Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануил Кант


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Иммануил Кант
- Иоганн Готлиб Фихте
- Фридрих Вильгельм Шеллинг
- Георг Вильгельм Фридрих Гегель
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Иммануил Кант (1724 - 1804)
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануил Кант бүкіл өмірін Кенисберг қаласында өткізген. Негізгі еңбектері: «Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы», «Практикалық ақыл-ойды сынау», «Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін» және т. б.
Әдетте, Кантты «сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңнен кейінгі» деп екіге бөліп қарайды.
Сыни кезеңге дейінгі Канттың күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден, қозғалыс - материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге болады. Екіншіден, осы күштердің әсерінен әр түрлі әлемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған бөлшектерденқайтадан жаңа денелер пайда болыпжатады. Сөйтіп, әлем ылғи даму үстінде болады. өзіне кішігірім жүйелерді бағындырған үлкен жүйе, өзінен де ауқымды басқа жүйеге кіреді, сөйтіп шексіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара әмбебаптық байланыста болады. Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы бұрын, адамның танып-білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.
Таным процесі күнделікті тәжрибеден, сезімдік түйсінуденбасталады. Бірақ олар бізге «Өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр. Осы секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық элементі басым болады да, бізге ьолық білім берілмейді. Мұндай білімудер жекелеген тәжрибеге сүйенгендіктен, апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптық және қажетті білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжрибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ санасында априорлы (тәжрибеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байланысты болуы керек. Сезімдік түйсінудің априорлық сыртқы түрі - кеңістік пен ішкі түрі - уақыт түйсіктің көп түрлі «материяларын» реттеп отырса, ақыл-ойдың априорлы түрлі категориялары реттелген материяларды заңдылықтар жүйесіне келтіреді. Олай болса, танып-білген субъект заттарды зерттегенде дайын «туа біткен идеяны» пайдаланбайды, керісінші, ол тек танымдық «құралдарды» ғана пайдаланады.
Жалпы алғанда, таным процесі Канттыңпікірінше үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік түйсіну сатысында біздің дене мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп реттеледі.
Танымның келесі сараптаушы парасат сатысында - априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік, т. б. арқасында жаңа ғана реттелген түсініктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық таным дегеніміз таным процесінің заттың өзіне емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осызатты қандай деңгейге дейін біле алатындығы.
Танымның үшінші сатысы - трансценденттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, басқаша айтқанда «өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға тап болады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па, т. б. Осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Осы мәселелерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген схоластикалық, антологиялық, рационалистік, діни, т. б. ілімдер жалған ғылымға жатпайды. Себебі, бұл аталған идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес, олай болса «өзіндік заттарға» тән оныңішкі заңдылығын, мәнін біз танып біле алмаймыз.
Керісінше, таза ақыл-ой адамның ерік-жігерін, практикалық іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке тұлға ретінде табиғат заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттердің ерекшеліктеріне, өзін ылғи да танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол - өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам барша жұртқа бірдей әдептілік заңы - әдептілік императивін басшылыққа алады. Әдептілік императиві бойынша игіліктерге, бақытқа жетуге ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның іс-әрекетін әдепті қылмайды, керісінше қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлап, өз міндетіңді өтесең, сол өнегелі іс болып саналады. мұндай этикалық міндеттілік адамдарға теория жүзінде емес, практика жүзінде әдептілік бостандығы тұрғысынан іс-әрекет жасауға сенім туғызады. Сөйтіп, адамның ар-ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғары қағидасы - әдептілік императивінің талаптарына сай келеді.
Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес, себебі ол - өз заңына сүйеніп, өзінше өмір сүреді. Ал, дін - Құдайды ең жоғары идеал, немесе Құдай алдындағы парыз ретінде түсінетін біздің барлық міндеттілігіміздің жиынтығы. Осыдан келіп Кант Құдайға жағамыз деп сақтап жүрген діни институттардың тіпті де қажеті жоқ, тек әдептілік императиві негізінде тақуалы өмір сүрсең болғаны деген тұжырым жасайды.
Канттың бірбеткей міндеттілік этикасының кейбір пікірлері ХІХ және ХХ ғасырлар философиясының дамуына зор әсер етті. Ал ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Францияда, Германияда Кант ілімін жаңғыртып, дамытқан ілімдер пайда болды.
Иоганн Готлиб Фихте (1762 - 1814)
Фихте философиялық ілімдер ғылымдар теориясы ретінде қандай да болмасын білімнің негізін көрсетулері керек деген пікірді өз ілімінің басты қағидасы етіп алған ойшыл. Негізгі еңбектері: «Ғылым туралы ілім», «Адамның міндеті», т. б.
Фихте «өзіндік затты» танып білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтитын, анықтаушы нақтылық - абсолюттік «мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашқы бастама кезеңіндегі (сана - субъект) ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдай «басқа менге» (табиғат - объект), одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Бұл жердегі «мен» - рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, «басқа мен» - табиғат және материя ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары синтез - бұрмалаушылыққа қарсы күресіп жатқан адамның жігерін көрсететін ұғым. «Басқа мен» нақты өмір сүріп қана қоймай, «менге» әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды. «Басқа меннің» әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл «әсерді» тікелей сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бисаналық іс-әрекеттің жатқандығын көреміз. Ал «меннің» іс-әрекеті деп Фихте субъектінің «әдептілік мінез-құлқын» айтады. Демек, адамныңіс-әрекетінің мақсаты - әдептілік заңдары мен парызыңды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «басқа мен» дегеніміз айналып келгенде осы.
Фихте мемлекеттіе билікті бөлу идеясын қолдамайды. Жалпы адамзат меншік иелері және меншігі жоқтар болып екіге бөлінеді. Мемлекет дегеніміз - меншік иелерінің ұйымы. Демек, мемлекет азаматтардан басқалардың құқығын мойындауды талап ету үшін, өзінің олардан әрқайсысына меншік иесі болуға болатындай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі еңбектерінде Фихте мемлекет пен құқықты адамзаттың әдепті өмір сүруінің бастапқы, бірақ қажетті даму сатысы деп, ал қоғамда әдептілік заңдары толық жеңгенде құық пен мемлекеттің керегі болмайды деген пікір айтады. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсерін тигізді.
Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775 - 1854)
Шеллинг Канттың, Спинозаның, Фихтенің ілімдерінің кейбір идеяларын дамыта отырып, өзінің табиғм күштер иерархиясының спекулятивтік натурфилософиясы деп аталатын ілімін қалыптастырды. Негізгі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализм жүйесі», «Адам бостандығының мәні туралы» . . .
Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірақ санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен бірі жоғары сатылардан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг табиғат дамуын кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыдан қарастырғанымен, оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс немесе механикалық даму деп есептеген. Өзінің осы натурфилософиялық ілімін Шеллинг трансцендентальдық философия деп аталатын ілімімен толықтырады. Бұл ілім бойынша, субъективтілік алғашқы бастама, қайна көз, абслют ретінде барлық мәнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Бірақ, әңгіме сезінудің немесе ақыл-ойдың субъективтілігі туралы емес, керісінше, танымның ерекше құралы - ақыл-ойдың заттардың тікелей бақылауы туралы болып отыр. Шеллинг өзінің осы таным тәсілін «интеллектуалды интуиция» деп атаған.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831)
Гегель неміс классикалық философиясының ең биік шыңы деп аталады. Оның негізгі еңбектері: «Рух феноменологиясы», «Логика - ғылым», «Құқық философиясы», «Дін философиясы», «Философия ғылымының энциклопедиясы», т. б.
Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют - Құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне өзі тең болады. Абсолюттік идея - нағыз шындық, болмыс және барлық материалдықденелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осықасиетінің арқасында ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінің табиғат туралы таза ойын босатып заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза ақыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр түрлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму процесі Гегельдің пікірінше белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу) . Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі антитезис, ал күйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы - синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі - абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz