Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Неміс философиясы
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі.
Неміс философиясы дүниежүзілік философия ойдың дамуына зор әсер етті.
Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты филос. жүйе құруға бейімділік –
неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.
• 1 Тарихы
• 2 Неміс философиясын зерттеушілір
• 3 19-ғасырдағы Неміс философиясы
• 4 Сілтемелер
• 5 Пайдаланған Әдебиет

Тарихы

Германиядағы философияның алғашқы түрі ортағасырлық схоластика
болды (Х.Мавр, Н.Немецкий, Г.Сен-Викторский). Соңғы схоластиканың көрнекті
өкілі алғашқы христиан аристотельшілерінің бірі Ұлы Альберт болды. Дәстүрлі
Неміс философиясы мистикамен тығыз байланыста дамыды. Оның алғашқы өкілдері
монах әйелдер – Хильдегарда Бингенская (12 ғ.) мен Мехтильда Магдебургская
(13 ғ.). И.Экхарт бұл ілімді одан ары дамыта түсті.

Неміс философиясын зерттеушілір

Г.Сузо мен И.Таулер (14 ғ.) шығармасында мистика өзінің бұрынғы
сипатынан айырыла бастады. Жаратылыс зерттеушісі Н.Кузанский Неміс
философиясында ірі тұлға болды. Ол схоластик. философияны гуманистік
идеямен ұштастыруға тырысты. Неміс про-тестантизмінің негізін салушы
М.Лютердің (1483 – 1546) идеяларын Ф.Меланхтон жүйеге келтірді. 16 – 17 ғ-
ларда С.Франк, В.Вейгель, әсіресе Я.Беме (1575 – 1624) мистиканы пантеистік
бағытта дамытты. Белгілі дәрігер, философ А.Т. Парацельс (1493 – 1541),
математик И.Кеплер еңбектерінде мистик. және натурфилос. идеялар ұштасып
отырды. Г.В. Лейбниц философиядағы эмпиризм пен рационализм бағыттарын
үйлестіруге тырысты. Неміс идеализмін негіздеп берген Лейбництің идеяларын
жүйеге келтіріп, таратқан Х.Вольф (1679 – 1754) еңбектері көптеген жылдар
бойы университеттерде философияның негізі есебінде оқылды. Оның шәкірті
А.Баум-гартен эстетиканы тұңғыш рет философияның жеке пәні ретінде
қарастырды. 18 ғасырдағы неміс ағартушылығының ірі өкілі Г.Э. Лессинг ой
еріктілігін, гуманизм идеяларын пантеистік спенозизм тұрғысынан қорғады.
И.Г. Гердер тарихшылық идеяларын, әсіресе тіл, көркем өнер, мәдениет дамуын
белгілі бір тарихи және ұлттық негізге байланысты түсінуді ұсынды.
Ағартушылық философиясы И.Г. Гаманн (1730 – 88), Ф.Г. Якоби (1743 – 1819)
және И.Г. Гердердің (1744 – 1803) протестанттық метафизикасында көрініс
тапты. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И.Кант философиясы
19 ғасырдың бас кезінде Лейбниц-вольфтік рационализмді ығыстырып,
Германияда мемлекеттік философияға айналды. Канттың тікелей ізбасары К.Л.
Рейнольд (1758 – 1823), С.Маймон, И.С. Бек, Я.Ф. Фриз болды. Кант идеяларын
И.Г. Шеллинг одан әрі дамытты. И.Г. Фихте “Тәжірибелік ақылға сынды”
негізге алып, этиканы өзінің философия жүйесіне арқау етсе, Шеллинг Канттың
дуализмінен шығу жолын эстетика төңірегінен іздестірді. Фихте, Шиллер,
Шеллинг мәдениетке тарихи тұрғыдан қараудың негізін қалады. Фихте қарама-
қайшылықты философиялык жүйе құрудың негізгі принципі етіп алды. Шеллинг
өзінің натурфилософиясында Фихтенің субъективті-идеалистік диалектикасын
объективті-идеалистік диалектикаға өзгертіп қалыптастырды. Г.В. Гегель
абсолютті-субъективті субстанция жөніндегі ілім арқылы Кант дуализмін
жеңуге тырысты. Сөйтіп, Гегель философияны қайтадан рационализм саласына
түсіріп, жаңа диалект. сипат берді. Гегель және оның мектебімен қатар Неміс
философиясының дамуында И.Ф. Гербарттың педагогикасы мен психологиясы,
Б.Больцаноның логикасы мен Ф.Э. Бенеканың психологиясы маңызды рөл атқарды.
Гегельден кейін Неміс философиясының метафизика мәселелеріне қызығушылығы
төмендеп, философия жеке ғылымдардың негізіне айналды. Материализмді
К.Фогт, Я.Молешот, Л.Бюхнер және Ф.А. Ланге жаратылыстану материализміне;
Э.Геккель – монизмге; В.Оствальд – энергетизмге өзгертті. Жаратылыстану
мәселелеріне негізделген философия В.Вундтың тәжірибелік-физиологиялық
психологиясында, Э.Лаас пен Е.Дюрингтың жаңа позитивизмінде, Р.Авенариус,
Э.Мах пен Т.Циенның эмпириокритицизмінде, В.Шуппенің имманентті философиясы
және Х.Файхингердің идеалистік позитивизмінде немесе функционализмінде
көрініс тапты.

19-ғасырдағы Неміс философиясы

19 ғасырдың 30-жылдары неміс идеализмінің рационалистік
философиясына, әсіресе Гегельдің панлогизміне екі түрлі бағыт:
иррационалистік (Шеллинг және А.Шопенгауэр) және материалистік (Л.Фейербах)
бағыттар қарсы шықты. Шопенгауэр философиясында дүниенің негізі
иррационалды санасыз ерік деп танылды. Бұл ілім кейіннен Ф.Ницшеге және
Г.Э. Гартманға зор әсерін тигізді. Л.Фейербах неміс классик. философиясының
идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып,
идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. 19 ғасырдың 40-
жылдарында Германияда марксизм пайда болды. Оның негізгі идеялық
тұжырымдамасы В.Либкнехт, А.Бебель, Ф.Меринг, тағы басқа еңбектерінде
негізделді. Марксизм ілімі философияны сын тұрғысынан қайта қарап, оның
дүниені түсіндіруші ғана емес, өзгертуші күш екендігін көрсетуге тырысты.
Оның негізін салушылар: К.Маркс пен Ф.Энгельс өз еңбектерінде дүниеге
көзқарастың негізгі принциптерін тұжырымдап, марксизм теориясының негізі
қаланды. 19 ғасырында шенінде Неміс философиясында жаратылыстанудың
өрістеуіне байланысты позитивизм бағыты орын ала бастады. Түрлі ғылым
салалары – физика, биология, психологияға сүйенген мектептер мен бағыттар
пайда болды. 80 – 90 жылдарда жаңа кантшылдықтың марбург және баден
мектептері қалыптасты. Марбург мектебінің өкілдері (Г.Коген, А.Наторп,
Э.Кассирер, т.б.) логик. мәселелермен шұғылданса, баден мектебі (Г.Риккерт,
В.Виндельбанд, Э.Ласк) мәдени-тарихи және аксиология мәселелеріне назар
аударды. 19 ғасырда эмпиризм дәстүрін жаратылыстанудың соңғы
жетістіктерімен ұштастырмақ болған эмпириокритицизм өкілдері Э.Мах (1838 –
1916) және Р.Авенариус (1843 – 96), имманенттік философия өкілдері В.Шуппе,
И.Ремке, тағы басқа болды. 19 ғасырдың соңында Неміс философиясында
метафизикаға қайта оралу басталды. Ницше тұсында “өмір философиясы” деп
аталатын бағыт жарыққа шықты. Оның басты өкілдері: Г.Зиммель, Р.Эйкен және
В.Дильтей болды. 20 ғасырында Неміс философиясында феноменология ілімі
дамыды. Ол Ф.Брентано, А.Мейнонг, А.Гефлер, К.Штумпф және Х.Эренфельс
еңбектерінде тұжырымдалды. Жеке тұлға философиясы мен қазіргі заманғы
құндылықтар этикасын тұжырымдап берген неміс ойшылы М.Шелер (1874 – 1928)
Неміс философиясының одан әрі дамуына үлес қосты. Қазіргі заманғы Неміс
философисындағы үшінші негізгі ағым – экзистенциализм. С.Кьеркегордың
еңбектерінен бастау алып, М.Хайдеггер мен К.Ясперстің шығармаларында айқын
көрініс тапты. Неміс философисындағы төртінші негізгі ағым – онтология
метафизиканың қазіргі заманғы көрінісі болып табылады. Бұрынғы метафизикаға
қарағанда онтология жекелеген ойшылдардың априорлық көзқарастарына ғана
емес, метафизика деңгейіне көтерілуге талпынатын жеке ғылымдардың
нәтижелеріне негізделеді. Бұл бағыттың қазіргі заманғы философияның
көрнекті өкілдерінің бірі – Н.Гартман (1882 – 19ғасыр).[1]
1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім

ЖОСПАР:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 2
Қысқаша Иммануил Кант өміріне шолу ... ... ... ... ... 3
Канттың философиядағы таным мәселесі ... ... ... ... .. 6
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
КІРІСПЕ
Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих
проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму
жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар
мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды.
Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология,
гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен
философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.
Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және
мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм
ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен
Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы
- классикалық идеалистік философия.
Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория,
метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны. Бұрын
айтканымыздай, диалектикасыз философия шынайы, өткір, сыншыл, пәрменді
ғылым бола алмайды. Немістер диалектаканы теориялық тұрғыда негіздеп
қоймай, таным процесінде шебер қолдана білді, жүзеге асырды. Диалектиканы
дамыта отырып, Кант, Фихте, Гегель метафизикалық ойлау тәсілінін
тайыздығын, сыңаржактылығын ашып, бұл көзкарасқа катты сокқы берді.
Неміс философтары философия меи ғылым үшін маңызы өте зор таным мен
ойлаудың белсенділігі идеясын ұсынып, іс жүзінде оны негіздеп берді.
Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген ол классикалық неміс
философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында
шынында да өзі айтқандай Коперниктік төңкеріс жасады.Одан кейін
философияда таным туралы көзқарыс мүлде өзгерді. Материалистер таным
процесін сыртқы дүниенің заттардың адам санасандағы жай бинеленеді деп
түсінді. Кант материалистік таным теориясын сынай отырып, танымның,
ойлаудың, субъиектің белсенділігін баса көрсетеді.
Иммануил Кант (1724-1804)
Қарапайым отбасының түлегі, әкесі теріден ер-тұрман, жүген, шідер жасайтын
шаруа болған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг университетіне түсіп,
білім алуына Шульц деген пастор қол ұшын берген. Университетте Кант
философия мен қатар жаратылыстану ғылымдарын (математиканы, физиканы,
астрономияны, географияны және меднцинаны) тиянақты оқып, меңгереді.
Белгілі грузин, кеңес философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай, біз үшін
Канттың ілімімен, еңбектерімен бірге оның өзі, оның өмірі - сабақ аларлық.
Бір қызық жәйт - Канттың өмірінде, дейді Мамардашвили, назар аударарлық
ешқандай оқиғалар болмаған деуге болады. Өмір бойы бір қалада –
Кенигсбергте тұрған. Шығыс Пруссия жерінен ешқайда шықпаған. Басқа
жерлерден оны көруге, онымен сөйлесуге атақты адамдар оған келіп тұрған
(Фихте, Карамзин т.б.), ал өзі ешқайда, ешкімге бармаған. Сөйткен адам,
оқымысты кейін университетте өне бойы географиядан сабақ беріп, Физикалық
география деген үш томдық еңбек жазған. Еш жерде болмаған адам калайша
мұхиттар, теңіздер, кұрлықтар, таулар, жан - жануарлар жөнінде, әр түрлі
халықтар, елдер, олардың салт-дәстүрлері, әдет - ғұрыптары, мәдениеті
жөнінде мамандар күмән келтірмейтіндей мағлұматтар береді?! Ғажап емес пе?
Канттың не нәрсені болса да көзімен көргендей, сол жерге, сол елге, өзі
арнай барғандай көз алдына келтіре алатын, сол жерді, сол елді, сол нәрсені
сонда тұрған адамдардай суреттей алатын ойлау қабілеті болған. Кант ойлау,
киял қабілеті жөнінде кеп жазды, терең пікірлер айтты. Тектен тек емес
екен. Канттың априорлық (латынша аргіогі-бұрынғыдан) ұғымдар, априорлық
түсінік жөніндегі ілімі бар: адам санасында тәжірибеден тыс пайда болатын
түсінік.
Кант өмір бойы үйленбеген, бала - шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту,
тәрбиелеу жөнінде аса құнды пікірлерге толы Педагогика деген еңбек
жазған.
Кант жасынан шалағай, әлсіз, әлжуаз болып, бала кезінде көп ауырған. Тума -
туысқандары, көршілері бұл бала көп тұрмайтын шығар деген ойда болған.
Жоқ, Кант творчестволық табысқа толы ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен соң еш те
бір ауырмаған. Бұл күйге ол өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен, езін-
өзі шынықтырып, жетілдіруімен, қатаң тәртіппен (режиммен) жеткен. Ұзақ
жылдар бойы бір мезгілде жатып, бір мезгілде тұрып, бір мезгілде серуенге
шығуды әдетке айналдырған. Қала тұрғындары Канттың аскан ұкыптылығын,
дәлдігін ескеріп, ол серуенге шыққанда, айталық, кешкі сағат 5-те,
сағаттарын түзей бастайтын болған. Кант жөнінде біз: ол өзін өзі жасады
деп айта аламыз.
Канттың өмірбаянын зерттеушілер оның асқан еңбекқорлығын атап көрсетеді.
Күн сайын (Кант демалыс, мереке күндерін білмеген) 10-12 сағат студенттерге
дәріс оку және ғылыммен айналысу Кант үшін үйреншікті әдет болған.
Демалғанда шаршатқан бір пәнді (ғылымды), мысалы, математиканы қоя тұрып,
баска пәнмен (логикамен), философиямен, физикамен т.т. мен айналысады екен.
Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп,
әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен
еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге
келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық
мүшесі болды.
Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды:
1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни
кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде
жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде
материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай:
маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін
көрсетейін. Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз
алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, - әрине,
материалистік түсінік.
Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда
болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын Аспанның жалпы табиғи тарихы және
теориясы (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір
кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы
мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына
тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы
Кант бір еңбегінде Жер физикалық тұрғыдан картая ма? - деген мәселе
көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс,
метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед
Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол
аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды. (Қара: Уайтхед А.
Избранные работы по философии. М.:Прогресс, 1990, с. 199)
Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны
қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің
айтқаны бар: өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі
жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң (Кант И. Соч. в 6-т. М.,
Мысль 1965 ч. 1. с.499)
1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -сыни кезеңі
басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме
неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды,
философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және
практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан
түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты
талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық
жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: Таза зердеге сын (1781),
Практикалық зердеге сын (1788) және Пікір кабілеттеріне сын (1790).
Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі
айтқандай, коперниктік төңкеріс жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық
құқы болды.
Канттың философиядағы таным мәселесі
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным
процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара -
қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным
теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам
кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа
дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға
енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің
қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі
құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам (субъект) сыртқы
дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде объектің)
әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас
жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ
(таза тақта). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект
субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын
субъект. Субъект болмаса объект жоқ.
Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу
емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі,
жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген
объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана
таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып,
практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика
болып табылатынын болжап білді.
Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант
мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні
сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады,
объектіні өзгертеді.
Кант таным субъекті және таным объекті деген ұғымдарды жаңаша
қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы
Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын,
әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл
қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне,
техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға
тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша
түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-
қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз
дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы
дәстүрлі мәселе: дүние таныла ма? деген мәселе - абстракты қойылған
мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: дүние танылады деген тұжырым -
абстракты. Дәұрысында - дүние таныла ма? - деген сұраққа: - Жок,
танылмайды - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің
танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан
да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты
агностик деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным
процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан
дүние танылмайды деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың
пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен
объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.
Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде
таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын
өзіндік зат деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ,
біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал
объект - бұл біздік зат, бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние.
Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. Өзіндік зат та, дейді Ленин,
бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, біздік затқа айналады.
Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді:
таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда
болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан
танылмаған өзіндік заттар болады.
Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды.
Нақты таным процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, таным дегеніміз не?,
таным қалай жүзеге асады?, танитын кім және танылатын не?, танымның
шегі бар ма? деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Таным процесімен
барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
Неміс классикалық философиясы туралы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Батыс философиясының антологиясы
Танымның практикалық табиғаты
Заттардың табиғаты туралы поэманың авторы
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Антика мәдениетіндегі философия
Пәндер