Иммануил Кант (1724-1804) –классикалық неміс философиясының көшбастаушысы



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Иммануил Кант
Иммануил Кант (1724-1804) –классикалық неміс философиясының
көшбастаушысы және құқықтың қазіргі теориясындағы іргелі бағыттың бірінің
негізін қалаушы. Кенинсберг университетінің профессоры Канттың ілімі ХVІІІ
ғасырдың 70-жылдары осыған дейінгі философияны сыни тұрғыда қайта
пайымдаған кейін қалыптасты. Өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарын ол
бастапқыда құрамына Бүкіләлемдік-азаматтық тұрғыдағы жалпы тарих идеясы,
Мәңгілік әлемге қатысты сияқты жұмыстары енген мақалалар жинағында
баяндады, ол кейінірек Адамгершілік метафизикасы (1797) трактатында
қорытындылады.
Кант философиясы танымның эмпирикалық (тәжірибелік) және априорлық
(тәжірибеге дейін немесе онан тыс) түрлерін бір-біріне қарсы қоюға
негізделеді.
Адамның қоршаған әлемді тануы әрқашанда тәжірибеден, яғни сезімдік
түйсіктерден басталады. Алайда эмпирикалық білімдер толық емес, өйткені
олар зерттелетін заттың тек сыртқы бнлгілері – түсі, салмағы және т.б.
жөнінде ғана білі бере алады. Тек ақыл-ойдың көмегімен ғана заттың мәнін
танып білуге, оның ішкі қасиеттері мен себептерін анықтауға болады. Ақыл-
оймен тану және априорлы тану екеуінің мәні бір -деп жазды ол.
Адамның жүріс-тұрыс әрекетінің мәселелерін қарастыратын Канттың
практикалық философиясы өзге ұстанымды қағидаларға сүйенеді. Оның
практикалық философиясының құрамдас бөліктері – этикасы мен құқық туралы
іліміндегі негізгі рөл априорлы идеяларға тиесілі. Канттың пікірінше, егер
табиғатты тану барысында ақиқаттың негізгі қайнар көзі тәжірибе болса, ол
адамгершіліктің заңдылықтарын адамдардың арасында болатын қатынастардан
туындатып шығару мүмкін емес. Жаратылыстану ғалымдарындағы сияқты мораль
мен құқықтың теориясын қалыптастыруға болмайды. Моральдық философияның
міндеті ақыл-ойға сүйене отырып адамның өзінің эмпирикалық өмір сүруінде
ұстанатын жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережелерін көрсетіп беру болып
табылады. Өзінің эмпирикалық бастауын уақытша ұмыт қалдыра тұрмай және
пікірдің қайнар көзін тек ақыл-ойдан іздемей заңгер ешқашанда әділдіктің
жалпыға ортақ өлшемін таба алмайды. Осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана
этика құқық теориясымен ғылымға айналады. Басқаша айтқанда, Канттың
ілімінде этиканың ғылыми статусы мәселесі көтеріледі, жаратылыстанымдық
ғылымдардың методтарымен (әдіс-тәсілдермен) салыстырғанда құқық теориясында
қолданылатын методтардың өзгешеліктері туралы мәселелер қойылады.
Канттың дүние әкелген сыншыл рационализм методологиясының ХVІІІ
ғасырдағы ағартушылары рационалистік концепцияларынан мәнді ерекшеліктері
болды. Ең алдымен адамның ақыл-ой табиғатын түсіндіруде айырмашылық
байқалды. Канттың көзқарасы бойынша ақыл-ой адамның айрықша қасиеті
ретінде индивидте емес, адамзат тегінде, яғни ұрпақ алмасушылықтың ұдайы
аңдаусыз тізбегінде толығымен дамиды. Оның доктринасында ағартушылық алғаш
рет бүкіләлемдік-тарихи процесс ретінде пайымдалды, оның барысында адам
мәдениет прогресінің нәтижесінде табиғатқа тәуелсіздіктен құтылып, ерндікке
қол жеткізеді. Сондай-ақ Кант адамдардың көпшілігінің адамзат дамуының
жалпы барысын түсінбей, бейсаналы әрекет еткенімен және өзінің жеке
мүддесін көздегенімен олардың ұрпақтары да мәдениетті жетілдіруге өз
үлестерін қосады деп тұжырымдады. Мұнан шығатын қорытынды: ақыл-ой-өмір
сүріп отырған практиканың нәтижесі емес, мәдениеттің үдемелі нәтижесі.
Бұл идеяларды негіздеу әлеуметтік заңдардың ерекшелігін игеру
жолындағы үлкен қадам болды. Әсіресе, адамдардың субъективтік пиғылының
тарихтың объективті нәтижесімен сәйкес келмейтіндігі белгілі болды, алайда,
Канттың әлеуметтік доктринасын кейінгі ойшылдар әртүрлі түсіндіреді. Бұл
ілім қоғамдық процестің диалектикасы, ондағы тарихилық пен логикалықтың
арақатынасы түралы ілімнің де (Гегель, Маркс) жаратылыстанымдық және
қоғамдық ғылымдарды бір-біріне қарсы қоятын концепциялардың да
(кантшылдықтың әртүрлі мектептері) өзегін құрайды.
Кант адамгершіліктің тасымалдаушылары ешқандай артықшылықсыз барлық
адамдар бола алады деген руссоистік идеяны қабылдағанымен, моральдың қайнар
көзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси-құқықтық ілімдер
Иммануил Кант
Классикалық неміс философиясы жайында
Канттың өзі
Неміс философиясы
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануил Кант
Канттың философиядағы таным мәселесі
Немістің классикалық философиясы
ХІХ ғасырдағы неміс философиясының даму кезеңдері
Пәндер