп анықтама берген. Осы шеңберде фикхтың бір мәселе ең алдымен Құран аяттарымен салыстырылады. Аяттың мәтініне, ишарат еткен мағынаға немесе дәлел бола алатындығы сай түрде шешімі табылатын. Құранда шешімі табылмаса, сүннетке жүгініледі. Бірақ ханафилер сүннеттің Хазіреті Пайғамбарға (с. а. у. ) негізделген өздеріне тән әдіс-тәсілдері бар болатын. Мазхабтың негізгі алға қойған прициптері бойынша мутауатир және мәшһүр хадистер тысында қалған хабар-и уахид пен мурсал хадистер айрықша зерттеуге алынады. Әбу Ханифа тек бір рауи риуаят еткен мағынасына келетін хабари уахидті қабыл ету үшін рауидің сенімді, факих, әділетті болуы және риуаят еткен хадисімен амал еткен болуы керек деген шарт қояды. Әбу Ханифаның аз хадис білгендігі, хадиске маңыз бермегендігі және хадистерге қарсы әрекеттерде болғандығы жайлы айтқандар да болды. Бұған қарсы ханафи мазхабының өкілдері кітап, сүннет және сахабалардың үкімдері секілді сөздердің қайнар көздерін өте мұқияттылықпен ұстанғандығын айтқан. Реті келгенде айтып өту керек, Әбу Ханифаның ижтиһад мәселесінде өзіне жәрдемші болған хадис хафыздарының болғандығы айтылған. Оның кейбір хаистердің қабыл етпеуінің себебі жайлы айтар болсақ хадистің сенімділігі үшін алға қойған шарттарына сай келмегендігіне байланысты қабыл етпеген.

Ижтиһадтарында қияс және истихсанға айрықша маңыз бергендігі белгілі. Қияс әдебиетте, Құран мен сүннетте үкімі табылмаған бір мәселенің үкімін араларында ортақ себеп немесе ол жайында дәлел бар болған мәселенің үкімімен байланыстыру мағынасына келеді. Бұл әдіс-тәсіл Әбу Ханифаның алдындағы кейбір мужтаһид имамдар тарапынан қолданылған. Бірақ Әбу Ханифа қиясты принципке негіздей отырып дамыта түсті әрі ортаға шықпаған мәселелерді де қияс жолымен қарастырған. (Әбу Заһра, 1966, 324) . Әбу Ханифа мәселелерді болған секілді қарай отырып болуы мүмкін болған фикх үкімдерін шығарды. Әдет-ғұрыпты көп қолданып, сауда-саттық келісіміндеріне алғашқы болып үкімдер шығарды. Оның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі жеке тұлғаның құқығы мен бас бостандығын қорғаштауы болып табылады. Әрқандайда бір кісінің жеке бас-бостандығына ешкімнің қол сұға алмайтындығын қорғаштай отырып, фикх ілімінде ерекше орын алатын өте үлкен реформа жасай білді. Әбу Ханифа басқарушылардың зорлық-зомдылықтарына қарсы шығып, жеке тұлғаның бас-бостандығын қорғаштауымен бірге діннің ашық түрде дамуында алғашқы рет осындай жүйелі түрде фикхты ортаға қоя білді. Қияс сай келмейтін жерлерде болса Әбу Ханифа истихсанға жүгінген. Истихсан мужтаһидтің бұдан да қуатты деп тапқан бір жағдайға байланысты, мәселеде ұқсастарының үкімінен басқа бір үкімге жүгінуі мағынасына келеді. Бұл әдіс-тәсіл әртүрлі мазхабтар тарапынан да әртүрлі түсініктер қосыла отырып қолданылған. Ханафилер, қарсыластары жағынан истихсанды жаңылыс түсінгендіктеріне байланысты кінәланған. Қияспен байланысты болғаны үшін әрбір қияс қолданғанның истихсан істеуі әбден мүмкін. Өйткені кейбір жағдайларда шарииғи бір дәлелмен қарама-қайшы келген қиястың орнына истихсан әдісі қолданылады. Ханафилердің қолданған мағынадағы истихсан не насқа, не қиясқа, не ижмаға немесе заруретке сүйенілген әдіс-тәсіл болып табылады. Бұл дәлелдермен бірге сахаба сөздері мен әдет-ғұрып та мазхабтың қолданған дәлелдеріне жатады.

Итиқади тақырыптарда мүржияның көзқарастары әсер еткен ханафи өкілдері, кейінірек итиқадта матуридилікті ұстанды. Ханафи-матуридилік, ортаға қойған көзқарастары мен шешім шығаруда ақылға салу көзқарасын негізге алады. Ханафилік ақылмен қойылған дәлелдерге, әдет-ғұрыпқа, мемлекеттік істердің пайдасына, ақыл ой еркіндігіне, жеке тұлғаның құқығы мен бостандығына және өзара түсіністікке сүйенген дін түсінігімен құрылғандықтан мұсылман әлемінде ең таңдалған мазхабқа айналды. Мұнымен бірге тарих барысында көптеген мұсылман мемлекетінің ресми мазхабы болуы, ғылыми іргетасының және кадрларының өте күшті болуы мазхабты осы күнге жеткізген ең маңызды себептер болып табылады.

МАЛИК ИБН ӘНӘС

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ханафи мазһабы: калыптасуы және даму жолдары
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Ханафи мазһабының қалыптасуының діни-тарихи алғышарттары
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Уахабилік ағымы
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Сабуни ілімінің негіздері, ислам теологиясының ерекшеліктері
«Ханафи мазхабы -ХХ ғасырдатарихи-рухани жолымыздың заңды жалғасы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz